Сабақ Бөлім: Табиғат құбылыстары Мұғалімнің аты-жөні



бет3/4
Дата18.01.2023
өлшемі1,04 Mb.
#165859
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4кл әдебиет 19-апта

Табиғат құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғат сипаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу.

Сабақтың мақсаты

  • шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтайды;

  • автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Үй тапсырмасын сұрау.
-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.
-Шатыр-шұтыр, алай-дүлей, бет қаратпайтын, айналып жерге түскендей сөздерінің бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.
Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі:
- Топқа бөлінгенде берілген сөздер неменеге қатысты айтылатын еді? (Табиғат құбылыстарына)
-Кестедегі табиғат құбылысын сипаттайтын сөздерді сәйкестендіріңдер.
-Өздерің де далаға қарап, табиғаттың бір бөлшегін сипаттаңдар.
-Олай болса, бүгінгі сабақта қыс мезгілі туралы шығармаларды салыстырып, тапсырмалар орындаймыз.

Жаттығу жасайды.

Топқа бірігеді.


Сұрақтарға жауап береді.

«Ауызша мадақтау» әдісі:


Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!

Шатыр-шұтыр, алай-дүлей, бет қаратпайтын, айналып жерге түскендей сөздері




Жаңа білім
15 мин

2 мин
Бекіту


15 мин



(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі:
А) Автор туралы мәлімет.
-Автор туралы оқып, әңгімелеңдер.
Б) Сөздікпен жұмыс.

В) Мәтінмен жұмыс.
-Өлеңді тізбектей дауыстап, мәнерлеп оқыңдар.
Г) Сұрақ-жауап.
- Балалар неліктен жаңбырға әртүрлі өтініш айтады?
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Үйдегі үлкен кісілер жаңбырға қатысты қандай ақыл-кеңес айтады?


Сергіту сәтінде «Жау-жау жаңбыр» әнін қосылып айтады.


(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.
А) Зерделеу, дәлелдеу.
-Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашыңдар.

  • Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

  • Сәуір болмай жауын болмас,
    Жауын болмай тәуір болмас

  • Дауылдың алды — жел,
    Жаңбырдың арты — сел.

  • Жаңбыр жауса, жерге сый,
    Жігіт туса, елге сый.

  • Жаңбырменен жер көгерер,
    Еңбекпенен ел көгерер.
    Батамен ер көгерер.

  • Жаңбыр бір жауса,
    Терек екі жуады.

  • Жаңбырдың басы – тамшы,

Арты – қамшы.
Ә) Қорытындылау.
-«Жаңбыр жауса, ел ырысы» деген халық мақалын пайдаланып, өлеңдердің негізгі ойын түсіндіріңдер.
-Автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеңдер.

- Тапсырма орындайды.

Ән айтып сергиді.


-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.



Дескриптор:
Автор туралы оқып, әңгімелейді-1балл.
- Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.
-Өлеңді мәнерлеп оқиды- 2балл.
- Жаңбырға әртүрлі өтініш айту себебін болжайды-1балл.
Дескриптор:
- Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашады-2балл.
- «Жаңбыр жауса, ел ырысы» деген халық мақалын пайдаланып, өлеңдердің негізгі ойын түсіндіреді-2балл.
-Автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді-1балл.

«Әде-
биеттік оқу» оқулығы
4 сынып 2019ж


Қорытын-ды
5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет