БББ кестесіне толтырады
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
«А» оқушы Жалпы түрдегі формула кез-келген квадрат теңдеуді шешу үшін тиімді ма, деген сұрақ шеңберінде зерттейді
«В» оқушыға бағыт беру
«С» оқушыны сұрақтар қою арқылы диалогқа тарту
|
Шапалақтау
Басбармақ
Өзін-өзі бағалау
|
Қауіпсіздік ережелері сұрақ-жауап арқылы тексеріледі
АКТ көмегімен бейнежазбалар көрсету
|
Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақтың мақсаты шынайы болды
Формуланы түсініп, есеп шығара білді.
Сыныпта ынтымақтастық ахуал болды
Уақыт тиімді пайдаланды
Тақырыпқа сай күрделендірілген тапсырмалар қосу, тиімді болды.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 9
|
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
Сабақ
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.2.3.2
тізбектің n-ші мүшесін табу (мысалы: );
9.2.3.5
арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
1) Арифметикалық прогрессия ,арифметикалық прогрессияның айырымының анықтамаларын білу;
2) Арифметикалық пргрессияның п-ші мүшесінің формуласы мен қасиеттерін білу;
3) Ариф.прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын қолданып есептер шеше білу іскерлігін қалыптастыру
|
Бағалау критерийлері
|
Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің фор-муласы н пайдалну арқылы тақырыппен жұмыс істеуді анықтайды,есептерді шығаруға, үйреніп практикада қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Анықтама: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты сандар қосқанда шығатын сандар тізбегін ариметикалық прогрессия дейміз.
Қосылатын тұрақты сан, кез келген көршілес екі мүшесінің (алдыңғы және кейінгі) айырымы екенін байқауға болады. Бұл санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атап, d әрпімен белгілейміз.
Пәнге негізгі сөздер мен тіркестер: Ариметикалық прогрессия, айырым, п-ші мүшесі. Жазылым үшін: аn= а1+(n-1)•d
|
Құндылықтарға баулу
|
- құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;
- ынтымақтастық; топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;
- ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;
- еңбек және шығармашылық; берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдай білу;
- өмір бойы білім алу; натурал көрсеткішті дәреженің қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, химия (физикалық шамалар мен өлшемдерді өрнектеуде, физика мен химиядан атомдық, ядролық бөлшектердің массасын жазуда бірмүшенің стандарт түрі және дәрежесі тақырыбында алған білімдерін қолданады).
|
Алдыңғы білім
|
Санның стандарт түрін, натурал және бүтін көрсеткішті дәреже ұғымдарын біледі.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
|
Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру;
Оқушыларды екі топқа бөлу үшін алдын ала үлестірмелі қағаздарға мына сандарды әзірлеп алып, таратамын. (4,25,36,49,100), (8,27,125,216,1000). Оқушыларды топқа бөлу: Үлестірмеде берілген сандардың қандай заңдылықпен берілгенін өздері анықтап, екі топқа бөлінеді.
Кім жылдам ?» сұраққа жауап
Сан тізбегі деген не?
Сан тізбегінің мүшелері қалай жазылады ?
Сан тізбегінің қандай берілу тәсілдері бар?
Қандай жағдайда тізбек өспелі тізбек деп аталады?
Қандай жағдайда өспейтін тізбек деп аталады?
Қандай тізбек кемімелі тізбек деп аталады?
Қандай тізбек кемімейтін тізбек деп аталады ?
Қандай тізбектер бірсарынды тізбектер деп аталады?
|
Үлестірме қағаздар
7-слайд
|
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс
5 минут
|
Жаңа тақырыпты ашу:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін әр топтағы оқушыларға төмендегі тапсырмаларды беремін. «Ой қозғау»
Көңілді тапқырлар ойыны бойынша
Топтар арасында жарыс
Тапырма беріп, әр топтан ортаға оқушы шығарып ойын ойнату, оқушылардың қызығушылығын арттыру
Тақырыптың мағанасын түсінгендерін тексеру мақсатында ойын ойнату
Прогрессия тарихынан мағлұмат
Прогрессия –(латын сөзі) алға қарай қозғалыс, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысаны мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды.
Ә)Айталық 3-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең натурал сандар тізбегін қарастырайық.
1; 4; 7; 10; 13 ; 16; ...... Не байқадыңдар ?
Бұл тізбек 2-ші мүшесінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге 3-ті қосу арқылы алынатынын көреміз. Бұл тізбек арифметикалық прогрессияға мысал бола алады.
Анықтама егер а1.а2,...аn,.. тізбегінің 2-ші мүшесінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге бірдей тұрақты санды қосқанға тең болса, онда бұл тізбекті арифметикалық прогрессия деп атаймыз.
Яғни, кез-келген п натурал саны үшін ап+1= ап+d `(1)теңдігі орындалса, онда тізбегін арифметикалық прогрессия деп, d санын арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды.
Сонымен арифметикалық прогрессияның айырмасы үшін d=ап+1-ап(2)теңдігі орындалады.
Жоғарыда келтірілген мысалдан ап=3п-2 , ап+1=3n+1 болғандықтан,
d=an+1-an=3n+1-(3п-2)=3
Арифметикалық прогрессияның п- мүшесінің формуласы
Енді арифметикалық прогрессияны бірінші мүшесі а1 мен айырмасы d арқылы толық анықтауға болатынын көрсетейік.Ол үшін п-ші мүшесі ап-ді d мен а1 арқылы өрнектесе жеткілікті
Арифметикалық прогрессияның анықтамасы бойынша .
a2=a1+ d
a3=a2+d=(а1+d)+d=a1+2d
a4=a3 +d=(а1+2d)+d=a1+3d
a5=a4 +d=(а1+3d)+d=a1+4d
Осыдан мынадай болжам шығады.ап=a1+(п-1)d
Сонымен арифметикалық прогрессияның п-мүшесінің формуласы.ап=a1+(п-1)d (3)
Сонымен қатар арифметикалық прогрессияның екінші мүшесінен бастап , оның әрбір мүшесі өзімен көршілес екі мүшесінің арифметикалық ортасына теңболады.
an=
Енді осы формулаға бірнеше мысалдар қарастырайық
1-мысал а1=-2 d=0.5 арифметикалық прогрессияның 25- мүшесін табу керек
Шешуі : a25=a1+24d= -2+24*0.5=10
2-мысал 9 және 5 сандарының арасына осы сандармен бірге арифметикалық прогрессия құрайтындай етіп жеті сан жазу керек.
Ойлан,бірік,бөліс тапсырмасы. Суретт пен шығарылған есептерға қатысты тапсырмалар орындау
1 топ 1) 19,15,11,... арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар.
а1=19 a2=15 d= a2- a1=15-19=-4 a5=a1+4d=19+4*(-4)=3 Жауабы . 3
2) -1;3; 7; .... а5-?
d=3+1=4 a5=a1+4d=-1+4*4=15 Жауабы: 15
2 топ арифметикалық прогрессия, алғашқы 4 мүшесін жазыңдар.
a1=10 d=0.7 болса, а11= a1+10d=10+10*0.7=17
a1=186 d=-0.5 , a20=a1+19d=186+19*(-0,5)=176.5
Дескриптор:
а) есеп шартына сәйкес сандарға амалдар қолданады;
б) санды дәрежелейді;
в) бірмүшенің түрін дұрыс жазады.
|
А.Н.
Шыныбеков, Алгебра,
7сынып, Алматы «Атамұра» 2017
9-слайд
|
7минут
3 минут
Жеке жұмыс
15 минут
|
2 Сен маған мен саған әдісі арқылы жұптық жұмыс
Тізбек а_n=5n+2 формуласымен берілген. а_(3 )және〖 а〗_11 -табыңдар. Тізбек а_n=n^2-3 формуласымен берілген. а_4және〖 а〗_(.7) -табыңдар. Тізбектің алғашқы бес мүшесін табыңдар х_n=█(2n+3@)/n
Ариф прог айырымы 3- ке тең. а1= 4 а10 =? Ариф прог а_7=57,а_15=53
а_(1 ;)d=? a_8=126 a_10 =146 a_1=? d =?
13 ; 15; 17 ..... c_10? d =? a_6=10 a_9 =19 a_(1 )=? 48 сандары 3; 12; 21 ...ариф прог мүшесі бола ма?Бағалау
Оқушылардан тапсырманы орындап болғаннан кейін жауаптарын топтағы жұбымен тексеруді сұраймын. Жауаптары бірдей ме?, әлде өзгешелік бар ма? Өзгешелік болса, неге? Қате кімнен кетті?-деген сұрақтар қою арқылы сұрау, содан кейін барып таныстырылымнан дұрыс жауапты көрсетемін.
Жеке жұмыс: Сыныптағы оқушылардың барлығының білім деңгейі бірдей болмайды.Сондықтан оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Бір шешімге келеміз!» әдісі арқылы төмендегідей саралау тапсырмаларын беремін.
1 Оқулықпен жұмыс жауабы:
№184 а) ап = (3п+2)/5 ; а1= 1; а2=1,6; d= 0,6 1 топ
№179 а) d= -0,7; c1=11 2 топ
ә) с1=11; с2=10,3 с3=9,6; с4=8,9 оң таңбалы кемімелі тізбек 3 топ
1-ден 50-ге дейінгі натурал сандардын қосындысын табу (Жеке оқушымен жұмыс)
Жауабы: 1 + 2 + 3 +..... + 49+50
50 + 49 + 48+..... +2 + 1 51*50 :2 =1275
Дескриптор:
а) берілген бірмүшені стандарт түрге келтіреді;
б) стандарт түрдегі бірмүше айнымалыларының
мәндерін дұрыс қояды;
вОқушылар мұғалімнің берген жауаптары арқылы өздерін тексеріп, критерийлер бойынша +/- таңбаларын қойып, оқу мақсатына жеткен жетпегендерін анықтайды.
|
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10594
12-слайд
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын тақырып критерийлері бойынша бағалайды.
Рефлексия: Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Ең соңында оқушыларда ненің сәтті шыққандығы және әлі де нені жетілдіру керектігі жөнінде сындарлы кері байланыс беремін.
|
14-слайд
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |