Мектеп:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі:
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
9.4.1.1. ферменттер механизмін оқып тану
9.1.2.3. ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, рН) әсерін зерттеу
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: ферменттер механизмін оқып, ферменттерге әртүрлі жағдайлардың әсерін зерттейді
Оқушылардың басым бөлігі: ферменттің белсенді орталығын анықтайды
Кейбір оқушылар: ферменттік және катализдік реакциялар үдерістерін зерттейді
|
Ойлау деңгейі:
|
Қолдану мен талдау
|
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Ферменттер әсер ету механизмін сипаттайды
Ферменттерге әртүрлі жағдайлардың әсерін зерттейді
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік дағдылар: (айтылым, тыңдалым)
Ферменттер неден тұратындығын айтады
Ферменттердің қажеттілігін бағалай алады.
|
Термин сөздер
Метаболизм,ферменттер, субстрат, биологиялық катализатор, ферменттің белсенді орталығы, коферменттер, простетикалық топ
|
Сөз тіркестері:
Қандай жағдайда ферменттер өздерінің белсенділіктерін көрсетеді және бұзылады?
Ферменттердің тірі ағзалар үшін қандай маңызы бар?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Денсаулық сақтау – табысты дамытудың ең маңызды шарты. Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, дені сау ұрпақ – ұлттың болашағы.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Химия «Химиялық реакциялар» «Катализатор»
Физика «Температура» «Қысым»
|
|