Оқушылардың кейбірі басқаларға ұқсамайтын шешім ойлап тауып, плакатпен жұмыс істеу жоспарын анықтап, топта идеясын ортаға салып, оқушыларды жұмылып жұмыс істеуге жетелей алды.
|
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?
Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы);
жасаған жұмыста- рынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз);
жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұға- лім СD-дискідегі материал- дарды, сондай-ақ интербел- сенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ере- жесін салады.
|
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?
Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтар- ға толық жауап бересің! Сен өте бай- қампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау
Сабақта оқушыларды бағалау:
оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;
жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;
4) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).
|
Құндылықтармен байланыс Оқушылар қоршаған
ортаның әлемдігін көріп қана қоймай, оны қорғау керектігін түсінеді.
|
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.
Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орын- дап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смай- ликтерін көрсетеді);
ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысы- ның нәтижесін көре білуге көмектеседі);
б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс.
Мен бүгін ... білдім.
... қызықты болды.
... қиын болды.
Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім.
Енді мен ... аламын. Мен ... сездім.
Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім.
Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін ба- ғамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.
Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-na- urokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
Достарыңызбен бөлісу: |