Сабақ жоспары: Біздің мектеп. Біздің сынып. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі0,69 Mb.
#27910
түріСабақ
Мерзімі «_____» ___________

Сыныбы ___________

Пәні ___________________

Сабақ жоспары: Біздің мектеп. Біздің сынып.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Қазақ тілінде сауатты сөйлеу мақсатында екпін қойып оқуды меңгерту. Сыныптағы атаулармен таныстыру. Мектеп, сынып туралы әңгімелеу. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.

б) Тәрбиелігі: Оқушылардың адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі талдау, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. I.Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Отырыңдар. Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді? II.Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың мақсаты мен барысымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

Жаңа сөздермен таныстыру.

Сөздікпен жұмыс

Біздің- наш мектеп - школа

Сынып-класс оқу құралдары - школьные принадлежности

Кітап-книга сабақта - на уроке

Дәптер-тетрадь сызғыш - линейка

Күнделік- дневник сөмке - сумка

интерактивті тақта – интерактивная доска жарық-светлый

дәрісхана- аудитория


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін ішіндегі етістіктерді теріп жаз.

Біздің сыныпта отыз екі оқушы оқиды. Озат жеті оқушы, төрт пен беске оқитын он төрт оқушы бар. Оқушылар бір-бірін сыйлайды, тыңдайды.

Сыныптың дәрісханасы төртінші қабатта орналасқан. Дәрісхананың іші кең, таза, жап-жарық. Дәрісханада он алты парта, мұғалімнің үстелі, гүлдер бар. Біздің сынып бізге өте ұнайды.
2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.

1. Дәптер, сурет дәптері, жатыр, партада, қалам. 2. Дәрісханада, отыр, оқушылар. 3. Мұғалім, біздің, әдемі, өте, адам. 4. Сынып, қабатта, орналасқан, төртінші. 5. Тәртіпті, оқушылар, өте. 6. Ертең, болады, сабақ, алты.


3-тапсырма. Сурет бойынша бірнеше сөйлем құрастыр.



4-тапсырма. Мақалды оқып, жаттап ал.

1. Білекті бірді жығар, 2. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

Білімді мыңды жығар
5-тапсырма. Сөйлесуді жолдасыңмен оқы.

- Нұрлан, бүгін сен кезекшісін. Тақтаны сүртіп, парталарды дұрыста.

- Жақсы, Тимур. Сен суды ауыстыршы.

- Нұрлан, мұғалімнің үстелі шаң, үстін сүрт.

- Тимур, сен гүлдерге су құйдың ба?

- Иә, құйдым.

- Нұрлан, біздің сынып сабаққа дайын.
IV. Қорытынды

1. Сонымен бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

2. . Қандай жаңа сөздермен таныстық?

3 Сабақ ұнады ма? Ұнамаса немен ұнамады?



V. Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.


VI. Үй тапсырмасы. Жаңа сөздер жаттау. 175-бет 3-тапсырма

Пән мұғалімі: Омарова Ж.А ____________


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет