Сабақ мақсаты : Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту. Міндеті



бет10/10
Дата17.02.2020
өлшемі226,76 Kb.
#58235
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №11 Мерзiмі: № 33 сабақ

Тақырып: Балалық шақ мейрамы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 6


Сабақ мақсаты: Оқушылардың шындық туралы өткен сабақта алған білімдерін жалғастыру, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ұғынды

Міндеті:

Білімділік: Адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Адамды қандай қасиетіне қарап шыншыл дейміз?

«Өтірік өрге баспас»дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Азат елдің аспаны ашық.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

«Бақыт деген немене?» Әдібай Табылды

  • Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам не үшін еңбек етеді?

  • Арманға қалай жетуге болады?

  • Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?

  • Сенің мақсатың қандай?







Жаңа ақпарат

Өз өзіңді тану- бұл өзіңді өзің сезіну, түсіну, ұғыну. Өзіңді және өзгелерді, қоршаған дүниені тану арқылы өзіңді өзің тани аласың. Өзіңнің ойыңды, сөзіңді, іс- әрекетіңді талдау және бағалау арқылы өсе түсесің.

Жағымды ойлауға, жақсылық жасауға, мінезіңді жақсартуға ұмтылу ізгілікке бастайды.

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар.

2-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтыңдар.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңдар.





8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Бала тілегі» Сөзі: Сержан Молдасанұлы



Әні: Фарида Жолдасова




9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Сабақта қолданылған барлық әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы берілген тақырыптың меңгерілу нәтижесін көрсетеді. Мұғалім екі сағатқа лайықталған бұл сабақтардың тақырыбын тұжырымдай отырып, шындық пен ақиқаттың өмірдегі мәнділігіне оқушылардың назарын аударады. Қорытынды жасаған соң әдеттегідей «Жүректен жүрекке» әдісі қолданылады.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №11 Мерзiмі: № 34сабақ

Тақырып: Балалық шақ мейрамы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 6


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқуға ұсынылған мәтінді мұғалім интонациялық талаптарға орай үлкен ықыласпен оқып береді. Тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушылар мәтіндегі негізгі ойды жинақтап, олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдайды. Әже мен немере арасындағы мейірім мен шапағаттың нұрланған үстіне нұрлана беретін ғажайып бір сәуле секілді екендігін мұғалім үлкен жүрекпен жеткізеді. Мәтінмен жұмыс жасауда оқушылар қазақ халқының ұжымындағы «қасиет» сөзінің құдіретін, оның адам өміріндегі мәнін ұғынады. Әженің аузынан шыққан төменде көрсетілген қасиет туралы тәлімдік сөздердің әрқайсысын мұғалім мағынасына қарай түсіндіреді:

Бал болмаса, ара қасиетсіз,

Жанбай қалған шала қасиетсіз,

Өнерсіз болса, бала қасиетсіз,

Әділетсіз болса, дана қасиетсіз,

Ащысыз болса, тұз қасиетсіз,

Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз,

Көк шықпаса, жер қасиетсіз,

Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз,

Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.

Сонымен қатар, мұғалім оқушыларға әр нәрсенің, заттың, құбылыстың маңыздылығы мен сипаты, атқаратын қызметінің өзіндік атауына сай болғаны ләзім екендігін өлең жолдарынан аңғартуға бағыт береді. «Өз ойы болмаса, ерқасиетсіз, жігері болмаса, жігіт қасиетсіз» деп мұғалім оқушыларға әркім өз бойындағы даралық қасиеттерін таза көңілмен көрсетіп, дамыта алуы керектігін айтып, ой қорытады.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Азат елдің аспаны ашық.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

***

  • Өнер- білім неліктен тозбайды?

  • Өз парызыңды қалай түсінесің?

  • Әдептілік дегеніміз не?

  • Туған жер, Отан неліктен қымбат?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма. Сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.

2-тапсырма.Өзін- өзі тану сабақтарын естеріңе түсіріңдер.Сұрақтарға жауап беріңдер.

3-тапсырма.Өзін-өзі тану сабақтарынан алған жақсылықтарды естеріңе түсіріп, сахналау, концерт, ойын түрінде презентация жасаңдар.




8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Бала тілегі» Сөзі: Сержан Молдасанұлы



Әні: Фарида Жолдасова




9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Мұғалім сабақта айтылған ойларды жинақтап, тұжырым жасау үшін төмендегідей сұрақтар қояды:

Оқушылардың берген жауаптарына орай мұғалім сабақты қорытып, адам өмірінің жақсы адамдармен ғана көрікті болатындығын, жүрек жылуы мен жылы сөздердің адам жанын тебірентіп, нұрға бөлейтіндігін зерделейді.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет