Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет22/23
Дата23.05.2018
өлшемі16,29 Mb.
#40642
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

IV.Қорытындылау.

V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырма: тарауды қайталау.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §12.1. Металдардағы электр тогы.

Сабақ мақсаты:

  1. Металдардағы электр тогы, металдардың электр өткізгіштігінің классикалық теориясы,асқын өткізгіштік туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Кұрал-жабдықтар: видеопроектор, компьютер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1І. Өткен тарау бойынша сұрақтар:

1. Фарадей тәжірибелерін баяндаңдар.

2. Электромагниттік индукция заңын тұжырымдаңдар.

3. Ленц ережесін тұжырымдаңдар.

4. Магнит өрісінде қозғалатын түзу өткізгіште пайда болатын индукцияның

ЭҚК-н есептеуге аранлған формуланы қорытып шығарыңдар.

5. Максвелл гипотезасын тұжырымдаңдар.

6. Өздік индукция деп нені айтамыз?

7. Магнит өрісінің энергиясын қандай формуламен есептейміз?

8. Магниттік қысым деп қандай шаманы атайды?

9. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Металдардағы электр тогын электрондардың бағытталған қозғалысы тудырады. Осы тұжырымды дәлелдейтін тәжірибелер:



1901 жылы Э. Рикке тәжірибесі, 1916 жылы американдық физиктер т. Стюарт пен Толмен тәжірибесі.

ХХ ғасырдың басында неміс физигі П. Друде мен голланд физигі Х.Лоренц металдардың электр өткізгіштігінің классикалық теориясын құрды. Бұл теорияның негізгі қағидалары:

1. Металдардың жақсы электр өткізгіштігі олардағы еркін электрондардың бар болуымен түсіндіріледі.

2. Сыртқы электр өрісінің әрекетінен электрондардың ретсіз қозғалысы реттеліп, электр тогы пайда болады.



3.
I=q0nSυорт

I= e2nλSE

ρ=2mu/e2nλ шамасы заттың меншікті кедергісі деп аталады.

E=U/ℓ


I=US/ρℓ=U/ ρℓ/S=U/R Ом заңы.

  1. Әр түрлі заттар ішкі құрылыстарымен ерекшеленетін болғандықтан, олардың кедергілері де өзгеше болады. Бұл кристалдық тордағы иондардың орналасуына және заттағы еркін электрондардың концентрациясына байланысты.

  2. Зат арқылы ток өткенде, оның ішкі энергиясы әрқашан артады. Металдардан ток өткен кездегі бөлінетін жылу мөлшерін Джоуль-Ленц заңы бойынша анықтайды:

Q=I2Rt

  1. Металдардың меншікті кедергісі


ρ= ρ0(1+ αt)

R=R0(1+αt)
Кейбір металдардың кедергісі өте төменгі температурада нольге дейін түсетіні анықталады. Бұл металдардың осы температурадан бастап электр тогына кедергі жасамайтынын көрсетеді.

Голландия физигі Камерлинг-Оннес 1911 ж. асқынөткізгіштікті ашты. Кейбір металдардың кедергісі өте төменгі температурада нөлге дейін түсетіні анықталды.





ІІІ. Есептер шығару.А.П. Рымкеевич есептер жинағы: № №850, №852, №855.

ІV. Пысықтау.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §12.1. А.П.Рымкеевич есептер жинағы: №853. №860.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §12.2. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы.

Сабақ мақсаты:

  1. Жартылай өткізгіштер туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

  3. Жауапкершіліке, еңбекке, ізденімпаздыққа баулу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер, видеомагнитафон, жартылай өткізгіштер жиынтығы.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:

  1. Неліктен барлық металдар жақсы өткізгіштер?

  2. Металдарда еркін электрондар қалай пайда болады?

  3. Неліктен металдардағы өткізгіштік электрондық болып табылады?

  4. Температураның жоғарлауымен металдар кедергісінің артуын түсіндіріңдер.

  5. Асқын өткізгіштік деп қандай құбылысты айтады?

  6. Оны қалай түсіндіруге болады?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Барлық заттарды электр өткізгіштігіне қарай үш топқа бөледі:



Жартылай өткізгіштердің тобына коваленттік байланыстағы заттар жатады.



Жартылай өткізгіштер қызған кезде еркін заряд тасымалдаушылардың саны тез өседі де кедергі кемиді.



Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі температура мен жарықтануға тәуелді.

Кристалл ішінде еркін электрондардың қозғалысынан пайда болған өткізгіштік электронды өткізгіштік, ал кемтіктер қозғалысынан пайда болған өткізгіштік кемтіктік деп аталады.

Таза жартылай өткізгіштерде әруақытта бірдей мөлшерде электрондар мен кемтіктер болады. Сондықтан таза жартылай өткізгіштіктің өткізгіштігі жартылай электронды, жарты кемтіктік. Мұндай өткізгіштікті меншікті өткізгіштік деп атайды.Таза жартылай өткізгіштердің құрамына арнайы таңдап алынған қоспаны қосу арқылы жасанды түрде электрондық немесе кемтіктік өткізгіштігі басым жартылай өткізгіштік дайындауға болады.



Жартылай өткізгіштердегі еркін электрондарды тудыратын қоспаны донорлық немесе п-типті қоспа дейді.



Р-типті өткізгіштікті тудыратын қоспа акцепторлық немесе р-типті өткізгіштік деп аталады.

Электрондық-кемтіктік ауысу дегеніміз-өткізгіштігі әр түрлі типті екі жартылай өткізгіштердің жанасу аймағы.



Жартылай өткізгішті диод. (құрылысы, жұмыс істеу принципін түсіндіру)



Жартылай өткізгішті транзистор. (құрылысы, жұмыс істеу принципін түсіндіру).






ІV. Пысықтау. А.П.Рымкеевич. №862, №863., №867.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма. §12.3. А.П.Рымкеевич.№868. 871, №872.


10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§12.3.Электролиттердегі электр тогы.

Сабақ мақсаты:

  1. Электролиттік диссоциация, электролит, электролиз, Фарадей заңдары туралы түсінік

беру.

  1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  2. Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Құрал-жабдықтар: видеокассеталар, проектор, видеомагнитофон, электролизді демонстрациялауға арналған жиынтық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Жартылай өткізгіштер дегеніміз не?

  2. Жартылай өткізгіштердің кедергісі температураға қалай тәуелді?

  3. Термистор деп қандай құрылғыны айтады?

  4. Кемтіктер дегеніміз не?

  5. Меншікті өткізгіштік дегеніміз не?

  6. Донорлық қоспа дегеніміз не?

  7. Акцепторлық қоспа дегеніміз не?

  8. Қандай өткізгіштік қоспа деп аталады?

  9. п-типті өткізгіштік дегеніміз не?

  10. р-типті өткізгіштік дегеніміз не?

  11. Электрондық-кемтікті ауысу дегеніміз не?

  12. Кері және тура ток дегеніміз не?

  13. Жартылай өткізгіштердің вольт-амперлік сипаттамасы қандай?

  14. Транзистордың құрылысы қандай? Жұмыс істеу принципі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Электр тогының тұздар ерітінділері арқылы өтетінін тәжірибе арқылы көрсету.

Молекулалардың еріткіш әсерінен иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Ерітілген зат молекулаларының қандай бөлігінің иондарға ыдыраған молекулалар болып табылатынын көрсететін сан диссоциация дәрежесі деп аталады.

Ерітінділерде зарядтарды тасымалдаушылар иондар болып табылады.

Заряд тасымалдаушылары тек қана иондар болып табылатын сұйық өткізгіш электролит деп аталады.

Электролит арқылы ток өткен кезде электродтарда заттың бөлініп шығу процесі электролиз деп аталады. (Тәжірибе көрсетіледі).

Ерітіндідегі оң иондар катиондар, ал теріс иондар аниондар деп аталады.

Фарадейдің І заңы: электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы ерітінді арқылы өтетін электр мөлшеріне тура пропорционал:

m=kIt


Фарадейдің ІІ заңы:

Түрліше заттардың электрохимиялық эквиваленттері олардың химиялық эквиваленттеріне тура пропорционал.

k=1M/Fn

m=Mq/nF Фарадейдің электролиз үшін біріккен заңы.



ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. А.П.Рымкеевич. № 880, №881, №885.

VІ. Қорытынды.

VІІ. Үйге тапсырма. §12.3. А.П.Рымкеевич.№882, №883, №886. VІІІ. Бағалау.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§12.4 Газдардағы электр тогы.

Сабақ мақсаты:

  1. Газдың иондануы, газдың иондық және электрондық өткізгіштігі, өздік емес, өздік разряд, электр доғасы, ұшқындық разряд, тәж разряды, плазма, термоэлектрондық эмиссия туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Құрал-жабдықтар: видеокассеталар, проектор, видеомагнитофон

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Электролиттік диссоциация деп қандай құбылысты айтамыз?

  2. Диссоциация дәрежесі дегеніміз не?

  3. Электролит дегеніміз не?

  4. Электролиз дегеніміз не?

  5. Фарадейдің заңдарын тұжырымдаңдар.

  6. Электрохимиялық эквиваленттік дегеніміз не?

  7. Электролизді техникада қалай қолданады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Видеокассета арқылы тәжірибе демонстрацияланады.

Қорытынды.: газдың иондаушысы жоғары температура, рентген, ультракүлгін сәулелер, α-сәулелер және т.б.

Газдың иондалынуына кері процесс-рекомбинация жүреді, яғни газ иондарынан бейтарап молекулалар түзіледі.

Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар еркін электрондар мен иондар болып табылады. Иондалған газдардың өткізгіштігі жартылай иондық, жартылай электрондық.

Газдағы ток күшінің кернеуге тәуелділігі.



Кернеудің аз мәндерінде газдағы ток Ом заңына бағынады.Газдағы мәні кернеуге тәуелсіз болатын токты қанығу тогы деп атайды.

Тек тосын иондауыштың әрекетінен ғана болатын газдағы разряд өздік емес разряд деп аталады.

Тосын ионизатордың көмегінсіз-ақ пайда болатын разрядты өздік разряд деп атайды.

Газдағы ұшқынды разряд деп тасқындық тесіп өтудің пайда болуына жеткілікті жоғары кернеудегі разрядты айтады.

Газдағы тәж разряды кеңістіктегі өрістің барлық жерінде емес, электродта немесе өткізгішке жақын және өріс кернеулігі жоғарырақ жерлерде соққы иондауынан пайда болады.

Егер катод қыздырылса, онда өздік разряд электродтардағы онша үлкен емес керену кезінде-ақ пайда болады. Мұндай разрядты электрлік доға дейді.

eEλ≥Аи, яғни электрондардың еркін жолы артса, Е өріс кернеулігінің аз мәнінде газдың өздік өткізгіштігін алуға болады. Газдарды сиреткенде оларыдң өткізгіштігі артады.



Бұл қорытындыны дәлелдейтін тәжірибе:

Сиретілген газдардағы жарық шығарумен қатар жүретін разряд солғын разряд деп аталады.

Атомдардың не молекулаларының басым көпшілігі иондалған газ плазма деп аталады. Плазма деп заттың оң және теріс зарядтарының мөлшері өзара тең, бірақ электрлік жағынан бейтарап күйін айтады.

Егер заттың барлық атомдары немесе молекулалары түгелдей ионданған болса, онда плазманы толық ионданған деп атайды.

ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. А.П. Рымкевич:№893, №894, №895.

VІ. Қорытынды.

VІІ. Үйге тапсырма. §12.4. А.П. Рымкевич:№ 898, №899, №900

VІІІ. Бағалау.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§12.5. Вакуумдағы электр тогы.

Сабақ мақсаты:


    1. Оқушыларға вакуумдағы электр тогы, екі электродты шам, үш элекродты шам, электрондық-сәулелік түтіктің құрылысы, жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру.

    2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

    3. Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Құрал-жабдықтар: видеопроектор, видеомагнитофон

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Электролиттік диссоциация деп қандай құбылысты айтамыз?

  2. Диссоциация дәрежесі дегеніміз не?

  3. Электролит дегеніміз не?

  4. Электролиз дегеніміз не?

  5. Фарадейдің заңдарын тұжырымдаңдар.

  6. Электрохимиялық эквиваленттік дегеніміз не?

  7. Электролизді техникада қалай қолданады?

  8. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тәжірибені түсіндіру.
-зарядтың орын ауыстыру жұмысы.

-электрондардың кинетикалық

энергиясы.

-электрон массасы.

-электрон жылдамдығы.



-үдеткіш кернеу.




.



Екі электродты электрондық шам-диод.


Электрондық шам токты тек бір ғана бағыта өткізеді. Осы қасиеті айнымалы токты түзету үшін қолданылады

Электрондық-сәулелік түтік деп электр сигналдарын көрінетін кескінге түрлендіретін вакуумдық электронды аспапты айтады.



Үш электроды шам –триод.




ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару.

VІ. Қорытынды.

VІІ. Үйге тапсырма. §12.4.

VІІІ. Бағалау.
10-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушылардың «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша алған білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге үйрету.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, тақтада жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауға шолу, формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.
23-жаттығу. №1.

2.



3.



4.



5.




IV.Қорытындылау.

V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырма: тарауды қайталау.

10-сынып.

Жылдық тест жұмысы

Мақсаты:

1. Оқушылардың жылдық материалды қалай меңгергендерін тексеру, тинянақтау, қорытындылау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.



3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тест жұмысы

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс

Сабаққа қажетті құралдар: таратпа тест жұмыстары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау.

І нұсқа.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет