Неге «Алтын адамның» киімі мен қару-жарағында аңдар мен жануарлардың бейнелену себебін талдап әңгімелей алады;
«Алтын адам» туралы аңызды мұғалімнің көмегімен ақпараттан тауып оқи алады.
Кейбір оқушылар:
«Алтын адаммен» сұхбаттың сұрақтары мен олардың айтуы мүмкін деген жауаптарын құрастыра алады;
«Бір тарихи жәдігерге» экскурсия ұйымдастыра алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру.
Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәрің маған қараңдар.
Экскурсия жетекшісі бүгін мен. Бір минутты да жоғалтпай Жолға шығуға шақырам!
Бар білімді жолға ала шық! Күлімдеуді де ұмытпа!
Сабақта барлықтарыңның зейінді, тапқыр болғандарыңды, ең бастысы алған білімдеріңді қалай жұмыс
істеуде көрсете алуларыңды қалаймын.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сәлемдеседі.
Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады.
Ж. Дәптердегі үй тапсырмасын жұптасып өзара тексеріңдер (А, В1-4, С тапсырмалары).
ҚБ. «Бас бармақ» тәсілінің көмегімен өзара баға беру.
Мақсатты тұжырымдау.
«Тізім» тәсілі.
Бір бет қағаз бен қалам алыңдар, 2 минут ішінде сақтар туралы не
білетіндеріңді жазыңдар. Еске түскен нәрселердің бәрін жазыңдар. Бастаңдар.
Мұғалім: – Жарайсыңдар, балалар! Сақтар тарихынан көп нәрсе естеріңде қапты. Ал қазір геолог ғалымдардың тапқан жәдігерлерін қараңдар:
баскиімі, қаруы, алтындалған ыдыс.
табылды. Біздің ғалымдар 1969 ж. осы қорғанды қазуға кірісті. Ол ертеректе тоналған екен. Бір
жақсысы тонаушылар оның бір жақ бүйірінде жерленген сақ
жауынгерінің мүрдесін көрмеген. Ол ғылымға «Алтын адам» деген атпен енді. Балалар, бүгін сабақта не туралы айтатын боламыз? Дұрыс.
Біз «Алтын адам» туралы айтатын боламыз.
Ж. Оқушылар тізім құрап, уақыт өткен соң оқиды: Сақтар ежелгі уақытта Қазақстан аумағында тұрған. Томирис – сақ патшайымы. Сақтар Отанын жаулардан қорғаған. Сақтар киімдерінде, әшекейлерінде, қаруларында аңдарды бейнелеген.
Сақтардың артында үлкен қорғандар қалған және т.б.
Мадақтау.
1 бет қағаз
Ортасы
Мұғалім: – Қазіргі уақытта алтын киімді жауынгерді қару-жарағымен астанадағы Президент мәдени орталығының көрме залына
қойылған. Біз сендермен Президент
мәдени орталығына виртуальды экскурсия жасайық.
Бейнематериалды көріп болған соң балалар оқулық мәтінімен жұмыс
істейді.