1. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Оқыту – ғылыми білім, білік және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастардыдамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі [1].
Оқыту – бұл басқарылған таным үрдісінде өтетін қарым-қатынас, қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру, жаңғырту, жеке тұлғаны қалыптастыру негізінде нақты іс-әрекетті игеру [2].
Оқытудың қоғамдағы міндеттерінің мәні ұрпақтардың сабақтастығы, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруы, тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасауында және балалар мен ересектердің өзара бірлескен іс- әрекеттерін мақсатқа бағыттап ұйымдастыруында. Аталған әрекеттерді іске асыра отырып, оқыту үрдісін дамытудың ең негізгі көрсеткіштерін үш мақсатқа негіздеп топтастыруға болады:
білімділік – оқушылар ғылым негіздерін, білім, білік және дағдыны меңгеру, өздерінің рухани және еңбек қабілеттерін дамыту, еңбек және кәсіби дағдыларының бастамасын игерудікөздейді;
тәрбиелік – әр оқушыны адамгершілік қасиетіне, ғылыми-танымдық ұстанымы бар, шығармашылық жағынан белсенді және әлеуметтік жетілген, үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Демек, білім берудің басты мақсаты – адал, адамгершілігі жоғары, білікті, өз бетінше жұмыс істей алатын, өзінің адами мүмкіндіктерін іске асыра алатын адамтәрбиелеу;
дамытушылық – жеке тұлға тілінің, ойлауының сенсорикалық және қимылдық саласының, сезімдік-еріктік және қажетті-мотивациялық саласының дамуы [3]. Білім берудің мақсаты – оқыту процесін ұйымдастыру мен бағыттау, оның мазмұны, әдістері мен формаларын анықтау. Ол өзінің құрамына білім берудің жалпы адамгершіліктік, әлеуметтік-топтық, жеке тұлғалық мақсаттарды да қамтиды. Қоғамның өзгеру және даму деңгейіне сәйкес білім берудің мақсаттары да өзгеріпотырады.
Білім беру процесінің негізі – оқыту. Білім беру құрылымындағы оқыту дегеніміз мұғалімнің оқушымен тікелей немесе жанама байланыстағы іс- әрекеті. Бірақ бұл байланыс қай түрде болғанына қарамастан, оқыту процесі білім алудың белсенді болуын көздейді. Оқушылардың іс-әрекеті мұғалім тарапынан қамтамасыз етілген, ұйымдастырылған және бақылауға алынған жағдайда, сонымен қатар оқушылардың бойында өз бетінше білім алу дағдысы қалыптасқанда ғана білім алу процесі белсенді бола алады. Жалпы білім беру процесі барысында:
мұғалімнің ақпаратты іріктеуі, жүйелеуі, құрылымдауы және оны оқушыларға жеткізеалуы;
бұл ақпаратты және онымен жұмыс істеу жолдарын оқушылардың қабылдауы, түсінуі, меңгеруі сабақ және сабақтан тыс өз бетінше білім алуы барысында жүзегеасырылады.
Іс жүзінде оқыту процесі жалпы және нақты заңдылықтарға сәйкес іске асырылады. Оқыту процесінің нақты заңдылықтары депдидактикалық,
психологиялық, әлеуметтік және ұйымдастыру заңдылықтарын айтуға болады. Оқытудың жалпы заңдылықтарын келесі топтарға бөлуге болады.
Оқыту мақсаттарының заңдылығы:
қоғамның даму деңгейі менқарқынына;
қоғамның қажеттіліктері менмүмкіндіктеріне;
педагогика ғылымы мен тәжірибесінің даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне тәуелді.
Оқыту мазмұнының заңдылығы:
қоғамның қажеттіліктері мен білім берудіңмақсаттарына;
әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестіңқарқынына;
білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық және экономикалық мүмкіндіктеріне;
оқытудың теория мен тәжірибесінің дамудеңгейіне;
жас ерекшеліктеріне тәуелді. Оқыту сапасыныңзаңдылығы:
алдыңғы кезеңнің жетістіктері меннәтижелеріне;
оқылатын материалдың сипаты менкөлеміне;
білім алушыларға ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпалжасауына;
оқушылардың оқуға дегенынтасына;
оқыту уақытына және оқытудың әр жаңа кезеңіне тәуелді. Оқыту әдістерініңзаңдылығы:
әдістерді қолдана білуі мен қолданудағдысына;
оқытудыңмақсаттарына;
оқытудыңмазмұнына;
оқушылардың жасерекшеліктеріне;
оқу процесінің ұйымдастырылуына тәуелді. Оқытуды басқарудыңзаңдылығы:
оқыту жүйесіндегі кері байланыстардың қарқындылығынатәуелді.
Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне мұғалім әсерінің сәйкес болузандылығы:
баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдайжасауына;
мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ықыласын қажететеді.
Мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының (ОТҚ) мүмкіндіктеріне сәйкес болу заңдылығы:
мұғалім мен оқушының іс-әрекетін заманауи талаптарға сәйкес жоспарлауды, ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестікпен қолданауды талапетеді.
Оқытудың заңдылықтары тұлғаның еркіне тәуелді емес, олар іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескерілуі тиіс жағдайлар. Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Оқыту заңдылықтарының ерекшелігі – мұғалімнің (оқыту), оқушының іс-әрекеті (оқу) және білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті және білім мазмұнының мақсатты түрде ықпал етуі арқылы жүзеге асады. Мұғалім оқытудың заңдылықтарынан дамитын оқытудың принциптерін басшылыққа ала отырып білім берудің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушыларды жоғары нәтижелерге жеткізуі тиіс. Мұғалім оқытудың принциптерін дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болады. Оқытудың принциптері көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады. Оқыту принциптерін тұңғыш ұсынған Я.А. Каменский адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты деп дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі – табиғатқа сай болу принципі. И.Г. Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д. Ушинский оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы. Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан [4].
А.П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін анықтау [4].
Оқыту принциптері – оқыту үрдістерінің нақты заңдары мен заңдылықтарының қозғалысын бейнелейтін және оның тұлғаны дамытуға бағытталғанын анықтайтын негізгі дидактикалық ережелер, оқыту принциптерінде оқу үрдісін құруға және оны басқаруға теориялық әдістер айқын көрініс табады. Олар мұғалімдер мен оқушылар оқу үрдісін ұйымдастыратын және оны оңтайландыру мүмкіндіктерін іздестіретін ұстаным мен бағытты анықтайды [2].
Оқыту принциптерін білу оқу үрдісін оның заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыруға, оқу материалының мақсаттарын орынды анықтауға және мазмұнын таңдап алуға, оқытудың түрлері мен әдістерінің мақсаттарына тиісті түрін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге олар оқушыға және оқытушыға оқу үрдісінің кезеңділігін сақтауға, өзара қатынас пен бірлесіп қызмет атқаруға мүмкіндік береді [2].
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі, оқытудың топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалану сияқты принциптер кеңінен қолданылады. Бұл принциптерге тоқталатын болсақ:
саналылық принципінің көмегімен заңдылықтарды, анықтамаларды, фактілерді білу, өз ойын қорытындылап дұрыс жеткізе алу, алынған білімді өмірлік жағдайларда қолдана білуді қамтамасыз етіледі. Саналылық принципі оқушының сөйлеу тілін ойлаумен ұштастыра алуымен, туындаған сұрақтарға өз бетімен жауап таба білуменсипатталады;
белсенділік принципі оқушылардың өздікжұмыстарды шығармашылықпен орындауын, оқу материалын меңгеруде белсенді болуын, ойлау әрекетін белсендендіруін болжайды. Белсенділік өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығармашылық ынтасын және сөйлеу тілін жетілдіру жолында үздіксіз жұмыс істеуін қарастырады;
көрнекілік принципі заттар мен құбылыстар туралы өзіндік ойын, түсінігін қалыптастыруға көмектеседі. Көрнекіліктің көмегімен оқушыларды нақты өмірлік жағдайларға дайындайтын және тіл байлығын дамытуға ықпал ететін оқу жағдаяттары жасалады. Көрнекілік принципі лингвистикалық (жаңа сөздерді, контексті талқылау, синонимдер мен антонимдерді іріктеу) және экстралингвистикалық (қимылдар, заттарды көрсету және қоршаған ортадағы құбылыстарды бақылау) құралдары арқылы жүзегеасырылады;
жүйелілік принципі материалды меңгеруді қарастырады. Жүйелілік материалды ұсынуды ұйымдастыру мен бірізділігінен көрінеді және оқытудың түсініктілігін қамтамасызетеді;
нәтижелердің беріктілігі принципі алынған білім оқушылардың санасында сақталып қалуын талап етеді. Жақсы меңгеру үшін оқылатын материалға қызығушылық тудыруқажет;
ғылымилық принципі білім мазмұнының оқушыларды ғылымның заманауи жағдайын көрсететін нақты ғылыми фактілермен, теориялармен, заңдылықтармен таныстыруды талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламалары мен оқулықтарда, оқу материалын іріктеуде көрініс табады, сонымен қатар оқушыларды ғылыми ізденіс әдістерінің элементтерін меңгеругеүйретеді;
оқытудың топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалану принципі мұғалім оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануына болатынын және қолдануы тиіс екенін білдіреді. Оқыту сабақта, сонымен қатар оқушылардың сабақтан тыс (саяхаттар, экскурсиялар, үйірмелер, қызығушылығына қарай ұйымдастырылған ұйымдар) алуан түрлі іс-әрекеттері барысында жүзеге асырылады.
Оқытудың бұл принциптері дидактиканың заманауи біртұтас, біріккен жүйесін құрайды. Олардың бәрі бірігіп оқыту процесінің негізі сабақта жүзеге асырылады.
Сабақ – бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру, басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Сабақ арнаулы оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 минут) және оқу кестесі бойынша жүреді. Сабақтың басты мақсаты – мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттерді қалыптастыру [5]. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту үрдісіндегі сабақтың мәні мен мақсатымұғалім меноқушыныңұжымдық-жекелейөзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ – бір жағынан, тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастырудыңформасы.
«Сабақ» ұғымына берілетін анықтамалардың алуан түрлілігіне қарамастан, бұл түсініктің келесі ортақ белгілерін атауға болады:
Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы, өйткені сабақ барысында тұлғаның дамуына қатысты білім берудің барлық мақсаттары орындалаалады.
Сабақ – оқыту үрдісінің мазмұнын құрудың қарапайым түрі. Сондықтан сабақта бұл үрдістің барлық компоненттері: мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары, ұйымдастыру мен басқаруға қажетті іс-әрекет және оның дидактикалық элементтеріболады.
Сабақ – оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметін атқарады. Сабақтың басты мақсаты аталған қызметтерді жүзегеасыру.
Дәстүрлі сабақтың мақсаты нені және қалай үйрету мәселесі болса, қазіргі сабақ қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет екендігін қарастырады. Оны шартты түрде жүйеден «шығуды» реттеу дейді. Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселе «Не үшін оқытамыз?» деген сұраққа жауап алудан басталды. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын «соңғы нәтижелер» нақтыланады. Ол нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген білім, білік және дағды емес, өмірлік дағдылар жатады. Осыдан кейін қарастырылатын мәселе «Оқушыны оқуға қалай үйрету?» деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім, негізінен, оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбайды, оқушыны өздігінен ізденіп, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті дағдылармен (білік, тәсіл, т.б.) қаруландырады. Осындай ұстанымда ұйымдастырылған оқу үрдісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріпшығады.
Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақ беру барысында мектептің күнделікті оқыту жағдайында шешілуі тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбиелеу, дамыту) жүйесі ретінде ұйымдастырады және осы міндеттерді ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасайды.
Сабақтың ең кең таралған түрі – дәстүрлі сабақ. Дәстүрлі сабақты негізгі дидактикалық талаптар тұрғысынан, сонымен қатар қазіргі сабақты өткізумен байланысты оның мәнінің өзгеруін қарастырайық (1-кесте):
Қазіргі сабақ дегеніміз – сол кезеңнің, сол уақыттың талаптарына, деңгейіне сай сабақ. Заман талабына сай сабақ – тұлғаны заман талабына сай бәсекеге қабілетті азамат етіп оқытуға бағытталуы тиіс. Сабақ әр жас тұлға өмірінің бір бөлігі, сондықтан бала өмірінің бұл бөлігі жалпы адамзат мәдениетінің жоғары деңгейінде өтуі тиіс. Сабақ баланың үйдегі өмірімен, үйден тыс жерлерде өзінің достарының арасындағы өмірімен сабақтасып, күнделікті өмірінің жалғасы болуы тиіс. Сондықтан қазіргі күннің оқушылары
«қазіргі сабақ дегеніміз не?» деген сұраққа:
кесте - Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақтың өзіндікерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |