Сабақ оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты



бет10/11
Дата11.01.2022
өлшемі62,95 Kb.
#111033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат

Қорытынды

Қазіргі кезде білім беру саласында жасалынып жатқан өзгерістер мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білім, білік, дағдыларын өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызуда.

Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейін дамытуда сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің маңызы ерекше. Осы әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өздігінен жұмыс істеуге, талдау мен қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.

Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыра оқыту процесінде педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану қажет.

Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін, жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді және оларды қолдану арқылы алынатын нәтижелерді білу өте қажет.

Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін қолдану, қандай да бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру; күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау; әр сабақта сауатты жоспарлау; оқу моделін құрастыру; оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындау; оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыру; оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау; компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау қазіргі сабақты өткізудің негізі.

Қорыта келгенде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары оқытудың дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін іске асыруға, мұғалім мен оқушының іс- әрекеттерінің сипатына (әдістер мен құралдарды таңдау), оқушылардың өзара қарым- қатынасына әсері етеді. Ал, оқытудың тиімді әдістері мен түрлерін, әдістемелік ұсыныстарды таңдап, оларды технологиялық үдерісте дұрыс үйлестіріп және ұтымды пайдаланған жағдайда оқу процесінде елеулі нәтижелерге қол жеткізуе болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет