Сабақ оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты


Заманауи сабақты жобалаудыңқұрылымы



бет4/11
Дата11.01.2022
өлшемі62,95 Kb.
#111033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат

Заманауи сабақты жобалаудыңқұрылымы

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. Ол педагогикалық үдерістің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды. Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік (білім беру, тәрбие, даму) қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталғандығымен көрінеді.

Қазіргі педагогика ғылымында заманның талабына сай жаңартуды қажет ететін негізгі мәселелерінің бірі – сабақтың түрлері. Сабақтарды негізгі дидактикалық мақсаттарға (жаңа білімді беру, игерілген білім мен дағдыны пысықтау, қайталау, білімді тексеру) немесе оқу үрдісінің негізгі деңгейлеріне қарай топтаумен қатар сабақтар оларды өткізумен және ұйымдастыру әдістеріне қарай топталатыныбелгілі.

Сабақтардың негізгі міндетіне сәйкес сабақтардың негізгі түрлері бар. Мысалы, жаңа материалды оқып-үйрену сабақтары, тәжірибелік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру, қайталау және қорыту сабақтары, оқушылардың білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын тексеру сабақтары жәнет.б.



  1. кестеде басты дидактикалық мақсаттар мен олардың жалпы жүйесінде сабақтың алатын орнының негізінде сабақтың бес типі көрсетілген[6].




  1. кесте - Сабақтарклассификациясы




Сабақтың мазмұны

Сабақтың құрылымы

1

2

1. Жаңа білімді меңгеру сабағы

Оқушыларға жаңа материалды беру

  • ұйымдастырукезеңі;

  • білімдітиянақтау;

  • жаңа білімдіқалыптастыру;

  • алғашқы түсініктінегіздеу;

  • сабақтықорытындылау;

  • үй жұмысынберу

2. Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы

Алынған білімді ұғыну, білік пен дағдыны негіздеу, игерілген білімді қолдану

  • ұйымдастырукезеңі;

  • теориялық білімді ескетүсіру;

  • ауызша және жазбаша тапсырмаларды, практикалық жұмыстардыорындау;

  • орындалған жұмыстардытексеру;

  • сабақты қорытындылау, үй жұмысынберу

3. Құрамдастыру сабағы

Жаңа материал, алынған білімді алғашқы ұғыну, білік пен дағдыны алғашқы қалыптастыру, оларды дәлелдеп түзету

  • ұйымдастырукезеңі;

  • үй жұмысынтексеру;

  • жаңа білімдіқалыптастыру;

  • білімді тиянақтау және тапсырмалардыорындау;

  • игерілген білім, білік пен дағдынынегіздеу;

  • сабақты қорытындылау, үй жұмысынберу

2-кестенің жалғасы

1

2

4. Жалпылау және жүйелеу сабағы

Негізгі сұрақтар мен бағдарламаның тақырыптары бойынша оқу материалын ірі топтама бойынша жүйелеу және қайталау, меңгерілген тақырыптардың (тақырыптың) немесе курстың маңыздыжақтарын

ашу


  • ұйымдастырукезеңі;

  • мұғалімнің кіріспесөзі;

  • ауызша және жазбаша тапсырмалардыорындау;

  • сабақты қорытындылау, үй жұмысынберу

5. Бақылау сабағы

Оқушының білім жетістігін бағалау

  • ұйымдастырукезеңі;

  • тапсырмалардыорындау;

  • сабақты қорытындылау, үй жұмысынберу

Сабақ құрылымы – бұл оқыту барысында пайда болатын сабақ элементтерінің арасындағы әртүрлі байланыстар жиынтығы және осы сабақтың қызметін қамтамасыз етеді.

Ғылыми ақпарат көлемінің зор болуы мен оқыту уақытының шектелгендігін қазіргі кезде сабаққа деген ең басты талаптардың бірі мазмұнды беру мен оқытудың әдістерін анықтау болып табылады. Бұл талап әрбір сабаққа қатысты.

Сабақ құрылымының тиімділігін мыналар қамтамасыз етеді:



  • оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін кешенді түрдежоспарлау;

  • сабақ құрылымының негізгі мен маңыздысынажырату;

  • материалдың реті мен көлемін және қайталауға, жаңа материалды игеруге, пысықтауға, үй жұмысына жіберілетін уақытты тиімдіанықтау;

  • оқытудың ең тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарынтаңдау;

  • саралау және жеке тұлғалықтәсіл;

  • оқытудың қажетті оқу-материалды жағдайларынжасау.

Қазіргі кездегі оқытудың моделінде сабақ құрылымы келесі функцияларды атқарады:

  • жаңа материалды игеру сабағыныңқұрылымы;

  • білім, білік және дағдыны негіздеу мен дамыту сабағыныңқұрылымы;

  • қайталау сабағыныңқұрылымы;

  • оқушының оқу жетістігін анықтау сабағыныңқұрылымы;

  • білім, білік және дағдыны қолдану сабағыныңқұрылымы;

  • қайталау және жалпылау сабағыныңқұрылымы.

Оқыту процесін жеделдету мен оңтайландыру сабақтың тиімді құрылымын практикаға енгізуді ұйғарады. Сабақтың құрылымын талдаудан қорытынды шығара отырып, аралас сабақты құрылымдауды келтірейік (3-кесте).


  1. кесте - Аралас сабақтықұрылымдау

Білімдік мақсаттар

Орындау әдістері мен тәсілдері

1

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет