Сабақ оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты


Сабақты ұйымдастырудың жаңатехнологиялары



бет7/11
Дата11.01.2022
өлшемі62,95 Kb.
#111033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат

Сабақты ұйымдастырудың жаңатехнологиялары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [10].

Оқыту түрі – бұл оқыту және оқып-үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары, әдістері және формаларының атқаратын міндеттері.

Оқыту түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология сипатымен анықталады.



Дәстүрлі: (Түсіндірме-көрнекілі, ақпарат жеткізу) оқыту түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шәкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді.

Проблемалық оқытуа ұстаз басшылығында сабаққа байланысты мәселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, білік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі және басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды.

Дамыта оқыту түрі оқушылардың білім, білік және дағдыларының күннен күнге арта түсуіне қажет ішкі психологиялық жағдаяттардың (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу және т.б.) жетілуін қамтамасыз етеді. Оқу жедел қарқынмен жоғары деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы, мақсатты және жүйелі құрылып, негізінен, теориялық ақпарат, мәліметтерді меңгеруге бағытталады.

Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемылық және шығармашыл оқудың басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу.

Тұлғаға бағдарланған оқыту мәні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі әр оқушының жеке өзіне тән танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі әрі іске қосылады.

Компьютерлі оқу және оқыту қызметтері электронды есептеу машиналарының кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жөнінде кері ақпараттың дәл әрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді.

Модульді оқытуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етугеболады.

Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кіріктіріп (пәнаралық) оқыту – сыбайлас білім салаларындағы пәнаралық және пәнішілік байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пәндерін меңгеруді көздейді.

Оқытудың жаңа технологиялары педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсарту, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.

Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуітиіс.

Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған тән құралдар мен механизмдерді өзгертіп қана қою емес, құндылықтар бағытын, білім, білік, дағдыны қалыптастыру сипатталады. Білім берудегі жаңа технологиялардың негізгі сипаты - ізгілендіру. Білімдік технологиялар жеке тұлғаны ұйымдастыруға бағытталады, онда жеке пәндердің білімдік дәрежесі өзгеріп, олар қоршаған ортаны танудың құралына айналады, оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, дамиды. Мұндағы басты мәселе білім мазмұнын байытуға бағытталған белсенді танымдық әдістерді қалыптастыратын жаңа технологияларды жасап, оны тәжірибегеендіру.

Сонымен технология дегеніміз:


  • біріншіден, қайта құру мен өңдеу процесі нәтижесінде алынатын дайын өнім;

  • екіншіден, осы процестің нормативтік жағы оның іскеасуы.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады. I кезең – оқып үйрену.

  1. кезең –меңгеру.

  2. кезең – өмірге ендіру. IV кезең –дамыту.

Зерттеуші-ғалым В.П. Беспалько: «Педагогикалық технологияны оқушының жеке тұлғалық қалыптасу процесінің жалпы жобасы оқыту мақсаттарына жетудің кепілі»,- десе [11], ал, А.Я. Савельев оқыту технологиясын оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұнын іске асыратын құрал ретінде қарастырады [12].

Оқыту технологиясын жобалау мәселесі, оқыту әдістерін таңдау дидактика үшін өте маңызды. Әдістерді таңдауда белгілі дидакт Ю.К. Бабанскийдің ұсынған өлшемдерін басшылыққа алуға болады.



  • оқыту әдістерінің оқыту қағидалары мен заңдылықтарына сәйкестік өлшемі;

  • оқыту әдістерінің оқу материалдарының мазмұнына, оның өзіндік ерекшелігіне сәйкестікөлшемі;

  • әдістерді таңдауда оқушылардың мүмкіншіліктерін ескеру өлшемі[13]. Педагогикалық технология өзінің айқын түсініктілігімен, мұғалім меңгеруіне жеңілділігімен, оқыту процесінде қолдану тиімділігімен және әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Сонымен, педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдары арқылы оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар іріктеу болып табылады.

Педагогикалық технологияны іске асыру барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет деп санаймыз:

  • мұғалімнің педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне деген сенімділігі, шығармашылықшеберлігі;

  • оқушылардың тұлғалық-бағдарлы дамуыныңескерілуі;

  • оқу процесінің кез-келген кезеңіндегі оқушы дайындығының іске асырылуы мен кепілдігініңміндеттілігі;

  • оқыту технологиясында пайдаланылатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі;

  • оқушылардың білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігініңескерілуі;

  • оқушыларды өздіктерінен қорытынды жасауға, белсенді іс-әрекетке ұйымдастыру;

  • оқу процесін жобалағанда іс-әрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелдігініңбірлігі;

  • оқыту процесінің жобалау технологиясы негізінде іскеасырылуы;

  • оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінұйымдастыру;

  • шығармашылық іс-әрекетті нәтижегежеткізу.

Оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін жете зерттеген ғалымдардың бірі- И.Э. Унттың ойынша, оқушыларды жекелеп оқыту абсолютті емес, шартты түрде ғана жүзеге асырылатынын ескертті. Оның пікірінше, оқушыларды жекелеп оқыту сынып-сабақ жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты шартты болып табылады: әдетте жеке оқушының емес, шамамен ұқсас ерекшеліктері басым оқушылар тобының дербес ерекшеліктері ескеріледі, тек таныс ерекшеліктер немесе оқу үшін маңызды болып табылатын таныс ерекшеліктердің жиынтығы ескеріледі [12].

Сондай-ақ, В.М. Монахов жекелеп оқытудың үш аспектісін бөліп көрсеткен:



  1. психологиялық тұрғыда жекелеп оқыту баланың талабын анықтауға оңтайлы жағдай жасауғанегізделеді;

  2. әлеуметтік тұрғыда ол интеллектуалды,шығармашылық әлеуетті ұйымдастыруға ықпалетеді;

  3. дидактикалық тұрғыда мектептегі жетілген прлоблеманы шешуде дифференциялап оқытудың жаңа жүйесін жасаумен сәйкес келеді [14]. М.В. Кларин дифференциялау оқушыларды әртүрлі профильде оқыту үшін топтарға бөліп, біркелкі емес, типтік мектептерде оқытуды көздейдейтінін айтқан[15].

Проблемалық оқыту Д. Дьюидің (1859-1952) теориялық қағидаларына негізделеді.

Проблемалық оқыту дегеніміз -мұғалімнің басшылығымен проблемалық ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында оқушылардың белсенді дербес іс-әрекетін ұйымдастыру, мұның нәтижесінде кәсіби білім, білік, дағдыларды шығармашылықпен игеру, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы іске асады. Проблемалық оқытудың қазіргі технологиясына тоқталсақ, білім берудің болашағы проблемалық оқытумен тығыз байланыста. Проблемалық оқытудың мақсаты ауқымды: ғылыми таным нәтижелерін меңгеріп қана қоймай, оны алудың жолдарын игеру; оқушының танымдық дербестігін ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту; білім, білік, дағды жүйелерін меңгеру және дүниетанымды ұйымдастыру.

Проблемалық оқыту дегеніміз дидактика мен алдыңғы қатарлы педагогикалық практиканың қазіргі даму деңгейі оқу үрдісін ұйымдастыру проблемалық принципке негізделеді, сондықтан оқыту проблемалық деп аталады, оқу проблемалары жүйелі түрде шешіліп отырады. Педагогикалық әдебиеттерде бұл құбылыстың бірнеше анықтамалары бар. Айталық, проблемалық ситуация мен оқу проблемасы проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары. Оқу проблемасы ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтайтын, қызығушылықты оятатын меңгеру үрдісінің логикалық-психологиялық қарама- қайшылықтарының көрінісі. Оқу проблемасының екі негізгі функциялары бар:


  1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушының проблеманы шешудің амалдарыніздестіруі.

  2. Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілеттерін, қызығушылығын, іс-әрекет мотивтерінұйымдастыруы.

Мұғалім үшін бұл құрал оқушының танымдық іс-әрекетін басқарып, оның ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Оқушының іс-әрекетінде ақыл-ой қабілеттері жанданады, білімі толығады. Әдістемелік ерекшеліктеріне қарай: мақсатты; ойланбаған жерден; проблемалық мазмұндама; эвристикалық әңгіме; проблемалық қойылымдар; проблемалық ойындық жағдаяттар; зертханалық зерттеу жұмысы; проблемалық жаппай эксперимент; проблемалық ойлау эксперименті; проблемалық есеп шешу; проблемалық тапсырмалар болып бөлінеді. Проблемалық әдістердің ерекшелігі сонда, олар проблемалық жағдаяттарды жасауға, оқушылардың танымдық белсенділігін оятуға, білімді, талдауды, білікті көкейкесті, заңды етуге негізделген. Проблемалық оқытудың қазіргі теориясында проблемалық ситуацияның екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне, екіншісі оқу процесін ұйымдастыруғабайланысты.

Педагогикалық проблемалық жағдаяттар белсенді әрекет барысында, танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін мұғалімнің қоятын сұрақтарының көмегімен туады. Психологиялық проблемалық жағдаяттардың тууы таза жеке тұлғаға байланысты. Проблемалық жағдаяттар оқу процесінің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту, бақылау барысында туады. Мұғалім ерекше әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып проблемалық жағдаяттарды тудырады:



  • мұғалім қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды оқушылардың еншісінеқалдырады;

  • практикалық іс-әрекетте қарама-қайшылықтудырады;

  • бір сұраққа әртүрлі көзқарасбілдіреді; оқушыларды салыстыруға, топшылауға, фактілерді сәйкестендіруге итермелейді;

  • анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалықталқылауға);

  • проблемалық теориялық және практикалық тапсырмалардыанықтайды;

  • проблемалық тапсырмалар қояды (әдейі қате жіберілген, уақыты шектелген, сұрағы анық емес жәнет.б.).

Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:

  • оқушылардың білім жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет амалдарынмеңгеруі;

  • оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы;

  • оқушылардың дүниетанымының негізгі болып табылатын диалектикалық

  • материалистік ақыл-ойыныңқалыптасуы.

Арнаулы функциялар:

    • білімді игерудің шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу (логикалық тәсілдерді, жеке амалдардыпайдалану);

    • білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа жағдайда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шешеалу;

    • шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін ұйымдастыру және молайту (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемалардышешу).

Проблемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тиімді бола алмайды. Практикада көрсетілгендей проблемалық оқыту үрдісі танымдық белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде оқушылардың әртүрлі білім деңгейін көрсетіп отыр. Шығармашылықтың түріне сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуғаболады.

Біріншісі, теориялық шығармашылық оқушының өзі үшін жаңа ережені, заңды, теореманы ашуы. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және оны шешуден тұрады;

Екіншісі, практикалық шығармашылық оқушының меңгерген білімін жаңа жағдайда қолдануы, құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және оны шешуі;

Үшіншісіне, көркемдік шығармашылық қиял негізінде болмысты көркем бейнелеу, оған әдеби шығарма, сурет салу, музыкалық шығарма жазу, ойын және т.б. енеді.

Проблемалық оқытудың барлық түрі оқушы іс-әрекетінің шығармашылығымен, проблеманы шешудегі ізденіспен сипатталады. Мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің сипатына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін анықтауға болады:


    • өзіндік емес белсенділік деңгейі – оқушылардың мұғалімнің түсіндіруін қабылдауы, проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой әрекетінің үлгісін меңгеру, оқушының өзіндік жұмысты орындауы, ауызшажауап;

    • жартылай өзіндік белсенділік деңгейі – меңгерген білімді жаңа ситуацияда қолдана алу, мұғалімнің қойған проблемасыншешу;

    • өзіндік белсенділік деңгейі – оқушы тапсырманы өзі орындайды, жаңа ситуациядақолданады,құрастырады,күрделілігіортадеңгейдегіесептерді шығарады, жорамалдарды дәлелдейді;

    • шығармашылық белсенділік деңгейі – шығармашылық қиялды, логикалық талдауды қажет ететін өзіндік жұмыстарды орындайды, жаңа амалдарды ашады, дербес шешім шығарып топшылайды, көркем шығармалар жазады.

Бұл көрсеткіштер оқушылардың ой-өрісі дамуының деңгейін сипаттайды. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі жағдайларының бірі–бұл проблеманы шешуге кеңінен қарау шығармашылық өмір талабы.

Технологияны меңгеру іс жүзінде мұғалімнің жеке басын ғана дамытып қоймай, бүкіл жоғары мектеп ұжымын да дамытады. Белгілі ғалым И.Я. Лернер: «Дамыта оқыту дидактика тұрғысынан жеке тұлға қалыптасуының бірте-бірте кеңейген аспектілерін қамтиды», - деді [16]. Дамыта оқыту мысалы, жоғары кәсіптік білім деңгейінде шығармашылық жұмыс әдістерін меңгеруді талап етеді, өздігінен жаңа шешімдерді тиімді амалдармен табуды көздейді. Шығармашылық-бәсекелестікті ұйымдастыруда болашақ маманның тиімді де жетілген құралы болады» - деген тұжырымжасаған.

Жалпы орта мектептің білім беру технологияларының бірнеше түрлері қолданылады. Атап айтсақ: құрылымдық логикалық технологиялар білім беру жүйесін кезеңмен ұйымдастыру, әр кезеңнің нәтижесін диагностикаларды ескере, дидактикалық міндеттерді тиісті мазмұны, форма, әдістер мен құралдарды таңдау негізінде шешу.

Кіріктіру технологиялары-әртүрлі пәндердегі білім мен біліктерді, әртүрлі әрекеттерді оқу тақырыптары, оқу проблемалары деңгейінде кіріктіруге мүмкіндік беретін дидактикалық жүйе. Оқыту процесінде кіріктіру ұғымын екі мағынада қарастыруға болады. Бірінші оқушыда қоршаған дүние жөнінде тұтас түсінік ұйымдастыру. Мұндай кіріктірудің нәтижесінде бала ерте жастан қоршаған дүниенің барлық элементтері бірімен бірі өзара байланыста, тұтастықта деп түсінеді. Екінші пәндік білімдерді жақындастырудың жалпы негізін табу. Дәстүрлі пәндерді кіріктіруде бала қоршаған дүние туралы жаңа мағлұматтар алады, оны толықтырып, кеңейтеді.

Тренингтік технологиялар – типтік есептерді (тапсырмаларды) шешу алгоритмдерін оқу барысындағы білім алушылардың әрекеттерінің жүйесі.

Дамыта оқытудың бір жолы – деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзегеасырылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының басты идеялары:


    • деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім алуына жағдайжасау;

    • деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей көңіл аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндікбереді;

    • деңгейлеп оқыту оқытушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Сондықтан да деңгейлеп оқытуда оқушының жеке тұлға ерекшелігіне, психикалық даму ерекшелігіне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімімен іс- әрекет тәсіліне назар аударукерек;

    • деңгейлеп-саралап оқытуда білімді игерудің негізгі төртдеңгейі

(міндетті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) қарастырылады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалын әртүрлі деңгейде қабылдайды. Зерттеуші, ғалым В.П. Беспалько ұсынған бұл деңгейлер бүгінгі тәжірибеде қолданыс табуда. Оған дәлел бүгінде сабақта берілген білім мазмұнын оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, мағынаны тану, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруды көздей отырып, тапсырмаларды төрт деңгейге бөлініп берілуі.

Міндетті деңгейдегі тапсырманы әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндікбереді.

Мүмкін деңгейдегі тапсырманы пәнге деген қызығушылығы жоғары, белсенді, өздігінен ізденуге қабілетті, шығармашылық тапсырмаларды ерекше ынтамен орындайтын, оның нәтижесіне қуанатын, оны жолдастарымен бөлісе алатын, уақыты мен күшін тиімді пайдалана білетін оқушы меңгереді.

Дамыта оқытудың негізгі бағыттарының бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салған американдық ғалымдар Дьюи, Лай, Трондайк. Олар жобалап оқыту технологиясының төмендегідей негізгі идеяларын ұсынған:


    • бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпенорындайды;

    • балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену;

    • іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғанақұрылмайды;

    • шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтердің де маңыздылығына байланыстыболады.

Ғалым Н.Г. Чернилованың жоғарыда берген анықтамасынан жобалап оқытуды дамыта оқыту технологиясының бір түрі деп қарастырғанын көруге болады.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологияның бір түрі оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен тәсілдің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетіндей жағдайға түсу керек. Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы артып, әрекеттенеді. Оқушының іс-әрекеті сабақ үстінде көрінеді. Сабақты дұрыс ұйымдастыру үшін оның негізгі бөліктеріне баса назар аудару қажет. Дамыта оқыту тұрғысынан алғанда сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:



  1. Оқу мақсаттарыныңқойылуы;

  2. Оны шешудің жолын бірлесеқарастыру;

  3. Шешімнің дұрыстығындәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптары тыңдалады. Әрине, жауап үнемі дұрыс бола бермейді. Л.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

  1. Жоғарғы деңгейдегі қиындыққаоқыту.

  2. Теориялық білімнің жетекшіролі.

  3. Оқу материалын жеделдетеоқыту.

  4. Оқу үрдісін оқушыныңсезінуі.

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмысістеу.

Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.

Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді[17].

Дамыта оқытудың бір түрі - модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқытудың негізгі ұғымы – модуль. Модуль адамның өзін-өзі дамытуының тәсілі, мөлшері. Модульдік оқытуда білім мазмұнын, білімді игеру қарқынын, өздігінен жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы оқу әрекетінің дербестігін қамтамасыз етеді. Ғалым З.Б. Бейсембаеваның пайымдауынша, модуль - әрекеттің мақсатты жоспары, ақпараттар банкі мен дидактикалық мақсатқа жету үшін материал мазмұнын жекелеудің жолы, өз бетімен жұмыс жасаудың деңгейі [18]. Ал, ғалым М.М. Жампейсова оқыту технологиясының бірнеше ерекшеліктеріне тоқталды: оқыту технологияларының білімді меңгертуге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, (есту, көру, қимыл, т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы, сонымен қатар оқушылармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндіктеріне байланысты. Сонымен қатар, автор модульдік оқытудың құрылымына тоқталып, модульдік оқыту технологияларын меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, негізгі қағидаларын ұстанды. Дидактиканың негізгі талдаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгізді. Олар оқушыларды оқытуға емес, тұлғалық бағыттылығын ұйымдастыру, танымдық қызметін ұйымдастыру, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құру деп көрсеткен[19].

Модульдік оқу технологиясының негізгі идеялары:


    • модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген, оқушының белсенді іс-әрекеті жүйелі болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Мұғалім дайындаған тапсырмалар оқушыларды оқу мақсатына бағыттап, оның жаңа білімді қабылдауына жағдай жасайды. Модульдік технологияның психологиялық негізіне Л.С. Выготскийдің «Оқыту процесінде оқушының ақыл-ойынның дамуы», «жақын арадағы даму» аймағынан «актуальды даму» аймағына ауысуы туралы теориясы алынды.Оқушы мұғалімнің немесе сыныптас жолдастарының көмегімен тапсырманы орындайтын болса, (көмек беру, бағыт көрсету), онда ол өзінің «жақын даму» аймағында деп саналады. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді. Себебі: бүгін қасындағылардың (мұғалім, сыныптас жолдастары) көмегі. Модульдік оқыту технологиясында оқу материалдарын мөлшерлеп беру арқылы білім мазмұнын жетелеуге, оны игерудің қарқынын, жолын, әдіс, тәсілін жекелеуге, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын жекелеуге мүмкіндіктуады.

Жалпы қорыта келгенде, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың білім мазмұнын өздігінен игеруде белсенділік, қызығушылық танытып, өзіндік ой қорытындысын жасауға ынталандырып, оларды ізденушілікке талпынуға, өз пікірін дәлелдеуге, қорғай білуге, яғни шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға үйретеді.

Білім саласындағы озық мамандардың көпшілігі оқуды жаңа практикалық тәжірибені игерудің нәтижесі ретінде қарастырып отыр. Тәжірибені, білік пен дағдыны қалыптастыру үшін тиісті ойындық, ұжымдық іс-әрекет ұйымдастыру қажет, оның теориялық-әдіснамалық, әдістемелік негізгі топпен психологиялық-коммуникативті жұмыстардың принциптер жүйесін көрсетеді.

Ойын арқылы оқыту технологиясы - балама нұсқаларды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әртүрлі ойындарды қолданудың жүйесі: жобалау ойындары, жеке тренинг, практикалық тапсырмаларды (есептерді) шешу т.б.

Оқу үрдісінде қолданылатын ойындардың көпшілігі интерактивті, себебі барлық шешімдерді қатысушылар ортақтаса отырып қабылдайды: басында жеке, содан кейін шағын топтармен, соңында топаралық пікірталаста талқыланады. Мақсатты, топтық және топаралық іс-әрекетке негізделіп құрылған, жеке тұлғаға білім бере отырып, оны дамытатын ойын технологияларын интерактивтіге жатқызамыз. Интерактивті оқыту сабаққа қатысушылардың өз тәжірибелеріне негізделеді, меңгерілетін кәсіби тәжірибе саласымен тікелей өзара әрекетте болып табылады.

Интерактивті оқытуда, дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда, оқытушының рөлі өзгереді. Білім алушылардың белсенділігі басым болады, оқытушының міндеті: ойынды ұйымдастыру, сырттай басқару, шығармашылық ізденіске жағдай жасау.

Соңғы кездері педагогикалық процесте дебат технологиясы пайдаланылуда. Бұл технология тұлға ақыл-ойының, тілінің дамуына, оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады (бекітуші топ және даттаушы топ). Әр топтың құрамы да шектеулі болады (3-5 оқушы). Дебат технологиясы белгілі бір уақытты мөлшерлейді. Дебат-сөз сараптау шеберлігін, сөзді орынды пайдалану,ойды нақты логикалық жүйемен дәл, қысқа айту. Дебатта сөз өнері, яғни жазбаша және ауызша сөз жарыстыруға, сөйлеу тілінде іскерлікпен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, құжаттармен жұмыс істеуге, іскерлік диалогтар жүргізуге үйретугеболады.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатынпедагогикалық

жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – тұлғаны ұйымдастыруға бағытталған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.

Ұстаздың шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақтың өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, яғни шеберлігіне байланысты. Оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін, оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және материалдарды тиімді оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс.

«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» - мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялықтехнологияменсипатталады.Р.Әбдірәсіловаболса,

«Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады [18].

Жаңа технологиялық үрдістің кең таралуының еркіндігін әр пән мұғалімдерінің өздерінің дәстүрлі сабақтарынан бастап әр тараптанылған сабақ түрлерін, ашық сабақ үлгілерін компьютерді, интербелсенді тақтаны, электронды оқулықты, мультимедия кабинетін еркін меңгере отырып өткізуі үлкен жетістік [12].

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда интербелсенді тақта мен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет