Сабақ оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты



бет8/11
Дата11.01.2022
өлшемі62,95 Kb.
#111033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат

activstudio-ның орны ерекше.

Оқу үрдісінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интербелсенді тақтаны қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интербелсенді құралдар оқыту формасын ұйымдастырудың түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктержасайды.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бұл құрал балалар мен мұғалімдердің жаңа әдіс, жаңашылдық, жаңа әдістемелік құрал ретінде танылып, олардың білім алуға деген құлшыныстарын арттыруға көмегі тиіп отыр [14].

Оқушыларға білім беруде жаңа технологиялады қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы дамыған адамын тәрбиелейтін ұстаз өзінің шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасады, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиеленеді.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді [11].

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік оқыту үшін тұрақты оқулықтар мен оқу құралдары керек деп есептеймін. Сонымен қатар, жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аудару керек. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі – деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.А. Қараевтің оқытуды дифференциялау және білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату [20].

Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын – білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету [21].

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері – үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.

Жалпы білім беретін мектептерде деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев Ж.Д.), жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.), шоғырландырып- қарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғәлиев Қ.А., Нурахметов Н.Н.), блоктық- модульдық технологиясы (Жанпейісова М.Н.) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.

Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет