Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Оқушылардың сабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді. Енді сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын қарастырайық:
оқушылардың оқу материалының негізін сабақ барысында меңгеруі және игерілуі. Сабаққа дайындалар кезде мұғалім оқушыларды таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, окушыларға сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, қолданылатын әдістер мен тәсілдер арқылы материалды меңгерту жолдарын қарастырады. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуікерек;
ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының дамуына мүмкіндік туғызу. Мұғалім сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа оқушыға назар аударады. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір сыныптың оқушыларына әр түрлі уақыт қажет, өйткені үлгерімі жақсы оқушылар жұмысты тез орындайды. Әр оқушының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін амалдарды ойластыруқажет;
белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластыру қажет. Сабақтын құрылымы – бұл мұғалім мен оқушылардың қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз ететін сабақтың кезеңдер жүйесінұйымдастыру.
оқушылардың өзіндік жұмыстарының үлесінарттыру;
пәнаралық және пәнішілік байланыстысақтау;
оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау, бақылаудың сапалы жаңа түрлерінқолдану.
оқушылардың жалпы-интеллектуалдық біліктік деңгейінанықтау.
Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру бойынша қазіргі сабаққа мынадай талаптар қойылады:
Қазіргі кездегі ғылымның соңғы жаңалықтарынпайдалану.
Сабаққа дидактикалық ұстаным мен ережелерді тиімдіпайдалану.
Оқушылардың қызығушылын, қабілетін біле отырып, дарынындамыту.
Пән аралық байланысқұру.
Оқушылардың бұрынғы алған біліміне сүйене отырып, оқушыны жаңа деңгейгекөтеру.
Оқушылардың белсенділігін арттырып қажеттілігіне түрткіжасау.
Оқу-тәрбие жұмысының барлық кезеңдерінде қисындылықты және көңіл күйдіұйымдастыру.
Педагогикалық қызметтің тиімділігінарттыру.
Алынған білімді іс-жүзінде өмірменбайланыстыру.
Практикалық білім, білік дағдыны қалыптастыру, еңбеккеүйрету.
Үнемі әрі үздіксіз білім алу қажеттігінұйымдастыру.
Әрбір сабақты талдай, болжай, жоспарлай және құрастырабілу.
Оқушылардың өздігінен білім алуға, оқулықпен жұмыс жасауғаүйрету.
Оқытудың жаңа технологияларынпайдалану.
Жалпы, сабақ жоспарын дайындау барысында келесі әдістемелік ұсыныстарға назараударылады:
әр сабақта мектеп оқулықтарынан басқа әдебиеттерден де түрлі есептерді, тақырып бойынша нақты сұрақтарды таңдап ала білуқажет;
жаңа материалды игеру алдында қарастыруға болатын проблемалар қоюға мүмкіншілік жасайтын жаттығулар таңдай білгендұрыс;
оқушыларға қойылатын сұрақтарды дәл және нақты тұжырымды етіп қоюкерек;
оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп, дұрыс баға беру керек. Оқушылардың жіберген қателерін сыныппен талқылай отырып, әрі қарай оқытуда оларды ескергенжөн;
мұғалімнің алдын-ала қандай білім мен дағдыны тексеретінін, кімге қандай сұрақ қоятынын (конспектіде ескеру) мұқият ойластырып алғаныдұрыс;
жалпылама ауызша сұрау білімге үйретуге жетелейтіндей болуы керек. Бір ғана оқушының дұрыс берген жауабына қанағаттанбай, қалғандарының да қиын сұраққа берілген жауапты түсінгендеріне, меңгергендеріне көз жеткізу керек. Ең басты, негізгі оқиға ерекше көңіл аударукерек;
қандай сұрақтардан кейін оқушыларға ойлануға үзіліс беріп, қалған оқушыдан сұрау керек екендігін қандай сұрақтарға бірден жауап талап етілетіндігін дұрыс ойластырғанжөн;
ұсынылған есептің шешімін әр оқушы ойластыруы керек, ал сонан соң ғана тақтаға бір оқушыны шақыруға болады. Сонда әр оқушы өз шешімін тақтада шығарылған шешіммен салыстырып бағалай алады. Бұдан оқушылардың белсенділігі, ынталылығы, ізденімпаздығы, шығармашылығы тәрбиеленетініайқын;
оқушылардың дәптердегі жазуларын да қадағалаған жөн. Нақты, жүйелі түрде орналасқан жазулар, дұрыс сызылған суреттер материалды дұрыс меңгеруге көмектеседі және үй жұмысын орындауға үлгі болаалады;
мұғалімнің тілектестік үні, оқушыларға деген сенімі және де қажетті қаталдығы (талапкерлігі) болуыкерек.
Сабаққа дайындықты неден бастау керек?
өзің үшін сабақтың тақырыбын нақтыанықтау;
тақырыптағы сабақтың орнын, ал тақырыптың жылдық оқу бөліміндегі орнынанықтау;
сабақтың жалпы міндеттерінкөрсету;
сабақтың мақсаты мен міндеттерін нақтылау, сабақтың негізгі басшы міндетін ашыпкөрсету;
сабақ бағытталып жүргізілетін негізгі түсініктерді анықтау немесе керісінше, болашақта пайдалану үшін өзіңе сабақтың сол бөлігін белгілепалу;
оқушы сабақта нені түсініп, нені есте сақтауы керектігін анықтау, сонымен қатар сабақтан кейін нені біліп, нені істей алуы керектігін білуіқажет;
оқушыға қандай оқу материалын, оған қатысты қандай қызықты
деректерді, оларды дәлелдейтін басты идеяларды қанша көлемде, қалай хабарлау керектігін анықтау. Ол үшін оқыту тапсырмаларын «жеңілден ауырға» қағидасына сәйкес тәртіпке келтіру. Үш түрлі тапсырмалар жиынтығынқұру:
оқушының материалдарды жаңғыртуына жетелейтінтапсырмалар;
оқушының ойлануына мүмкіндік туғызатынтапсырмалар;
оқушының білімді бекітуіне мүмкіндік туғызатынтапсырмалар;
Ж.А. Караевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясы» қазір Қазақстанның бар аймағында ғылыми–тәжірбиеден, сынақтан өтіп, оқыту жүйесінің белсенді әдісіне айналды. Үш өлшемді әдістемелік жүйеде, оқыту келесі формула бойынша анықталады: мақсат – мотив - іс-әрекет- рефлексия -теориялық білім. Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Жалпы сабақ жоспарын кейінгі кезде мұғалімдер көбіне Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын бойынша дайындайды. Ол оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назараударылды.
Ж.А. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясының дидактикалық матрицасының әр деңгейінің сипаттамасына сай білімді меңгеру деңгейлерінің талаптарын тұжырымдаймыз:
деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтікдеңгей:
жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, ережелерт.б.
алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауға арналғансұрақтар;
тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Жаратылыстану пәндерінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында орындалатын ұқсас тапсырмалар құру арқылы жүзеге асырылады және олар оқушының өзі қорытып шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітугеарналады.
деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына негізделеді:
өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете пайдалануды қажет етеді. Жаратылыстануда мұндай іс-әрекетке келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген есептер, тапсырмалар, сұрақтар, тәжірибелерт.с.с.
оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар менсөзжұмбақтар.
деңгей: тапсырмалары – эвристикалық танымдық іздену түрінде орындалатынтапсырмалар:
танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмалардыорындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау,т.с.с.)жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұнадай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс тәсілдермен есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;
өздігімен мысалдар мен есептер, сұрақтар құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетінтапсырмалар.
деңгей: шығармашылықдеңгей:
оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген: теореманы дәлелдеу, заңдылықтарды мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару, олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау[15].
Достарыңызбен бөлісу: |