Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет17/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Тіл туралы мақал-мәтелдермен танысып, мағынасын түсіндіру.

4-сабақ

Қазақ тілін үйренейік

1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1.1. 1-тапсырма. Ө. Ақыпбековтің «Өзгермейтін сөзін» шешу.



2. Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын түсіндіру. Ұқсас сөздер

2. 2-тапсырма. Өлеңді жаттау.

3. 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, «көмек» деген сөздің мағынасын анықтау. Адамдарға қандай көмек бергендері туралы айтып беру.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Тұйық етістік формасында тұрған сөздердің астын сызу. Қандай әріп тура­лы айтылып тұрғанын анықтау. Қандай жалғау туралы айтылғандығын түсіндіру.

5-сабақ

Тіл мен Әліппе

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. «Тіл мен Әліппе» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

2. 2-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

3. 3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсіндіріп, есте сақтау.

4. 4-тапсырма. 2-тапсырмада берілген ойынды әрі қарай жалғастыру. (Бастапқы әріптері тек бірдей әріптен болуы керек.)

5. 5-тапсырма. «Оқымысты бала» мәтінін түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындау. Тапсырмалар:



1. Шағын әңгімені алдымен ауызша мазмұндап шығыңдар.

2. Әңгіме мазмұнының астарынан қандай тағылым байқадыңдар?

3. Әңгімені дәптерлеріңе жазбаша мазмұндап жазыңдар.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. М. Жұмабаевтың өлеңін түсініп, жаттау.

6-сабақ

Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.



1. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

A. қырық


B. отыз жеті

C. отыз сегіз

D. қырық екі

2. Алфавиттегі сегізінші әріпті табыңдар.

A. Е

B. Б


C. Ж

D. Г


3. Б.Әділовтің ертегісіндегі алфавитте қырық әріп бар деп қыңырайған қай дыбыс екенін табыңдар.

A. Б


B. Қ

С. Ш

D. С


4. «Өте талғампазбын, кірме сөздерде ғана кездесемін» деген әрпі бар сөзді табыңдар.

A. ағылшын

B. емен

C. шахтёр

D. қазақ


5. Берілген нақыл сөздің авторын табыңдар. «Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!»

A. А. Байтұрсынов

B. М. Дулатов

C. Ы. Алтынсарин

D. М. Жұмабаев

6. Берілген сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін табыңдар. Екінші жақта сөйлегенді ұнатамын.



A. есептік сан есім

B. реттік сан есім

C. жинақтық сан есім

D. болжалдық сан есім

7. Оңынан да, солынан да оқысаң, бір сөз мағынасын беретін сөзді табыңдар.

А. тіл

В. халық


C. қазақ

D. меңгеру



8. Буын талғайтын еріндік төл дыбысты табыңдар.

A. Ә


B. О

C. Ө

D. У


9. Қазақ тілінде қанша төл дыбыс бар?

A. 10


B. 9

C. 12


D. 15

10. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

A. қырық

B. отыз жеті

C. отыз сегіз

D. қырық екі

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


XXI МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру

Лексикалық тақырып

Бекіту. «Тіл білу - өнер»

Сұхбатпен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Қазақ тілін үйрену жолдары» тірек сызбамен жұмыс істеу

Сұхбатпен жұмыс істеу Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

Тіл мәдениеті

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

4-сабақ

«Қай тіл көп тараған?» мәтінімен жұмыс

Жаттығуларды орындау

45 минут

5-сабак

«Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі» сұхбатымен жұмыс

Жаттығу жұмыстары

45 минут

6-сабақ

Тіл дамыту

Фонетикалық талдау

Сұрақтарға жауап беру М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі

45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут



Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Тіл білу - өнер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген нақыл сөздерді түсініп оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажеттілігін түсіндіру.

2. 2-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу.

3. 3-тапсырма. Тақырыпқа байланысты үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойындары арқылы да жүргізуге болады.

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Үш деңгейлі тапсырмалары бар парақ.

3. Жауап үлгілері.

Жетондар.

Ойынның жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған оқушылар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырма­ларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

4. 4-тапсырма. Кесте бойынша тілдің қоғамдағы рөлін сипаттап беру. Берілген етістіктердегі тұйық етістіктерді талдау.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген сөйлем­дерден сан есімнің мағыналық түрлерін тауып, үлгі бо­йынша сан есімдерді цифрмен жазу.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Қазақ тілін үйрену жолдары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген сызба бойынша мәтін құрау. Тіл үйрену жолдарын таңдау.

2. 2-тапсырма. Берілген сөздерден мағынасына қарай сөйлемдер құрау.

Жауап үлгісі:

1) Қазақ тілін үйрену өте оңай.

2) Мен қазақ тілін үйрену үшін арнайы курстарға ба­рып жүрмін.

3) Мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін.

4) Бірнеше тіл білу де өнер.

5) Менің көп тілді меңгергім келеді.

3. 4-тапсырма. Берілген диалог бойынша өзара пікірлесу.

4. 5-тапсырма. Сөздерді жіктеу.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Ә.Тәжібаевтың өлеңін түсініп оқып, жаттап алу.

3-сабақ

Тіл мәдениеті

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, тіл мәдениеті жайында пікір алысу. Мәтін бойынша үш деңгейлі тап­сырмаларды орындау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Тілді қадірлеу неден басталады?

2. Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?

3. Тілін білмеген нені білмейді?



4. Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?

5. «Тілін білмеген - түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойындары арқылы да жүргізуге болады.

Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып мате­риалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Бір сабақта әр оқушыға 4 тапсырмадан болса, жеткілікті (3 нұсқасы х4 =12 тапсыр­ма әр топқа). Жауаптары жеке парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бері орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сосын 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтиже бағалау парағына жазылып отырыла­ды. Сабақ соңында барлық тапсырмаларға берген жауап­тарын қорыта келіп, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

2. 3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырып жазу. Жауап үлгісі:

1) Халық бар жерде тіл де бар.

2) Тілімізді жоғары ұстайық.

3) Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.

4) Тілсіз ешбір ұлт - ұлт болып қалмақ емес.

5) Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу.

3. 4-тапсырма. Төмендегі тілге байланысты тұрақты тіркестерді сөздіктен қарап мағынасын ашу. Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлем құрау.

1) Тілге келмеу.

2) Тілі байлану.

3) Тілі қышыды.

4) Тілсіз қалу.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 2-тапсырма. Берілген мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып, септеу.

4-сабақ

Қай тіл көп тараған?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

Сөздік

пікір - мнение



сөйлеушілер - говорящие

ең көп тараған - самый распространенный

2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.

1. Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсысы?

2. Қытай тілінің сөйлеушілерінің саны шамамен қанша?

3. Ағылшын тілінің сөйлеушілерінің саны қанша?

3. 2-тапсырма. Мәтіндегі күрделі сан есімдерді үлгі бойынша сөзбен жазып шығу.

Үлгі: 844 миллион - сегіз жүз қырық төрт миллион.

4. 3-тапсырма. Берілген ойды мағынасына қарай аяқтау.

Жауап үлгісі:



1. Ең көп тараған тіл...

1. қытай тілі.

2. Екінші қатарда...

2. ағылшын тілі тұр.

3. Қытай тілінде...

3. 844 миллион адам сөйлейді.

4. Ағылшын тілінде...

4. 437 миллион адам сөйлейді.

5. Бірнеше тілдерді...

5. салыстырдық.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құрау. Сөйлемнің ішінен үш сөзге морфологиялық талдау жасау.

5-сабақ

Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Екі достын, арасындағы әңгімені талдау. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтарға жауап беру.

1) Денис қазақ тілінде қалай сөйлейді?

2) Өзге ұлт ретінде қазақ тілін білу керек пе?

3) Денис кімдермен қазақ тілінде сөйлеседі?

2. 2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрау.

Жауап үлгісі:

1) Әрбір Қазақстан азаматының парызы мемлекеттік тілді меңгеру.

2) Мемлекеттік тілді барынша дамыту қазақстандықтардың қолында.

3) Қазақстанда тұратын өзге ұлттарға тілді меңгеруге көмек көрсету қажет.



4) Қазақстанда қазақша сөйлеу керек.

3. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қою. Тілге берілген анықтамаларды түсініп, жалғауларын үлгі бойынша талдау.

Үлгі: «Тіл - халықтың жаны» -тың - ілік септігінің жалғауы.

4. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтау.

Жауап үлгісі:

Бүгін Астанада тілді дамытуға... арналған бағдарлама өтті.

Қазақ тілін дамыту -... біздің міндетіміз.

Өзге ұлттар да... қазақ тілін білуі тиіс.

Тілдің дамуы... халыққа байланысты.

Мемлекеттік тілді білмеу... дұрыс емес.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Сыныпта әзге ұлт өкілдері болса, олардың қазақша сөйлеу деңгейі жөнінде сипаттама жазу.

6-сабақ

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдерді түсініп оқып, жаттап алу. Түсініксіз сөздерді сөздіктен қарап, кейбіреуін орыс тіліне аудару.

2. 2-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Мемлекеттік, тіл, өзге ұлт, енер, үйрену, меңгеру.

3. 3-тапсырма. Берілген нақыл сөздің мазмұның ай­тып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.

4. 4-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, қолданылған сан есімдердің мағыналық түрлерін ажырату. Үлгі бойынша талдау жүргізу.

Үлгі: Бес аспап - өнерлі, бес - есептік сан есім (қанша?).

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Төмендегі М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін түсініп оқып, бір шумағын жаттап алу.

7-сабақ

Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген нақыл сөздің авторын табындар. «Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл».

A. Қ. Мырзалиев

B. А. Байтұрсынов

С. М. Әуезов

D. А. Құнанбаев

2. Пікір алысу үшін ең алдымен адамға не қажет?

A. ой


B. тіл

C. дерек


D. мәтін

3. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар. Мен қазақша жақсы....

A. көрсетемін

B. дайындаймын

C. ойланамын

D. сөйлеймін

4. Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсысы?

A. ағылшын тілі

B. орыс тілі



C. қытай тілі

D. қазақ тілі

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -.......Берілген сөйлемді аяқтаңдар.

A. ағылшын тілі

B. орыс тілі

C. қытай тілі



D. қазақ тілі

6. Халық бар жерде не бар?

A. дүкен

B. үй


C. тіл

D. жұмыс


7. Буын үндестігі сақталмаған сөзді табыңдар.

А. тіл


В. халық

C. адамгершілік

D. меңгеру



8. Өздік етісте жұмсалып тұрған сөйлемді табыңдар.

A. Өзге ұлттарға қазақ тілі үйретілді.

B. Досыммен хат жазыстым.

C. Ол қазақ тілін үйренді.

D. Оған қазақ тілі үйретілді.

9. Берілген мақалда сан есім қандай септікте түр? Білімді мыңды жығады.

A. атау септігі

B. ілік септігі

C. барыс септігі



D. табыс септігі

10. Дерек бойынша қазақ тілі қолданушылар санына байланысты нешінші орында түр?



A. оныншы

B. елуінші



C. жетпісінші

D. сегізінші

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
XXII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Интернет деген не?

Грамматикалық тақырыбы: Термин сөздер

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Интернет ұғымы» Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Интернеттің шығу тарихынан» мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау



45 минут

3-сабақ

«Интернет құрылысы» тақырыбына сұхбат құрау Жаттығу жұмыстары Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

4-сабақ

«Интернет қызметтер» Әңгіме құрастыру Жаттығуларды орындау «Интернет дүкендері» мәтінімен жұмыс

45 минут

5-сабақ

«Интернетке қосылу үшін не істеу керек?». Сұхбат құрастыру

Жаттығуларды орындау



45 минут

Қорытынды

6-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут



Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Интернет ұғымы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.



Термин сөздер дегеніміз ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар. Терминдердің мағынасы тұрақты болады. Қазақ тілінде терминнің екі түрлі жасалу жолы бар.

1. Басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінен балама табу. Мысалы: бап, әкім, жарғы, елтаңба, т.б.



2. Тілімізге орыс тілі арқылы келген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Әлемнің көптеген елдерінде бір атаумен қолданылатын термин. Мысалы: фонетика, экология, карта, бизнес, т.б.

V. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

Сөздік

байланыстыру - связаться



дүниежүзілік - всемирный

ауқымды - обширный

басқару - управлять

көмегімен - с помощью

қашықтан - дистанционно

торап - сеть

2. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның ашатын негізгі сөйлемдерді теріп жазу.

3. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыстығын тексеру.

4. 3-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын анықтау.

Сөздер мен сөз тіркестері

Аудармалары

1. байланыс жасау

2. телефон желісі

3. көмек

4. басқару

5. айтуға болады

1. связываться

2. телефонная связь

3. помощь

4. управлять

5. можно сказать

5. 4-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. «Интернет ұғымы» мәтінінен интернационалдық терминдерді теріп жазу. Олардың мағынасының орыс тілімен сәйкестілігін түсіндіру.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Интернеттің шығу тарихынан

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1.1-тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесу.

1) Интернет деген не?

2) Интернет арқылы хабарды қалай алуға болады?

3) Интернеттің мүмкіндігі қандай?

4) Интернет желісіне қалай қосылуға болады?

5) Модем дегеніміз не?

6) Интернеттің сендерге пайдасы қандай?

2. 2-тапсырма. «Интернеттің шығу тарихынан» мәтінін оқып, мазмұның ашатын негізгі сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазу, әңгімелеу.

3. 3-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

4. 4-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті етістіктерді қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1) Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ-та (пайда болған).

2) Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған).

3) Мамандар Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін (бағалады).

4) Интернетті пайдаланатындардың барлығы ақпарат (іздейді).



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

3-сабақ

Интернет құрылысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға сәйкес жауапта­рын тауып, диалог құрастыру. Өзара сөйлесу. Жауап үлгісі:



Сұрақтар

Жауаптары

1. Интернет деген не?

1. Дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы.

2. Интернет қандай

мүмкіндіктерді

ұсынады?


2. Интернет бойынша соңғы жаңалықтар туралы ақпарат, ауа райы туралы мәлімет алуға, электронды пошта арқылы хабарласуға болады.

3. Интернет желісіне қалай қосылуға болады?

3. Интернет желісіне қосылу үшін Компьютерде модем қажет.

4. Модем дегеніміз не?

4. Бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

2. 2-тапсырма. Сөйлемдерді сын есіммен толықтыру. Жауап үлгісі:

1. Интернет негізінде (соңғы) жаңалықтар туралы мәлімет алуға болады.

2. Интернет сөзі тікелей мағынасында (халықаралық) желі дегенді білдіреді.

3. Сөздік жұмысы.

Сөздік

тұтынушы - потребитель



түйінді машина - машина с узлами

оптикалық талшық - оптическое волокно

үзіліссіз - непрерывно, беспрерывно

уақытша - временно

сақтау - сохранять

ақпараттық - информационный

жинақтауыш - собиратель

қамтамасыз ету - обеспечивать

4. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның ашатын негізгі сөйлемдерді теріп жазу. Жұпта әңгімелеу.

5. 4-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

4-сабақ

Интернет қызметтер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Тірек сызба бойынша «Интернет қызметтер» атты тақырыпқа әңгіме құрау.

2. 2-тапсырма. Сөйлемдерді жоғарыда берілген тірек сызба негізінде толықтырып жазу.

Жауап үлгісі:



1) Интернет көптеген (қызметтер) ұсынады.

2) Ондай қызмет түріне: қонақ үйде (бөлмелерді) алдын ала алу, ұшақ пен пойыз (билеттеріне) тапсырыс беру, (түрлі тауарларды) сатып алу және тағы да басқа.

3) Қандай да бір қызмет түрін пайдалану үшін қажетті (сайтқа) кіру керек.

4) Есеп айырысудың бірнеше түрі бар: қолма-қол ақшамен (есептесу), пластикалық карточкамен (төлеу), Интернет ақшасымен (төлеу).

3.3-тапсырма. «Интернет дүкендері» мәтінінен төмендегі мәселелерді ашатын сөйлемдерді табу. Сол сөйлемдер негізінде мәтіннің мазмұның айтып беру.



1. Интернет дүкенінің қызметі.

2. Тауармен есептесу нұсқалары.

3. Электрондық төлемдер жүйесі.

4. Пластикалық карталар.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

5-сабақ

Интернетке қосылу үшін не істеу керек?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. «Интернет дүкендері» тақырыбы негізінде берілген сұрақтарды пайдалана отырып, диалог құрастыру.

2. 2-тапсырма. «Интернетке қосылу үшін не істеу ке­рек?» мәтінін түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беру. Интернационалдық терминдерді теріп жазу.

Сұрақтар:

1) Интернет желісіне қосылу үшін нелер керек?

2) Модем деген не?

3) Провайдер деген не?

3. 3-тапсырма. Сөздердің мағыналарын анықтау.

Жауап үлгісі:

1. Интернет -

1. бұл дүние жүзіндегі ком­пьютерлер мен серверлер жиынтығы.

2. Интернет қызмет түрлері:

2. тапсырыс беру, сатып алу, т.б.

3. Интернет дүкені -

3. сатып алуға тапсырыстарды қабылдайтын сайт.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

6-сабақ

Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар. Ин­тернет Жер шарында орналасқан басқа компьютермен жылдам байланыстыратын... торап.

A. қалалық

B. дүниежүзілік

C. аудандық

D. аймақтық

2. Төменде берілген қатардағының қайсысы Интер­нет мүмкіндігіне сәйкес келмейді?

A. түрлі тауарларды сатып алуға болады

B. тұрғын үй салуға болады

C. ұшақ, пойыз билеттеріне тапсырыс беруге болады

D. мәтіндерді аударуға болады

3. Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге не қажет?

A. компьютерлік үстел

B. модем

C. сайт


D. телефон желісі

4. Интернет қайда пайда болды?

A. Еуропада

B. Ресейде

C. Францияда

D. АҚШ-та

5. Интернет алғаш қандай мақсатпен құрылған?

A. хабар алысу үшін

B. ұшақ, пойыз билеттеріне тапсырыс беру үшін



C. әскери зерттеулер үшін

D. мәтіндерді аудару үшін

6. Интернетті пайдаланушылар не іздейді?

A. ақпарат

B. үй


C. сайт

D. жұмыс


7. Интернет дүкеннің қызметін табыңдар.

А. әзге адамдармен танысатын сайт

В. ауа райы туралы хабар беретін сайт

C. тауарды не қызметті жарнамалайтын сайт

D. әскери қызметтер туралы хабар беретін сайт

8. Интернет дүкендерінде есептесудің ең ыңғайлы тәсілін табыңдар.

A. пластикалық карта арқылы

B. банк көмегімен

C. пошта аударымдары арқылы



D. электрондық ақша

9. Соңғы жылдары қандай есептесу жақсы дамып келеді?



A. пластикалық карта арқылы

B. банк көмегімен

C. пошта аударымдары арқылы

D. электрондық ақша

10. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға Интернет қызметтерін ұсынатын компания қалай аталады?

A. АҚШ қорғаныс министрлігі

B. телефон желісі

C. провайдер

D. электрондық сайт

11. Интернационалдық термин сөзді табыңдар.

A. теледидар



B. глобус

C. ғарыш


D. анықтауыш

II. Бақылау сұрақтарына жауап беру.



XXIII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Интернет жүйесіне қосылу

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Интернет» Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Интернетті қолдану» Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

«Электронды пошта» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Сұхбатпен жұмыс Жаттығу жұмыстары Тірек сызбамен жұмыс

45 минут

4-сабақ

«Интернетте жасалатын жұмыстар». Әңгіме құрау Жаттығуларды орындау Сұхбатпен жұмыс

45 минут

5-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау



45 минут

6-сабақ

«Ұялы телефон арқылы Интернетке шығу» сұхбаты бойынша жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

7-сабақ

«Интернет маған не үшін керек?» тірек сызбасы бойынша жұмыс Фонетикалық талдау Жаттығуларды орындау

45 минут

Қорытынды

8-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут


Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Интернет

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

Сөздік

құрамы - состав



бүкіләлемдік - всемирный

жабдықтар - оборудование

жиынтық - сводный

қамти алу - обеспечивать

пайдаланушы - пользователь

жөнелту - отправить

мүмкіндік береді - дает возможность

бет - страница

2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ат қою. Интернационалды терминдерді теріп жазу.

3. 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.



4. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойын жазу. Мәтінді әңгімелеу.

Жауап үлгісі:

Журнал - сіздің Интернетте жасаған саяхатыңыздың барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Интернет Explorer сіздің Интернетте жасаған әрбір қадамыңызды өз бетімен тіркеп отырады. Сіздің кіріп-шыққан әрбір веб-торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар журнал қалтасында сақталып тұрады.

5. 4-тапсырма. 1-тапсырмадағы мәліметтерді пайда­ланып, тірек сызба бойынша әңгіме құрау.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Интернетті қолдану

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Төменде берілген қадамдар бойынша Интернеттен Астана қаласына баратын пойыз билетіне тапсырыс беру.

2. 3-тапсырма. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты мәліметтерді ауызша мазмұндап айту.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 2-тапсырма. Интернет желісінен Астана қаласы туралы мәліметтерді табу. Ол үшін оқулықта берілген ретпен жұмыс істеу.

3-сабақ

Электронды пошта

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. «Электронды пошта» мәтінінен Интернеттегі электронды пошта туралы мәліметтер бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау.

Берілген мәтіндегі деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге бо­лады.

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Үш деңгейлі тапсырмалары бар парақ.

3. Жауап үлгілері.

Жетондар.

Ойынның жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үш деңгейлі сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған оқушылар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жа­уап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырма­ларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

2. 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу. Элек­тронды поштаның қолданысына назар аудару.

3. 4-тапсырма. Берілген тірек сызба негізінде элек­тронды поштада хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдап алу мүмкіндіктерін айтып беру.

4. 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Электронды хабарламада достарына түрлі смайликтермен сәнді хат әзірлеу.

4-сабақ

Интернетте жасалатын жұмыстар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген тірек сөздерді қолданып, Ин­тернетте жасайтын жұмыстар түрлері туралы әңгімелеу.

2.2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді керекті сөздермен толықтыру.

Жауап үлгісі:

Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Талғамыңыз бен көңіл күйіңізге қарай одан көп нәрсе табуға болады. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. Кез келген тақырыпқа материалдар алуға болады. Шалғай елге сапар шегу үшін қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернет күнделікті тұрмыс пен жұмыстың құралына айналып отыр.

3. 3-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру. Сыныптағы достарымен өздері білетін Ин­тернет сайттары туралы пікірлесу.

5-сабақ

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарды пайда­лана отырып, ақпараттық - іздеу порталдар, олардың кең тараған түрлері бізге неге керек екені туралы (айтып беріңдер) әңгімелеу.

Тірек сұрақтар:

1. Ақпараттық - іздеу порталдарының бізге қандай көмегі бар?



2. Ақпараттық - іздеу порталдарының кең тараған түрлері қандай?

3. Олар бізге қандай мүмкіндік береді?

4. Ақпараттық - іздеу порталдарынан не таба аламыз?

2. 2-тапсырма. Достарымен Интернетте жасайтын жұмыстары туралы диалог құру арқылы сұхбаттасу.

3. 3-тапсырма. Интернетте қызықты сайттар жиі кездеседі: екі-екіден өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.

4. 4-тапсырма. Интернет көптеген қызмет ұсынады. Оның ішінде: қонақ үйде бөлмелерді алдын ала алу; ұшақ, пойыз, автобус, сонымен қатар спорт жарыстары билетіне тапсырыс беру; мәтіндерді аудару; туристік сапарға тап­сырыс беру; түрлі тауарларды сатып алу, т.б.

Өз отбасыларыңда Интернеттің қандай қызметтерін қолдандыңдар? Сол туралы сөйлемдер құрап, жалғау түрлерін ажырату.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Өздері туралы элек­тронды поштамен достарына жіберетін хаттың үлгісін жазу.

6-сабақ

Ұялы телефон арқылы Интернетке шығу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

2. 2-тапсырма. Сөйлемдерден интернационалдық терминдерді теріп жазу. Орыс тіліне ауызша аудару.

3. 3-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орын­дау.

Берілген мәтіндегі деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге бо­лады.

Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырма­ны орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Мұғалім оған өзін өзі тексеруі үшін дайын жауап үлгісін (дұрыс шешімді) береді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң тағы да өзін езі со­лай тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тап­сырмаларын орындауға құқылы (мысалы, II деңгейдің бірінші тапсырмасын орындап болған соң, ол III немесе I деңгейдің екінші тапсырмасын орындауға кірісе алады).

Мұғалім сабаққа тек 6 тапсырма дайындайды (бірінші және екінші нұсқаларға арнап үш күрделі тапсырмадан жеке-жеке парақтарда). Оларға жеке парақтарда жауап үлгілері (дұрыс шешім үлгілері) дайындалады. Содан кейін осы материал сынып оқушыларының санына қарай көбейтіледі.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Ұялы телефон арқылы Интернет жүйесіне қосылғандағы әр кезеңді сипаттап беру.

7-сабақ

Интернет маған не үшін керек?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген тірек сызбаны қолданып, Интернеттің маңызы туралы әңгімелеу.

2. 2-тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық тал­дау жасау.

3. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына сөздер мен сөз тіркестерін қою.

Жауап үлгісі:

1. Маған Интернет достарыммен хабарласу үшін ке­рек.



2.Бізге Интернет хабарламаны, мәтінді, құжаттарды қабылдап алу немесе жіберу үшін қажет.

3. Күн сайын әлемдік жаңалықтармен танысып отыру үшін қажет.

4. Студентке Интернет қашықтықтан оқу үшін ке­рек.

5. Ата-анама Интернет сапар шеккенде қаламен, қонақ үймен танысу үшін қажет.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырмада берілген қауіпсіздік ережелерін жатқа айту.

8-сабақ

Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың, мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Интернет желісінде адасып қалмау үшін не қажет екенін табыңдар.

A. арнайы сайт қажет

B. электронды пошта қажет

C. бағыттаушы адам қажет

D. шолғыш - браузер қажет

2. Төмендегілердің қайсысы Интернеттегі ақпаратты іздеу порталына жатпайды?

A. Yandex

B. Google



C. Www

D. Rambler

3. Электронды пошта қай жылдан бастап пайда болды?

A. 1962 жылы

B. 1963 жылы

C. 1964 жылы



D. 1965 жылы

4. Электронды пошта ашу үшін қай батырманы басу қажет?

A. «Жазылу» батырмасын

B. «Келесі» батырмасын



C. «Тіркелу» батырмасын

D. «Жіберу» батырмасын

5. Электронды поштада хабарламаларды қабылдап алу көзінде хаттармен қоса файлдар болса, оны қай батырманын, көмегімен көре аламыз.

A. «Тіркелу» батырмасы



B. «Көшіру» батырмасы

C. «Сақтау» батырмасы

D. «Ашып қарау» батырмасы

6. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар. Интернеттің... шексіз.

A. уақыты

B. мүмкіндіктері

C. байлығы

D. құжаттары

7. Қайсысы Интернет мүмкіндіктеріне жатпайды?

А. хабарламалар жіберу

В. үш мезгіл ас дайындау

C. достармен сөйлесу

D. кез келген тақырыпқа ақпарат алу

8. Ұялы телефон арқылы Интернетке қосылу үшін ең алдымен не қажет?

A. ұялы телефонда бірлік болуы керек

B. ұялы телефонда модем болуы керек

C. ұялы телефон компьютермен байланысуы керек

D. дұрыс жауап жоқ

9. Көз бен компьютердің арақашықтығы қанша сантиметрдей болуы қажет?

A. 40-50 см

B. 50-60 см



C. 60-70 см

D. 70-80 см

10. Көзді сақтау үшін компьютердің алдына қандай гүл қойған пайдалы?

A. раушан

B. ақгүл

C. кактус

D. қызғалдақ



ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет