Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру


V. Бекіту. 1. Сөздік жұмысы



бет7/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
V. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

Сөздік

нағыз - настоящий ерекше - особенный

түрліше - разнообразный сағыну - скучать

тынығу - успокоиться

2. 1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлемдер құрау.

3. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұның айту.

4.2-тапсырма. Берілген ережелер бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Туынды сын есімдер қандай сөз таптарынан жасалады?

2. Үстеудің неше мағыналық түрі бар? Күшейткіш үстеу дегеніміз не?

3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? Тәуелдік жалғаудың басқа жалғау түрлерінен айырмашылығын табыңдар.



4. Өткен шақ қай кезде болған қимылды білдіреді? Неше түрі бар?

5. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесуі неге байланысты?



VI. Сабақты қорытындылау.

5. 3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерге тиісті туынды сын есімдерді қойып толықтыру.

Мен үшін жазғы демалыс демалуға қолайлы уақыт.

Біз жастық шағымызда лагерьде демаламыз.

Біздің елімізде көптеген демалыс орындары бар.

Лагерьде барлық балалар өлең айтып, би биледі.



VII. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Сөздерді тәуелдеу.
Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Жазғы демалысқа арналған бағдарламалар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. «Ұмытылмас демалыс» мәтінін түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



Сөздік:

Бағдарлама – программа тілдік орта – языковая среда

Ауызекі тіл – устная речь саяхат – путешествие

Дәстүр – традиция мәдени – культурный

Артықшылықтар – особенности танымал – известный

ІІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер, сендердің шетелге демалып қайту туралы көзқарастарың қалай?

2. Мәтіндегі қарамен жазылған туынды сын есімдердің жасалу жолын түсіндіріңдер.

ІІ деңгей

1. Мәтіннен үш сөйлемді өткен шаққа айналдырып жазып, өткен шақтың түрлерін ажыратыңдар.

Үлгі: Мектептер ауызекі тілді жетілдіруге арналған әр түрлі бағдарламаларды ұсынды. – Жедел өткен шақ.

2. Берілген сөйлемдердегі сын есімдердің түбірі мен қосымшасының үндесуіне назар аударып, өзара талдау жүргізіңдер.



Өнерпаз оқушылар жазғы демалысқа жолдама алды. Жазғы демалысқа байланысты ашық есік күні өткізілді. Олар шетелдегі сәнқой әртістерді көрді. Бәрнеше бойшаң балаларды шараға қатыстырды.

2. 2-тапсырма. Берілген диалогті оқып, еткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, шақ түрлерін ажырату.



І деңгей

Өздеріңнің немесе достарың мен туған – туыстарыңның жазғы демалысының шетелде өткізгендігі туралы айтып беріңдер. Әңгіме барысында өткен шақтың түрлерін атап өтіңдер.


V. Сабақты қорытындылау.

2-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, шақ түрлерін ажыратыңдар.


VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Шетелде белгілі бір бағдарламамен жазғы демалысты өткізу мүмкіндігі туып жатса, қандай елді таңдайтындығы туралы әңгімелеп, мәтін жазу.




3-сабақ Табиғат аясында демалу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. «Табиғат аясында демалу» мәтінін оқып, мазмұнын айту.

Қазақстан – бай өлке. Табиғаты тамаша, өзен – көлге бай елімізде бірнеше демалыс орындары бар. Көкшетаудың табиғаты өте көркем. Ол – «қазақтың Швейцариясы» атанған өлке.

Көкшетау өңірі асқақ тауларымен, қалың орман-тоғай, ондаған көлдерімен, түрлі жабайы хайуанаттарымен белгілі. Әсіресе, Бурабай, Оқжетпес тауларының сұлулығын айтып жеткізу қиын.

Ормандарда негізінен қайың мен терек өседі. Көкшетау ормандарында жабайы бұғы, елік, ал тауларында арқар мекендейді. Көлдері балық пен жабайы құстарға толы.

Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған.



Мәтін мазмұнына 5 сұрақ құраңдар.

1. Қазақстанның жері қандай?

2. «Қазақтың Швейцариясы» атанған өлке?

3. Көкшетаудың тауларын ата?

4. Көкшетау тауларында қандай ағаштар өседі және қандай жануарлар мекендейді?

5. Бурабайдың табиғатын кімдер қорғайды?

2. 2-тапсырма. Керекті сөздерді қойып жазу.

Көкшетаудың табиғаты тамаша.

Көкшетау өңірі асқақ тауларымен белгілі.

Ормандарда негізінен қайың мен терек өседі.

Көлдері балық пен жабайы құстарға толы.

3. 3-тапсырма. Берілген зат есімдерден туынды сын есімдер жасап, жұрнақтарын анықтау, түбір мен қосымшаның үндесуін ажырату.

Үлгі: өлке - өлкелік, өлке – жіңішке буын, жұрнағы – лік те жіңішке, өзара үндесіп жалғанып тұр.

Өлке, қазақ, орман, тарих, бой, бала, жаз, дала, сән, кек, ақыл, ой.


V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Сендер үшін демалуға қолайлы уақыт қайсы?

2. Сендердің жаз айында қайда демалғыларың келеді?

3. Еліміздегі қандай демалыс орындарын білесіңдер?

4. Табиғат аясында демалу ұнай ма?


VI. Үй тапсырмасы.

5. 5-тапсырма. Табиғат аясында демалудың қай түрін таңдар едің? Тірек сызба бойынша әңгімелеп беру.



4-сабақ Жазғы демалысты жоспарлау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрау.

1. Жазғы демалыста достарыммен лагерьде боламын.

2. Демалыста ата-әжемнің үйіне барамын.

3. Мектептегі арнайы бағдарламамен шетелде достарымызбен қыдырамыз.

4. Жазғы демалыста мен Астанаға барамын.


2. 2-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды тауып, ат қою.

Балалрдың жазда көңілді демалуы үшін, олардың келесі оқу жылына тың, жаңа күшпен келіп кірісуіне үлкен жағдай жасалып, балалар үшін ауасы кең, орман-тоғайлары жақсы жерден лагерьлер ашылды. Мектеп балалары сол лагерьлерде демалады.

Балалар! Әрине, бұл сендерге істеліп отырған үлкен қамқорлық, үлкен жағдай. Сондықтан сендер мәдениетті демалуға тырысыңдар.

Сендер қыс бойы оқыдыңдар. Сендердің мектептеріңде әдбиет үйірмелері болды. Сендер онда ұйымдасып жұмыс істедіңдер.

Енді жаздық лагерьлерде де сендер әдебиет үйірмесін ұйымдастырыңдар.

Демалыс уақытында болсын, лагерьде болсын әдебиетпен шұғылдану мейлінше қажет.


3. 3-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп алып, екі бағанға негізгі және туынды түрлерін ажыратып жазу.

Негізгі сын есімдер Туынды сын есімдер

Жаңа, үлкен, кең, жаздық,

Жақсы,
V. Сабақты қорытындылау.

4. 5-тапсырма. Жазғы демалысыңда қайда баруды жоспарлар едің? Тірек сызбаны толықтырып, өзара әңгімелесіңдер.




VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Мәтіннен алынған сөйлемдердің қай уақытқа тәуелді екендігін тауып, етістіктің шақтарын анықтау.



Үлгі: Орман-тоғайлары жақсы жерден лагерьлер ашылды. - Өткен шақ, жедел өткен шақ.
5-сабақ Жазғы демалысымды кімдермен өткіздім?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді дұрыс құрау. Дұрыс жауап үлгісі:

Мен жазғы демалысымды... ата-анаммен өткіздім.

Соның ішінде ұнағаны... суға шомылғанымыз.

Лагерьге де... бардым.

Мен бассейнге... түстім.

Жазғы демалыс... қызықты өтті.

Достарым шетелде... қыдырды.

Мен ата-әжеме... барып келдім.

Жазғы демалыста... көп шаралар өтті.


2. 2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөйлем құрау.

1. Бүгін лагерьде концерттік шара болады екен.

2. Келесі жылы оқушылар арнайы бағдарламамен шетелге барады.

3. Биыл жазғы демалысымды достармен өткізуді жоспарладым.


3. 4-тапсырма. Берілген диалогті оқып, жазғы де­малысты кіммен өткізгендерін айтып беру. Қарамен жазылған сөздің қандай сөз табы екендігін анықтау.

- Жазғы демалыс та аса ұзақ болмаған сияқты (Күшейткіш үстеу).

- Иә, айтпақшы, қайда қыдырдыңдар?

- Көкшетауға бардық. Өте күшті әсер алып қайттым (Күшейткіш үстеу).

- Кіммен бірге қыдырдың?

- Достарыммен, Ерік пен Асан - үшеуіміздің отбасымыз бірге барды.

- Қызықты өткен шығар, иә?

- Әрине, тым асырғаным емес, бірақ ең тамаша жерлерді араладық. (Күшейткіш үстеу).


V. Сабақты қорытындылау.

4. 5-тапсырма. Жазғы демалысты кіммен өткізгендері туралы әңгімелеу.




VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Берілген тіркестердегі сын есімдердің жұрнақтарын анықтау. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау.



Үлгі: Қақпаның сыртында қабаған ит жатыр.
6-сабақ Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.



Жаз

Жаз мезгілі – демалысқа қолайлы кез. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. 22 маусым – жылдың ең ұзақ күні. Жаз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, құстар ән сала бастайды. Жаз айының ауасы да ерекше. Балалар жаз айында кешке дейін ойнағанды ұнатады. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Сонымен қатар жазда ерекше әсер аларлықтай демалыстар өтеді.

Сөздік:

Қолайлы – удобный

Ерте тұру – рано просыпаться

Ауасы – воздух


1. Жаз айларын атаңдар.

2. Ең ұзақ күн жаздың қай айында?

3. Жаз мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы қандай?

4. Жаз мезгілі демалысқа неге қолайлы?
2-тапсырмадағы берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Жаз – бітеу буын,

Ж – дауыссыз ұяң

А – дауысты, жуан, ашық, езулік.

З – дауыссыз ұяң

3 әріп, 3 дыбыс.


Күн, құстар, ауа.
V. Сабақты қорытындылау.

2. 4-тапсырма. Суреттегі қай мезгілді ұнататыны ту­ралы әңгімелеу. Әр мезгілге сипаттама беру.

Қыс – жаңа жылдың басы. Ауа райы боранды, суық, аязды болады. Балаларға сырғанақ тебуге, аққала жасауға, қар лақтырып ойнауға қолайлы мезгіл.

Көктем – жер жүзінің қыстан кейін оянып, гүлденетін мезгілі. Төл төлдеп, жылғалардан су ағып, құстар сайрап, бәйшешек шығады.

Жаз – демалуға қолайлы кез. Оқушылар суда жүзіп, табиғат аясында демалып, ойын ойнайтын уақыт.

Күз – жапырақтар сарғайып, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Оқушылар мектепке келеді. Ауа райы жаңбырлы, жер батпақ, суық жел болады.


VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырмадағы берілген жаңылтпаштарды жаттап алу.

7-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.



1. Туынды сын есімнің қандай сөз табынан екенін табыңдар. Ұялшақ бала.

A. зат есім B. сын есім C. сан есім D. етістік



2. Өткен шақтың қанша түрі бар?

A. 3 түрі B. 4 түрі C. 5 түрі D. 6 түрі



3. Сөйлемдерден күшейткіш үстеуді табыңдар.

A. Олар өрең жетті.

B. Демалысты өте жақсы өткізді.

C. Сапардан кеш келді.

D. Оқушылар жоғары көтерілді.

4. Демалуға ең қолайлы кез қайсысы?

A. көктем B. Қыс C. Жаз D. күз

5. Дұрыс тәуелденген қатарды табыңдар.

A. Менің демалысың.

B. Оның демалысы.

C. Біздің демалысым.

D. Сендердің демалысымыз.

6. Қазақтың Швейцариясын табыңдар.

A. Алматы B. Астана C. Көкшетау D. Қарағанды

7. Шетелге баруға арналған ең танымал жазғы бағдарлама қалай аталады?

А. «Бал ал ар демалысы» В. «Оқушы айнасы»

C. «Демалыс кезі» D. «Оқу және демалыс»

8. Жедел өткен шақтың жасалу жолын табыңдар.

A. -ды, -ді, -ты B. -ған, -ген, -қан, -кен

C. -атын, -етін, -йтын D. -ар, -ер, -р

9. Туынды сын есімі бар сөйлемді табыңдар.

A. Балалар далада ойнап жүр.

B. Олар жазғы киімдерін киді.

C. Көшеде жарық жанып түр.

D. Алыстан бір дауыс естілді.



10. Мен жазғы демалысымды... бірге өткіземін. Көп нүктенің орнына көмектес септігіндегі сөзді қойыңдар.

A. үйде B. Мектептен C. ата-анаммен D. лагерьде


ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  1. Жазғы демалыста қандай жоспарларың бар? Әңгімелеп беріңдер.

  2. Туынды сын есім дегеніміз не? Оның жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

  3. Етістіктің өткен шағының жасалу жолдарын түсіндіріп, мысал арқылы дәлелдеңдер.

  4. Демалу, жазғы, қолайлы, балалық сөздерін қолданып, тақырыпқа сәйкес сөйлемдер құраңдар.

  5. Күшейткіш үстеулерді қолданып, жазғы дмалыстарыңнан алған әсерлерің туралы сөйлемдер құраңдар.

  6. Түбір мен қосымшаның өзара үндесуіне бағынатын бірнше туынды сөзге мысал келтіріңдер.


V. Сабақты қорытындылау
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.




7-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Шымкент»

Жалпы мақсаттар

Сөз таптары, жалғау түрлері, түбір мен қосымшаның үндесуі бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау. Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.

Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады; Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады; пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.

Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі. Шымкент қаласы туралы толық мәліметтермен танысу.

Дереккөздер,сілтемелер

«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 5-9 сыныптар.

М.С.Атабаева. 2002ж




Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу. Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар? Ауа- райы қалай? Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?

Тұсаукесер

Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау. Мәтінге кіріспе сұрақтар беру. Тарихи қалалар туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Шымкент

Шымкент ХІІ ғасырда пайда болған. Халқының саны жағынан үшінші орын алады. Ол – республикадағы маңызды өндірістік қалалардың бірі. Қаратау тауларындағы полиметалл өндіру, мақта өсіруді ұлғайту, Түрксіб темір жолын салу, түрлі кен орындарын игеру Шымкент өнеркәсібінің дамуына ықпал етті. Қаланың ең маңызды кәсіпорны – қорғасын зауыты. Мұнда үлкен химия – фармацевтика зауыты бар. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, тігін, тоқыма-шұлық фабрикалары жұмыс істейді. Сондай-ақ цемент , мұнай өңдеу, дөңгелек – шина жасау, фосфор тұздарын жасау зауыттары да республика үшін маңызды.



(71 сөз)





Жазу кезеңі Бес сөзді құрамына қарай талдау.

Үш сөзге морфологиялық талдау жасау, бір сөзді септеу.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Шымкент қаласы туралы тағы не білесің?

Үйг тапсырма:

Ережелерді қайталау.

Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.


VIII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Ұлттық тағамдар

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Еттен жасалатын тағамдар»

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

Жаттығуларды орындау



45 минут

3-сабақ

«Нан тағамдары» мәтінімен жұмыс. Жаттығу жұмыстары

Жұмбақтарды шешу



45 минут

4-сабақ

Тіл дамыту

Деңгейлік

тапсырмалар

Жаттығуларды

орындау


45 минут

5-сабақ

«Қымыз» мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Жаттығулармен жұмыс

Жаңылтпаштармен жаттығу



45 минут

Қорытынды

6-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары



45 минут


Кіріспе бөлімі

1-сабақ Күрделі сөздер. Септеулік шылау. Этнолингвистикалық атаулар.

Еттен жасалатын тағамдар.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.



2. 1-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен танысып, сөйлем құрау.

соғым сою - забой скота на зиму

қуырдақ - жареное мясное блюдо

қазақша ет - мясо по-казахски

күздік - осенний забой скота

қазы - изысканное кушанье наподобие колбасы из брюшной и реберный части конской туши

жал - продолговатое отложение жира в подгривной части конской туши

жая - мясо, прослоенное жиром


3. 2-тапсырма. Мәтінді оқып, күрделі сөздерді теріп жазу. Этнолингвистикалық атауларды анықтау.

Азық – түлік, жақын – жуық, тума – туыс, құда – жекжаттарға.


5. 4-тапсырма. Сөздердің түсініктемесін белгілеу. Жауап үлгісі:

Сөз

Түсініктемесі

1. Күздік -

1. күз айында сойылатын мал.

2. Қуырдақ -

2. жүрек, ет, өкпе, бауырды, майлы ішек-қарынды араластырып қуырылған тағам.

3. Соғым -

3. түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі малдың сойылуы.

4. Қазақша ет -

4. пісірілген ет, қазақ халқының ең басты тағамы.


V. Сабақты қорытындылау.

4. 3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу

- Еттен жасалатын тағамдарға байланысты қазақ халқының қандай салты бар?

- ... .

- Соғымға нелер сойылады?

- ... .

- Соғым сойылғаннан кейін міндетті түрде қандай тағам жасалады?

- ... .

- Қазақ халқында соғымға қатысты қандай салт қалыптасқан?

- ... .

- Сендердің отбасыларыңда соғым сойыла ма?

- ... .

- Соғымның етінен аналарың қандай тағамдар жасайды?


VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. «Қазақша ет» мәтінін түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



Сөздік:

Ұсыну – предлагать дәреже – уровень

Сәйкес – соответственно мүше (сүйек) – кость

туыстық қатынас – родственные отношения

лайық – подходящий

ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қазақ халқының ең басты тағамдарының бірін атаңдар.

2. Табақ тарту деген не? Қалай түсінесіңдер?

2. Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазыңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2. Сөйлемдерді аяқтаңдар.

1) Қазақша ет – қазақ халқының құрметті қонақтарға ұсынатын әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы.

2) Қазақтар сыйлы қонақтарға табақ тарту еткен.

3) Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына сәйкес келуі керек.

4) Әр қонақтың жасына, туыстық қатысына қарай малдың әрбір мүшесінің соған лайық орны болады.

І деңгей

Қазақ халқының ең басты тағамының бірі – қазақша ет туралы қосымша мәліметтер тауып, шағын шығарма жазыңдар.


2. 2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді түсініп оқып, мәтін құрап жазу.

1. Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдарына, туыстарына шұжықты сыбаға ретінде сақтайды.

2. Қазы – жылқы етінен жасалатын тағамның бір түрі.

3. Қазыны халық жоғары бағалайды.

4. Қазы – аса дәмді, сый табақтарға салатын тамақ.

5. Қазанда пісіріп жатқанда, оның жағымды иісі мұрын жарады, тәбетті ашады.

6. Қазыны жасау, сақтау, пісіруді қазақ әйелдері өте шебер меңгерген.
V. Сабақты қорытындылау.

3. 3-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.


Топтастыру:



Қазақша ет құрамы

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
3-сабақ Нан тағамдары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1.1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, негізгі бөліктерге бөліп ат қою. Бауырсақты дайындау үшін не керек екенін айтып беру.



Сөздік:

Тым – очень өзгермейді – не изменяется

Домалақ – круглый ашытқы – дрожжи

Сақталу – храниться жұмыртқа – яйцо

Қату – зачертстветь қуыру – жарить

Жеу – есть, кушать өсімдік майы – растительное масло

Күлше – лепешка сүйсіне – с удовольствием
2. 2-тапсырма. Тиісті әріптерін қойып жазу.

Дұрыс жауап үлгісі:

1. Күлше - наннан жасалатын тағам.

2. Кей жерде тоқаш деп атайды.

3. Оны қамырды қатты илеп, домалақтап қызуы мол қоламтаға (горячие угли) көмеді.

4. Ол 15-20 минутта пісіп шығады.

5. «Күлшелі бала сүйкімді» («Хорош ребенок, у которого есть кулше») деген мәтел осыдан шыққан.


3. 3-тапсырма. Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдарды түсініп оқып, есте сақтау. Жазып алу.

* Асты жамандамайды.

* Қол жумай асты жемейді.

* Дастарқан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді, жаман сөз айтпайды.

* Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді.

* Көшеде, түрегеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді.

* Тамақ үстінен аттамайды.

* Түнде тамақ бетін жауып қояды.

* Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды.

* Әкесі бар адам бас ұстамайды.

* Суды қарызға сұрамайды.

* Дастарқанда бата қайырылмай, ешкім орнынан тұрмайды.


V. Сабақты қорытындылау. Синквейн әдісі:

Бауырсақ. Нан.
VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.

4-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тап­сырмаларды орындау. Мәтінге ат қою.



ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Наурыз мейрамында әр үйдің дастарқанына қандай тағамдар қойылды?

2) Наурыз көже қандай дәмнен пісіріледі?

3) Наурыз көженің құрамындағы дәмдер қандай мағына береді?

4) «Жыл бойына тоқшылық болсын» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Төменде берілген сөздерден сөйлемдер құраңдар.

Наурыз көже, ұлыс күні, дәм, қойылу, пісірілу.



ІІ деңгей

1. Наурыз көже туралы мәтін құрап жазыңдар.

2. Наурыз көженің құрамына кіретін дәмдер қандай мағына беретіндігі туралы айтып беріңдер.

І деңгей

Қосымша материалдарды қолдана отырып, «Наурыз көжені дайындау» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.


2. 2-тапсырма. Мәтін бойынша мазмұндама жазу.

Сөздік:

құймақ - оладьи суытпай - не охлаждая

өте сіңімді - легко усваиваемый орғанизмом

жұмсақ – мягкий қарттар - пожилые

сұйық – полужидкое құйылу - выливать

пайдалы - полезен


3. 3-тапсырма. Төменде берілген бір тақырып бойын­ша диалог құрап, өзара сөйлесу.

1. Қазақ халқының еттен жасалатын тағамдары.



2. Нан тағамдары.

3. Наурыз көжені дайындау.

4. Өзімнің ұнататын тағамым.

.

V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқу. Мырзабай мінезінің жағымсыз жақтары туралы пікірлесу
VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Дәмге байланысты айтылған мақал-мәтелдерді жазып алу.


5-сабақ Қымыз

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:

а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы;

б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлем құрау.

2. 1-тапсырма. Жаңа сөздердің мағынасымен таны­сып, есте сақтау.

қымыз - кобылье молоко (свежеприготовленный ку­мыс - полезный, целебный напиток)

саумал қымыз - только что заквашенный кумыс

түнемел қымыз - однодневный кумыс тай қымыз - двухдневный кумыс

құнан қымыз - трехдневный кумыс дөнен қымыз - четырехдневный кумыс

бесті қымыз - пятидневный кумыс сүр қымыз - выдержанный кумыс

ашыту – заквасить қор - закваска

түшкіру – чихать ем – лечение бағалы - ценный

3. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Қымыз дегеніміз не?

2) Қымыздың қандай түрлері бар?

3) Қымызды қалай жасайды?

2. Мәтіннің мазмұнына сәйкес септеулік шылауларды қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.



ІІ деңгей

1. Тірек сызбаны толтырып, қымыз туралы мәтін құраңдар.

2. Қымыз ашыту өнері туралы 1-2 сөйлем құраңдар.

І деңгей

«Қымыз – бағалы сусын» деген тақырыпқа реферат жазыңдар.


4. 3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жазу.

1. Қымыз – қазақ халқының әрі тамақ, әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы сусыны.

2. Ол биенің сүтінен жасалады.

3. Қымыздың түрлері: саумал, түнемел, тай, құнан, дөнен, бесті, сүр.

4. Бесті қымыз өте бағалы, өйткені ол - әбден ашыған, иісі кісіні алыстан тартып, түшкіртіп жіберетін күшті қымыз.

5. Қымызды ашыту – үлкен өнер.


V. Сабақты қорытындылау.

5. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Сен қымыз ішіп көрдің бе?

2. Дәмі қандай екен? Саған ұнады ма?

3. Қалай ойлайсың, дүкендегі сатылатын қымыз бен ауылдағы ашытылатын қымыздың айырмашылығы бар ма?

4. Қандай айырмашылықтары бар?

5. Қымызды дәрі деп неге айтады?

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырмадағы жаңылтпаштарды тез айтуға жаттығыңдар.

6-тапсырма. Жаңылтпашта айтылған ұлттық тағамдар туралы не білесіңдер? Ол тағамдар неден жасалатыны туралы айтыңдар.



6-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Қазақ халқының ұлттық тағамға байланысты салтын атаңдар.

A. сорпа дайындау B. палау дайындау

C. соғым сою D. кәуап дайындау

2. Күздік дегеніміз не?

A. қыста сойылатын соғым B. күнде сойылатын мал еті

C. жазда тарататын мал D. күзде сойылатын мал

3. Қазақ халқы сыйлы қонақтарға не тартады?

A. малдың басын B. малдың сирақтарын

C. малдың етін D. малдың терісін



4. Сорым сойылғаннан кейін жасалатын тағам түрін табыңдар.

A. қазақша сорпа B. Палау C. Қуырдақ D. кәуап



5. Төмендегілердің қайсысы нан тағамдарына жатады?

A. шұбат B. Шұжық C. Тары D. бауырсақ

6. Наурыз көжеге қанша түрлі тағам қосылады?

A. бес түрлі B. екі түрлі C. сегіз түрлі D. жеті түрлі

7. Қазақ халқында биенің сүтін не деп атайды?

А. Сүт В. Шұбат C. Айран D. қымыз



8. Жаңа ашыған қымыз қалай аталады?

A. құнан қымыз B. түнемел қымыз C. саумал қымыз D. бесті қымыз

9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Түйе маған... береді.

A. сүт B. Шұбат C. Айран D. қымыз

10. Берілген сөйлемде септеулік шылаудың қай септікпен тіркесетіндігін табыңдар. Біз сыныпта ұлттық тағамдар туралы оқыдық.

A. атау септігі B. барыс септігі

C. шығыс септігі D. көмектес септігі
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

1. Қазақтың ұлттық тағамдарының маңызы қандай? Отбасыңда күнделікті ұлттық тағамның қай түрін дайындайсыңдар?

2. Күрделі сөздер дегеніміз не? Қазақ тілінде күрделі сөздер нешеге бөлінеді? Мысал арқылы түсіндіріңдер.

3. Қазақтың ұлттық сусындары туралы не білесіңдер?

4. Қазақ халқының еттен, сүттен, ұннан жасалатын тағамдарын бөліп айтып беріңдер.

5. Септеулік шылауларды қолдана отырып, тақырыпқа сәйкес сөйлемдер құраңдар.

6. Этнолингвистикалық атауларды қатыстыра отырып, «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты шағын шығарма жазыңдар.

V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

IX МОДУЛЬ

Лексикалық тақырып: Тамақтану мәдениеті

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Ас - адамның арқауы»

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Дұрыс тамақтану режимі»

мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау



45 минут

3-сабақ

«Дастарқан жасау» мәтінімен жұмыс Жаттығу жұмыстары

45 минут

4-сабақ

Кофе. Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

5-сабақ

«Шай ішу» мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс



45 минут

6-сабақ

Тамақтануды тиімді ұйымдастыру Жаттығуларды орындау

45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут


Кіріспе бөлімі

1-сабақ Ас - адамның арқауы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.



Сөздік:

тәбет - аппетит мәдениетті - культурный

кепіл - гарантия қанағат - удовлетворение

қомағайлық - обжорство күнә - здесь: грех

зиян - вред санау - считать
2. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу. Мәтінге ат қою. Л.Толстой мен Сократтың тамақ ішу тура­лы айтқан сөздерін түсіндіру.

Жақсылап, дәмді дайындалған тамақ, әдемі жасалған үстел, жақсы мәнер – мәдениетті адамның тәбеті мен көңіл – күйі жақсы болуының кепілі. Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: «Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады». Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: «Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз», - деген екен.

(И.Аасамаадан)

4. 5-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау.



ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Қазақ халқында асқа байланысты қандай мақал бар?

2) Адамның денсаулығы неге байланысты?

3) Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

4) Күніне неше рет тамақтануымыз керек?

5) Тамақ ішер алдында қандай гигиенаны сақтауымыз керек?

6) Адамға не пайдалы?

2. Мәтіннен мақалды көшіріп жазып, сөздердің септік жалғауларын анықтаңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңдар.

1) Денсаулықтың жақсы болуы ... .

2) Дұрыс тамақтану ... , ... .

3) ... , ... тамақты күнде бір мезгілде ішу керек.

4) ... мен ... адамға өте пайдалы.

5) ... әбден шайнап жұту керек.

2. Мәтіннің мазмұнын төменде берілген жоспар негізінде әңгімелеңдер.



Жоспар

1. Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы.

2. Тамақтану реті.

3. Тамақ ішер алдындағы гигиена.

4. Адамның денсаулығына пайдалы заттар.

І деңгей

1. Асқа, тамаққа, тамақтану мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдерді теріп, мағынасын түсіндіріңдер.

2. «Дұрыс тамақтану режимін сақтау керек» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді білдіріңдер.

V. Қорытындылау.

4-тапсырма. Оқыңыз, қызық. Мәтінді оқып, түсіну.

Орта ғасырларда князьдардың үйлерінде дастарқан жасаудың бірегей әдісі кең таралды. Салтанатты түскі тамақ кезінде қызметшілер залға атқа мініп келіп, қонақтарға табақтар меен құмыраларды тура ат үстінде отырып берген де, қалдықтарды итке тастаған. Қолдың майын жануарлардың терісіне сүрту керек болған.

(«Әдептен озбайық» кітабынан)


VI. Үй тапсырмасы: 3. 3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің дұрысын та­уып жазу. Зат есімдердің септіктерін ажырату. Септеулік шылаулардың астын сызу.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Дұрыс тамақтану режимі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестеріп құрау.

4. Сөйлем құрау.



Сөздік:

зат алмасу - обмен веществ бұзылулар - нарушения

ауру - болезнь бауыр - печень

теңіз тағамдары - морепродукты жеткілікті - достаточный

2. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның айтып беру. Төменде берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру. Сұрақтар:

1) Дұрыс тамақтану режимі адамды неден сақтайды?

2) Адам күніне неше рет тамақтану керек?

3) Қандай тағамдарды жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет?

Осы тапсырманы төменде берілген ойын арқылы жүргізуге болады.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлесу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур.

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатарласып отыра­ды. Барлығы 6 қатар.



1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар

Мұғалім әрбір оқушыға барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

ІІ тур.


2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырады, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пай да болады.

1-қатар + 3-қатар 4-қатар + 6-қатар 2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке парақ болады. Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны жұптаса қояды.



III тур.

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар 2-қатар + 3-қатар 4-қатар + 5-қатар

(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

3. 2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орысша баламасын тауып, мағынасын түсіндіру. Жауап үлгісі:



1. Сыйлап берсе, суын іш.

1. И вода - еда, если от души подана.

2. Асы бар аяқтан аттама.

2. Не перешагивай через блюдо с едой.

3. Ac қадірін тоқ білмейді.

3. Сытому не понять цену куска хлеба.

4. Той тамағы тәтті.

4. Праздничные блюда -самые изысканные блюда.

5. Ac - адамның арқауы.

5. Еда придает человеку силу.

4. 3-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет