3. Ұлттық тілде баламалары бола тұра шеттілдік сөзге әсіре әуестенушілік болды. Мысалы, төраға, төралқа сөздері бола тұра председатель, президиум; уәж сөзі бола тұра мотив, науқан сөзі бола тұра кампания сөздері, сондай-ақ заказ беру, сменаға шығу тәрізді тіркестер баспа өнімдері, мерзімді басылым, бұқаралық коммуникация тілдерін шұбарлай түсті. Мәдени-әлеуметтік мәні ерекше сөздердің қатарына жататын қазақша ай аттары қолданылмады.
4. Шеттілдік сөзді, ұлттық тілде баламасы бола тұра, орыс тілінен калька жолымен аудару етек алды: егіз тамшыдай (дұрысы егіз қозыдай), диірменіне жел берді, диірменіне су құйды (дұрысы отқа май құйды), жарты арал (дұрысы түбек), бақытымызға орай (дұрысы бағымыз бар екен, бағымызға қарай), мерекеңізбен, туған күніңізбен (дұрысы мереке құтты болсын, туған күніңіз құтты болсын).
Байырғы кезде ауызша жолмен игерілген кәмпит, пәбірік, зауыт, ыстанса, пойыз, тауар, пошта, мәшине т.б. сөздер конфет, фабрика, завод, станция, поезд, товар, почта, машина, съезд т.б. түрінде басқа тілдік жүйенің жазуына сәйкес орфографияланды.
Сөйлеу тілінде, яғни тұрмыстық қатынаста, бейресми жағдайда орыс сөздерін араластырып сөйлеу басында «сәнге», кейін дағдыға айналды: звондаңыз, звонить етемін, конечно, вообще, остановка, молодец, Абаядан түсемін, Әуезовадан отырамыз т.б.
Орысша сөз қосып сөйлеу сәнге айналды да оның ақыры келіп, орысша сөздер мен грамматикалық формалар күнделікті сөйленісте орныға бастады. Сөйтіп, дүбара қазақша-орысша сөз қалыптасып, ол күнделікті сөйлеу дағдысына айналды.
Жартыкеш қостілділіктің аяғы біртілділікке ұласты: ата-анасы қос тілді болды да, ал баласы ана тілінен қол үзіп, біртілді болды. Әсіресе қала тұрғындары ішінде ана тілінен қол үзген әлеуметтік жік пайда болды *.
5. Ұлт мәселесіндегі және бір тілдің өктемділігіне құрылған тіл құрылысындағы унитарлық принцип қазақ тілінің коммуникативтік-қоғамдық позициясын әлсіретті, қазақ тілінің тілдік ортасы шектеулі болды. Әсіресе Қазақстанға әртүрлі себептермен өзге ұлт өкілдерін жаппай қоныстандыру қазақ тілінің демографиялық базасын әлсіретті.
Сол кезеңдегі идеологияның қысымымен, Орталықтан түскен нұсқауларға байланысты ССРО атауы СССР, СОКП атауы КПСС, БЛКЖО қысқарған сөзі ВЛКСМ, СОТА сөзі ТАСС болып өзгертілді. Совет, колхоз, совхоз, спутник т.б. советизмдердің қатары көбейді.
Кісінің аты-жөнін жазу жаппай -ов, -ев; -ова, -ева, -ина, -ин түріне көшірілді. Күндегісі күнде сан мәрте қолданылатын бұл атаулардың рекуренттілігі аса жоғары болды. Тіпті байырғы кездегі көрнекті тұлғалардың аты-жөні -ов, -ев-пен жазу, айту дағдыға айналды: Махамбет Өтемісов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев т.б. онимдер орыс тілінің ыңғайына қарай адаптацияланды.
6. Ұлттық ономастика жүйесіндегі мәдени дәстүр бұзылды. Қазақтың елді мекен атаулары революция көсемдерінің атымен аталды.
«Үстем тап» өкілдеріне қатысты бай, би, болыс, хан, сұлтан, әкім т.б. атаулардың мағынасын жағымсыз коннотацияда қолдану; партия-совет құрылысына қатысты атауларды жағымды коннотацияда жұмсау сөздіктерде берілетін дерексөздердің тек жағымды контексте қолданылуы бақылауда болды.
Діни салаға қатысты атаулардың көбі сөздіктен аластатылды, Құдай, Алла, Аллаһ сөздері бас әріппен жазылмады.
«Халық жауларының» еңбектерінен дерексөз (цитата) алуға тыйым салынды.
7. Жазу-сызу саяси-идеологиялық мақсатқа байланысты үш мәрте реформаға ұшырап, жазу нормаларының қалыптасуы едәуір кенжелеп қалды. Қазақ орфографиясы қосарлы стандартқа құрылды, яғни қазақ сөздері ұлттық тілдің, орыс сөздері сол тілдің заңдылығына қарай орфографияланды. Бұл жөнінде Р.Сыздық былай дейді: «Орыс тілінен енген кірме сөздер қазақ тілінің дыбысталу нормаларына келтірілмей, сол төлтума түрінде айтылып, жазылуы орын тепті. Оның себебін ана тіліміздің ішкі даму заңдылығынан іздемей, сыртқы факторлардан іздеу керек. Бұл құбылыстың үлкен бір себебі – біздің орыс жазуын пайдалануымызға және орыс тілін қоса меңгеру қажеттігін мойнымызға жүктеген саясатта. Орыс тілін жақсы білу талап етілген соң, оны тез, дұрыс меңгеруді жеңілдететін жолдың бірі – осы тілден алынған сөздердің тұлғасын бұзбай айту болып келді. Өмір мен саясат осыған мойынсұндырды».
Қазақ тілінің басқару, ақпарат, ғылым-білім саласындағы қызметі тым шектеулі болды. Бұл жайт ұлттық тілдің интеллектуалдық базасын едәуір әлсіретті, қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін төмендетті.
8. Қазақстандағы қазақтардың шетелдегі қазақ диаспорасымен тілдік байланысы болмады. Қазақ ұлттық әдеби тілінің жазу формасы әр елде әр басқа болды: Қазақстанда, МХР-да орыс жазуы, ҚХР-да араб жазуы, Түркияда латын жазуы пайдаланылды. Мұның өзі ұлт тілінің ғасырлар бойына қалыптасқан тұтастығын бұзады деген үлкен қауіп туғызып отыр.
Қазақ тілінің лексикалық жүйесі шетелдік сөздердің «басқыншылығына» ұшырады. Шетелдік элементтердің шектен тыс көбейіп кетуі қазақ тілінің ұлттық бейнесінің бұзылып, креол деп аталатын гибрид тілге айналып кету қаупін төндірді.
9. Жоғары мектеп, мемлекеттік мекемелер, басқару аппараттары т.б. салалардан қазақ тілі бірте-бірте ығыстырылып, мәдениеті дамыған ұлттың тілі ретінде орыс тіліне артықшылық берілді. Басқару, ғылым, ақпарат тәрізді (үш кит) кез келген қоғамдастықтағы шешуші мәні бар салаларда негізінен орыс тілі қызмет етті. Сөйтіп, совет халықтарын, оның ішінде әсіресе Қазақстан халқын орыс тіліне көшіру жоспарлы түрде жүзеге асырыла бастады. Әуелде советтік кеңістіктегі тілдер үш топқа бөлінді: жазу-сызуы жоқ тілдер (бесписьменные языки), жазу-сызу дәстүрі жаңа қалыптасқан тілдер (младописьменные языки), жазу-сызу дәстүрі ертеде қалыптасқан тілдер (старописьменные языки).
Жазу-сызуы болмағандарды болашағы жоқ тілдер (неперспективные языки), жазу-сызуы жаңадан қалыптасқандарды болашағы мардымсыз тілдер (малоперспективные языки), жазу-сызу дәстүрі ертеден келе жатқандарды болашағы бар (перспективные языки) деп бөле-жара қараған тіл саясаты үстемдік құрды. Қазақ тілі болашағы мардымсыз тілдердің қатарына жатқызылды. Болашағы жоқ тіл өкілдерінің бастауыш білімді ана тілінде алумен шектелсе, болашағы мардымсыз тіл – қазақ тілінің өкілдері орта білімді ана тілінде алды, жоғары білімді әрі қарай орыс тілінде алатын болды. Мұның өзі коммуникативтік тұлғаның ана тіліндегі интеллектуалдық базасын төмендетті. Болашағы бар тіл өкілдері жоғары мектептерде өзінің ана тілінде білім алуына мүмкіндігі болды. Тіл құрылысындағы осындай саясаттың барысында қазақ қоғамдастығында қазақтар қазақтілді қазақтар, орыстілді қазақтар дейтін әлеуметтік жікке бөлінді. Сөйтіп, тіл тұтастығына, тілдік бірегейлікке (идентичность) жарықшақ түсті. Бұл жағдаят тілдің ұлтты ұйыстыратын қызметінің әлсіреуіне әкеп соқты. Ұлттың, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі тіл болса, тіл құрылысы саясатында бұл факторға жеткілікті мән берілмеді.
5. Мәтінді оқып шығыңыз.
ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында қазақ жазу-сызуы демократиялық бағытқа (халық тіліне) бет түзеді; фонетикалық жазудан фонемографиялық жазуға қадам басты; ұлттық жазудың негізі қаланды.
ХХ ғасырдың басында түбегейлі реформа жасау арқылы А.Байтұрсынұлы қазақ жазуын демократиялық (бұқаралық) жолға салды. Ғалымның бұл ісі туған ұлтына сіңірген орасан зор еңбегі деп бағаланады.
Халықтың тез арада сауат алуына А.Байтұрсынұлы әліпбиінің, яғни төте жазудың бірден-бір оңтайлылығы себеп болса, екінші бір атап айтарлық себеп – жазу-сызуда, оқулықтарда халық тілінің дыбыстық, лексика-грамматикалық нормасын негіз етіп алуы болды.
Ал халықтық тіл нормасы дегеніміз – тілдің ұзақ замандар бойы жұмсалу машығымен (тәжірибесімен) байланысты қалыптасқан норма. Тілдік амал-тәсілдерді қолданудың тәртібі, қалыпты жүйесі жалпыға бірдей болып орнығады да қай кезде болмасын әлеуметтік мәнге ие болып, «мызғымас» дәстүрлі нормаға айналады. Осы дәстүрлі норманың айналасында ауыспалы, айнымалы, құбылмалы нормалар да болады. Өйткені Байтұрсынұлы заманындағы тілдік тұлғалардың сөз қолданысында дәстүрлі нормалармен қатар қарапайым сөйлеу тілінің белгілері, ескі кітаби тіл элементтері, туып-өскен ортаның жергілікті ерекшеліктері, орыс тілінің сөздері т.б. тәрізді айнымалы, өзгермелі нормаларға тән шеткері элементтер де аралас-құралас жүреді.
А.Байтұрсынұлы өзінің оқулықтарында жалпыға ортақ дәстүрлі нормаларды дәл айқындап, ауыспалы нормалардан жігін ажыратып берді. Жер-жерлерде сауат ашу курстары жұмыс істеп, мектеп жасындағы балалар түгелге дерлік оқуға тартылып жатқан кезеңде дәстүрлі нормаларды тап басып, оқулықтар арқылы реттеудің маңызы аса зор болды.
1920-30-жылдарда әліпби, терминология, емле ережелерін түзу, орфографиялық принципті белгілеу, орфографиялық нормалардың негізін жасау, қазақ тілін оқытудың бағдарламасын жазу аса өткір мәселе ретінде күн тәртібінде тұрды. Ең бастысы, ғылыми негіздерге сүйене отырып, орфографиялық принципті белгілеу мәселенің қиыны, күрделісі болды. Басты мәселені шешіп алмай жазу-сызу жүйесін ретке салу да, емле ережелерін түзу де, оқыту бағдарламаларын жасау да нәтижелі болмас еді. Бұл тұста профессор Қ.Жұбановтың ғылыми концепциясының маңызы зор болды.
Проф. Қ.Жұбанов «қазақ жазуы фонетикалық принципті ұстануы керек» деген үзілді-кесілді пікірде болды. Қ.Жұбанов – тіл практикасында демократияшыл көзқарасты дәйекті ұстанушы әрі орнықтырушы ғалым. Емленің қалың елге, еңбекші бұқараға түсінікті, жеңіл қылып шығару жағын ескеру керек дей келіп, Қ.Жұбанов: «Қазір біз туыс жүйелі (морфологиялық) емлені қабылдасақ, бізде де ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады», – дейді. Шындығында, морфологиялық принцип бойынша көп вариантты қосымшалардың бір ғана нұсқасы таңбалануы керек те, қалғандары еленбеуі тиіс. Бұл бағыт, әрине, жазба тілдегі шарттылықты көбейтеді. «Көптік жалғауының қазақша төрт түрі бар. Біз оның бәрін тастап, жалғыз «лар»-ды ұстап қала алмаймыз. Мұнан оқыту жұмысы ауырлайды, сауаттану жұмысы қиындайды. Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазуда сөз естілуіне жақын болу керек . Оппоненттермен пікірталасында ғалымның мұндай қарапайым мысалға жүгінуінің себебі жоқ емес. Морфологиялық принцип бойынша, қосымшалардың қалыптасқан варианттарын бөле-жарып, бірер нұсқасына артықшылық беру тілдің ғасырлар бойына қалыптасқан шын қалпынан қол үзу болар еді.
«Жалғауды туыс жүйесімен жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып жүргенін, қысқасы, алғашқы нұсқасын білу керек. Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай түрі кенже екенін бұл күнгі тіл білімі танып біле алмайды. Мәселен, -дар көнерек пе, я -лар ескірек пе, болмаса -тар кәрі ме, – оны дәлелдеу мүмкін емес».
Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай келетін бірден-бір принцип – фонетикалық принцип.
6. Жауаптарға сұрақ қойыңыз. Немесе сұраққа жауап беріңіз.
1
|
|
ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында қазақ жазу-сызуы демократиялық бағытқа (халық тіліне) бет түзеді.
|
2
|
|
ХХ ғасырдың басында түбегейлі реформа жасау арқылы А.Байтұрсынұлы қазақ жазуын демократиялық (бұқаралық) жолға салды.
|
3
|
|
Байтұрсынұлы заманындағы тілдік тұлғалардың сөз қолданысында дәстүрлі нормалармен қатар қарапайым сөйлеу тілінің белгілері, ескі кітаби тіл элементтері, туып-өскен ортаның жергілікті ерекшеліктері, орыс тілінің сөздері т.б. тәрізді айнымалы, өзгермелі нормаларға тән шеткері элементтер де аралас-құралас жүреді.
|
4
|
А.Байтұрсынұлы өзінің оқулықтарында ненің жігін ажыратып берді?
|
|
5
|
Жер-жерлерде дәстүрлі нормаларды тап басып, оқулықтар арқылы реттеудің маңызы қандай болды?
|
|
6
|
Қ.Жұбанов қандай принципті ұстанды? Неге?
|
|
7
|
Қ.Жұбанов кім?
|
|
8
|
Көптік жалғауы туралы қандай ой айтады?
|
|
7. Мәтінге сәйкес дұрыс ақпаратты белгілеңіз.
|
Дұрыс
|
Дұрыс емес
|
1920-30-жылдарда әліпби, терминология, емле ережелерін түзу, орфографиялық принципті белгілеу, орфографиялық нормалардың негізін жасау, қазақ тілін оқытудың бағдарламасын жазу аса өткір мәселе ретінде күн тәртібінде тұрды.
|
|
|
Проф. Қ.Жұбанов «қазақ жазуы морфологиялық принципті ұстануы керек» деген үзілді-кесілді пікірде болды.
|
|
|
Қазір біз туыс жүйелі (морфологиялық) емлені қабылдасақ, бізде де ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады
|
|
|
Қ.Жұбанов – тіл практикасында демократияшыл көзқарасты дәйекті ұстанушы әрі орнықтырушы ғалым.
|
|
|
|
|
|
Басты мәселені шешіп алмай жазу-сызу жүйесін ретке салу да, емле ережелерін түзу де, оқыту бағдарламаларын жасау да нәтижелі болар еді.
|
|
|
Жалғауды туыс жүйесімен жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып жүргенін, қысқасы, алғашқы нұсқасын білу керек.
|
|
|
Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай түрі кенже екенін бұл күнгі тіл білімі танып білуге болады.
|
|
|
|
|
|
8. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін 3-5 сөйлем жазып, сабақты қорытындылаңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3 Апта материалдары
СӨЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Cөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма.
Абай
1-тапсырма. Сөз мәдениетіне қойылатын талаптарды көрсетіңіз.
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
2-тапсырма. Өзіңіздің сөйлеу тіліңізде кездесетін кемшілікті көрсетіңіз.
Біріншіден, ________________________________________________
Екіншіден, ________________________________________________
Үшіншіден, ________________________________________________
Төртіншіден, _______________________________________________
Бесіншіден, ________________________________________________
Есте сақтаңыз!
Аспект (лат. aspectus) – белгілі бір ұғым, құбылыс, келешек қарастырылатын көзқарас, пікір.
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын өз ойыңызбен кеңейтіп баяндаңыз.
Тіл мәдениетінің аспектілері
Ғалым‑профессор М.Серғалиев тіл мәдениетінің үш аспектісін көрсетеді:
1) нормативтік аспект; 2) этикалық аспект; 3) коммуникативтік аспект.
Бірінші аспект бойынша тілдік норманы қатаң сақтау талап етіледі. Яғни, лексика, грамматика, орфоэпия, орфография, стилистика т.б.
Этикалық аспект бойынша сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де сыпайылық пен ізеттілік сақталу керек. Сөйлесушінің көңілін қалдыру, дөрекі сөйлесу тән емес.
Коммуникативтік аспект бойынша адамдармен қарым‑қатынас жасағанда ойды, пікірді дәл, қисынды, орынды жеткізе білу және т.б. талап етіледі.
Б.Н.Головин сөз мәдениетінің төмендегідей коммуникативтік сапасын атап көрсетеді:
1) сөздің дұрыстығы (точность речи);
2) сөздің тазалығы (чистота речи);
3) сөздің дәлдігі (точность речи);
4) сөздің қисындылығы (логичность речи);
5) сөздің мәнерлігі (выразительность речи);
6) сөздің бейнелілігі (образность речи);
7) сөздің қол жетімділігі (доступность речи);
8) сөздің өтімділігі (действенность речи);
9) сөзді орынды сөйлеу (уместность речи);
10) сөз байлығы (богатство речи).
Сөйлеу немесе жазу барысында осы аталған сапалар орындалған болса, тек коммуникативтік аспектіде ғана емес, барлық аспектіде тіл мәдениетіне қол жеткізу қиындыққа түспейді.
Есте сақтаңыз!
Фразеологизмдер халық тілінің байлығын барынша танытумен бірге, тілдің қолданылуының мол мүмкіндігін көрсетеді. Тұрақты тіркестер ойды әсерлі жеткізуге қызмет етеді.
4-тапсырма. Фразеологизмді есте сақтай отырып, олардың мағынасын ашу үшін сөйлем құраңыз.
Тілімнің ұшында тұр – есіме түспей тұр, ұмыттым, айта алмай тұрмын деген мағынаны білдіреді.
Жіпсіз байлану – ешқайда кете алмай, күтіп отырып қалу деген мағынаны білдіреді.
Тақырға (мұзға) отырғызу – алдап кету деген мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |