Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет70/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Локальді діріл

Норм. параметр, f

8

16

32

63

Lv ,дБ

120

120

112

114

v, см/с

5

5

3,5

2,5

Жалпы діріл

Норм. параметр, f

2

4

8

16

31,5

63

Lv, дБ

108

99

93

92

92

92

v, см/с

1,3

0,45

0,22

0,2

0,2

0,2

Қорғаныс әдістері: а)Діріл көзіндегі дірілді азайту; б) діріл тудыратын және діріл жұткыш материалдарды қолдану; в) жеке қорғаныс материалдарын қолдану.



12.2 Шудың физикалық параметрлері

Адамның құлағы 16- дан 20000 Гц жиіліктегі дыбыстық тербелістерді қабылдайды десек, жиілігі 16 Гц төмен дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды, ал 20000 Гц жоғары жиіліктегі дыбыстар – ультрадыбыстар деп аталады. Инфра және ультрадыбыстар адамдарға әсер етеді. Дыбыс жиілік, интенсивтілік және дыбыстық қысыммен сипатталады.Адамның есту мүшесі дыбыстық қысымға өте сезімтал. Дыбыстық қысым өлшем бірлігі ретінде Паскаль(Па). Дыбыс интенсивтілігі дегеніміз – 1м2 аумақ қабатында дыбыстық толқынмен перпендикуляр таралатын энергия. Дыбыстың интенсивтілігін бос дыбыстық кеңістіте дыбыстық қысым арқылы мына формуламен есептейді. немесе оның өлшем бірлігі Вт/м2. Адамның есту жүйесі қабылдайтын ең кіші интенсивті дыбыс, есту жолы болып аталады.

Ең үлкен дыбыстық интенсивтілік есту жүйесімен қабылданатын ауырлық сезімін туғызады (болевой порог). ГОСТ 12.1.003-76 құжатында дыбыстық интенсивтілік пен дыбыстық қысымның арасындағы қатынас мына формуламен белгіленеді.

рс – толқындық кедергі, (р – ортанаң тығыздығы, г/м2: с- дыбыстық толқынның таралу жылдамдығы, м/с)



Діріл адамға берілген кезде оның бүкіл денесінде жалпы дірілді туғызады. Ерекше зиянды тербеліс 6-9 Гц жиіліктегі тербеліс, ол адамның өз денесіндегі тербеліске жақын. Бұл кезде ішкі органдардың тербелістерін туғызады. Тербеліс амплитудасы үлкен болған сайын, тербеліс қозғалысының энергиясы үлкен болады да адамның оған реакциясы күшті болады. Дірілдің пайда болу көзіне байланысты 3 категорияға бөлінеді.

  1. транспорттық діріл, ол транспорттық (жүргізушілер) көліктің қозғалыс кезінде туады.

  2. транспортты техникалық діріл бұл өндіріс аумағында трнспорт қозғалғанда әсер етеді.

  3. техналогиялық діріл- бұл стационарлық машиналардың әсерінен жұмыс орнына әсер етуі (станоктар, электрлі машиналар, желдеткіштер)

Оның әсері 17...25 Гц және 5...12 Гц жиілік шамасында болады, ал отырған адамға 4...6 Гц жиілікте болады. Дірілдің систематикалық әсері діріл ауруына әкеледі (неврит) . Жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, ол кезде жүрек және жүйке жүйелерінің жұмыс істеулерінде өзгерістер пайда болады. Бұл ауру біртіндеп бастың ауруынан басталады. Ұйқысы бұзылады мазасызданады, қан қысымы көтеріліп көру қабілеті азаяды. Сонымен қатар дене терісінің қоректенуі бұзылып, буындарда, саусақ буындарында тері ыдырау аурулары пайда бола бастайды. Бұлшықет ыдырайды. Ең ауыр жағдайда адам ағзасына ең қауіпті сал болып қалу ауруына ұшырайды (инвалид). Шу адам ағзасына биологиялық жағымсыз болады. Ол есту қабілетіне әсер етеді, жүйке жүйесі мен жүрек қызметі, асқорту жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеледі. Шудың үзіліссіз әсер етуі кәсіптік ауруды туғызады. Анық көру қабілеті азаяды, түс ажырату қабілеті төмендейді, ағзаның зат алмасуы бұзылады. Адамның есту мүшесіне 1000...4000 Гц шамасындағы шу өте жағымсыз. Шудың мөлшерін өлшеу үшін Ш-63, Ш-70, шу өлшеуіштері активті фильтрмен ШИВ – 1 приборы қолданылады. Шуды анализдеу үшін С 34 спектраметр қолданылады. Дірілді өлшеу активті фильтрленген ВР-1, ВИП-2 және ШИВ-1 приборларымен іске асырылады. Шу мен дірілді өлшеу үшін тіпті шетел приборлары қолданылады РГТ (ГДР), Брюль және Къер (Дания).

Ультрадыбыс- техналогиялық процесс кезінде кең қолданылады, радио және электронды өндірісте (жуу детальдарында, тізбектерде). Өндірісте қолданылатын ультрадыбыстың жиілігі 12000-22000 Гц жиіліг шамасында болуы керек. Ультра дыбыс дыбыстық қысым, интенсивтілік және жиілік тербелісімен сипатталады. Төменгі жиіліктегі ультра дыбыс ауада жақсы таралады, ал жоғарғы жиіліктегі ультра дыбыс таралмайды.Ультрадыбыс құрылғылар бөліктерін тазалау кезінде, қатты материалдарды өңдегенде, химиялық реакцияны тездеткенде болады. Ультрадыбыс медицинада омыртқа, буын ауруларына, перифериалық жүйке жүйесі ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Өндірісте ультрадыбыстық құрылғылар 18-30 Гц жиілікте жұмыс істейді. Адам ағзасына қатысты приборларда ультрадыбыстың деңгейі 110 ДБа аспауы керек.

Инфрадыбыс – ылғалды ортаның механикалық тербеліс, ол 20 Гц жиілікте интенсивтілік пен инфра дыбыстық қысым дәрежесі дБ өлшенеді. Көптеген табиғи құбылыстар (жерсілкінісі, вулкандар, теңіз дауылдары) инфрадыбыстық тербелістің сәулеленуі әсерінен болады. Өндірістік жағдайда инфрадыбыс ақырын жылжымалы үлкен габаритті машина және механизмдер, секундына 20 рет айналыс жасайтын қозғалыстар әсерінен болады. Инфра дыбыс адамның бар ағзасына әсер етеді, шаршағандық, бас ауырады, бас айналады, есту көру мүшеоерінің қабілеті төмендейді, перифериялық қан айналу бұзылады, қорқыныш сезімі пайда болады. 2...15 Гц жиіліктегі инфра дыбыстық тербеліс адамға ерекше жағымсыз әсер етеді.

Ал өте қауіпті әсер 7 Гц жиіліктегі шамада, өйткені ол адамның миының альфа ритмдік соғуымен сәйкес болуы мүмкін.

Шу мен дірілдіден өндірісте қорғану әдістеріне шу мен дірілді басу, дыбыстық жұтылу және дыбыс изоляциясы, шу басатын құрылғылар (глушительдер) қолданылады. Интенсивті дірілдің әсерінен болатын шуды, діріл қабатын арнайы материалмен жабу (резина, асбестом,битуман) бұл кезде дыбыстың жартысын олар өздеріне ұстап қалады. Жабылған материалдардың тығыздығы көп болған сайын дыбыс жақсы жұтылады. Кішігірім өндірісте дыбысты басатын материалдар қабырғаға орнатылады, ал үлкен өндірістерде шуды басу арнайы дыбыс басатын экрандар көмегімен іске асады. Экранды дыбыс қаттты шығатын жаққа қарай орналастырады. Осы кезде шудың мөлшері 7-8 дБ дейін төмендейді. Дыбыстық изоляция бұл шудың бір аумақтан екінші аумаққа таралуына кедергі келтіреді. Дыбыстық изоляция құралдарын қатты материалдардан (металл, ағаш, пластмасса) жасайды, олар шудың таралуына жақсы кедергі жасайды. Діріл тартатын жабу қабаты (фетр, пробка, войлок, резина, асбест, пластмасса) діріл затындағы дыбыс интенсивтілігін 10 дБ дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірісте шудан қорғану үшін есту мүшесіне арналған арнайы наушниктер қолданылады. Олар ВЦНИИОТ-4А 110 дБ жоғарғы жиіліктегі шудан қорғану, ВЦНИИОТ-2М -120 дБ жиілік шамасындағы, орташа жоғарғы жиіліктегі шудан қорғану және ВЦНИИОТ – арнайы каскасы қолданылады. Арнайы киім қолғап және аяқ киімдер де пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет