Бөлім: 5.1.2. Сандарға амалдар қолдану
|
Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Джургабаев С.Е.
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;
5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;
5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;
5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;
|
Сабақ мақсаттары
|
Аралас сандарды ажырата алады;
Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді;
Аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады;
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады;
Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін қолданады;
Натурал санға аралас санды қосуды біледі;
Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі.
|
|