Бекітуге берілген тапсырмалар:
Топпен жұмыс.Тапсырмаларды орындап болған соң, жаңа топтар құрылып есептер талдалынып дұрыс шешімді анықтайды.
№1. кездейсоқ шамасы
заңдылығымен үлестірілген. деп алып, -ні табыңыз. кездейсоқ шамасы қандай заңмен үлестірілгенін анықтаңыз.
№2. Х дискретті кездейсоқ шаманың – тиынды екі рет лақтырғанда «елтаңба» жағымен көріну санының үлестірім заңын жазыңыз. кездейсоқ шамасы қандай заңмен үлестірілгенін анықтаңыз.
№3. Құрылма тәуелсіз істейтін үш элементтен тұрады. Әрбір элементтің әрбір сынақта істен шығу ықтималдығы 0,1. Бұл сынақта істен шығатын элементтер саны Х-тің үлестірім заңын жазыңыз.
№4. Қалада 4 комерциялық банк бар. Олардың әрқайсысының бір жыл ішінде банкроттық қаупі 20%. Келесі жыл бойы банкротқа ұшырайтын банктердің санының үлестірім заңын құрастырыңыз.
Өзара бағалаумен жұптасып есептер шешу.
№5.Бақылау жұмысы 3 сұрақтан тұрады.Әр сұраққа жауаптың 4 нұсқасы берілген, олардың біреуі дұрыс. Қарапайым болжау арқылы дұрыс жауаптар санының үлестірім заңын жазыңыз. Математикалық күтім мен дисперсиясын табыңыз.
№6. Бір партия детальдардың 75% бірінші сортты детальдар. Х дискретті кездейсоқ шама – 5 алынған детальдың ішіндегі бірінші сортты детальдар саны. Х дискретті кездейсоқ шаманың Биномдық үлестірім заңын құрастырыңыз. Х шамасының математикалық күтімін, дисперсиясын,орташа квадраттық ауытқуын табыңыз.
№7.Таңдалып алынған бір партия бұйымдардың 10 пайызы сапасыз бұымдар. Кез –келген 4 бұйым алынды. Осы 4 бұйым ішінде сапасыз бұйымдардың пайда болу санының үлестірім заңын жазу керек. Сандық сипаттамаларын есептеңіздер.
|
http://expert.atamura.kz/kz/books/550#page/270
Алпысов А.К.
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері.
Оқу құралы. Павлодар, 2011
www.MatBuro.ru Решебник Кремера по теории вероятностей и математической статистике ©МатБюро - Решение задач по математике, экономике, статистике
Решение__задач_по_теории_вероятностей_Часть_2.pdf
|