Сабақ тақырыбы: Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы


№3пр.ж. Суды лас заттардан тазалау. ҚТ бойынша нұсқау



бет8/11
Дата14.04.2017
өлшемі4,81 Mb.
#13900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№3пр.ж. Суды лас заттардан тазалау. ҚТ бойынша нұсқау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың суды лас заттардан тазалау әдістері бойынша білімдерін қорытындылау. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: практикалық жұмыс

Сабақтың әдістері: иллюстрациялау, практикалық, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, т.б..

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй жұмысын тексеру кезеңі. Сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеру.

ІІІ.Негізгі кезең. Практикалық кезең.

№3 практикалық жұмысты орындау. Қорытынды жазу.

Алгоритммен жұмыс:


  1. №3 практикалық жұмыстың мазмұнымен танысу.

  2. Жұмыстың мақсатын анықтау.

  3. ҚТ бойынша нұсқау алу.

  4. Мұғалімнен жұмысқа кірісуге рұқсат алу.

  5. Сабақтың өткізілу күнін белгілеу.

  6. Жұмыс реті:

№3 практикалық жұмыс.

Суды лас заттардан тазалау.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:құммен, мұнаймен ластанған су, таза су, колба, стақан, шыны таяқша, сүзгі қағаз, белсенділіген көмір, ұнтақталған белсендірілген көмір, ұнтақталған тығын, лакмус индикаторы.

Жұмыс барысы:


  1. Берілген су үлгісінің сапасын зерттеп, нәтижесін кестеге түсіріңдер.

  2. Суды мұнайдан тазалау.

Мұнаймен ластанған ыдыстағы суды алып, бетінде түзілген мұнай қабыршағына тығын үгінділерін себіңіз. Мұнай сіңген тығын үгінділерін себіңіз. Мұнай сіңген тығын үгінділерін сүзіп алыңыз.

  1. Қатты ластағыш заттардан суды тазалау.

  2. Берілген су үлгісін колбаға сүзіңіз.

Сүзетін үлгі дайындаңыз: сүзгішті дайындап, мақтаның жіңішке қабатын салып, белсендірілген көмірді0,5 см етіп сеуіп, ерітіндіні сүзіңіз.

  1. Тазаланған су үлгісінің сапасын тексеріп, кестеге түсіріңіз.




Өлшемі

Зерттеудің нәтижелері

Қышқылдығы

Зерттеуге алынған су

Тазартылған су

Лайлығы







Түсі







Тұнба







Иісі

















Қортынды жазу.___________________________________________________________________
ІҮ. Қосымша тапсырмалар орындау (бейорганикалық қосылыстарға тоқталу, есептер шығару).

Ү. Қорытындылау

1.Рефлексия.

2. Үй жұмысын беру

3.Бағалау

Химиядан сабақ жоспары

Сыныбы – 8

Тақырыбы

Атомдар және молекулалар.Атом-молекулалық ілім және оның маңызы.

уақыт

Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:

Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау;

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу, химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу, түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару,есеп шығару білім-білік дағдыларын жетілдіру;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

Жаңа сабақ.




Сабақ өткізілу түрі:

жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу,дәптермен жұмыс, 9-ЕТЖ-5;




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.



Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Химияның бастапқы ұғымдары

1.Білімді жаңғырту:

1. Фронталды әңгімелесу:



  • Атом ,молекула, химиялық элемент деген не?Анықтама беріңдер;

  • Мына элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер: калий, магний, алюминий.

3-4

Жаңа сабақ


Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2. Жаңа сабақ:

Сұрақтармен жұмыс

9- ЕТЖ -5 (3) жұмыс істеу – негізгі ұғымдарын қайталау.

2. Параграф 7оқу – бірінші нұсқа

Параграф 17 оқу – екінші нұсқа

3.Нашарүлгеретін оқушыларға көңіл аудару.



20-22


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

1. 8- ЕТЖ -1 дәптерімен жұмыс орындау

2-3



Білімді қорытындылау және жүйелеу:


-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;



  • Атом – күрделі өте кішкентай бөлшек

  • Молекула –бұл жай немесе күрделі заттың құрамы мен химиялық қасиетін сақтайтын, кішкентай бөлшектер

  • Химиялық элемент –ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі.

  • 1 мольдің массасы - бұл молярлық масса

  • Молекулалық кристалл торы бар күрделі заттар, алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болады: құрам тұрақтылық заңы

  • Әрбір молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы болады.

23

  • Кез-келген заттың 1 молінде 6.02*10 бөлшек болады

  • Бұл Авогадро саны

  • Бірдей жағдайда әртүрлі газдың бірдей көлеміндегі молекула саны да бірдей. Бұл Авогадро заңы.

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу.



3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар:

параграф 1.1-1.2.оқу. № 11,15– жазбаша орындау. (9бет)



1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Химиядан сабақ жоспары

Сыныбы – 8


Тақырыбы

Сілтілік металдар және галогендер: химиялық элементтер және жай заттар. Сілтілік металдар, галогендер және олардың қосылыстарының биологиялық рөлдері.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық
тәрбиелік:

Оқушыларға сілтілік металдар , атом құрылысы,қасиеттері, туралы білімді қалыптастыру;

сілтілік металдардың электрондық формуласын құрастыра білу ,жеке атомға сипаттама беру,қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

жаңа сабақ




Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы, жаттығулар орындау,оқушылардың қорытынды жасауы,10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1. Үй тапсырмасын тексеру(бір-бірін тексеру).


5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.



2.Оқыту проблемалары:

Сілтілік металдар. Галогендер.

Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

* s- элементтердің атом құрылысын,кристалл торларынының ерекшеліктеріне сипаттама бер.

*1және 7А топтың элементтерінің физикалық қасиеттерін салыстыр.



2-3

Жаңа сабақ


Жаңа сабақ:

1.Кітаппен өз бетінше жұмыс-параграф 6.2оқу (150 бет.)

2. 9-Б-1көрсету.

Сілтілік металдар неге сілтілік деп аталады?

Сілтілік металдар қанша металл және қандай металдар жатады?

Оларды неге керосин астында немесе парафин майында сақтайды?

3.Мұғалімнің толықтыруы: Бұл металдардың қосылыситары ерте кезден белгілі болған ,бірақ тек 19 ғасырданеміс химигі Бунзен мен ағылшын химигі Дэви еңбегінің нәтижесінде алынды. Калий және натрий кең тараған (таралуы жөнінен алтыншы және жетінші), литий, рубидий, цезий - сирек кездесетін элементтер, франций – радиоактивті элемент, жер қыртысында кездеспейді. Сілтілік металл атомдарының құрылысы.

--сыртқы электрондық қабатта бір электрон болады;

--реттік нөмірі артқан сайын ядродағы протон саны артады,атомдағы электрон саны артады;

--энергетикалық деңгейдің саны өседі;

--я атомның және ионның радиусы өседі;

-- электртерістілігі кемиді.



Физикалық қасиеттері – кітаппен өз бетінше жұмыс: 6.5 кесте бойынша

-барлық сілтілк металдар күмістей ақ түсті,пышақпен оңай кесіледі,оңай балқиды;

- крист.торы: кубтық көлемді центрлі;

--реттік нөмірі өскен сайын тек тығыздығы артады,ал атомдану энергиясы,қаттылығы,қайнау және балқу температуралары төмендейді;



Химиялық қасиеттері:

Ең активті,күшті тотықтырғыш,барлығы дерлік бейметалдармен әрекеттеседі,сумен,қышқылдармен,сұйық сынапта жақсы сақталады, еріп амальгамалар деп аталатын құймалар түзеді,олартаза металдарға қарағанда белсенділігі төмендеу.

Галогендермен танысу.


13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Дәптерге жазу:қорытынды

*типтік металдар, күшті тотықсыздандырғыштар;

*физикалық қасиеттері атомның радиусының үлкендігі мен кристалл торының құрылысына байланысты;


5-7

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. 10-ЕТЖ-1жаттығу орындау.61бет,1-нұсқа №2.

2Na + 2H2O ==2NaOH + H2

2NaOH+ CO2 ==Na2CO3+ H2O

***Na2CO3+ 2HCl==2NaCl + H2O+ CO2

2NaCl-----------2Na+Cl2

2Na+H2==2NaH

2NaCl +Br2==2NaBr+Cl2

№3. Натрий хлориді ерітіндісінің электролизі :

Х г 56л

2NaCl + 2H2O-------------------2NaOH + Cl2 + H2



2*40г/м 22,4л/м

Х= 2*40г/м*56л:22,4 л/м==200 г №4.

2Na + 2H2O ==2NaOH + H2 (нашар үлгерушілерге консультация беру.)


5-7

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру


2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 6.2- оқу . № 1-3 – бірінші деңгей, 4, 5,6 – жазбаша (153бет)

2. Күнделікке жазғанын тексеру


1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?


1-2



Химиядан сабақ жоспары

Сыныбы – 8

Тақырыбы

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі.

Көрсетілім №2 (2.3) «Әр түрлі химиялық байланысы бар заттардың табиғи үлгілері».

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық
тәрбиелік:

Химиялық элементтердің электртерістілігі. Атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі жайлы білім алу.

Негізгіні бөліп алу, өз ойын толық жеткізе білу, , есте сақтау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамыту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

жаңа




Сабақ әдіс-тәсілдері

Топтастыру, кластер, текстпен жұмыс, тірек-сызбамен жұмыс, ИКТ




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, химиялық қосылыстар үлгілері




Ұйымдастыру

кезеңі:

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.Берілген қағаз кесінділеріне сабаққа тілек жазып, сыныптастарыңа беріңдер.

Ал енді қағаздарының түстері бойынша екі топқа бөлініңдер.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

І топқа – Химиялық элементтердің өлі табиғатта кездесуі.

ІІ топқа – Химиялық элементтердің тірі табиғатта кездесуі.

Өткен сабақтағы топтарға басқа топтың тақырыбы туралы айтып беру ұсынылады?

Қосымша сұрақтар.

1.Көміртегі қандай заттардың құрамына кіреді?

2. Қандай элементтер табиғатта бос күйінде кездеседі?

3. Магнийдің тірі ағзалар үшін ең маңызды қызметі.

4. Са-дің адам организміндегі рөлі.

5. Тұрмыста қолданылатын химиялық қосылыстарды ата.

6. Қара және түсті металлургия немен айналысады?



6

Оқушылар ды білімді , саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:





1 жағдай:2 электрон 5 электрон

2жағдай: деңгей саны

3 жағдай: ядро заряды (+-дың –ды тартуы)

Екеуінің қайсысы электронды тартып алады?

Электртерістілік дегеніміз не? (өзіне электрондарды тарту қабілеті)

Ет жоғары элемент электрондарын бере ме, әлде ала ма?

25-кестемен танысу. Бейметалдар мен металдардың Ет қасиеттерін салыстыру.

Сызбанұсқамен жұмыс.

Химиялық элементтер бір-бірімен қосылғанда, олардың арасында химиялық байланыс түзіледі. Сыртқы қабаттарындағы электрондарды бірі қосып алып, біреуі беріп қояды немесе электрондары ортақ болады.

Химиялық байланыс түрлері

Коваленттік Иондық Металдық Сутектік

Полюсті Полюссіз

Әрқайсысына сипаттама беріп, мысалдар жазыңдар.


15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:



Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.

12



  1. Есеп. Берілген реакция теңдеуіне сай: СаО+СО2=СаСО3 10 г СаО неше грамм СО2-мен әрекеттеседі?

Дұрыс жауаптарын спикерге беру. Ол өзі сыныптастарын тексеріп шығады.

Б-ні: Шешуі:

m(СаО)-10г 10г Хг

m (СО2)-? СаО+СО2=СаСО3 10 г СаО

56г 44г

Mr(СаО)=(40+16)=56г



Mr(СО2)=(12+16*2)=44г

10г*44г


х= =7,85г

56г


Жауабы: m (СО2)= 7,85г


5

Білімді қорытындылау және жүйелеу:


Бекіту сұрақтары.

  1. Ет дегеніміз не?

  2. Ет бойынша элементтер туралы не айтуға болады?

  3. Ет мәні қандай жағдайларда үлкен болады?

  4. Химиялық байланыс түрлерін ата.




3

Рефлексия кезеңі:

Әр оқушы рефлексия жасайды. Өзіне баға береді.

Тақырыпты меңгердім (қызыл түс). Тақырыпты толық меңгерген жоқпын (сары түс).

Тақырыпты меңгерген жоқпын (көк түс). Саусақпен көрсету.





Сабақ қоры тындысын шығару кезеңі.

Ортақ бағаларын қою.

1

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

§61

1



МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

Сыныбы – 10 (Ж) сабақ реті: күні________

Тақырыбы

§3.1.Химиялық байланыс және зат құрылысы. Ковалентті байланыс. Лабораториялық тәжірибе №3 «Молекула модельдерін жасау»

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Химиялық байланыстың түрлері,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу,коваленттік байланыстың түзілу схемасын құрастыра білу ,қорытынды жасау,салыстыру,білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.




Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.



1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Ковалентті байланыс

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):



1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

  • Байланыстың қандай типтерін білесіңдер?

Қандай химиялық элемент атомдары арасында ковалентті байланыс түзіледі?

3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.



Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

Атомдар өзара әрекеттескенде химиялық байланыс түзіледі:

  • ковалентті байланыс

Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.. Ковалентті полюсті байланыс электртерістігі бірдей атомдар арасында түзіледі. (Н2О2, С12). Молекуладағы атомдар өзара байланысқанда электрон бұлттары жақындап,өзара қаптасады. Ковалентті байланыстың пайда болуын сутек молекуласының түзілуі арқылы түсіндіруге болады.Н+Н=Н2 Н0=- 436кДж/моль

Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп,ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі.Ортақ ядролардың тығыз теріс аймаққа тартылуы оларды жақындастырып,тұрақты сутек молекуласы түзіледі де,энергия ұтымы болады.



Қ





арама-қарсы спиндері
бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті полюссіз байланыс түзіледі.Ол былай жазылады.

+

s1 s1 1s2



Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы аз ажыратылатын атомдар арасында түзіледі.Бұндай байланыс түрі жиі кездеседі.Бұл жағдайда электрон жұбы электртерістігі көп элемент атомына қарай ығысады,мысалы су молекуласында оттек атомына қарай ығысады:

Н2 О,

Коваленттік байланыс химиялық элемент атомдарын энергиялық тиімді ,тұрақты конфигурацияға ауыстырады.

Коваленттік байланыс еселігі ортақ электрондық жұптың санына тәуелді. Хлор, сутек молекулаларында бір байланыс; оттекте -екі байланыс;азотта –үш еселі байланыс.

:N +N: = N ::: N

Коваленттік байланыс электрондық орбиталдардың бүркесу тәсілі бойынша ерекшеленеді.Егер байланыстың электрондық бұлты атомдардың ядроларын қосатын түзуде жатса,онда берік -байланыс алынады.


Полюсті

Полюссіз

Электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан.Мысалы: хлорсутек молекуласы, электрон жұбы сутекке қарағанда электртерістілігі үлкен хлор атомына қарай ығысқан.

Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы бірдей атомдар арасында түзіледі

Мысалы: екі атомды молекулалар.


Р-орбитальдар бүйір жақтарымен бүркескенде берік емес - байланыс түзіледі.



Лабораториялық тәжірибе №3: су молекуласын жинаңдар.

Коваленттік байланыстың маңызды екі сипаттамасы бар:байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.



16-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Кітаптағы №1-3 жаттығуды орындау,89 бет.



4-5

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау



1.Қорытынды жасау:

*коваленттік байланыс- екі атомның электрондық бұлттары бүркесуі арқылы түзіледі , ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі;

* Ортақ ядролардың теріс аймаққа жақсы тартылуы оларды жақындастырады да ,тұрақты молекула түзіліп ,энергия ұтымы болады ;

*КПБ бір элемент атомынан тұратын молекулаларда түзіледі;

* Полюсті молекулада электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан ;

*Еселі байланыстар бүркесу тәсілі бойынша -және - байланыс деп бөлінеді .

*КБ негізгі сипаттамасы байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.



2-3

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығулар мен есепті тексеру




Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 3.1 оқу -, 6, 8, 10 (89бет) –жазбаша

2. Күнделікке жазғанын тексеру.


1-2

Сабақ қорытындысы

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?




Химиядан сабақ жоспары

Сыныбы – 10

Тақырыбы

Тірі ағзаның тіршілік әрекетінде металдар мен бейметалдардың биологиялық маңызы.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық
тәрбиелік:

Химиялық элементтердің тіріжәне өлі табиғатта таралуы, адам ағзасындағы рөлімен танысу.

Негізгіні бөліп алу, өз ойын толық жеткізе білу, , есте сақтау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамыту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

жаңа




Сабақ әдіс-тәсілдері

Топтастыру, кластер, текстпен жұмыс, тірек-сызбамен жұмыс, ИКТ




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта, металл үлгілері, минералдар үлгілері, плакат.




Ұйымдастыру

кезеңі:

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.Берілген қағаз кесінділеріне сабаққа тілек жазып, сыныптастарыңа беріңдер.

Ал енді қағаздарының түстері бойынша екі топқа бөлініңдер.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

І топқа –Са-ға;

ІІ топқа – АІ-ға периодтық кесте бойынша сипаттама беріңдер.

Оқушыларға тапсырманың үлгісі таратылады:

Үлгі:


Химиялық элементке сипаттама ( КАЛЬЦИЙ)

  1. К, калий

  1. К ІҮ үлкен периодта, ІА топшада, №19, Аr=39

  1. 30К=(19р, 20n) 19е

19

+19) ) )1



  1. К-нағыз металл, валенттігі І.

  1. К2О, сутектік қосылыс түзбейді.

5-тапсырмада мұқият бол.

Жауабымен сәйкестендір.



І топ ІІ топ





5

Оқушылар ды білімді , саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын, мақсатын оқушылармен біріге отырып айқындау.

Бұл не? Көміртегі қайда кездеседі?





-берген сипаттамаларыңды бір ұқсастығы бойынша екі топқа біріктіріңдер. Бұл айтылғандарға сүйеніп, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар.

Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз.

Бұл тақырып өмірде қайда қолданылады? Практикалық маңызы қандай?




3

Жаңа сабақ


Тақырыппен жұмыс (текстпен жұмыс).

І топқа – Химиялық элементтердің өлі табиғатта кездесуі.

ІІ топқа – Химиялық элементтердің тірі табиғатта кездесуі.

І топқа минералдар үлгілерін қолдануға ұсынылады (көмір түрлері, ас содасы, бор, тұз, марганцовка, серебрин, құм (кремнезем).

Топтар тақырыптарды сызбанұсқаға түсіріп, қарсылас топқа түсіндіріп беруі тиіс. Өз жұмыстарын қорғау. Сұрақтар қою (ІІ топ оқушылары).



12


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

  1. Келесі тапсырма: өз тақырыптарың бойынша әр оқушы 1 сұрақтан құрыңдар. Бірақ сұрақтарын әр түрлі болсын. (тақырыпты меңгеруін тексеру).


4


Білімді қорытындылау және жүйелеу:


Бекіту сұрақтары. Оқушыларға бекіту сұрақтары беріледі. Оқушылар қол көтеріп жауап береді.

1.Көміртегі қандай заттардың құрамына кіреді?

2. Қандай элементтер табиғатта бос күйінде кездеседі?

3. Магнийдің тірі ағзалар үшін ең маңызды қызметі.

4. Са-дің адам организміндегі рөлі.

5. Тұрмыста қолданылатын химиялық қосылыстарды ата.

6. Қара және түсті металлургия немен айналысады?


3

Рефлексия кезеңі:

Әр оқушы рефлексия жасайды. Өзіне баға береді.

Тақырыпты меңгердім (қызыл түс). Тақырыпты толық меңгерген жоқпын (сары түс).



Тақырыпты меңгерген жоқпын (көк түс). Саусақпен көрсету.

4

Сабақ қоры тындысын шығару кезеңі.

Ортақ бағаларын қою.

1-2

Қорытынды

«Сен білесің бе?» қосымша сұрақтар.

  1. 1. Неліктен кейбір кезде зираттардан жарқыраған жарық шығады?

  2. 2. Неліктен аяқ-қолдары жиі ұйып қалатын адамдарға МАГНИЙ қабылдауды ұсынады?

  3. 3. Неліктен балаларға жазғы уақытта күн сәулесінде көп жүрген пайдалы?

  4. 4. Қарандаштың өзегіндегі сұр заттан (графиттен) қандай зат алуға болады?



Графиттің алмазға айналуы слайдтар . Сұр графиттің «жоғары сұрыпты» алмазға айналуының мәнін ашып көрсету арқылы, оқушыларды білім алуға шақыру.

2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

-қосымша материалды түсініп оқу.

1


Химиядан сабақ жоспары

Сыныбы – 8

Тақырыбы

Коваленттік байланыс. Полюсті және полюссіз байланыстар.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Химиялық байланыстың түрлері,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу,коваленттік байланыстың түзілу схемасын құрастыра білу ,қорытынды жасау,салыстыру,білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.




Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.



1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Ковалентті байланыс

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):



1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

Атомдар бір-бірімен қалай қосылады?

Атомдар арасындағы күшті қалай атайды?


3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.



Жаңа сабақ материалмен жұмыс.

Тақырыпты түсініп оқып шығып, тірек-сызбаға түсір. Әр химиялық байланысқа сипаттама беріп, мысалдар келтіріңдер (3).



Атомдар өзара әрекеттескенде химиялық байланыс түзіледі:

  • ковалентті байланыс

Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.. Ковалентті полюсті байланыс электртерістігі бірдей атомдар арасында түзіледі. (Н2О2, С12). Молекуладағы атомдар өзара байланысқанда электрон бұлттары жақындап,өзара қаптасады. Ковалентті байланыстың пайда болуын сутек молекуласының түзілуі арқылы түсіндіруге болады.Н+Н=Н2 Н0=- 436кДж/моль

Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп,ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі.Ортақ ядролардың тығыз теріс аймаққа тартылуы оларды жақындастырып,тұрақты сутек молекуласы түзіледі де,энергия ұтымы болады.



Қ





арама-қарсы спиндері
бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті полюссіз байланыс түзіледі.Ол былай жазылады.

+

s1 s1 1s2



Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы аз ажыратылатын атомдар арасында түзіледі.Бұндай байланыс түрі жиі кездеседі.Бұл жағдайда электрон жұбы электртерістігі көп элемент атомына қарай ығысады,мысалы су молекуласында оттек атомына қарай ығысады:

Н2 О,

Коваленттік байланыс химиялық элемент атомдарын энергиялық тиімді ,тұрақты конфигурацияға ауыстырады.

Коваленттік байланыс еселігі ортақ электрондық жұптың санына тәуелді. Хлор, сутек молекулаларында бір байланыс; оттекте -екі байланыс;азотта –үш еселі байланыс.

:N +N: = N ::: N
Коваленттік байланыс электрондық орбиталдардың бүркесу тәсілі бойынша ерекшеленеді.Егер байланыстың электрондық бұлты атомдардың ядроларын қосатын түзуде жатса,онда берік -байланыс алынады.

Полюсті

Полюссіз

Электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан.Мысалы: хлорсутек молекуласы, электрон жұбы сутекке қарағанда электртерістілігі үлкен хлор атомына қарай ығысқан.

Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы бірдей атомдар арасында түзіледі

Мысалы: екі атомды молекулалар.


Р-орбитальдар бүйір жақтарымен бүркескенде берік емес - байланыс түзіледі.




16-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Кітаптағы №1-3 жаттығуды орындау,89 бет.



4-5

Білімді жүйелеу және қорытындылау


Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау



1.Қорытынды жасау:

*коваленттік байланыс- екі атомның электрондық бұлттары бүркесуі арқылы түзіледі , ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі;

* Ортақ ядролардың теріс аймаққа жақсы тартылуы оларды жақындастырады да ,тұрақты молекула түзіліп ,энергия ұтымы болады ;

*КПБ бір элемент атомынан тұратын молекулаларда түзіледі;

* Полюсті молекулада электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан ;

*Еселі байланыстар бүркесу тәсілі бойынша -және - байланыс деп бөлінеді .

*КБ негізгі сипаттамасы байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.



2-3

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығулар мен есепті тексеру




Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын беру.

2. Күнделікке жазғанын тексеру.



1-2

Сабақ қорытындысы

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?



3-4

Химиядан сабақ жоспары

Сыныбы – 8

Тақырыбы

Иондық химиялық байланыс. Металдық химиялық байланыс.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Иондық және металдық байланыс туралы білімді жүйелеу,тереңдету; Химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу, салыстыру білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.




Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.



1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Иондықі байланыс

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):



1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

А).Ковалентті байланысқа сипаттама беріңдер:



Б).Мына қосылыстардағы байланыстың типтерін анықтаңдар:

BCl3 ,CH4 , MgSO4, НСl, К2О,NaCI,KOH,NH4+ CI2

Алгоритммен жұмыс:


3-4

Жаңа сабақ

  1. Тақырыпты оқып шығып, резюме жазыңдар.

  2. Венн диаграммасы арқылы ионды қосылыстар мен ковалентті қосылыстарды салыстырыңдар.

Иондық байланыс металдық және бейметалдық қасиеттері айқын,электртерістілік шамасы ның айырымы көп ажыратылатын элементтер атомдары арасында түзіледі Иондардың,катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылуы есебінен түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады.

Иондық байланыстың сипаттамалары: :



Иондық байланыста иондар әр түрлі баңытта тартылатындықтан бағыты болмайды.Оның күш өрісі компенсацияланбаған,сондықтан иондық байланыс қанықпаған.

  • Қосылыстардың қасиеттері химиялық байланыс пен олар түзетін кристалл тор түріне тәуелді.

  • Ионды қосылыстар

  • Ковалентті қосылыстар

Ериді,олардың ерітінділерінде электролизденетін бос иондар болады.

Ковалентті қосылыстар көбінесе суда ерімейді,ал ерісе де жеке молекула күйінде болады.

Балқу темперературасы жоғары.

Балқу темперературасы төмен.

Қатты заттардың кристалл тор түйіндерінде иондар орналасады.

Молекулалық кристалл торындағы заттарды ковалентті байланыспен түзі-

леді,олардың балқу температуралары төмен,ковалентті байланыспенқатты заттар байланыса алады,олардың кристалл тор түйіндерінде атомдар орналасады.Мысалы: алмаз



Қаттылығы жоғары,қиын балқиды ұшпайды.

Бөлме температурасында олар –сұйықтықтар,газдар.

Тұздар.

Мұз,қатты галогенсутектер,көптеген органикалық қосылыстар,инертті газдар,бір молекуласы бір,екі,үш,төрт,сегіз атомнан

тұратын жай заттар.



Металл иондары мен электрондар арасында түзілетін байланысты металдық байланыс деп атайды. Ол металдар мен құймаларға тән. Ковалентті байланыста жұп электрон тек екі атомға ортақ болса, ал металдық байланыста барлық атомдар электрондары байланыс түзуге қатысады. барлық атомдарға ортақ болады.Сондықтан ковалентті байланысы бар кристалл торлары сынғыш ,ал металдық кристалл торлар –иілгіш Металда иондар өзара байланыстарды бұзбай ығысады.Бұл металдық байланыстың бағытының болмауын көрсетеді. Металдардың физикалық қасиеттері(қаттылығы,электрөткізгіштігі,жылуөткізгіштігі,иілгіштігі,тапталғыштығы) металдық байланыстың болуымен түсіндіріледі.

15-16

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Жаттығу орындау:10 -ЕТЖ-1 33бет. 1нұсқа.


3-4

Білімді жүйелеу және қорытындылау


Дәптерге қорытынды жазу.

1.Химиялық байланыстың табиғаты бірдей.



2.Қосылыстардың қасиеттері химиялық байланыстың типіне ғана емес ,сонымен қатар олар түзетін кристалл торының түріне байланысты..

3.Иондық және атомдық кристалл торы бар қатты заттар,молекулалықкристалл торы бар заттармен салыстырғанда беріктеу.

5-6

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

1. Үй тапсырмасын беру.

2. Күнделікке жазғанын тексеру.



1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2


Химиядан сабақ жоспары

Сыныбы – 8

Тақырыбы

Заттың аморфты және кристалдық күйлері. Зертханалық жұмыс №3 «Түрлі химиялық байланысы бар заттардың табиғи үлгілерімен танысу».

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Заттарды сипаттай білу,атомдардан иондардың түзілу схемасын құрастыра білу,химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.




Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.



1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Иондықі байланыс

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):



1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

А).Иондық байланысқа сипаттама беріңдер:

(*байланыс ұзындығы, *байланыс энергиясы, байланыс бағыты)

Б).Мына қосылыстардағы байланыстың типтерін анықтаңдар:

BCl3 ,CH4 , MgSO4, НСl, К2О,NaCI,KOH,NH4+ CI2



3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.



Жаңа сабақ материал

Иондық байланыс пен ковалентті байланыстың пайда болуы механизмінде ерекшеліктер жоқ. Олар молекулалық электрондық бұлттың полюстену дәрежесімен ерекшшеленеді. Қосылыстардың қасиеттері химиялық байланыс пен олар түзетін кристалл тор түріне тәуелді. Ковалентті қосылыстар көбінесе суда ерімейді,ал ерісе де жеке молекула күйінде болады.

  • Ионды қосылыстар

  • Ковалентті қосылыстар

Ериді,олардың ерітінділерінде электролизденетін бос иондар болады.

Ковалентті қосылыстар көбінесе суда ерімейді,ал ерісе де жеке молекула күйінде болады.

Балқу темперературасы жоғары.

Балқу темперературасы төмен.

Қатты заттардың кристалл тор түйіндерінде иондар орналасады.

Молекулалық кристалл торындағы заттарды ковалентті байланыспен түзі-

леді,олардың балқу температуралары төмен,ковалентті байланыспенқатты заттар байланыса алады,олардың кристалл тор түйіндерінде атомдар орналасады.Мысалы: алмаз



Қаттылығы жоғары,қиын балқиды ұшпайды.

Бөлме температурасында олар –сұйықтықтар,газдар.

Тұздар.

Мұз,қатты галогенсутектер,көптеген органикалық қосылыстар,инертті газдар,бір молекуласы бір,екі,үш,төрт,сегіз атомнан

тұратын жай заттар.






15-16

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Жаттығу орындау:10 -ЕТЖ-1 33бет. 1нұсқа.


3-4

Білімді жүйелеу және қорытындылау


Дәптерге қорытынды жазу.

1.Химиялық байланыстың табиғаты бірдей.



2.Қосылыстардың қасиеттері химиялық байланыстың типіне ғана емес ,сонымен қатар олар түзетін кристалл торының түріне байланысты..

3.Иондық және атомдық кристалл торы бар қатты заттар,молекулалықкристалл торы бар заттармен салыстырғанда беріктеу.

5-6

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру


1-2


Үй тапсырмасын беру кезеңі:

1. Үй тапсырмасын беру.

2. Күнделікке жазғанын тексеру.



1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет