Сабақ Тақырыбы: «Кеңсе тауарлар дүкенінде»



бет3/8
Дата31.07.2017
өлшемі1,28 Mb.
#22361
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдіс- тәсілі: Оқу, түсіндіру, әңгімелеу.

Жұмыс формалары: жекелей

Көрнекілігі: сөздік дәптерлері
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау, олармен аз уақыт әңгіме.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Алған білімдерін қорытындыға келтіру және сөздік қорын байыту, сезімталдыққа баулу.
III Жаңа сабақты түсіндіру

Бойынша, шығарма, ой пікірі, тыныштық, кітап, күнделік, тапсырма, қазақ, әдебиет, дәптер, мұғалім, оқушы, озат, тақта, өшіргіш, ауа –райы, күз, қыс, мұражай, кітапханашы, мәтін, сөздік, төрт, жетінші,мүшелер, тексеру, мақал – мәтел,тәуелдік, жіктік, мәдениет, құрастыру, сөйлем, сөз тіркес, сызғыш, қысаң,жіңішке, ұяң, қатаң, үнді, езулік, еріндік, ұстаз, шәкірт, Ыстықкөл, қорған, бекініс, жағажай, құм, күнге, қыздырыну, түгел.



Жазған сөздерді тексеру.
IV Сабақты пысықтау.

Сергіту сәті:
V Сабақты қорытындылау: Қандай мәселелер қиындау, ой бөлісе отыру.
VI Үйге тапсырма: қайталау.


Модуль 1
Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Модульдің құрамын түсіндіру

ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту

VI. Грамматиқалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім граммтиқалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
ФОНЕТИКА



Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Еріннің қызметіне

қарай




Жақтың қызметіне

қарай




Тілдің қызметіне

қарай




еріндік


езулік


ашық


қысаң


жуан


жіңішке


о,ө,у,ұ,ү


а,ә,е,э,ы,і,и


а,ә,е,э,о,ө


ы,і,ұ,ү,у,и


а,о,ы,ұ,у,и,э


ә,ө,і,ү,и,у,е




ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ


  1. Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)

a) жуан + жуан + жуан; оқу+шы+лар

ә) жіңішке + жіңішке + жіңішке; етік+ші+лер

2. Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм)

а) қатаң; б,в,г,д + қатаң бас+тық

ә) ұяң (б,в,г,д әріптерінен басқа) –ұяң, үнді ауыл+ға

б) ... к г шелек + і → шелегі

... п + дауысты б кітап + ы → кітабы

... қ ғ тарақ-ы → тарағы


5. Фонетиқалық талдау жасау. Оқулықта берілген фонетиқалық талдауды негізге ала отырып, оқушылар берілген сөздерге фонетиқалық талдау жасайды. Әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Дайындыққа 4 минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

1-топ: мамандық; 2-топ: заңгер; 3-топ: шөбере.




Жауап үлгісі

1-топ

Ма-ман-дық - үш буынды, 1- ашық, 2,3- бітеу буындар

м- дауыссыз, үнді;

а- дауысты, езулік, ашық, жуан;

н- дауыссыз, үнді;

д- дауыссыз, ұяң;

ы- дауысты, езулік,қысаң,жуан;

қ- дауыссыз, қатаң.



Жауап үлгісі

2-топ

Заң-гер – екі буынды, 1,2- бітеу буындар

з- дауыссыз, ұяң;

а- дауысты, жуан, езулік, ашық;

ң- дауыссыз, үнді;

г- дауыссыз,ұяң;

е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р- дауыссыз, үнді.



Жауап үлгісі

3-топ

Шө-бе-ре – үш буынды, 1,2,3 – ашық буындар

ш- дауыссыз, қатаң;

ө- дауысты, еріндік, ашық, жіңішке;

б- дауыссыз, ұяң;

е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р- дауыссыз, үнді.




6. Сөздік жұмыс.

онша – не очень немере - внук

жеке меншік - частный шөбере - правнук

балалар дәрігері - педиатр заңгер - юрист


  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Онша үлкен емес, жеке меншік үй, балалар дәрігері болып істейді,...

  1. Сөйлемдер құрау.

Менің отбасым онша үлкен емес.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.


7.Сергіту жаттығу.

Аталар, Апалар,

Әжелер, Балалар-

Ағала Әр үйде

Әпкелер Бар олар.

(Әлі Ысқабай)

8. Лексикалық тақырып. Тактада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

ә) Содын кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.

б) Мәтін бойынша ”Мені түсін„ ойыны.

Ойынның шартты:

Оқушылар мәтінді оқып болғаннан соң, мұғалім оқушылардан кітаптарын жауып, осы мәтіннің негізгі мазмұнын қамтитнын 10 сөзді дәптерлеріне жазуларын талап етеді.

Содан кейін мұғалім өзі алдын ала дайындаған түйінді сөздермен салыстырады. Осы тупнұсқамен сөздермен салыстырады. Осы тұпнұсқамен сөздерді сәйкес келген болса, сол жеңімпаз деп танылады.

в) Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру (2- тапсырма, 3-бет).

1. Сенің отбасың үлкен бе?

2. Отбасында қанша адам бар?

3 .Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді?

4. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?

5. Олар неше жаста?

6. Олар не істейді?



9.Бекіту.

Сыныптағы оқушылар екі- екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5-7минут уақыт беріледі. Содын соң оқушылар бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

№1

Сұрақтарды аударыңдар



  1. Как тебя зовут?

  2. У тебя есть бабушка и дедушка?

  3. Чем они занимаются?

  4. Сколько лет твоему отцу?

  5. Где он работает?

  6. Сколько лет твоей маме?

  7. Как её зовут?

  8. У тебя есть братишка (сестрёнка)?

  9. Что они делают?

  10. Где ты живёшь?

№2 Сөйлемдерді аяқтаңдар

1.Менің ... .

2.Менің ... .

3.Олар ... .

4. Әкем ... .

5. Ол ... .

6. Анам... .

7. Оның ... .

8. Менің ... .

9. Олар ... .

10. Мен ... .

1. Сенің атың кім?

2. Атаң мен әжең бар ма?

3. Олар не істейді?

4. Әкең неше жаста?

5. Ол қайда жұмыс істейді?

6. Анаң неше жаста?

7. Оның аты кім?

8. Інің (қарындасың, сіңлің) бар ма?

9. Олар не істейді?

10. Сен қайда тұрасың?

1. Менің атым ... .

2. Менің атам мен әжем бар (жоқ),

3.Олар- зейнеткерлер, құрметті демалыста.

4. Әкем 45 жаста.

5. Ол зауытта жұмпыс істейді.

6. 42 жаста.

7. Оның аты ... .

8. Менің інім (қарындасым,сіңлім) бар (жоқ).

9.Олар мектепте оқиды.

10. Мен Алматыда тұрамын.

10. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.

Сөйлесу бөлімі.
Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Менің атам мен әжем.

Сабақтың мақсаты:



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ата мен әже туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Отбасына байланысты  көрнекіліктерді  пайдалана  отырып, балалардың ой- өрісін,  сөздік  қорын  дамыту.  Байланыстыра  сөйлеуге  үйрету. Сөйлеу  мәдениетін, ауызекі сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру.

Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмыс.

Телефон шалу – звонить

Жаңалық -новость

Көріскенше - до встречи

Төлқұжат – документ

Құшақтау - обнимать

Есептелу – считаться


  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

әжеге телефон шалу, әжені құшақтау, соңғы жаңалық, .....

  1. Сөйлемдер құрау.

Мен теледидардан соңғы жаңалықты тыңдадым.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

V. «Менің атам мен әжем» мәтіндерімен жұмыс.

а) Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны.



Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

ә) Мәтін бойынша «шеңбер бойынша әңгімелеу» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәттіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.



VІ. Сергіту жаттығу.
Менің әжем

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Адам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі-әжем.

(Қ. Мырза Әли)

VІІ. Оқулықпен жұмыс.

Сыныпты 3 топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды. Дайындыққа 4-5 минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтан бір оқушының жауабын тыңдап, бағалау.

І топ: Аты кім? Кім неше жаста?

ІІ топ: Кім қай сыныпта оқиды?

ІІІ топ: Кім қайда тұрады?

Мысалы:

І топ: Менің атым-Айман. Мен бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы тудым. Он екі жастамын.

ІІ топ: Былтыр бесінші сыныпта оқыдым. Биыл алтыншы сыныпта оқып жүрмін. Келесі жылы жетінші сыныпта оқимын.

ІІІ топ: Мен алматы қаласы Абай даңғылы №35 үйде, №56 пәтерде тұрамын.



VІІІ. Диалог құрастыру. Оқулықта берілген диалогты оқып, жалғастырады. Дайындыққа 7 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұпты тыңдау.

ІХ. Үйге тапсырма. 10-бет, 7-тапсырма.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмыс.
Ыстықкөл- Иссык-Куль қорған, бекініс- замок

Жағажай- пляж құм- песок

Күнге қыздырыну- загорать түгел- все

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тікестерін құрау.

Ыстықкөлде демалу, құмнан бекініс жасау, ... .

  1. Сөйлемдер құрау.

Биыл жазда мен Ыстықкөлде демалдым.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

V.Оқулықпен жұмыс (1-тапсырма, 8-бет). Оқулықта берілген дилогты оқып, өзара диалог құрастырады. Дайындыққа 7 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұпты тыңдау.

VI.Сүретпен жұмыс (9-бет).

  1. Сүреттер бойынша сөздерді айту.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін құрау.

  3. Сөз тіркетерімен сөйлемдер құрау.

  4. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

  • Сүретте ... отбасы бейнеленген.

  • Олар Ыстықкөлде демалып жатыр

  • Күн қандай ыстық!

  • Қанаттың отбасы демалуға түгел келді. Олар

  • Қанаттың әкесі , анасы,қарыңдасы және өзі.

  • Қанат пен әкесі қайықпен жүзіп жүр.

  • Қарындасы құмнан қамал жасап отыр.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрау. Дайындыққа 3-4 минут уақыт беріледі.

VII.Сергіту жаттығу

VIII. Жазба жұмысы. Оқулықта берілген 9- беттегі 3- тапсырманы орындау. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Тапсырманы орындауға 5-6 минут уақыт беріледі. Содан ке(ін оқушылар бір- бірінаң тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

1. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз.

2. Әкем мен шешем кезекті демалысқа шықты.

3. Біз отбасымызбен жылда демалуға барамыз.

4. Былтыр жазда отбасымызбен Бурабайға бардық.

5. Биылғы жазғы демалысты Ыстықкөлде өткіздік.

6. Әр жексенбі сайын Медеуге, Шамбұлаққа, тағы да басқа демалыс орындарына барамыз.

IХ.Сызба бойынша жұмыс.

Оқулықта берілген 4- тапсырманы орындау.

1. Сызба бойынша сөйлемдер құрау.

2. Әңгіме құрау. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.



Х. Үйге тапсырма. 10- беттегі 5- тапсырманы жазбаша орындау.
4- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көшеде.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барасын айту.

IV. Сөздік жұмыс.

аялдама - остановка

көп ұзамай - вскоре

бірден - сразу

алдыңғы есік – передняя дверь

отырыныз - садитесь

менен гөрі үлкендеу – постареше меня

ұсыну - предложить

кішіпейіл - скромный

бос – свободно

қалай жетуге болады - как можно доехать

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

    • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

    • оқушылар мұгалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

    • тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Келесі аялдама, бірден жауап беру, кішіпейіл бала, ...

4. Сөйлемдер құрау.

Оқушы мұғалімнің сұрағына бірден жауап берді.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

V. Оқулықпен жұмыс.

«Көшеде» мәтінімен жұмыс (10-бет).

1) Мәтінді оқып, аудару.

2) Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. Мәтін бойынша «даналық ағашы» ойыны.



Ойыннын шарты:

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұкият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.



VI. Сергіту жаттығу.

Анаға сәлем

Әні Е. Хасангалиев

Сөзі Ө. Иманәлиев

Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзінді.

Сәбилік үніммен,

Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы:

Көргенше алаңмын,

Ансаймын толғанам.

Қабыл ал, балаңның

Сәлемін жолдаған.

VII. Дәптермен жұмыс. 4-тапсырманы орындау.

Ән жолдарын буынға бөліп, қалай тасымалданатынын түсіндіру. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.



Жауап үлгісі

Ме-ре-ке кү-нің-мен,

Қар-сы а-лам ө-зің-ді.

Сә-би-лік ү-нім-мен,

Ар-най-мын сө-зім-ді.
Қайырмасы:

Көр-ген-ше а-лаң-мын,

Ан-сай-мын тол-ға-нам.

Қа-был ал, ба-лаң-ның

Сә-ле-мін жол-да-ған.

VIII. Аударма жұмыс. 10-беттегі 2-тапсырманы орындау.

Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды.

Диалогты аударып, өз сұхбаттарын құрастырады. Дайындыққа 8-10 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тындау.

I топ «В автобусе» диалогын аударады.

II топ «На остановке» диалогын аударады

IХ. Үйге тапсырма.

11-беттегі 5-тапсырманы ауызша орындау.


5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Отбасымның демалысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын,барысын айту.

IV. Үш деңгейлі тапсырманы орындау.

Ойынның жүру барысы.

Әр оқушының алдында үстелде барлық үш күрделілік деңгейіндегі сұрақтары бар парақтар жатыр (әр парақта 2-3 тапсырмадан). Оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады.


Оқушылар деңгейді таңдайды:

  • ІІІ деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

  • ІІ деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

  • І деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7 немесе 10 минут уақыт беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады. Содан соң өзара дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі жауап үлгісі бойынша тексеріп, бағалайды. Деңгейлік тапсырмалар оқулықта берілген.

Жауап үлгісі

ІІІ деңгей

  1. Онша емес, балалар дәрігері, заңгер, шөбере, төлқұжат, телефон шалу, ауысым, ояну, жаяу.

ІІ деңгей

1. Мен мектепке дейін жаяу барамын. Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Мен келесі аялдамадан түсемін. Менің досым менен гөрі үлкендеу. Өлеңді бірден жаттап алдым.






Жауап үлгісі

ІІІ деңгей

  1. Не-ме-ре-үш буынды, 1,2,3-ашық буындар.

н -дауыссыз, үнді;

е -дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

м- дауыссыз, үнді;

р- дауыссыз, үнді.


Пә - тер – 2 буынды, 1 – ашық, 2 – бітеу.

П – дауыссыз, қатаң;

ә - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

т - дауыссыз, қатаң;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р - дауыссыз, үнді.



Күн – бір буынды, 1 – ашық буын.

К – дауыссыз, қатаң;

Ү – дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;

Н - дауыссыз, үнді.



ІІ деңгей.

  • Сенің атың кім?

  • Менің атым ...

  • Атаң мен әжең бар ма?

  • Менің атам мен әжем бар (жоқ)

  • Олар не істейді?

  • Олар – зейнеткерлер, құрметті демалыста.

  • Әкең неше жаста?

  • Әкем 45 жаста.

  • Ол қайда жұмыс істейді?

  • Ол зауытта жұмыс істейді.

  • Анаң неше жаста? Оның аты кім?

  • Анам 42 жаста. Олның аты .....

V.Сергіту жаттығу.

Ағам талай ат тағалады,

Ағам қалай ат тағалады.

Қалай ат тағалағанын

Білсем, мақтана аламын,

Білмесем, ұятқа қаламын.



VI. Үш деңгейлі тапсырманы жалғастыру.

Жауап үлгісі.

ІІІ деңгей.

3. Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда 4 адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам және мен. Біз Алматыда тұрамыз. Мен Төле би көшесінде, 25 үйде, 60 пәтерде тұрамын. Әкемнің мамандығы – экономист. Жеке меншік фирмасы бар. Анам №1 емханада жұмыс істейді.Ол 42 жаста. Ағамның аты – Дәулет. Жасы 22 – де, Әбу Насыр әл – Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің студенті. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымды жақсы көремін.

ІІ. деңгей.

Ашық дауысты дыбыстар Қысаң дауысты дыбы

әже кісі

әке гүл

емес жүз


мен іні

немере үй

өз үш

VII.Үйге тапсырма. 12 – беттегі 2 – тапсырманы жазбаша орындау.

6- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

3. Тест жазу.


  1. Сызбаны толтырыңдыр.

Ашық дауысты Қысаң дауысты дыбыстар


  1. Сөздердің аудармасын табыңдар.

1.­ жаналық а) внук

2. немере б)считаться

3. ояну в) новость

4. есептелу г) просыпаться




  1. Сөйлемді дұрыс құрандар.

1 2 3 4 5

Бардық, жазда, отбасымызбен, Бурабайға, былтыр.


  1. Мына талдау дұрыс па?

Әкем- 1 буын, 1- ашық буын.

а) иә ә) жоқ


5. Өлеңді аяқтаңдар.

Менің әжем, ... ,

Ұл мен қыздың бағы ... .
6.Сенің жасың нешеде?

а) он екі ә) он екінші б) он екіде


7. Сен нешінші сыныпта оқисың?

а) алтау ә) алты б) алтыншы


8. Еріндік дауыстыларды белгілеңдер.

а) а,ә,е,э,ы,і,и ә) о,ө,у,ұ,ү б) а,о,ә,ү,ұ



ІІ - модуль

Кіріспе бөлім

1-сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрамын түсіндіру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

СӨЗДІК МАҒЫНА

ГРАММАТИКАЛЫҚ



ЛЕКСИКАЛЫҚ

Көп мағыналы

мағына

тура


ауыспалы


ақ көйлек



ақ жүрек («таза», «адал»)



Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөздің мағынасы бар. Сөз өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданыла береді.

Әр түрлі мағыналарды білдіретін сөз көп мағыналы сөз деп аталады.

Мысалы (көп мағыналы сөз): Адамның басы. Таудың басы. Істің басы. Бас дәрігер.


VІ. Сөздік жұмыс.

іс- дело



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет