Күні: 07.03.2023
|
Мұғалімнің аты-жөні: Муслимова Махаббат
|
Сынып: 7
|
Оқушы саны: 12
|
Сабақ тақырыбы
|
Сызықтық алгоритмдерді программалау
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.3.2.1 алгоритмді программалау тілінде жазу
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Айнымалыларды, операторларды білу, түсіну.
Басым бөлігі: Берілген сапалық тапсырмаларды орындау.
Кейбір оқушылар: Алгоритмді программалау тіліне ауыстыруын есептер шығаруда қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Білу
Идентификатор, тұрақты, оператор түсініктерінің анықтамасын айтады
Түсіну
Программаның негізгі құрылымын түсіндіреді
Қолдану
Өрнектерді жазуда операторларды қолдана біледі
Берілген есепке сызықты алгоритм құрастырады
Берілген есепті программалау тілінде жазады
Талдау
Синтез
Бағалау
Өзін-өзі бағалайды, өзара бағалайды, өзге топты бағалайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқылым: мәтіндерді оқиды, талдайды.
Тыңдалым: бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.
Айтылым, жазылым: мәтіндерді ауызша және жазбаша сипаттайды, бір-біріне түсіндіреді.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Main, float, char, int, cout, cin, тақырыптық файлдар, операторлар, индетификаторлар,
Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)
Операторларды .......... пайдалануға болады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу. Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, білім алу құндылықтарын дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика, ағылшын
|
АКТ қолдану дағдылары:
|
Интербелсенді тақта, презентация
|
Бастапқы білім
|
Айнымалалар - бүтін, нақты, символдық, логикалық типтер.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
Сабақтың ортасы
15 мин
|
Оқушылармен амандасу.Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Қайталау.
Мақсат: өткен тақырыпқа шолу жасау, формативті бағалау.
Сипаттамасы: Оқушыларға әр түрлі мәндер жазылған парақшалар беріледі, сол мәндерді нақты, бүтін және символдық типтері бойынша топтастырып, «Int», «Float», «Сhar» топтарға бөлінеді. «Айнымалы дегеніміз не? Айнымалының қандай типтері болады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ Бүтін тип, Нақты тип, Символдық тип туралы айтады.
Бағалау:
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Мәліметтер типтерін ажырата алады
|
Бүтін сандар типін ажыратады
Нақты сандар типін ажыратады
Символдық типті ажыратады
Бүтін типке мысал келтіре алады
Нақты типке мысал келтіре алады
Символдық типке мысал келтіре алады
|
Жаңа тақырып: Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Мақсат: жаңа тақырып бойынша берілген мәліметті өздігінен игеру, өзін-өзі оқыту және өзара оқытуды жүзеге асыру.
Сипаттамасы: Оқушыларды оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру, талқылау. Топтық жұмыста оқушылар оқулықта берілген материалды игереді:
«Int» тобы: Тіл алфавиті дегеніміз не? Синтаксис дегеніміз не?
«Float» тобы: Семантика дегеніміз не? Идентификатор дегеніміз не? Тұрақтылар дегеніміз не?
«Сhar» тобы: Операторлар дегеніміз не? Параметрлер дегеніміз не?
Әр топ өз материалдарымен басқа топтармен бөліседі. Бұл жерде топтар Джигсо әдісі бойынша өзара бірін-бірі оқытады.
Мұғалім: С++ те программа құрылымы қандай?
Программаның негізгі құрылымын нақты мысал негізінде толығырақ түсіндіру.
Бағалау:
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
идентификатор, тұрақты, оператор түсініктерінің анықтамасын айтады
идентификатор, тұрақты, операторларды ажыратады
программаның негізгі құрылымын түсіндіреді
|
Идентификатордың анықтамасын айтады
Тұрақтының анықтамасын айтады
Оператордың анықтамасын айтады
Операторлардың мысалын келтіреді
Программаның құрылымын түсіндіреді
|
|
Үлестірме материал
Презентация
Оқулық
|
3 мин
2 мин
10 мин
3 мин
|
Өрнектерді жазу
Мақсат: математикалық өрнектерді программалау тілінде жазу
Сипаттамасы: Оқушылар жеке жұмыста берілген математикалық өрнекті программалау тілінде жазады.
1. х3-2у
2. 2х+|x|
3. +a2
4. |a|+2c
Тапсырманы орындап болған соң бірін-бірі тақтада берілген жауаптар бойынша тексереді. Өзара кері байланыс береді.
Бағалау:
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Өрнектерді жазуда операторларды қолдана біледі
|
Арифметикалық операцияларды қолдана алады
Дәрежеге шығару операторын қолдана алады
Абсолют мәнді анықтау операторын қолдана алады
Түбірден шығару операторын қолдана алады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |