Сабақ талдаудың мақсаты: Берілетін білім деңгейінің толық немесе жеткіліксіз меңгеруін анықтау



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#120464
түріСабақ
1   2
Байланысты:
21практика сауат ашу Аяжан новый

Талдау түрлері:

Талдау түрлері:

1. Дәстүрлі талдау

2. Әдістемелік талдау

3. Салыстырмалы талдау

4. Мақсаттық талдау

5. Психологиялық талдау

6. Дәстүрлі емес сабақты талдау (дебат сабағы, әңгіме- сабақ, аукцион сабағы т.б)

7. Жаңа технология бойынша құрылған сабақты талдау

8. Панорамалық сабақты талдау.

9. Дидактикалық талдау.

10. Кешендік талдау.


Оқушы мектепте оқыған кезде
10 000 сабаққа қатысады.
Мұғалім өзінің еңбек жолында
25 000 сабақ береді.
Мұғалім 1 жылда 70-80 сабаққа қатысу керек.

Дәстүрлі талдау

  • Дәстүрлі талдау
  • Сабақ құжаттарын дайындауы.
  • Пәнін білу дәрежесі және педагогикалық шеберлігі.
  • Пән аралық және пән бойынша байланыстың іске асуы.
  • Техникалық оқу құралын қажетіне қарай пайдалануы.
  • Уақытты тиімді пайдалану.
  • Әдістемелік талдау
  • Сабақтың мақсаты мен міндетін қоя білуі.
  • Оқушыларды ынталандыра білуі.
  • Сабақтың мақсаты мен міндетін орындауы.
  • Оқушылармен кері байланысты тиімді пайдалануы.
  • Оқытудың технологиясын дұрыс таңдауы, оның оқушының жасы мен дамуына сәйкестігі.
  • Оқытудың ғылымилық қағидасының сақталуы.
  • Қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімділігі.
  • Үй тапсырмасы көлемінің тиімділігі және оны оқушыға жеткізу әдістемелігі.

Психологиялық талдау

  • Психологиялық талдау
  • Қазіргі заманғы дамыту сабақтарының барлық талаптарына жауап беруі .
  • Уақытты тиімді пайдаланып, өз тәжірибесін теориялық тұрғыда негіздеуі және сабақ үзінділерін көрсете білуі.
  • Әңгіме мазмұны, сызбалар, көрнекі құралдар және басқа дидактикалық материалдар арқылы көрсетілуі.
  • Педагогтың өз сабақтары жүйесінде тәжірибенің негізгі идеяларын ерекшелеуге ұмтылысы, кейбір элементтерін (оқыту әдістері мен тәсілдерін) көрсетуі.
  • Панорамалық сабақты талдау
  • Қазіргі заманғы дамыту сабақтарының барлық талаптарына жауап беруі .
  • Уақытты тиімді пайдаланып, өз тәжірибесін теориялық тұрғыда негіздеуі және сабақ үзінділерін көрсете білуі.
  • Әңгіме мазмұны, сызбалар, көрнекі құралдар және басқа дидактикалық материалдар арқылы көрсетілуі.
  • Педагогтың өз сабақтары жүйесінде тәжірибенің негізгі идеяларын ерекшелеуге ұмтылысы, кейбір элементтерін (оқыту әдістері мен тәсілдерін) көрсетуі.

Сабақты салыстырмалы талдау

  • Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі. Мақсаты, міндеті, кезеңдері, құралдары, әдіс-тәсілдері, оқыту формалары.
  • Сабақты басқа сабақтармен (бүкіл бөліктегі, тараудағы, жылдағы) салыстыру.
  • Сабақтың басқа пәндермен байланысы.
  • Сабақтың сабақтан тыс оқушылардың тәрбие, дамыту іс-әрекетімен байланысы.
  • Сабақ мазмұнының аймақ, қала, ауыл, еліміз өмірімен, оқушыларды қоршаған орта, жанұясымен байланысы.
  • Жаңа материалдарды беру, меңгеру кезеңдерін ұйымдастырудағы және үйде материалдарды меңгерудегі өз бетінше орындайтын жұмыстардағы ілгерілеу.
  • Оқытуда құралды, әдістемелік тәсілдерді қолданудағы прогрессия. Оқулық пен басқа көздерден алынған қосымша материалдардың үйлесімділігі.
  • Сабақтар барысында жеке оқушыларға көңіл аударуды жүзеге асыру. Бақылау динамикасы.

Сабақты талдау

1. Сабақтың үш мақсатының орындалуы.

а) білімділік мақсат – нақты тақырып бойынша.

ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе бір тәрбиенің ерекше көрінуі.

б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте белсенділігінің артуы.

2. Сабаққа қойылатын талаптың орындалуы.

3. Сабақтың түріне қарай құрылымдық сәттердің жүзеге асуы.

4. Сабаққа қатысушының арнайы тақырыбын бақылауы.

Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар


1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма,
өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:
1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Коммуникативті бағдары
7. Даралап оқыту
8. Жеке дара оқыту

Сабақ беру кезеңіндегі талаптар

  • Тақырыпты жоспарлау
  • Сабақ жоспары
  • Өз білімін көтеру жоспары
  • Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
  • Сабақтың мақсатын айқындай білуі
  • Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
  • Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
  • Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.
  • Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
  • Пән аралық байланыс
  • Сабақ кезіндегі тәртібі
  • Мақсатына қарай бағалай білуі
  • Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
  • Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
  • Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет