Сабақтарының кешені


Тақырып 6. Криминалды субмәдениеттің психологиялық ерекшеліктері



бет10/29
Дата07.02.2022
өлшемі110,19 Kb.
#91538
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
35304950728 Пенитенциарлы психология бойынша дәріс кешені
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Тақырып 6. Криминалды субмәдениеттің психологиялық ерекшеліктері

Криминалды субмәдениеттiң түсінігі мен элементтерi.


Криминалдытоптардағы өзара криминализацияның негiзгi факторы болып, криминалды субмәдениет табылады. Мұны басқалайша “Екiншi өмiр”, “ Әлеуметтiк- негативтi топтық құбылыстар” және “Қоғамға қарсы субмәдениет”деп атайды.
Субмәдениеттiң орталық элементi ретiнде, криминалды психология, яғни құқық бұзышылық жүйесі болып табылады. Әлеуметтiк құндылықтар арасында мыналарға аса мән беру керек: адам өмiрi, жанұя, азаматтық борыш сезiмi, тиянақтылық, адалдық, айтылған сөзге жауапкершілік, және де өзге құқықтыққұндылықтар.
Жекеменшік, әлеуметтiк құндылық ретiнде – қазіргі криминалды өмiрдегi тұлға аралық қатынастардың қырбұрышты тасы болып табылады. Мәселе мынада, совет үкіметі кезiндегi ұрылар мен қазiргi жас ұрылардың арасында криминалды жолмен алынған ақшаларды бөлiсу жайлы келiспеушiлiктер тууы мүмкiн.
Кiсi өлтiру санының өсуi(оның iшiнде ұрыларды да) шектен шықты. Адам өмiрi секiлдi әлеуметтiк құндылығының мәні төмендеді. Егер реформаға дейiңгi кезеңде криминалды элементтердiң көбiсi мынандай ережеге сүйенсе (өткiр құралдарды өзiмен бiрге алмау), (бiреудi өлтiрмеу), қазiргi кезде көптеген қылмыскерлерге, тек қана олар емес, өзгелерге де негiзгi өмiрлiк құндылық – материалды игілігін, жеке меншігін көбейту үшін кiсi өлтiруге де барады. Бұқаралық ақпарат құралдары осыған ұқсас мәлiметтерге толы, бұл азаматтардың құқықтарын саналы түрде қабылдауға керi әсер тигiзедi..
Криминалды субмәдениетке азаматтық борыш, өз Отанына деген махаббат сияқты әлеуметтiк құндылықтар сай емес. Бiрақ ұлы Отан соғысы кезiндегi тәжiрибе, яғни Отанымызға қауiптi жағдай төнген кезде көптеген қылмыскерлер «армияға бармау», «қолға қару алмау» сияқты талаптардан бас тартып, криминалды өмiрмен қарым- қатынастарын үзiп, өз Отандарын қорғауға аттанды.
Криминалды өмiрдегi тағы бiр өзгерiс, қылмыскерлердiң өздерiне, әлеуметтiк құндылық ретiнде қатынастарының өзгеруi. Бұрыңғы қылмыскерлер жанұя құруға құқықтары болмады, ал кейiнгi қылмыскерлер өздерiнiң борышы ретiнде тек қана жанұя құру ғана емес, сонымен қатар оның ары қарай дамуына жағдай жасау.
Криминалды ортадағы спецификалық мәнге адамгершілік құндылықтар ие болады. Оларға: «тәртiп», «адалдық», «бостандық», «айтылған сөзге жауапкершілік» және тағы басқасы жатады. Мысалы, көптеген сотталғандар бостандықты қадiрлейдi. Бiрақ тәртiптi қылмыскер мерзiмiнен бұрын босатылмауы, әкімшілікпен қарым- қатынасқа түспеуi керек. Қылмыскерлердің жауапкершілігі өте жоғары. Бұның себебі, олардың адамгершілігінің жоғары дәрежеде болғаны емес, бір – біріне айтқан сөз , басқа біреуді бағалау секілді криминалды идеологияны бұзған үшін өте қатал жазалануы мүмкін.
Әлеуметтiк құндылықтарды iске асыру, оларды ұстану және қылмыскерлердi жауапқа тарту үшiн криминалды ережелер немесе нормалар құрылады. Олардың негiзгi функциялары – криминалды қоғам мүшелерiнiң арасында өзара қарым- қатынастарын қалпына келтiру. Криминалды нормалар – субмәдениеттiң негiзi элементi болып, криминалды қоғамның әрекет сферасын қалпына келтiредi. Оларға: өз мүшелерiнiң әлеуметтiк статусы мен олардың құқықтарын, құқық қорғайтын бөлiмдер мен түзету бөлiмдерiнiң әкімшілігімен қарым – қатынасын, бостандығынан айырылған жерлерде және күнделiктi өмiрдегi оның мiнез- құлық әрекетiн, еңбекке деген қатынасын, тұлға аралық қатынастарды шешу тәртiптiлiгiн, қылмыстық ортаға жаңадан түскен қылмыскерлердi қабылдау салт жоралары, кездесулердің («сходок») өту тәртібін, «Вор в законе» атты тәж кигізу салтанатын ұйымдастыруы жатады.
Криминалды құқықтарды қолдау механизмi ретiнде,бұзушылыққа жол беретiн тұлғаларға қатысты санкция жүйесi құрылады. Бұл,статусын төмендету, денесіне зақым келтіру, өлім жазасына кесу және тағы басқа формада болады. Сондықтан криминалды нормаларды ұстану мотивi тек қана iшкiсендіру ғана емес, сонымен қатар жазалау корқынышы.
Криминалды субмәдениеттiң спецификалық элементi ретiнде стратификация болып табылады. Яғни криминалды ортадағы адамдарды, шынайы билiкке қатысты олардың беделдiлiгiне байланысты шарты иерархиялық топтарға бөлу. Криминалды қоғамның стратификациясын, қоғамды әлеуметтiк топтарға бөлумен салыстыруға болады. Крмимналды ортаның стратификациясын пенитенциарлы мекемесінде анық көруге болады,және де ол бостандығынан айырылған жерден босатылғаннан кейiн де сақталады. (1 –шiсурет).
1. Криминалды ортаның лидерлерi және олардың iзбасарлары (күн тәртiбiн бұзатын, ең агрессивтi тұлғалар)
2. «Ортаңғылар» – кримналды идеологиямен санасып, лидерлердi материалды жағынан қамтамасыз етедi, бiрақ субмәдениеттi белсендi түрде қолдамайды. Көбiнесе күн тәртiбiн сақтайды, өндiрiстерде жұмыс iстейдi.Мерзiмiнен бұрын босатылуына тырысады.
3. «Белсендiлер»– бұл топтың мүшелерi криминалды нормалардың ең негiзгiсiн бұзады. Ол:әкімшілікпен жұмыс жасамау. Сондықтан қылмыскерлер арасында олар беделдi емес, күн тәртiбiн бұзушылары тарапынан әрдайым қысым көреді. Бiрақ, оларды мекеме әкімшілігі белсендi түрде қорғап, қолдап отыратындықтан, осының негiзiнде қалғандары бұлармен әрдайым санасуына тура келедi.

1-сурет пенитенциарлы мекемедегі сотталғандардың стратификациясы.


4. «Отверженные» - әлеуметтiк статусы ең төмен сотталғандар. Олардың өмiр сүру бейнелерi тек қана криминалды идеологияға қарама- қарсы болғанымен, оларды мекеме әкімшілігіде қолдамайды. Бұндай топтарға криминалды нормаларды бұзғандар(мысалы өз адамдарынан азық- түлiк ұрлағандар “крысятники”); тергеушiлiк изоляторына немесе колонияға өтпей қалғандар; өсек тасығандар; өтiрiк айтуға дағдыланып кеткендер; жоғарғы қатарлардан қуылғандар және тағы басқалары жатады.
Жастар арасында жеткiншек жасқа толмағандар иерархиясы аса ерекшелiктерге толы.
Сотталғандарды белгiлi бiр статустық категорияларға нақты жатқызу- бұл олардың мiнез- құлық бағыттылығының алғашқы бағдарламалары мен жорамалдары. Сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен оларды өзгерту жұмыстарын индивидуалды түрде жүргiзу, олардың индивидуалды ерекшелiктерiн бiлумен қатар, түрмедегi ортаның әлеуметтiк – психологиялық заңдылықтарын бiлу керек.
Жастардың криминалдық субмәдениетiн зерттеумен айналысатын, көптен бiр маман В.Ф.Пирожков ойынша, стратификация, тұлға психологиясына мәндi әсер қалдырып, бiрнеше қасиеттерге ие: “өзiмiздiкi” (криминалдық нормаларды ұстанатын) және “жат” (криминалды нормаларды бұзатын) деп екiге бөлiнуi; иерархиялық сатыға байланысты рөльдерге бөлу және экспектация (күту); клейменияның (ярлык немесе жалған атау), қылмыскерлiк қоғам мүшелерiн әлеуметтiк статусын анықтау (“пахан”, “босяк”, “чушка” және тағы басқа); төменгi сатыдағы мүшелердiң достық қатынастының болмауы; жоғарыға көтерiлу мүмкiндiгiнiң жоқтығы, төмен түсудiң жеңiлдiгi (“изгой”); әртүрлi саты мүшелерiнiң тұлға аралық қатынас арасындағы субординацияның сақталуы.
Криминалды субмәдениеттiң спецификалық элементтерi: криминалды қарым- қатынас,жаргон, жалған есiмдер, таңбалар. Жаргон – шартты тiл. Негiзгi функциясы- айналадағы адамдарға берiлген информацияның мәнiн білдірмеу үшiн қолданылады. Криминалды жаргондардың пайда болуын, “офенейлердiң” (ұсақ тауарларды тасымалдаушы- сатушы) қарым – қатынас ерекшелiктерiмен байланыстырады. Олар қарапайым халықты алдау үшiн өздерiне ғана белгiлi тiлде сөйлеген. Қазiргi күнге дейiн криминалды субмәдениетте “феня бойынша сөйлесу”- деген жаргонмен сөйлеу мәнері сақталған. Мысалы Ресейде криминалды тiлдi басқаша “блатная музыка”деп атайды. В.И. Дальдiң айтуынша бұл әуендi қалташылар мен түрлi деңгейдегi ұрлық жасаған ұрлықшылар құрастырған.
Қазiргi кездегi криминалды жаргон жан - жақты қолданумен сипатталады, оның элементтерi қылмыскерлер арасында ғана емес, сонымен қатар құқық қорғаушы мекемелердегi жұмысшылар арасында, депутаттар арасында да кездеседi. Бiр сөздiң өзiнде бiрнеше жаргондары болады, мысалы “стукач” сөзiнiң өзiнде – 125, “жезөкше”сөзiнiң – 180-ге жуық жаргондары кездеседi. Жаргон сөздерiнiң өзгеруi, әлеуметтiк – экономикалық және ғылыми– техникалық үрдіске байланысты өзгередi.
Жалған есiмдер – криминалды қоғамдастық өкiлдерiнің арасындағы жаргондық қатынастың кәсіптік формасы. Жалған есiм адамның тегi мен есiмiн ғана емес, сонымен қатар оның қылмыстық ортадағы статусын жәнебағалау функциясын да айқындайды. Мысалы: “жақсы”, “жаман”, “қатал”, “мейiрiмдi” адам. Беделдi қылмыскерде ешқашан ренжiтетiн жалған есiмдер болмаған.
Жалған есiмдер тұлғаның түрлi ерекшелiктерiн бiлдiруi мүмкiн: қысқартылған есiм немесе тегi (“мара”– Марат, “Баур”- Бауыржан); дене құрылымына байланысты ерекшелiктер: “горбун”, “хромой”, “очкарик”; тұлғалық статусына байланысты: “Пахан”, “Король”- жоғары статус; “леди”, “петух”, “жаба”– төменгi статус; қылмыстық әрекет спецификасына байланысты: “Робинзон”- жалғыз – ұрлықшы, “Пляжник”– теңiз, көл ұрлықшысы, “Фунт”– ақша ұрлаған, “Джек Потрошитель – сексуалды маньяк және тағы басқа көптеген түрлерi бар.
Егер жалған есiм мен жаргон криминалды ортадағы вербалды қатынастың белгiсi болса, таңба - мәлiметтi вербалды емес түрде жеткiзу мүмкiндiгi. Таңбалардың келесi түрлерiн көрсетуге болады:
1. Тұлғаның қай сатыға жататынын анықтау;
а) беделдi – кеуделерiндегi қосу таңбасы, сегiзқырлы жұлдызша (ұрлықшы – рецидивист), тiзесiндегi алты қырлы жұлдызша (сот алдында ешқашан тiземен тұрмаймын), түрлi мөр жүзiктер.
б) «Пренебригаемые»– көз астында нүкте немесе белдiң төмен бөлiгiндегi көз – пассивтi гомосексуалист (бұндай категорияға арналған ондаған сай таңбалар бар); қастың арасындағы нүкте –“помойка”, “неряха”; мұрынның үстiндегi нүкте – тоқылдақ; иегiндегi нүкте - өз адамдарынан ұрлаған (“крысятник”); құлақтағы нүкте –“түсiрiп тастаған”, сөздi бұзған; “шестерка”– алты нүктелi мөр жүзiк.
в) «Бейтарап»: мөр жүзiк (ортасында тiк сызығы бар ромб);
2)Жасалған қылмыстың сипаты:
а) сексуалды – эротикалық бағдардағы қылмыскер: әйел дердiң кеуделерi, жалаңаш әйел, жыныс мүшелерi, мысқыл жазулар. Бұндай таңбалар дененiң жабық жерлерiне салынады.;
б) ұрлық үшiн сотталғандар, қалташылар: саусақтарында немесе өзге дене жерлерiндегi мөр жүзiк кейпiндегi «крестовая масть»; төрт тік төртбұрыштан құралған шахмат тәрiздi мөр жүзiк;
в)Тонау үшiн сотталғандар: қара мөр жүзiкте “крест” белгiсiнiң болуы;
2)Агрессивтi тұлға немесе зорлау қылмыстарын жасағандар: жануарлардың, гладиаторлардың, қаңқалардың, жүректi жарып тұрған қанжар және тағы осы сияқты таңбалар жатады.
Таңбалар негiзiнде сотталу мерзiмiн, санын және отырған орны жайлы мәлiметтер алуға болады.
Криминалды қарым – қатынас мәлiметтердi спецификалық әрекеттермен сипаттайды. Оларға: түрмедегi қабырғаны тоқылдау; саусақ арқылы визуалды қарым – қатынас (түрмелiк семафор); мәлiметтi темекiнi ұстау, оны тарту және түтiндi шығару формасына байланысты беруге болады.
Субмәдениеттiң маңызды бөлiгi, қылмыстық қоғамдастық мүшелерiнiң бос уақыттарын өткiзу. Бос уақыттарын өткiзу үрдісiнде,мынадай мәселелер шешiледi: әр түрлi криминалдық операциялардан кейiн өз эмоцияларын шығару, тiкелей емес танысу, басқа криминалды жүйенiң өкiлдерiмен кездесу, белгiлi жағдайлар жайлы ақылдасу. Қазiргi уақытта көптеген ресторан, казино, би кештерi өтетiн жерлерде, сауналарда қылмескерлерден тұратын топтар өздерiнiң “визитная карточкаларын”тастап кеткен, ал осы жерлердiң өздерi криминалды беделдiлерiнiң бизнес орталығы болып табылады. Осындай жерлердiң жұмыскерлерi криминалдықоғамдастықтың мүшелерi болмаса да, криминалды элементтермен араласуға мәжбүр болады.
Құқық қорғаушы органдарының жұмысшыларын кекетуге арналған “блатной”әзiл – ысқақтар, әуендер үлкен атаққа ие. Осының негiзiнде бiрнеше психологиялық эффектер пайда болады:
«Престижный»эффект– сол әлеуметтiк ортаның қызығушылықтары мен мақсаттарын
тура немесе жанама түрде қолдану жайлы мәлiметтен қанағат алу.
Позицияны жақсарту эффектi – қандай да бiр қиын сұрақты шешу кезiндегi оның көзқарасын қолдағаны жайлы мәлiметтен қанағат алу.
Эмоционалды эффект – эмоционалды күштен қанағат алу.
Уақытты өткiзудiң криминалды элементтерiне: қартамен ойнау, iшiмдiктердi қолдану, қауiптi мiнез – құлық жатады.
Криминалды субмәдениеттiң психологиялық механизмдерiн қорытындылай келе, криминалды ортаның интеграциясына тоқталып кетсек. Бұл, бiрiгуге, ортақтастыққа ұмтылыс болып табылады. Криминалды орта мүшелерi, қаланың жан – жағында болғанмен, өздерiнiң әрекеттерiн координациялап отырады. Осындай координацияның негiзгi криминалды беделдiлер бiрiгiп, криминалды тәжірибенің қажеттi мәселелерiн қарастырып, қаражаттың ортақ пайдалануын шешедi.
Бұндай бiрiгулер қаншалықты жасырын болса да, олардың өтуi жайлы құқық қорғаушы органдар бiлуде. Iшкiiстер органдарының оперативтi жұмысы негізінде, сол территориядағы болып жатқан кездесулерге қатысты әрекеттерге шешiм қабылдайды.
Қылмыстық элементтерге қарсы әрекеттер, криминалды субмәдениеттiң барлық механизмдерiн ескеру негiзiнде жасалады.

Криминалды субмәдениеттiң эмпирикалық белгiлерi.


Криминалды субмәдениеттiң құрылғаның, оның бар екенiң анықтау үшiн келесi критеррилерге мән беру керек:
А) Топтық иерархияны және топ аралық қатынастардың бар болуын анықтайтын белгiлер.

  • топтардың өзара келiспеушiлiгi және қақтығыстың болуы;

  • топтардың “жат” және “өз адамдары”деп, “өз адамдарын” касталарға бөлу;

  • “жаңадан келгендердi” енгiзу ритуалының кең таралуы;

Б) Әлсiздерге қатынасын сипаттайтын белгiлер:

  • жатсынғандардың болуы;

  • жатсынғандарғанақолданатынзаттарменкиiмдердi басқалайатау.

  • Статусынтөмендететiнарнайытәсiлдерқолдануыныңкеңтаралуы (iшкi киiмдерменнәскилердi жудырту).

В) Тәрбиежұмыстарыменкүнтәртiбiнеқатыстыбелгiлер:

  • күнтәртiбiнбүкiлтоппенбұзужәнебағынбау.

  • Жасөспiрiмдердiңтоппенқашуы,үйденкетуi.

  • Беделдiлердiң жұмыс iстемеуi.

  • Вандализм актiлерiнiң көрiнуi.

Г) Босуақыттарынөткiзутәсiлдерiнсипаттайтынбелгiлер:
-Қызықтыратынойындардыңкеңтаралуы.
- Босуақыттыөткiзудетүрмелiкәдiстердiңкеңтаралуы (түрмелiклирикажәнетүрмележасалатынжасандылар)

  • Токсиндiкжәненаркотиқалықзаттардытоппенқабылдау.

Д) Байланыспенқарым-қатынасәдiстерiнсипаттайтынбелгiлер.
- Жалғанесiмқоюдыңкеңтаралуы.

  • Таңбалыққарым-қатынастыңкеңтаралуы.

  • Жаргондардықолдануқарым-қатынастыңкеңтаралуы.

Криминалдысубмәдениет, топтықкриминалдыәрекетте iскеасатынадамныңсубъективтi күшi менқабiлеттерi (бiлiм, дағды, эстетикалыққажеттiлiктер, көзқарас, жан–жақтыболуәдiстерменформалары, қақтығыстышешуәдiстерi, қылмыстыққоғамдастықтыбасқару, криминалдымифология, қажетету, босуақыттыөткiзуәдiстерi, қарама-қарсыжынысқадегенқатынасыжәнетағысолсияқты) мен қылмыстыққоғамдастығының іс -әрекеттiңзаттықнәтижелерiнен (қылмыстыорындаутәсiлi менқолданылатынқұрал, материалдықұндылықтар, қаражатжәнетағыбасқа) құралады.
Кримналды субмәдениет құқыққтық сананың ахуалына негізделеді. Оның ішінде құқықтарын білмеушілік, жалған ақпараттану, әлеуметтік- құқықтық инфантилизм, құқықтық мәдениетсіздік, әлеуметтік- құқықтық негативизм және цинизм. Сонымен қатар, құқықтық сана ахуалы адамгершілік сана ахуалымен тереңдейді.
Бірақ, қылмыстық өмірдің этикалық көзқарасы бір қалыпты емес. Оларда топтың немесе тұлғаның тұрғыларына әсер ететін қарама – қарсы тенденциялар қатары көрінеді:
-“Ұрылар салтына” қайта келу.(салтшылдық тенденциялары).

  • Қоғам өзгеруіне байланысты заңдарды өзгерту.(модернизм тенденциясы)

  • Қылмыстық қоғамдастықтың мінездерінің қайырымсыздығы (криминалды субмәдениеттің вульгаризация тенденциясы)

  • Қоғам өмірінің демократияландырумен байланысты заңдарды көшіру (демократияландыру тенденциясы)

Криминалды субмәдениетте, жаңа образдарды орнату үшін “миф” ерекше орын алады.Олар: “сәтті ұры”, “батыл қарақшы” және тағы осы сияқты. Бұлар топтың бірігуіне, белгілі бір қылмыстық салттардың пайда болуына себеп болады.
Криминалды субмәдениеттің барлық жүйелік элементтері бір-бірімен байланысты және бір-біріне жеңіл енеді. Бірақ функцияларды орындауына байланысты келесі топтарға бөлуге болады:

  • стратификациялық (қылмыстық өмірде, топта тұлғаның статусын анықтайтын ережелер мен нормлар, жалған есімдер, таңбалар);

  • мінез- құлықтық (“заңдар”, түрлі классификациялық касталарға сай мінез – құлық ережелері, салттар, анттар, қарғыстар);

  • қылмыстық қоғамның “кадрлармен” толуы және олармен жұмыс;

  • “Өз адамдарын” және “жат адамдарды” тану (таңбалар, жалған есімдерді қою, қылмыстық жаргон);

  • қылмыстық өмірде тәртіпті сақтау, жазықтыларды жазалау;

  • коммуникация (таңбалар, жалған есімдерді қою, қолдың жаргоны);

  • сексуалды – эротикалық (эротика және құндылық, “вафлерство”, “парафин”, статусын төмендету үшін арналған ер адаммен қатынас);

  • материалды- қаражаттық (қылмыс жасау үшін құралдарды дайындау және сақтау);

  • бос уақытты өткізу (демалыс пен көңіл көтеру мәдениетінің бұрмаланған “извращенный” түрі);

  • өз денсаулығына спецификалық қатынастың функциялары – наркомания, маскүнемдік, дене мүшесін зақымдаушылықтан бастап, криминалды әрекет қызығушылығына қатысты белсенді түрде спортпен шұғылдану.Криминалды субмәдениеттің келтірілген атрибуттары шартты болғанмен, оның мінездемесі криминалды субмәдениеттің элементтерін өңдеуге мүмкіншілік береді.

Негізгі және қосымша әдебиет: 1-13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет