Қазақ әдебиеті
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
«Ақсақ киік» өлеңіне талдау жасау
|
Сілтеме
|
Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Білімділік:
а)ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағ- дай туғызу,``Ақсақ киік``өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә)өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгере отырып автор шеберлігін тануына көмек- тесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық:
а)шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеті нің дамуына тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә)өзбетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықта- нып,түйінді ой,өзіндік пікір қалып тастыруына жол ашу;
Тәрбиелік:Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлеи білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрi: кіріктірілген.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру,тест сұрақтары, сто.
Пәнаралық байланыс: тарих,дүниетану,математика.
Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті,шығармалары, Қазақстан картасы ,электронды күй дискісі, интерактивті тақта, сто перфокартасы.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Бәріміз бірге шеңберге тұрып, мына сөздерді айтайық:
Балалардың достығын
Көрсетейік біз бүгін!
Әлемдегі барлық жанға айтамын,
Татуласып жүрген жақсы, байқадым!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Қане,балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?
Қазір жыралыбы Жамбыл төңірегінде оқып білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауап беріп көрелік.
Тест сұрақтары:
1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде. С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж.Көкшетау облысында.
2. Жамбылдың шығармасы. А)``Сұраншы батыр`` В)``Қыс`` С)``Сағындым`` Д)``Жүйрігім`` 3.Жамбылдың ұстазы кім еді? А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай
4.``Өтеген батыр``дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы,шұрайлы жері қай жерде еді? А) Қызылорда В) Жерұйық С) Қазығұрт Д) Сарыарқа
5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндеиді? А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.
6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды? А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында. С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.
|
Мағынаны тану
|
Мақсаты мен таныстыру. -Балалар,біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмірімен "Ақсақ киік "өлеңімен танысамыз.Өлеңімен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз.Ақын өмірі туралы тарихшы мұғалім Абушакирова Қарақас тәтейлерің айтып шығады.
Тарих пәнімен байланыс.Мәліметтер. -С.Сейфуллин туған жылы,жері. -Ақынның өмір жолы,репрессия құрбаны болуы - тарихи кезең Бетпақдала арқылы Верныйға жетіп кеңес үкіметін құруға атсалысуы. - ақын шығармасының кейіпкері ақ бөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын картадан көрсету.
Әдебиет пәні бойынша. -Тарих бойынша біраз мағлұмат алсақ,енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып,талдау жасайық.
1.Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік” күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. 2.Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап,экраннан жазылған сөздерді көрсету.
-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.
-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.
-Қос-шатыр,күрке. -Бетеге- шөп атауы.
-Киік –аталық жануар. -Бөкен-ананлық жануар.
3.Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі.Мына жолдарға назар аударайық.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
4.Өлең құрлысына назар аударайық
Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а
Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а
Сол шөл-де ел жоқ ,күн жоқ өс-іп- өн-ген 11 б
Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11 а
Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.
- Балалар,енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе? Осы киік деп аталатын жануар туралы толық мәліметті бастауыш сынып мұғалімі Құдайбергенова Ардақ тәтейлерің дүниетану пәнімен байланыстырып береді.
Дүниетану бойынша. - Киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту.
- Жануардың табиғи ерекшелігі.
- Физиологиялық дамуы, жамылғысы.
- Мекен ететін ортасы туралы.
- "Киік”сөзінің этимологиясы.
-Тірек схемасы бойынша жұмыс.
- Экологиялық жүйедегі орны туралы.
Ал енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз?Осы сұрақ төңірегінде математика пәнінің мұғалімі Амантаева Мерей тәтейлерің мынадай түсінік береді.
Математика бойынша.
-Кеңес дәуіріндегі жануарлар туралы.
-Киіктің дене тұрқы,салмағы,жылдамдығы туралы түсінік беру.
-Қазақстандағы киіктер санының өзгеруі туралы гестограмма.
-Ойлау шапшаңдығын дамытуға арналған логикалық есептер шығару
. -Міне,балалар,біз сендермен ақ бөкендердің өмірі туралы жалпы мағлұматты алып отырмыз енді оқулықтарыңнан "Ақсақ киік” өлеңін ашып мәнерлеп оқимыз.
1.Кітаппен жұмыс.Мәнерлеп оқыту.
2.Дәптермен жұмыс.Сөздік жазу.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
1.Топтастыру.
2.Сәйкестендіру пер-фокартасымен жұмыс.
3.Балалар,осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді?Біз нені түсіндік?
VII. Сөз соңында айтарымыз,ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік.Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың "Жез киік” әні,С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады.Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен”өлеңімен толықтырған. Сөзі:Несіпбек Айтовтікі Әні: Жалғас Назаровтың өлеңімен аяқтаймыз.
Дертімді менің қозғама
Онсызда ғұмыр аз ғана,
Айталмай кеткен сырың бар
Жадырып тұрған жазға да. А
дасып жүрген ақбөкен!
Қай жаққа ауып барасың
Қай жақтан пана табасың
Өзегі өксік дүние-ай
Өртеніп, күиіп- жанасың!
Асарсың шаршап сан қырдан,
Ақ боран шығар алдыңнан
Қорғансыз болып тұрған соң
Жақсылық күтпе тағдырдан.
Шексіз ғой мынау қара жер,
Өзіңді өзің пана көр
Ажалдан қашқан тіршілік,
Сағымдай заулап аға бер.
|
Үй тапсырмасы
|
1.”Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.2.”Біз- табиғат сақшысымыз” ойтолғау жазу.3.Оқиға желісіне байланысты сурет салу.
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ әдебиеті
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
І.Жансүгіров «Күй» поэмасы
|
Сілтеме
|
Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
А) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру.
Ә) Талдау арқылы оқушының білім дағдыларын дамыту.
Б) Өнер құдіретін бағалауға, қазақтың күй өнері мен күйшілігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
1 топ. "Алғырлар" ІІ топ"Тапқырлар"
Екі топтың бастаушылары келіп сандықшадан нөмір салынған асықты алған соң, асықты иіреді, асық қалай түссе, сол топ жауап беруді бастайды.
1. Сайысымыздың бірінші шарты бойынша екі топтан 2 оқушы келіп "Дауысты дыбыстар" және "Дауыссыз дыбыстар" атты кестені толтырады ( топ болып орындайды ).
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
– Бәріміз бірге шеңберге тұрып, мына сөздерді айтайық:
Балалардың достығын
Көрсетейік біз бүгін!
Әлемдегі барлық жанға айтамын,
Татуласып жүрген жақсы, байқадым!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Оқушыларға түрлі түсті топшамалар таңдатып,артындағы сұрақтарға жауап алу. Сол арқылы төрт топқа бөлу.
1. Сәкен Сейфуллин қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
2. Сәкен Сейфуллиннің анасы мен әкесі кім?
3. Сәкен қай жерден білім алған?
4.Сәкеннің шын есімі?
5. Сәкеннің поэмаларын ата.
6. Сәкен Сейфуллинің романын ата.
7. «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясы
8. «Ақсақ киік» өлеңінде ақын киіктің сұлу, әрі мүскін халін қалай бейнелейді?
9. «Ақсақ киік» өлеңі қанша буынды, қандай ұйқасқа құрылған?
10.Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...?
Ақ бөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?
-деген жолдардан метафораны табыңыз.
11.Қиырсыз, Бетпақдала...қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.
Меңіреу...тірі жан жоқ...жып-жылмағай...
Ел қайда?Ел –алыста-шулаған ел?
-деген жолдардан эпитеттерді табыңыз.
12. «Ақсақ киік» өлеңінен үзінді оқыңыз.
13. Сәке өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты жырлады. Оның шығармаларындағы
сұлулықтың символы нелер?
І .Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» стратегиясы.
-Балалар, Сәкенді біз сыршыл ақын деп танимыз. Оның сезімтел болып өсуіне туған жерінің тамаша табиғаты әсер етпей қоймаған екен.Оның елінде көптеген әнші-ақындар болған екен.Сәкеннің алғаш тыңдап, мол әсер алған жайлары ауыл- аймағындағы ақын, әнші-домбырашылардың өлең айту, күй тарту өнерлері ақынның поэзияға, ән-күйге құмарлығын ерте сергітті.
-Шын мәнінде барлығымыз да ән-жыр тыңдағанды жақсы көреміз, солай емес пе? Олай болса Қыдырнияз бізге күй орындап берсін.
-Күйден қандай әсер алдық?
-Қазір бізге күй туралы тереңірек
|
Жаңа тақырып І. Жансүгіров «Күй» поэмасы.
1. Ақынның өмір жолына шолу
1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауылында) туған. Анасынан ерте қалған Ілияс әкесі Жансүгірдің тәрбиесінде өседі. Жансүгір хат танитын, шағатай тіліндегі кітаптарды жинайтын , аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, жақсы білетін, әңгімеші, домбырашы болған.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас кезінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.
Алғашқыда әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс кейін Қарағаш деген жердегі мектепте оқиды.1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп, оны 1928 ж бітіріп шығады. Елге келіп “Еңбекші қазақ” газетінде еңбегін жалғастырады. Қазақ өнеріің сері ақыны Ақан жайында “Құлагер” поэмасын, қазақ өнері, күйін аспандатқан “Күй”, “Күйші” поэмасын жазады. Туған даласы, Отан туралы сүйіспеншілігін “Дала” поэмасында ақтарады.
Ілияс лирикасының асқар шыңы атақты “Күй” поэмасы. “Күй” поэмасында ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып, атадан балаға мирас болып, уақыт сынынан сүрінбей келген, бір ғасырлық шежіренің куәсі болған, титтейінен Ілиястың құлағына сіңісті, жүрегінің төрінен орын алған, жазуға түрткі болған қасиетті қобызшылық дәстүр жайлы сыр толғап, күйшілік өнерді дәріптейді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу (баяу күй әуені ойналып, суретті слайдтар көрсетіледі)
3. Сөздік жұмысы
Бақайшақ - аяқтың башпай тұсы.
Қорда- заттың үйіндісі.
Ақшам – іңір, апақ-сапақ кез.
Селеулер – селдіреу.
Өліара – ескі ай мен жаңа айдың аралығындағы мезгіл, уақыт.
Тақым – тізенің астыңғы, ішкі жағы.
Бұйда - түйенің не өгіздің мұрындығына тағылған ұзыедығы 2-3 құлаштай бас жіп, бау.
Үргенші- Ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы.
Саңғыраған – айқайлаған дыбыс.
Дабырауын – айқай –шу, даурықпа сөз.
Поэма - (грекше poiema - туынды) өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
«Кубизм» стратегиясы
|
Достарыңызбен бөлісу: |