Қазақ әдебиеті
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Сымайыл
|
Сілтеме
|
Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
білімділік – Оқушыларды ислам діні мен Адам ата туралы алған білімдерін нығайтып, Сымайыл, Зәмзәм әңгімелерін оқыту арқылы білімдерін шыңдай түсу, біліктіліктерін арттыру.
Дамытушылық – Оқушылардың дін туралы дүниетанымын кеңейтіп, жақсы мен жаманды, ақиқат пен жалғанды ажырата білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, ұтымды сөз саптай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік – Оқушыларды жамандық атауынан жирендіріп, адамгершілікті, парасаттылықты, ізгілікті және имандылықты жас өмірлеріне арқау етуге тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, біз өткен сабақтардан бері құран кітабының қасиетін, Ислам дінінің тазалығын, Алланың Адаматаны жаратуын оқып, көңілімізге тоқудамыз. Біз осы азғана сабақта дін туралы біраз нәрсені ұғынып, қасиетті құран кітабының сырына үңіліп, Аллаға деген сенімімізді нығайта түскендей болдық. Құранмен толық танысуға ұмтылған адамдар оның құдіреттілігіне тәнті болуда. Себебі, ол адамның жаратылысынан бастап ғалам жаратылысын толық қамтиды. Бүгінгі ғалымдар тапқан жаңалықтың бәрі қасиетті Құранда жазылған. Құран кітабының қасиеті сондай – осы күнге дейін бірде бір әрпі өзгеріске түспеген. Құранның қасиеті туралы сабақ барысында өздерің үйден ізденіп келген мысалдарыңды дәлелдейсіңдер.
Қандай істі бастамас бұрын «Бисмиллаһир-рахманир-рахим» деп бастасаң, сонда сол істің сауабы тиеді, істеген ісің жақсылыққа бастайды. Ендеше бізде өз сабағымызды бисмиллаһир-рахманир-рахим – деп бастайық.
Қоржын ойыны. Әр топ оқушылары қоржыннан асық алып, асықтағы белгіленген нөмір бойынша интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Құран Кәрімде неше пайғамбардың есімі көрсетілген? (25 пайғамбардың есімі аталған)
Ислам дінінде құранның алдында қандай кітаптар болған? (Таурат - Мұсаға, Забур – Дәуітке, Інжіл – Исаға, Құран – Мұхаммед пайғамбарға түсірілген.
Алғашқы пайғамбар мен соңғы пайғамбардың атын ата! Осы екі пайғамбардың арасында неше пайғамбар өткен? (Алғашқы пайғамбар – Адамата, соңғы пайғамбар – Мұхаммед, арасында 124 пайғамбар өткен, Құранда 25 пайғамбардың ата аталған.
Құран Кәрім аяттары Мұхамбет пайғамбарға кім арқылы жетіп отырған және қанша жыл ішінде түсіп отырған? (Жәбірейіл періште арқылы 23 жыл бойы түсіріліп отырған)
Құранды толық етіп жинап, кітап қылып шығарған кімдер? (хафиз, сахаба)
Сапиолла, Қари атауларына түсінік бер! (Сапиолла -Адаматаның шын аты. Қари – құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.
Екі топ өздерінің дайындап келген Құранның қасиетін дәлелдейтін нәрселерін көпшілікке ұсынып таныстырады.
Интерактивті тақтадағы жазулар
Эйнштейн: «Менің діни ұғымым - шексіз болған бір Рухтың бар екеніне негізделеді. Тәңірдің құдіреттілігі, оған деген терең сенімді сезіну үшін мына әлемге назар салғанымның өзі жүрегімде жарату бар деген сенімді нығайта түседі».
Америка медициналық пәндер академиясының мүшесі Марит Стенли: «Өмірдегі барлық нәрсе Жаратушының барлығына куәлік беріп, Ол құдіретті және ұлы екенін дәлелдейді. Біз, ғалымдар, дүниедегі кейбір нәрселерді зерттегенімізде Жаратушының даналығы, қолы және құдіреттілігімен жаратылған нәрселерді әңгімелеумен шектелеміз»
Американдық доктор Хилл: «Құран құдірет иесі Алла тарапынан түскен кітап екеніне еш күмәнім жоқ».
Академик Ю.Крачковский: «Исламды Құрансыз түсіну мүмкін емес!».
Канадалық доктор Миллер: “Ей мұсылмандар Тәңір сіздерге қандай жақсылық бергенін және өзге діндерде оның жоқ екендігін білмейсіздер. Мұсылман болғандарыңызға шүкір етіңіздер. Құранның ақиқаттарын ашу үшін оның аяттарына ой салыңыздар. Мен Құранға ой салдым, сондықтан дұрыс жолды таптым"
Сөзжұмбақты шешу арқылы Адамата жөнінде әңгімелеу.
1
|
ғ
|
а
|
л
|
а
|
м
|
|
2
|
п
|
е
|
р
|
і
|
ш
|
т
|
е
|
|
3
|
А
|
д
|
а
|
м
|
а
|
т
|
а
|
|
4
|
қ
|
ы
|
з
|
ғ
|
а
|
н
|
ы
|
ш
|
5
|
ж
|
а
|
н
|
а
|
т
|
|
6
|
а
|
ң
|
ғ
|
а
|
л
|
д
|
ы
|
қ
|
7
|
т
|
і
|
р
|
ш
|
і
|
л
|
і
|
к
|
Алла тағала алты күнде нені жаратты?
Алланың оттан жаратқан жаны
Алла он сегіз мың ғаламды кім үшін жаратты?
Көре алмаушылық қасиетінің екінші баламасы
Күнәдан пәк адамдардың о дүниелік мекені
Дұшпанның айласына илану қандай қасиеттен туады?
Алла Адамзатты сынақ үшін қайда жібереді?
|
Мағынаны тану
|
Мұғалім сөзі: Оқушылар, осы үстіміздегі айдың 15,16,17 күндері елімізде қандай діни мереке атап өтілді? ( Оқушылар Құрбан айт мересінің тойланғанын айтады) Иә, балалар, дұрыс айтасыңыздар! Мұсылман мемлекеттерінің бәрінде, біздің елімізде де Құрбан айт мерекесі тойланды. Ал енді осы Құрбан айт мерекесінің тууына қандай діни оқиға себепші болды. Қандай пайғамбарларымыздың өмірі сынға түсті? (Оқушылар Ибраһим пайғамбардың ұлы Сымайылды Алланың әмірімен құрбандыққа шалуға бет байлағаны, Алланың әмірімен аспаннан қошқар түсіп, Сымайылдың жаны аман қалғанын, Ибраһим пайғамбардың Аллаға деген сенімінің пәктігінің дәлелденгенін, сол күннен бастап құрбандыққа мал сойылатыны туралы әңгіме өрбітті.) Жарайсыңдар, балалар! Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз да осы Құрбан айт мерекесінің себепшілері, Аллаға деген сүйіспеншілікті өзінің өмірінен де, отбасынан да жоғары қойған ұлы пайғамбар Ибраһим мен баласы Смайыл туралы болмақ.
Мұғалім оқушыларды жаңа тақырыптың мазмұнымен таныстырады. Ебелек ұшпас елсіз, шөлді даланың мұсылман елінің астанасы Меккеге айналуы туралы сөз қозғап, Мекке, Медине жерінің суреттерін интерактивті тақта арқылы оқушылардың назарына ұсынады.
Сымайылдың тағдырдың талқысына түсуі
Бұл жер Сымайылдың өкшесінен Зәмзәм суының аққан жері – Мекке. Тіршіліктің сарқылмас қайнары – Зәмзәм.
|
Сергіту сәті
|
Қысылғанда пендеге
Қорған болар бұл Хадис.
Адасқанды әр уақыт
Тура жолға шақырған,
Іші толы насихат.
Мағынасын білгенге,
Құмарланып білуге,
Әрекет ет жасыңнан
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Хадис – пайғамбардың өсиет сөздері “Хадис пен қазақ мақалының үйлесімі”
Хадис: “Ақылдылықтың бастауы – құдайдан қорқу”.
Хадис: “Тазалық – имандылықтың жартысы”
Хадис: “Алла тағаланың асыл қасиеттеріне тән сипаттың бірі – кешірімділік. Ол кешірімділікті ұнатады”.
Хадис: “Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Әкеге қарсы шығу – Аллаға қарсы шығумен бірдей”
Хадис: “Жанаттың кілті аналарыңның табанының астында”.
Хадис: “Ғылымды Қытайда болса да іздеп барып үйреніңіз, ғылымды іздеу - әр адамның парызы. Жолдың қашықтығына, халықтың жаттығына қарамаңыз. Ғылымды қайдан көрсеңіз де сол жерге барып үйреніңіз”
Хадис: “Ақиқат байлық мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық – кеңпейілділік”.
Хадис: “Таңғы ұйқы несібені ортайтады”.
Хадис: “Ақылдасып атқарылған жұмыс берекелі болады”.
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ әдебиеті
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Зәмзәм суы
|
Сілтеме
|
Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
а) білімділік. Оқушыларды “Зәмзәм” әңгімесімен және оның тәрбиелік мәнімен таныстыру.
Ә) дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Б) тәрбиелік. Адамгершілікке, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, «Әдебиет үйірмесі»
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аудиожазба
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
І. Ой шақыру
(Аудиожазба орындалады. Сұрақтар қойылады)
1. Бұл қандай шығарма?
2. Бұл шығарма қалай пайда болған?
3. Оның тәрбиелік мәні қандай?
Үй тапсырмасын сұрау:
“Сымайыл” әңгімесін баяндау
Венн диаграммасы. Дәстүр мен дінді салыстыру
|
Мағынаны тану
|
Мағынаны тану
(Өз сөзіңмен жалғастыр)
І. Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған тауқыметке көнді...(азық, сусын, ішегі шұрылдады, ерні кезерді, баласы шырылдап безек қақты, омырауына қысты, көз жасы көл болды )
ІІ. Сонан Ажар баласын жерге қойды да, су іздеп шықты...(Сафа тауы, Марва тауы, баланың жылауға шамасы келмеді, бала бір аяғымен жерді түртіп қалды, бұлақ ақты.)
ІІІ. Баласы екеуіне Алланың жасаған рақымы... маңдайынан тер шықты, баласына су берді, өзі суға қанды, серги бастады, су - зәмзәм, қажыға барушылар, көтергендерінше алып қайтады.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Толғаныс.
1. Тарихшылар – қосымша тарихи дерек дайындау;
2. Әдебиетшілер – діни әңгімелердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталу;
3. Тілшілер – сұхбат алу;
4. Суретшілер – салған суреттерін түсіндіру;
|
Үй тапсырмасы
|
1. “Зәмзәм” әңгімесін оқу;
2. Діннің шығу тарихы туралы мәлімет жинау.
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ әдебиеті
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ә.Тәжібаев «Толағай»
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
а) білімділігі: «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына ел аузындағы аңыздың арқауболғандығы.Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну.
ә)тәриелілігі:Елге,Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып,сүйіспеншілігін арттыру. Батырлыққа, ерлікке, отаншылдыққа тәрбиелеу.
б)дамытушылығы: Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету,талдай
білуге,өзіндік ойын дәлелдей тұжырымдай білуге жетелеу,мәнерлепоқуға машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Әдеби ертегіні талдау,жеке тапсырмаларды орындау,салыстыра
талдау,мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ жауап.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй жұмысы дәптерлерін тексеру,бағалау
|
Мағынаны тану
|
д) «Толағай» ертегісінің авторы Ә.Тәжібаевтың әр алуан қырын таныту.
1.Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз./Слайд арқылы /
-Балалар, біз бүгін халқымыздың дарынды қаламгері Ә.Тәжібаев туралы біраз мағлұмат алып, шығармашылығынан хабардар боламыз.
Иә, балалар , Ә. Тәжібаев –туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.. Оның өмірінен біраз мағлұматты өздерің де айтып өттіңдер. Оның ірі еңбектері мен де таныс болдық. Бүгінгі сабағымыз Ә. Тәжібаевтың Толағай әдеби ертегісі төңірегінде болмақ.
ІҮ. Әбділда Тәжібаев: ақын, дастаншы, прозашы, ойшыл, драматург, әдебиетші, қоғам қайраткері, үздік қаламгер.
2.Әдеби ертегінің жай ертегіден айырмашылығына тоқталу:
– ертегі дегеніміз не?
– оны неге ауыз әдебиеті түріне жатқызамыз?
– ертегілер қалай жазылады,
– қандай ертегілер білеміз?
… Ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер.
Авторы белгілі болса ертегіні әдеби ертегі деп атайды.
Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер де халық ертегілері сияқты өлең сөз және қара сөз түрінде айтыла береді.Бұлар да еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды.
– ал, бүгінгі тақырыпқа назар аударайықшы, «Толағай» ертегісі неліктен әдеби ертегі деп аталған, оның ертегіден қандай айырмашылығын байқадыңдар? (өлеңмен жазылған авторы бар)
3.-Дұрыс. Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік. Алдымен мына бір өлең жолына назар аударайықшы.\Толағай ертегісіне байланысты жасалған суретті журналды қолданамын.\
-Мен де тудым біреуі боп еркектің ,
Мені де әжем әлдилеген,тербеткен.
Қорқыт күйін,ерлік жырын жаттатып,
Танытқан сол: 4-ғажайыбын жер-көктің.
Таңдамадым жыраулықтан басқаны,
Жатқа айтамын Сар даламның дастанын.
Ал тыңдаңдар,Толағайды,Тарғынды,
Жыр сүйетін достарым мен жастарым.
– жас баланың атын қалай қойды? \Осы жерде шумақ өлеңін оқып беремін.\
4.Ертегіні оқи отырып, мазмұнына тоқталамыз.
5. Жолбарыспен кездесуінде, мақал –мәтелдер арқылы талдатамын.
\ Толағайдың анасынан ақыл сұраған жерінде анаға көңіл бөлдіру.\
– Балалар, сонау ықылым заманнан қазақ халқы ананы ерекше бағалаған, ананың сөзінен көп тәлім алған. Осы жердегі Толағайдың сөздерінен де соны көруге болады.
6. – Балалар, енді сендермен сергіту сәті ретінде мына бір қойылымға назар аударайық. Толағайдың жаңбырлы жер іздеп кеткен жерін инцинировка арқылы оқушылар көрсетеді.
ТОЛАҒАЙ:
– Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.
Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырармын
Адал ақыл айтар кімдер?
АНАСЫ:
– Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?
ТОЛАҒАЙ:
– Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде.
Не істесем болады?
АНАСЫ:
– Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл – Алла әмірі
ТОЛАҒАЙ:
– Білсең, Апа, айтшы!
Көп жауады қайда жауын?
АНАСЫ:
– Толағайжан, менің білуімше,
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Тауда тандыр
Үзілмейді жылда жаңбыр, – дейді
ТОЛАҒАЙ:
– Иә, (қуанып) Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін.
Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін (жүгіре басып кетеді)
7. – Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?
– осындай елге деген сүйіспеншілік сезім, сендердің бойларыңнан табыла ма?
8. Толағайдың таудың астында қалып өлген жеріндегі
Отаны үшін өлді бала – өлді сөзін қазақ тілі мен байланыстыру.
– Балалар қазақ тілінде бұл сөзді қалай жеткізеді.
-Дұрыс, дүниеден өтті, көз жұмды, бақилық болды, о дүниеге аттанды, Дүние салды, қайтыс болды,
– Енді лексикадан бұларды қандай сөздер қатарына жатқызамыз?
– Толағай бейнесі мен «Керқұла атты Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші.
- Енді тақтаға назарымызды аударып көрейікші.
Кендебай
|
Толағай
|
1 Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6-жастағы бала болды
2. Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді)
3.Таз, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді
|
1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын, мықты болды.
2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді)
3.Толағай еліне жауын алып келіп, халқын аман алып қалды.
|
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Тест сұрақтары.
1.Ә.Тәжібаев қашан туылды?
А) 1905ж В) 1909ж С) 1910ж
2.Толағай неше жасында садақ тартты?
А) 7 В) 9 С) 11
3.Толағай әкесімен қайда шықты?
А) Аңға В) Соғысқа С) Қонаққа
4.Саржан қандай аңмен күресті?
А) Қасқыр В) Арыстан С) Жолбарыс
5.Толағай әкесін қалай құтқарды?
А) Аңды атып өлтірді В) Аңды көрге лақтырып жіберді С) Аңды қақпанға түсірді
6.Толағай жеңген аңын не деп ойлады?
А) Мысық В) Сілеусін С) Жолбарыс
7.Дастандағы жаңбырлы өңір қайда?
А) Сыр бойы В) Тарбағатай С) Жетісу
8.Жыр қалай аяқталды?
А) Толағай сүрініп қайтыс болды В) Толағай мұрат-мақсатына жетіпті
С) Толағай 100 жасады
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ әдебиеті
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Толағай бейнесі
|
Сілтеме
|
Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Білімділік: «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына назар аударту, Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері туралы баяндау.
Тәрбиелік: туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: әдеби ертегіні талдау, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, іздену, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
«Ой қозғау» стратегиясы.
Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.
Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Атақты ақын Нартай келіп, Әблділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. «Сыр елі - жыр елі» атанған сырда туып - өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.
Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.
Ә. Тәжібаев талғампаз тарих төрінен ойып тұрып орын алған тұлға. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Сыр өңірінде дүние есігін ашқан Әбділда әкесінен ерте айрылса да, анасының аяла алақаны арқасында жатқа жалтақтамай өсті. Бала кезінен әдебиетке құмарлығын оятқан да анасы.
Айманкүл шеше таңды таңға қосып, қисса оқитын. Ақынның әдебиетке жақындығы осыдан басталса керек. Әбділда ақын халқын «Толағаймен» табыстырды. Толағай еліне жаңбырлы тауды қалай көтеріп әкелсе, ақын поэзияға өзінің арқалы жырларын арқалап келді.
2. « Толағай» ертегі дастанын мазмұндау.
1. Ерекше өскен Толағай
2. Толағайдың жолбарыспен айқасы
3. Елі үшін құрбан болған Толағай.
Әр топ өзіне берілген бөлімді мазмұндап болған соң, ерлік, батырлық, Отан туралы мақал - мәтел айтқызу.
Мысалы: Отан үшін отқа түс күймейсің. Ер ел үшін туады, елі үшін өледі.
ІІ. Мағынаны тану. Кубизм әдісі
І. Мінездеу. ( Толағайға мінездеме беру)
ІІ. Салыстыру (Толағай бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)
ІІІ. Зерделеу (Ертегіден тұрақты сөз тіркестерін, мақал - мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп жазу)
ІV. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )
Мінездеу
Мінезі Қай оқиға тұсында
Батыл, өжет Тауды көтеріп әкелуі
Салыстыру. Венн диаграммасы
Ортақ қасиеттері
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
ІІІ. Толғаныс. Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
2. Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
4. «Толағай» әдеби ертегісін құрылысына талдау жасау.
Басталуы. Саржан атты мерген болуы
Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі
Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы
Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасуы
Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы
Шешімі. Еліне жауын жаудыруы
Қорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.
Рольдік ойындар
Кім? Қашан? Қайда?
Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.
1 – топқа. «Ұйықта қозым»
(Саржаннның Толағайды ұйықтатуы )
2) Өлдім, балам, Толағайжан!
3) Көзімді іліп алайын.
4) Күшті болсаң келе қал
5. Жауын қайда көп жауады, білсең апа айтшы.
Сабақты бекіту.
1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?
2. Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді?
3. Ә. Тәжібаев кім болған?
4. Қандай шығармалары бар?
Қорытынды. «Ерлік аспаннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп Б. Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.
|
Үй тапсырмасы
|
«Отан үшін отқа түс күймейсің» (ойтолғау жазу)
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |