Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет8/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

А.Сейдімбек «Әйел-ана» ертегісі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1)Әйел-Ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде  мағлұмат беру;

2) Тілдік қорларын байыта отырып, ойлау, есте сақтау   қабілетін  дамыту;

3) Оқушыларды адщамгершілікке, инабаттылыққа, ананы  сыйлауға, құрметтеуге  тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Қызығушылықты ояту


1) А.Сейдімбек туралы топтастыру арқылы мағлұмат беру

2)А. Сейдімбектің «Әйел-Ана» әңгімесін сатылай кешенді талдау  әдісі бойынша   түсіндіру

Әйел-Ана

Күншуақ елі

 Қапыда шапқан жау

Жау әміршісінің жарлығы

 Тұтқындардың шешімі

Ақ шашты ананың ақылы

Жау әміршісінің алдануы

Қасиетті сөз




Мағынаны тану


Әдеби ертегілер - сюжетіне ел аузындағы аңыз әңгімелер немесе жазушының қиялынан туған қиял-ғажайып оқиға негіз болатын, авторы белгілі көркем шығарманың бір түрі. Жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі осындай көркем шығарманың түріне жататын ертегінің бірі.
Ерте кезде ғажайып бір өлкеде мамыражай тірлік кешкен, кішісі үлкенін сыйлаған, үлкені кішісіне қамқор болған, ер көңілді жігіттері, ақылына көркі сай ару қыздары бар, ынтымағы жарасқан Күншуақ деген ел болыпты деп басталады ертегі. Сол елдің айрандай ұйыған тіршілігін көре алмаған, түгін тартса, майы шығатын жеріне қызыққан жау тұтқиылдан шабуыл жасап, қапыда қалған жұртты тұтқын қылып, кіріптарлыққа ұшыратады. Тас қамалға қамалған тұтқындарға бірде жау ханының жарлығы жеткізіледі. Асқан зымияндықпен ойластырылып, босқан елдің еңсесін мүлдем түсіруді мақсат еткен ханның түпкі ойы елді мүлдем тоздырып, өзіне түбегейлі бағынышты ету болатын. Алайда кіріптар жұртты дағдартқан хан жарлығының қаупінен елді өз ішіндегі ақ шашты ана аман алып қалады. Ханның астарына қулық жасырынған жарлығын өз аузынан естіген Ана хан сөзінің екі болмайтынын алға тартып, ақылымен, тапқыр шешімімен тұтқынға түскен жұртын түгел бостандыққа алып шығады. Осылайша Күншуақ елі құрып кете жаздаған қиын шақта Әйел-Ананың ақыл-парасатының арқасында аман қалыпты. Әйелді бұрын да қадір тұтатын Күншуақ елінің осы оқиғадан кейін Әйел-Анаға деген сый-құрметі тіпті ерекше болыпты. Тіпті халықтың ең асыл мұрасы – тіл болса, оны да, «Ана тілі» деп, Әйел-Ананың ақ сүтінен даритын құдірет-қасиетке балапты.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

 Дәптермен  жұмыс

1)Ертегідегі тауға, далаға, орманға, көлге қатысты сипаттау сөздерді тауып, мына үлгі бойынша жазу:

….  …..   таулары

….. …… далалары

….. …… орманы

….. …. өзен-көлдері

УІ.Шығармашылық жұмыс

1)Бес жол өлең құрастыру

І-топ: Күншуақ елі

ІІ-топ: Ана туралы

УІІ.Сергіту сәті

«Ана» туралы өлең айту

УІІІ.Поэзия минуты

1)«Ана» туралы білетін өлеңдерін мәнерлеп айту

2) «Ана» сөзін топтастыру

ІХ. Сабақты бекіту

«Құрақ құрау» ойыны

Шарты:


-Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап бере отырып, құрақ құралады.

-Сурет бойынша сабақ қорытындыланады

1)Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады

2)Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық           жасады?

3) Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?

4) Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Талдау.А.Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»

Сілтеме

Әдебиет 5-сынып «Атамұра» 

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен, аудармаларымен таныстыру және өлеңнің идеясын білуге бағыттау

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы орындалған дәптерлерін тексеру,бағалау

Мағынаны тану


 А.Байтұрсынов «Өгіз бен Бақа»
Интерактивті тақтадан Ахметтің суреті көрсетіледі.
- Бұл кім?
- Ол туралы не білесіңдер?
-Оның қандай өлеңдерін оқыдыңдар? деген сұрақтарға жауап алып, одан әрі Ахметтің өзінің, қазақ жастарымен түскен т.б суреттерді көрсетіп, Ахмет туралы айтып өтемін де өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырып, жаңа сабаққа көшемін.
І. Білу 
Ахмет Байтұрсынұлы –балаларды оқу –білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы педагог, қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы. Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте шыққан « Қырық мысал» жинағынан басталады. «Қырық мысал»- ұлы ағартушының мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан.Қырық мысалға» кірген өлеңдер түгелдей орыс ақыны И.А.Крыловтан аударған.
Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып,қоңырайма, құрбыларым,- дей тұрғанмен осы қырық мысал өлеңнің бәрі де түгелімен аударма секілді емес.Крыловтан аударған сондай аудармаларының бірі- «Екі шыбын». Бұл мысал түрінде жазылған. 
Мысал дегеніміз не?
Мысал дегеніміз- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта болады. Көбіне аң,хайуанат, жәндік туралы жазылады,сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.
Идеясы астарсыз ,ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма,шымыр келеді.
ІІ.Түсіну. Мағынаны ажырату
Оқулықпен жұмыс
ІІІ. Қолдану 
Сөздік жұмысы
Сарша тамыз- өте ыстық
шырақ- айналайын
помың - формаң,пішінің
Сергіту сәті
ІV. Талдау. Топтық жұмыс
Кейіпкер мінезін ашу Бақа қандай? Өгіз қандай? Берілген кестені толтыру
Шығарманың тақырыбы Автор ойы Менің ойым

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Сұрақ-жауап
1. Мысал кейіпкерлерін ата. 2. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады? 3. Бақаны әлекке салған қандай сезім? 4. Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа қандай күйге душар болды? 5.Ақын Бақа образы арқылы қандай адамдарды бейнелеген? 6.Мысалдың түйінді ойы қай жерінде жазылған? 7.Бақа сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
Сендер қалай ойлайсыңдар, шыбын сияқты адамдар өмірде кездесе ме? Өздеріңнің бойыңда сондай қасиет кездессе, одан құтылудың жолын қалай іздер едің?
Кері байланыс (рефлексия) «Сөйлемді аяқтау» әдісі
Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Мен үйрендім....., Алдағы уақытта...., Мені таңқалдырды......
Сынып оқушыларын бағалау дескриптор арқылы оқушының өзін-өзі бағалауы арқылы жүзеге асады.

Үй тапсырмасы

« Өгіз бен Бақа» өлеңін жаттау,өздеріңе ұнаған кейіпкердің суретін салып келіңдер

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Егіннің бастары»мысалы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

ә) тәрбиелік: тәкаппарлық, менмендік қасиеттерден бойды аулақ ұстап, адамгершілікті жоғары қоюға үйрету

б) дамытушылық: оқушының көркем әдебиетті көбірек оқуға қызығушылығын ояту

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Әдісі: сто элементтері, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: сызбалар, телпектер


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

 Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Қандай ерекшелікті байқадыңдар?

Неге бір ғана бидай тіп-тік болып өскен?


Үй тапсырмасын сұрау


Мағынаны тану


Мысалды рөлге бөліп оқу(әке,бала, автор)

«Алты қалпақ» әдісі

«ақ телпек» - статистика: бір адам, екеуі (әке, бала), бір бидай, бір іс

«сары телпек» - сәттілік: жас баланың егістікке келуі, сұрағына жауап алуы т.б.

«қара телпек» - сәтсіздік: бидайдың дәнсіз қалуы, тәкаппар адамның өмірде кездесетіні

«көк телпек»  - неге бір бидай дәнсіз қалды? Әке баласына тәкаппарлық туралы неге айтты?

«жасыл телпек» - шығармашылық

«қызыл телпек» - сезімтал

Семантикалық  кесте (Кімнің сөзі екенін табыңыз.)

Кейіпкер сөзі бала әке автор

Баланың сол бидайға  көзі түсіп,

Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап

Мұның мәнін түсіндірші,

Бір іске тұрмын өзім қайран қалып!

Өзгесі төмен қарап бүгілгенге,

Ойлама, кем екен деп бәрі сонан

Сұқтанба құр сорайған қарасына

 INSERT


Елде көп бұл бидайдай адам,- деді,

Тәкаппар, оны халық жаман, - дейді.

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді,балам, - деді.

Фишбон


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Венн диаграмма

«Өгіз бен бақа»                                 «Егіннің бастары»



Көрсеқызар, көре алмаушылық қасиеттер сыналады, кейіпкерлері-бақа, өзгіз Мысал, авторы – Байтұрсынов, тұжырымды ой бар Тәкаппарлық, менмендік қасиеттерден бойды аулақ ұстау керектігі айтылады,кейіпкерлері- адам, бидай

Үй тапсырмасы

«Егіннің бастары» рөлге бөліп, жаттау. «Қырық мысалдан»  мысалдар оқу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

М.Өтемісұлы «Соғыс »өлеңі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру, өлеңде кездесетін тұрақты тіркестер, теңеу сөздерді талдау; тәрбиелік – оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, батыр киімі, қару - жарағы, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, «Еліміздің рәміздері» тақырыбындағы буклет, М. Қалымовтың «Исатай - Махамбет» атты суреті, үнтаспа, Жәңгір ханның суреті, хронологиялық таблица жазылған плакат бет.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?



Көңілді боп жүрейік.

Қызығушылықты ояту



М. Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша, орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен - ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып, халықтың ауыр мұңы, тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан, керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш, қабілеті мейлінше күшті, жалынды ақын.
«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.
Өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы - Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей, Махамбет жолдасым», «Қызғыш құс» т. б
Махамбеттің 80 - ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.
Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген.
Сонымен қатар күйші - сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран, Нарын», «Исатайдың Ақтабаны - ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т. б. күйлері бар.
- Балалар, біз бүгін Махамбеттің «Соғыс» атты өлеңін өтеміз. Өлеңді оқымас бұрын сұрақтар беремін.
1. «Соғыс» деген сөзді естігенде есімізге не түседі?
2. Қандай сезімде боласың?
Махамбеттің «Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқимын.
Хронологиялық кестені пайдалана отырып, көтерілістің шығу себебін, оқиғаның болған уақыты жайында айтылады.
Исатай мен Махамбет халықты хан - сұлтандарға, білегі жуан билерге қарсы көтереді.
Көтерілістің шығу себебі: шаруалардың шұрайлы қонысынан, жер - суынан, еркінен арылуы, хан - сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды. 1836 жылы 2 - қараша күнгі көтерілісте Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына шабуыл жасайды. 1838 жылдың шілдесінде Гекке бастаған орыс армиясымен соғысады.
Көтерілістің жеңілу себебі: 1) барлық көтерілісшілер жаппай, біртұтас біріге алмады; 2) өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.
Көтеріліс жеңіліс тауып, оның басшылары жазаланса да, бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам болды. Ұлт - азаттық қозғалысының көсемдері батыр Исатай мен ақын Махамбет халықтың ыстық ықыласына бөленді. Олар халық жүрегінде мәңгі сақталар тұлға болып қала бермек.
Қосымша атқарылатын жұмыстар

Мағынаны тану


Қосымша

1. Өлеңнен Исатайдың ерлік бейнесін суреттейтін жерді тауып, дәптерге жазу.
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
Астына мінген Ақтабан
Ақбөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
2.. Өлеңнен тұрақты тіркесті тауып, білдіретін мағынасын ашу.
3. Өлеңдегі эпитет, метафора, теңеу сөздерді тауып талдау.
4. Өлең шумақтарында омоним бола алатын сөздерді табу, әр түрлі мағыналарына мысалдар келтіру.

Ой толғаныс

- Сонымен, балалар, Исатай мен Махамбеттің арманы орындалды ма?
Бүгінде Исатай мен Махамбет арманы мүлтіксіз жүзеге асуда. Келешек ұрпақ Махамбеттің аманатын орындалады. Талай ғасырлар бойы темір құрсауда болған қазақ халқы ел жастарының бірігуімен тәуелсіздігін алды (1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтылады.)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Қызғыш құс»өлеңі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

  1. Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту;

  2. өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын түсіндіру.

  1. Тәрбиелік:  Оқушыларды елін,жерін,Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.

  2. Дамытушылық: Өлеңмен жазылған  шығармаларды  мәнерлеп оқуларын,талдай білулерін дамыту; теориялық ұғымдарды саралай білу,өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру, ынтымақтастықпен жұмыс істеу қабілеттерін  арттыру.

Сабақтың түрі Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ассоциация ,топтастыру, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең,ой толғау, инсерт кестесі.

Оқыту 

нәтижесі

Топқа бөлу

Паз арқылы оқушыларды топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!


Қызығушылықты ояту


А) «Ой шақыру». Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп, топта ой бөлісіп, оны қорғайды. (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .

   Ә) «Өлеңім- қаруым»  ақынның «Соғыс» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, өлеңнің идеясы мен тақырыбына тоқталу.

Б) Топтастыру «Махамбет кім?»


Мағынаны тану


М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».

1. Өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу;

а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;

ә) өлеңнің идеясын түсіндіру.

2. «Мағынаны тану» -слайд «Артық болмас білгенің»

а) «Қызғыш құс пен лашын құс» түсінік беру

ә)  Сөздік жұмысы

Көл қорыған – көлді мекендеген

Лашын құстың тепкіні- көлге жолатпау

Құсалықпен өту- уайым,қайғыға түсу,өкінішпен күн өткізу

3. «Тарихты білесің бе?» Жәңгір хан  туралы дерек. (слайд көрсету)

4.  Мәнерлеп оқу. «Қызғыш құс»өлеңін әр топтан бір оқушыға оқыту.

5.  Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына тіліне талдау.

6. «Қызығушылықты ояту » . Әр топқа тапсырма беріліп «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылады.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Тапсырма:

І топ:   «Махамбет - Қызғыш құс»  Венн диаграммасы.

ІІІ топ:  «5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты.

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім+зат есім (2сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Тұрақты сөз тіркесі –

5. Түйін (сөйлем)



ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ы.Алтынсарин «Өзен»өлеңі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Өзеннің адам өміріндегі маңызы.

Топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну,ойлану,талқылау.

Мұғалім оқуға бағыттап отыру.

Оқушылардың өзін- өзі бағалау мүмкіндіктері.



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім - деп анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеп, бүгінгі сабағымызды бастайық.

Қызығушылықты ояту


А) Өз біліміңді тексер. ( 10 сұрақтан тұратын тест)

Ә) Тест жауабын көрсету.



Мағынаны тану


А) Ой қозғау. «Табиғат» туралы суреттерді музыка арқылы көрсету.

Ә) «Серпілген сауал»

                                    I топқа

-Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сенде қандай көңіл күй туды?

-Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?

                                   II топқа

-Суретке қарап отырып «Табиғат және адам» деген тақырыпты әңгімеле.

                                  III топқа

-Екі топтың оқушылары қандай тақырыпты қозғап әңгімелеп отыр?

-Осының бәрін біріктіріп, қандай тақырып шығаруға болады?

Б) Ой шақыру.

-Табиғатта ең көп таралған зат не? (су)

-Су туралы не білеміз?

 

                 Өзен ,көл, теңіз, мұхит.



Су             Тіршілік көзі.

                  Қар, жаңбыр, шық.

-Қазақстанда қандай өзендер бар?

(Жайық,Ертіс,Есіл,Тобыл,Сырдария,Іле,Нұра,Сарысу т.б)

-Өзеннің қандай пайдасы бар?

В) Оқулықпен жұмыс.

1. «Өзен» өлеңінің авторы туралы не білеміз?

2. «Өзен» өлеңімен танысу.

3.Сөздік жұмыс. (дәптермен жұмыс)

Қынарда- жағасында.

Жанабында- маңайында.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Топтық жұмыс (берілген тапсырма бойынша постерді қорғау)

I-топ Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?

II-топ Адамдар неліктен суды қорғайды?

III-топ Ақын өзенді қалай суреттеген?



Ғ) Шығармашылық жұмыс.

I топ       «Өзен» тақырыбына эссе жазу.

II топ      Өзеннің суретін салып ,тілек жазу.

IIIтопСу туралы мақал мәтелдер жазу.



Қорытындылау.

А)  «Конверт сұрақ»

Әр топқа бір конверт тастаймын.Оқушылар конверт ішіндегі сұрақтың жауабын стикерге жазады және сағат тілімен конверт келесі топқа ұсынады.

Сұрақтар:

Өзен туралы не білдің?

Өзеннің қандай пайдасы бар?

Қазақстанда өзің білетін өзендердің атын жаз.



Ә) Бағалау парағы.



Тапсырмалар.

Толықтай жеттім

Жартылай жеттім

Талпындым

1

Тестке жауап беруі

 

 

 

2

Топпен жұмысқа қатысуы.

 

 

 

3

Шығармашылық жұмыс.

 

 

 

4

Сұрақтарға жауап беруі.

 

 

 

5

Бүгінгі жаңа тақырыпты түсінуі.

 

 

 

 

 

 

 

 




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»

Жалпы мақсаттары:

А)Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.

Ә) Білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденстерін арттыруБ) Еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу,алғант білімдерін өмірде де қолдана алуына ықпал жасау.



Сілтеме

Қазақ әдебиеті. оқулық,5 сынып.Мұғалімге арналған нұсқаулық39,49беттер.Қазақ тілі мен әдебиеті жұрналы №12/2012;№2/2013;№4/2013

Оқушы үшін оқу нәтижелері

Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе

Жалқау болса,несібе кетеді,

Бейуайымның күні бекерге өтеді.

Жақсыға ілесу керек

Жаманмен күресу керек


Негізгі идеялар

Жалқау- жалынып өтеді,аңқау –жаңылып өтеді.

Қиындықты жеңу –ерлік.Жалқау еркек құл болады.Еңбекқор болып,жалқау болмауға машықтандыру



Оқыту әдістері

Диалогтік әдіс

Фишбоун әдісі

СТО топтастыру,

Рафт әдісі,

Тұжырымдамалық карта

«Болжау» стратегиясы. Қалай баюға болады?

Венн диаграммасы

 


топтық жұмыс

жеке жұмыс

«ой толғау»

шығармашылық жұмыс

«Жақсылық тамшысы»


Көрнекі құралдар

Ы.Алтынсарин портреті,бүктемелер.

А.К.Т


Слайдтар

Стикер,


Тапсырмалар

  • Үй тапсырмасын сұрау

  • Ой қозғау

  • Мәтінмен жұмыс

  • Топтық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті.

Орындалатын

тапсырмалар

Мұғалімнің

Іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

 


1.Оқушылардың көңіл күйін көтеріп,сәлемдесу.(2.5 мин)

Оқу-құралдарын дайындатып,зейінін сабаққа аудару,түгелдеу

Сабаққа бейімделу

 

 



 

2.Топқа бөлу(2.5  мин)

 


Өзен аттарымен топтарға бөлу: ЖАЙЫҚ ТОБЫЛ ЕСІЛ ЕРТІС

 





3.Үй тапсырмасын сұрау(10мин)

Түсінік айту,топ ішінде ізденген жұмыстарды талқылау.Топтастыру

«Су – тіршілік көзі». Ой толғау жазу



Топқа берілген тапсырманы орындау.

4.Ой қозғау(10мин)

Әңгіме  не жайлы?

Топтық  жұмыс:



І топ

Венн диограммасын толтыр       

          ІІ топ

Рафт әдісі

       ІІІ топ

5-жолды өлең



IV топ

Фиш –боун әдісі

Тұжырымдамалық картамен жұмыс жасау.

Тапсырманы орындау.

 

 

 



 

 

 



5.Мағынаны тану(10мин)

Сэнкуэн  әдісі

«Антон» (синтез).

1.Зат  есім. Шоқан.

2.Екі сын есім. Мейірімді,пысық.

3.Синоним. Антон еңбекқор4.Төрт етістік. Тыным таппайды, күнін босқа өткізбейді,

еңбектеніп ақша табады, ешкімге

тәуелді болмайды.

5.Сөйлем  құрау. Қиындықты жеңу –ерлік



Мәтінмен жұмыс жасау,тапсырманы орындау.

Шығармашылық жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

 

 



 

 


6.Дарынды оқушылармен жұмыс

Әңгімеден алған әсерім

Тапсырманы орындау.

Пікір жазу.

 


7.Рефлексия (2мин)

Стикер тарату

Өз ойын жазу,сұрақ

 

 



8.Сергіту(4мин)

Жаңбыр сергітуі.

Доп арқылы сұрақ-жауап



Сергіту жұмысын жасау

 

 



9.Үйге тапсырма(1мин)

«Жаманмен күресу керек»тақырыбына эссе жазу

Күнделікке жазып алу

 

 



10.Бағалау(3мин)

 

 



Формативті бағалау

(бағалау парақшаларымен)



Бірін –бірі бағалау.

Түстер арқылы



Суреттер

               Оқиғалар

        Мінездеме

1-сурет

2-сурет


 

3-сурет


4-сурет

 

 



 

5- сурет


Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

Антон қандай қорытынды шығарды?

Антон сияқты сенің бірге оқыған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің?Болашақта кім болам деп армандайсың?
Бұл әңгіменің басты тақырыбы не жайында баяндалған екен?Ыбырай аталарыңның еңбек тақырыбына жазған тағы қандай әңгімелерін білесіңдер?

 


.

Еңбекқор

Уәдеге  берік.

Тыным таппайды, күнін босқа өткізбейді,

еңбектеніп ақша табады, ешкімге

тәуелді емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет