Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет2/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мақал-мәтелдер туралы түсінік

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Жалпы мақсаттар

Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру. Өз Отаннын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.

Қызығушылықты ояту

1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлері?
Ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Мақал - мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал - мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал - мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Топқа бөлу

Туған жер,ана,еңбек туралы мақал-мәтелдерді пайдаланып 3-топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Судан шіркей табады,
Өсіп үлкен болады.
Бақ-бақ, нақ-нақ,
Біздер айттық тақпақ.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Мағынаны тану


ІV. Оқулықпен жұмыс
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
2. Еңбек түбі - берекет.
3. Нар тәуекел - ер ісі.
4. Ырыс алды - ынтымақ
V. Сөздік жұмысы
1. Зейнет - еңбек рақаты, жемісі, игілік
2. Елгезек - айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.
3. Мұрат - алға қойған мақсат, арман, тілек
4. Тәуекел - бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік, белді бекем буғандық.
5 Батпан - қолақпандай, үп - үлкен.
6. Мысқал - болар - болмас, азғантай, кішкентай.
7. Шөміш - ожау.

Сергіту сәті

Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

«Сәйкестендіру» әдісі
Ердің атын еңбек шығарар. ( Оқу, білім, өнер туралы)
Өнер алды – қызыл тіл. ( Еңбек)
Нар тәуекел - ер ісі ( Отан, туған жер, халық туралы)
Көп түкірсе - көл (Достық, жолдастық туралы)
Жігітті - жолдасынан таны. (Ерлік, батырлық туралы)
VІ. Шығармашылық тапсырма
«Мақал – сөздің мәйегі» шағын шығарма. Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.

Рөлім – оқушы

Аудитория – сынып

Формасы – мәдениетті сөйлеу

Тақырып – Тіл мәдениеті



Мен мәдениетті сөйлеймін.

Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі.

Мен қызықты кітап оқимын.

Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі.






Үй тапсырмасы

Мақал - мәтелді жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қанатты,нақыл сөздер туралы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Халық ауыз әдебиетінің түрлерін оқыта отырып, білімдерін кеңейту, түрлі әдістер арқылы шығармашылық, ойлау қабілеттерін арттыру.Оқушылардың білімдерін тереңдету, түсініктерін кеңейту. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Оқыту  нәтижесі

Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Ітапсырма- тақтада 10 мақал 30 секунд көрсетіліп, жабылады. Осы уақыт ішінде оқушылар жаттап үлгеруі тиіс. 2 минут уақыт беріліп, оқушылар есінде сақтағандарын жазады.

1.Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге.

2.Ақылды қария- ағып жатқан дария.

3.Туған үйдің түтіні жылы.

4. Ер қанаты- ат.

5. денсаулық- зор байлық.

6. Өнер алды- қызыл тіл.

7.Көз қорқақ, қол батыр.

8.Еңбек түбі- береке.

9.Жігітті жолдасынан таны.

10.Сабыр түбі- сары алтын.


Үй тапсырмасын сұрау


ІІ тапсырма- берілген мақалдың жалғасын табу керек.

Не ексең…/соны орасың/

Тұз астың дәмін келтіреді,мақал …/сөздің сәнін келтіреді/

Қоянды қамыс өлтіреді, …./жігітті намыс өлтіреді/

Көп сөз көмір, …./аз сөз алтын/

Ақыл тозбайтын тон, білім…/таусылмайтын кен/



Оқу – білім азығы, білім- …./ырыс қазығы/

Мағынаны тану


Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, енегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тутас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған. Бұл Таяу Шығыстың Ұлы ойшыл ақындары Фирдаусидың, Низамидың, Сағдидың, Науаидың, Жәмидың шығармаларында туды. Тіпті ислам үгітшілерінің (зәруіштердің) нақыл сөздерге қүрылған шығармалары да Таяу Шығыста кең келемде тарағанды. Олардың діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. кітаптары да есиет, үгіт сарынында, шешен тіл тапқан поэзия үлгісінде жазылды. Қазақ әдебиетіне келсек, оның жазба әдебиеті басталған 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының мәдени дәрежесі (әдебиеттің мәдени дәрежесі) өзіне әдебиеттің қызмет етуінің дидактик. үлгісін біршама керек еткен көзеңде туды. Сол тұста әдебиетке қоғамдық сипат беріп, соларқылы күрескетұскен Ы. Алтынсаринның да, А. Құнанбаевтың да шығармаларында бұл заңдылық керінбей қалған жоқ.Алтынсаринның әдебиеттік еңбектері өзінің педагогтығымен бір сипатта дидактика үлгісіне құрылды. Әдебиетте өз тұстастарынан бір дәуір ілгері кеткен Абай қазақ топырағында шын мәніндегі нағыз керкем поэзияны жасай отырып, бұл заңды талапқа кең бұрылыс жасады. Сол бір көздегі қазақ халқының өміріне еншілес болған қараңғылық пен надандық ақын қаламын поэзияның ұлгілі нүсқаларын жасау жолынан әр көз қақпайлап, ондай дүниелікке дәйімі даяр кұйіндегі аудитория, оқушы бола алмайтынын танытып отырды. Данышпан ақын осы бір тарихи шындықтың шегінен асып кете алмады. Басқа емес, дәл осы тарихи шындық Ұлы ақынды поэзияның өзық үлгілерін жасауға үнемі бой ұрғыза отырып, заманның ересі жеткен әдеби үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры - надандыққа соққы беруге бастап әкелді. Мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың ұзақ ғасырлық самарқаулықпен керітартқан, өмірдің басқа да жақтары, жолдары бар деп білмеген түсінігіне қозғау салу ұшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйінде үгітші, насихатшы, өнеге үйретуші болуға бой үрғызды. Осы тұрғыда Абайдың нақыл сөздер ақынның арман еткен білім-тәрбие, еңбек, бірлік, адамгершілік т. б. сан алуан тақырыптардағы өлмес пікірлерінің бұзылмас формасы, айнымас мазмұн тапқан үлгілері.Абай нақыл сөздернің тақырыбы - оның тұтас шығармасына тән дүниелер. Олар ақынның өз шығармасында берген асыл ойларының, пікір түйіндерінің сығынды нәрлерінен құралған. Ақын шығармаларындағы нақыл сөздерді: өнер-білім, тәрбие, еңбектуралы; достық, адамгершілік, сүйіспеншілік туралы; адам мінездері туралы; философиялық; өнер туралы деп жіктеп, топтастыруға болады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Мақалдың басқы бөлігі айтылады, оқушылар жалғасын тауып беру керек.

1.     Туған елдей ел болмас, ………………..

2.     Оқу- білім бұлағы, ………………………

3.     Кітап- білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.

4.     Күш- білімде, білім- кітапта.

Үй тапсырмасы

Мақал жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қазіргі кездегі бата,жоқтаулар.

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап,шығармашылық іздену


Оқыту  нәтижесі

Мәтінмен жұмыс істейді

Жазбаша ауызша түрлерімен таныс болады



Топқа бөлу

Пазлдың көмегімен оқушыларды топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!



Үй тапсырмасын сұрау

Блиц сұрақтары

Мағынаны тану


Оқулықтағы тапсырмаларды орындауШығармашылық жұмыс:

 Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.

1-топ

Батамен ер көгерер эссе



2-топ

Бата постер

3-топ

Жоқтау дегеніміз.....



Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Бата дегеніміз не?

Жоқтау туралы не айта аласыңдар?





Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жұмбақтар,өзіндік ерекшеліктері.

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Жұмбақтар туралы түсінік.

Топпен жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп, тексеру.

Психологиялық дайындық:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.


Үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Дидактикалық карточкадағы орындаған тапсырмасын оқушылар кезекпен шығып ауызша айтып береді. Бағалау, мадақтау.


Мағынаны тану


Жжасырын нәрсе

Ұшешуі болады

Мойын

Б сұрақ

А ойлануды қажет етеді

Қ бір адам жасырады, басқалары шешеді

Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің түрі

Мұғалім: - Дұрыс-ақ, балалар. Енді мен сендерге «жұмбақ» сөзінің анықтамасын айтып көрейін. Жұмбақ дегеніміз – таныс, бейтаныс заттардың, қимылдың не табиғат құбылысының сөзбен салған суреті.

Жұмбақта заттар, құбылыстар толық болмаса да, ықшам түрде дөп басып, дәл суреттеледі. Басы артық сөздер атымен болмайды. Мына жұмбақтарды шешіп көрейік:



Қолы жоқ –сурет салады,

Аузы жоқ – тістеп алады. (Аяз)
Үй үстінде жарты қалаш (Ай)
Осы екі жұмбақтың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар?

Бірінші жұмбақ өлең түрінде, екінші жұмбақ қара сөз түрінде берілген екен. Жұмбақтар әртүрлі тақырыптарға құрылады: оқу құралдары, адамның дене мүшелері, табиғат құбылыстары, жануарлар, өсімдіктер туралы, үй жиһазы, техника туралы және т. б.

Жүргізуші:

- Ерте заманнан бері адам табиғат сырларын ашып,үйрену үшін әуелі балаларына жұмбақ шешкізіп үйреткен. Қазақ ауылында жатар орынға үй-іші болып жиналып, үлкендер бүлдіршіндерге ертегі, аңыз, ата-бабаларымыздың басынан өткен тарихи-жауынгерлік оқиғаларды баяндап беретін болған. Мұндай кезде жұмбақтар да айтылып, шешілетін. Жұмбақ шешуде ешкім де қағыс қалмаған.



Жұмбақ шешу дегеніміз – ақыл алғырлығын сынасу.

Жұмбақ шешу дегеніміз – балаларды ой жүйріктігіне,табан астында тапқырлыққа баулу.

Сергіту сәті

«Би билейміз» қимылды ән
Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.
Бас аяқты топ, топ, топ,
Шапалақта хоп, хоп, хоп.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзін айнала.
Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

«Метаграммалар»

  1. Жазда өсіп,піседі,

Дәмі тәбет ашады.

«Қ» орнына «Ж» қойсаң,

Көктен тамып түседі,

Жердің шаңын басады.

(Қауын -Жауын)


  1. Жатам құстар тобына,

Азығымын адамның.

«Ы»-ны қоссаң соңыма,

Жылқы етімін – тағаммын.

(Қаз - Қазы)



  1. Қыста суды қаптаймын,

Бірақ жазда жатпаймын.

Алғашқы әріп ауысса,

Онсыз тамақ татпаймын.

(Мұз - Тұз)



  1. «Т»-дан бастап оқысаң,

Төлі болам пырақтың.

«Т»-ны сызып тастасаң,

Көкте қалған орақпын.

(Тай – Ай)



Үй тапсырмасы

Жұмбақ жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет