1. Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы
Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін жалғаймын,
Бәрін саған арнаймын!
– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз.
Қызығушылықты ояту
1. «Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады?
«Ер Төстік» ертегісі қиял - ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады.
Мағынаны тану
Тарихи оқиға мен оның жырлану кезінің арасы неғұрлым жақын болған сайын, шығармада нақтылық көбейеді деген тұжырым, ал «Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен деталдарға бай. Ер Төстіктің әке - шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз биенің төстігінің табылуы... Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы... Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі... Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі... Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі - бәрі тұнып тұрған нақты суреттер, әсіресе Сыр бойының көріністерін көз алдыңа әкеледі. Ал бұл болса, ертегінің оқиғаның ізін ала шығарылғанының белгісі. (Жазушы Әнес Сараевтың «Жылан Бапы патшалығы» тарихи зерттеу мақаласынан) «Қазақ әдебиеті» газеті 1991 ж. 12 сәуір
Қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?
I. Кіріспе - Оқушылар әр бөлімнің қысқаша мазмұнын айтады. Төстіктің
өмірге келуі.
II. Байланыстар - Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
III. Шиеленіс - 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Шарықтау шегі - Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?
V. Шешуі - Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралу
«Ер Төстік» - ең ескі дәуірде шыққан бақташылық, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да сондай ескі, алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға келтіреді. Ертегіні талдап, қағазға түсірген – қытай тарихшысы Сыма Цянь. (Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр - аңыздар» атты еңбегінен)
«Ер Төстік» ертегісінен скиф әлеміне орын берген. Бір ғажабы – олардың жыланды кие тұтатындарын да, алғашқы пір тұтатындарын да, алғашқы пір тұтқан тәңірлерінің есімі Бапы (Бапай) екенін де ұмытпай, жадтарында берік сақтаған. (С. П. Толстов. Сақ әлемін зерттеуші - ғалым)
Жүйріктер жарысы.
Тіл жүйрігін шешен дейміз.
Мал жүйріктерін ата.
Жылқы жүйрігі – тұлпар.
Түйе жүйрігі – желмая.
1. Қазіргі желаяқтар кімдер? Ольга Шишигина
2. Таусоғарлар бар ма? Қажымұқан Мұңайтпасов
XXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, т. б. оқушылар атап өтті.
Топтастыру стратегиясы
-------------------- ақылды
қамқоршы ←Ер Төстік→ көпшіл
---------------------- адал
Жағымды кейіпкерлер ------------Жағымсыз кейіпкерлер
1. Ер Төстік -------------------------1. Перінің қызы Бекторы
2. Кенжекей -------------------------2. Мыстан
3. Ер Төстіктің достары ----------3. Темір хан
4. Бапы хан --------------------------4. Кеще хан
5. Күңке ------------------------------5. Шойынқұлақ
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Сөзжұмбақ шешу
1. Төстіктің әкесі (ЕРНАЗАР)
2. Ертегідегі жағымсыз кейіпкер (БЕКТОРЫ)
3. Төстікке көмекке келген жағымды кейіпкер (ТАУСОҒАР)
4. Баласын Төстік абайсызда өлтірген кемпірдің кәсібі? (ӨРМЕК ТОҚУ)
5. Ырымы жаман жер (СОРҚҰДЫҚ)
6. Бапы хан Төстікті қай елге жұмсады? (ТЕМІРХАН)
7. Шойынқұлақтың сырын білу үшін Ер Төстіктің жасырынған жері? (БЕСІК)
8. Төстікке Шойынқұлақты жеңуі үшін көмекке келген жан? (КҮҢКЕ)
Өмірмен байланыс.
Саққұлақ кім? – радио, телефон.
Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар.
Тыңшы – сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)
Көлтауысар – өрт сөндіретін техника
Таусоғар – бульдозер, кран.
Сөздікпен жұмыс, дәптерге орындайды.
Қорытынды. «Ер Төстіктегі» Жылан Бапы патшалығы туралы хикая әрідегі оқиға екені мифтік нақыштар етек ала бастағанынан - ақ айқын танылып тұр. «Ер Төстік» ертегісі қалыптасқан кезде оның бір тарауына айналған. Сонымен, бұл ертегі батырлық эпостарымыздың қарлығашы, жаңа дәуірдің басында дүниеге келген ең ежелгі үлгілерінің бірі деп айтуымызға әбден негіз бар.
Сабақты бекіту:
1. Ер Төстік және оның адал достары. (Темірхан қайда көшіп кетті? Адамбаспас)
2. Шойынқұлақ пен Ер Төстік. Шойынқұлақ жанын қайда сақтайды?
3. Еліктер қай жерде жүреді? (Борықбұлақ)
4. Ер Төстікке кім көмектесті? (Күңке)
5. Ер Төстіктің елге аман - есен жетуіне көмектескен кімдер?
6. Достық, ерлік, батылдық туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
7. Егер сен сол кездегі би болсаң, Шойынқұлаққа қандай жаза қолданар едің?
8. Күңкеге қандай жақсылық жасаушы едіңдер?
9. Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегілерде ата - бабаларымыз өмірін жеңілдету мақсатында небір қиял, армандарына қол жеткізіп келеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Ал Көлтауысар ертегілерде суды лезде толтырып, лезде жоқ қылады. Әрине, су – тіршілік көзі. Теңіздер, көлдер, мұхиттар тартылмасын.
Сендер әлі ержетесіңдер. Мұндай қиындықтар болмас үшін сендер қандай амал ойлап табар едіңдер?
Үй тапсырмасы
Ертегіден өздеріне ұнаған бөліміне сурет салу, ертегі құрастырып жазу.
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Қазақ әдебиеті
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім:
Сабақтың атауы
Ертегідегі Төстік,Кенжекей бейнелері
Сілтеме
Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпымақсаттар
а Ер төстік бейнесі халық қиялы туғызған батыр, халық
арманының іске асуын бүгінгі өмірмен байланыстыра оқушыны
б) Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)
Үй тапсырмасын сұрау
Тапқыр болсаң, тауып көр.
Құба інгенге: «Не Төстік өлді деген күні ботала, не Төстік келді деген күні ботала» деп серт қылды.
Кенжекей
«Алдағана көкшешек –ай, мақтадың – ау!».
Мыстан кемпір
« Су өте терең екен, түбіне зорға жеттім».
Шалқұйрық
«Бұл жерді адам басқан емес, бұл – менің мекенім».
Қарақұс
«Сезуші болса, сен де, мен де тірі болмаймыз».
Шойынқұлақ
«Су басында бөтен бір иіс бар».
Еліктер
8.
«Шойынқұлақ әлсіреп жатыр».
Күңке
Мағынаны тану
«Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады? «Ер Төстік» ертегісі қиял-ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады.
Слайд 2. «Ер Төстік» ертегісінде I ғасыр шамасындағы сақ әлемнің әлеуметтік шындығы көрініс тапқан» (С.Н. Абзелов «Историзм былин и специфика фольклора» еңбегінен)
Слайд 3. Тарихи оқиға мен оның жырлану кезінің арасы неғұрлым жақын болған сайын, шығармада нақтылық көбейеді деген тұжырым, ал «Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен детальдарға бай. Ер Төстіктің әке-шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз қойдың төстігінің табылуы... Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы... Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі... Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі... Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі-бәрі тұнып тұрған нақты суреттер, әсіресе Сыр бойының көріністерін көз алдыңа әкеледі. Ал бұл болса, ертегінің оқиғаның ізін ала шығарылғанының белгісі. (Жазушы Әнес Сараевтің «Жылан Бапы патшалығы» тарихи зерттеу мақаласынан) «Қазақ әдебиеті» газеті 1991 ж. 12 көкек
Қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?
Төстіктің өмірге келуі.
I. Электронды оқулықтан ертегі қалай басталатынын аңғартып, ертекшінің баяндауын тыңдап, оқушылар әрі қарай жалғастырады. Оқушылар әр бөлімнің қысқаша мазмұнын айтады.
II. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
III. 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды? Бапы хан Төстікті кімге жұмсайды?
Ертегідегі жағымсыз кейіпкер.
Шойынқұдықтың сырын білу үшін Ер Төстіктің жасырынған жері.
Төстікке Шойынқұлақты жеңуі үшін көмекке келген жан.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Топтық жұмыс. (Балаларға кәмпиттер шашылады, Ішінде сұрақтары бар, топ ішіненоқушылар жауап береді.)
Лексика дегеніміз не?
Сөз дегеніміз не? Мысал?
Сөздің тура мағынасы. Мысал келтір?
Сөздің ауыспалы мағынасы.Мысал
Омонимдер. Мысал?
Синонимдер. Мысал?
Антонимдер.Мысал?
Үй тапсырмасы
Ойдан ертегі құрастыру.
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Қазақ әдебиеті
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім:
Сабақтың атауы
Ертегідегі халық арманы,тәрбиелік мәні.
Сілтеме
Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпымақсаттар
1.Ертегілер, оларлың түрлері, ертегі кейіпкерлері, халықтың-арманы арқылы ертегілердің маңызын түсіндіру.
2.Сайыс, іздендіру тапсырмалары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,іздену қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын ояту.
3.Ертегінің жағымды кейіпкерлері арқылы адамгершілікке, жаман әрекет иелері іс-әрекеттері арқылы жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Көк аспанда күн күлсін.
Бірге күлсін бүлдіршін!
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Көк аспанда күн күлсін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Көк аспанда күн күлсін.
Бірге күлсін бүлдіршін!
М. Әлімбаев
Ой қозғау
Ертегілер:
2 қиял – ғажайып ертегілер- табиғат сырларын білсек деген тілектен туған;
3 хайуанаттар туралы ертегілер-адам бойындағы келеңсіз қасиеттерді көрсету;
Қай елдің ауызша әдебиет шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтық шығармалардың мол саласы екенін көреміз. Сол барлық елдер фольклорында "ертегі" деген атау әрі саны мол, әрі алуаны көп шығармалардың тобына арналған жинақты атау болады. Жалпы, барлық ертегілерге ортақ ерекшелік: бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы көркем әңгіме. Ғажайып хал, қиял әңгімелер түрінде, немесе орасан оқиғалы қызғылықты әңгімелер ретінде құрылған ертегінің бәрі де негізінде шаруа кәсіппен, қоғамдық құрылыс тартыстармен, тарихпен байланысты боп келеді. Осы аталған қызғылықты әңгіменің бәрі-бәрі де ертегінің түрлеріне қосылады.
Сондай көп алуандас тақырыптардан құрылатын ертегілік қор - советтік фольклористика ғылымының түгел шолып, зерттейтін бұйымдары. Орыстың ұлы революционер-демократтары айтқан, халық шығармалары жөніндегі пікірлерді еске алсақ, Белинский сол шығармалардан халықтық көзқарасты айыра білу керек, халық шығармасы "Халық жанының айнасы" - деген. Сонымен қатар Белинский халық шығармасынан тарихтық жайды аңдау керек екендігін, халық поэзиясында қоғамдық тартыстың сәулесі барлығын, онан соң, көркем әдебиетті туғызушы және сақтаушы да халықтың өзі екенін айтқан болатын.
Сергіту сәті
Керісінше
Мен қазір деймін көңілсіз
Ал сіздер деңдер......
Егер мен десем ол алыс
Қарсы болыңдар......... деп.
Егер мен жұмыс десем,
Айқайлаңдар............... деп.
Ал егерде бұл басы десем,
Айтасыңдар................ деп.
Өлеңдегі мағыналары қарама - қарсы сөздердің астын сызу.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Әдебиеттің неше түрі бар?
Ертегі қандай әдебиет түріне жатады?
«Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлерін ата.
Таусоғар,Көлтауысар,Желаяқ,Бапы хан ,Ерназар ,перінің қызы Бекторы қай ертегі кейіпкерлері?
Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Сырттан жігіт барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің кейіпкерлерін ата.
а) «Бір күні шал шаңыраққа қарап жатса, ілулі тұрған төстікті көреді.» – үзінді қай ертегіден алынған?
б) «Бай баласының түсіне осы түс күнде кіріп, бала уайымнан жүдей бастайды» -ертегінің атын ата.
в) «Ол көлдің басына қонбасын, иесі – перінің қызы Бекторы» кімнің сөзі
және кімге арнап айтылған?
г) Жетім балаға көмектесу үшін қиындықтан қорықпаған кейіпкерді ата.
2-тур.
а) Ең ақылды, ең тапқыр, байлық үшін адамгершіліктен кетпейтін уәзірді ата.
б) Байлықтан масайған, өлімді ойынға айналдырған хан қай ертегіде?
в) Аяз би айтуы бойынша адамның , құстың, шөптің жаманы қандай?
3-тур. Қатысушылардың тапқырлығы мен шапшаңдығы жарысады.
«Мен айда болғанда» тақырыбына жылдам өтірік әңгіме құрастыру.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Қазақ әдебиеті
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім:
Сабақтың атауы
«Аяз би»ертегісі
Сілтеме
«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Сабақтың жабдығы
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпымақсаттар
А) Білімділік: Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау,
бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету; Аяз би өмірі жайлы қосымша мәліметтермен таныстыру;
Ә) Тәрбиелік: Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, сөз қадірін түсінуге, адамгершілікке, адал да әділ болуға тәрбиелеу;
Б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, жоспар құру дағдыларын дамыту, сөйлеу тілі мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін жалғаймын,
Бәрін саған арнаймын!
– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Ертегі деген не?
2. Ол нешеге бөлінеді?
3. «Ер Төстік» ертегісі қай түріне жатады?
4. Ертегіден әдет-ғұрып,салт –сана көрнісін айт.
Мағынаны тану
а) Түсінгендерін қысқаша айту.
1.Құстың,шөптің,адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.