Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет4/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Үй тапсырмасы

Мазмұндап келу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ертегідегі Жаман бейнесі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Мәтін мазмұнынан кейіпкер бейнесін ашу. Ақылдылыққа, жақсы мен жаманды айыра білуді. Жоспар арқылы сұрақ,жауап арқылы баяндау дұрыс,оның баянд. жаттықтыру.

Сабақ көрнектілігі: жоспар,венн диаграмма,мақал-мәтел плакат



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз.


Үй тапсырмасын сұрау

1.Аяз би ертегісінен сұрақ-жауап мінездеме арқылы тақырыпты қорыту

2.Шығармашылық жұмыс, «Барсакелмес»

3.Мақал-мәтелмен жұмыс

4.Парақшамен жұмыс

Адамның ең жаманы болған адам ертегінің басты кейіпкері – Жаман ертегіде Аяз би атануы оның даналығында


  1. Ертегінің бас кейіпкері жаман адам ба? Ол хан болуға лайық па?

  2. Оған «Аяз би» деп ат қоюда қандай мән бар?

Мағынаны тану


Тарихи аңыздарға қарағанда,Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген.Оның тарихи адам екендігі Арал теңізіне 200 шақырым жерде табылған «Аяз» қаласының орны да дәлелдейді.Аңыз бойынша Аяз әуелі ханға уәзір,кейін өзі хан болыпты деседі. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.

«Барсакелмес» туралы сынып оқушыларынан үй тапсырмасын сұрау.Ендігі біздің үйге берген тапсырмамыз жаманға мінездеме.Ертегіге жоспар құрылған болатын.Ал енді ертегіні қорытындылау сабағы. Мен алдымен сендерге мынадай сұрақтар қоямын.Сол сұраққа жауап берген оқушы ортаға шығып берілген сұрақтарға жауап береді.



  1. «Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар береді?(гауһар тас,пышақ тәрелке,қайрақ)

  2. Меңді сұлу берген заттарды Жаман не істеді? (қайрақты төске қойып,балғамен бөледі,тәрелкені катып,пышақты жетегінен сындырады,гауһар тасты қақ жарады)

  3. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алады?(өзі тіккен,арасынан жүрсе киім жыртады,мал жемейді,шөп жаманы осы дейді)

Көмекші таңдау қалған оқушылар сарапшылар

I.Табалдырық



  1. Уәзірлер не үшін жаманды адамның жаманы деп шешті?(үстіндегі жыртық тоны мен басындағы тері тымағына,ұсқынсыздығына қарап)

2.Хан уәзірлерімен келісіп,жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды?(Барсакелмес)

II. 1. Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды таңдады? (Үстінде жүні жоқ,уысқыны құстың жаманы осы деп қырғауылды атайды)

2.Хан Жаманды қайда көшіріп жібереді? (Ақша ханның еліне)

III.1.Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді? (қарақоға отқа жақсам,жанбайды үрлесем)

2.Жаманды шақыруға хан бір жігітті жібереді.

Жіберген жігіті барып,үйден сығалап қараса төрде төсекте Жаман отыр,ал әйелі осы уақытта не істеп отыр?(әйелі айнаға қарап,өз көркіне таңғалып отыр)

II.Қозыкөш


  1. 1.Барсакелместегі інжілі қой ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?(Бір түгі — алтын,бір түгі – күміс,сойса терісі адамға тон.Соның терісінен үстіне кигіс келеді,-дейді)

2.Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қайдан білді?(Тұлпардың судан әрі-бері өткенде аузын суға малып,артқы аяғын сілкіп өтті.Сиырдың күніне қырық суарсаң да суға аузын малмай отыр)

II. 1. Ертегідегі інжілі үйрек қалай суреттеледі?Хан не үшін қызықты?(қанаты күміс басқа жері алтын соны тәж қылып кигім келеді)

2.Жаман гауһар тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білді?(тастың өз қасиетіндей салмағы болу керек.Тас жеңіл екен құрт бар екенін содан білдім)


  1. 1. Барсакелместегі дәудің інжірі қара арғымағы ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?(дәудің інжіілі қара арғымағы бар,бір шапқанда жүз шақырым шабады дейді соны білгім келеді)

  1. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қайдан білді? (хандардың ішер асы жал-жая аузыңыз түспей ,нан,көже түсіп мені аспазға жібердіңіз)

III. Беласар

I.1. Е,шырағым,жасым сексенге келгеде біреудің қанын жүктеп не қылайын.Бір сыр бар еді,оны тәуірінің өзі ғана білетін еді.Мен білетін едім . Осы сөз кімнің сөзі?(ханның анасының сөзі)

2.Ертегідегі жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда келген адам қалай бейнеленген?(ақбоз атты,ақ киімде,бетіне жатқан кісі)

II.1.Ханның әкесінің аты(Зәрлі хан)

2.Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?(қайрақтай болып,тәрелкедей болып уатылғанша,пышақтай болып кесілгенше ,сыр айтпаймын)

III.1.Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып,дардың жібін қиып,көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені?(мен үшін кінәсіз өлме,ерлігіңді көрдім,қылыш үстінде серт жүрмейді деугіш еді,антыңды қайтып ал)

2.Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен Хан балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланады?(Менің үйде пышағым жоқ па,болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па,я тіпті қайрақ теге алмай жүрмін бе)

IV.Мәре


I.Хан шаңыраққа қарап,ойланып жатып 40 уәзіріне қандай жұмбақ жасырды?

(Жау шапты,ел бүлінді,апат соқты)

II.Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?

(Уәзірлер шығарып салған соң,бір аш арыстан соңымнан қалмады.Мына жауды мұңатайын деп қылышымды суырып алып кетті,сіздің ордаға кірдім)

III.Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қрйды?

(жыртық тоны мен Жаман тымағы)

Ұпай санын санау

Оқулықпен жұмыс

Мәтіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазу

Адам тілі тас жарады

Тас жармаса бас жарар

Сөз тапқанға қолқа жоқ

Қылыш үстінде серт жүрмейді

Аға – өлсе,іні мұра

Біреуге ор қазба ,өзің түсерсің

Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Парақша

№1.Мағынасы бірдей сөздерді яғни синонимдерді тап.

Оның ақылы,тапқырлығы өзінің заманындағы көп хандардан артық екен.

Сендер қырқыңда асып туған ақылды,данышпан едіңдер.

№2.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

Мен жаман-жақсы болсам да,үйіңізге келген қонақ едім .

№3.Ауыспалы мағыналы сөзді тауып,мағынасын түсіндір.

Сіздің көлеңкеңізде жүрсем де жарар.

Жаман 40 уәзірдің 40 ортақ қасиетін жаз.

Ақылыңмен хан көңілінен шығады.Ешкімге жамандық жасамайды.Әділ.Халқына жақын,адал жар.

Ханға қызмет жасайды.Ақыл беретін кеңесші

Қырық уәзір .Күншіл,ақылсыз,қызғаншақ,арсыз.

Жақсы мен жаманды

айра білу Әділдік

Сертке беріктік

Қайырымдылық Ақылдылық

Кішіпейілдік Адалдық

Тапқырлық

«Біреуге ор қазба,өзің түсесің» мақал-мәтелдің мағынасы қандай? Соны уәзірлердің қылықтарынан мысал келтіре отырып ойтолғау жаз.


Үй тапсырмасы

« Ертегідегі алған әсерім» тақырыбына ойтолғау жаз

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ертегідегі халық даналығы

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік:оқушыларға «Аяз би» ертегісіндегі даналық сөздерді табу, Жаманға мінездеме беру.
2.Тәрбиелік:оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.
Сабақтың типі: аралас сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сурет.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!



– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. 

Қызығушылықты ояту


«Аяз би» ертегісінің жоспарын құрып, оны мақал-мәтелдер арқылы дәлелдеу.
1. Құстың , шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.
Есірген хан елді ермек етер.
2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.
Ащы мен тұщыны татқан білер.
3. Жаманды ханның әузір етіп алуы.
Ақыл-ердің қорғаны.
4. Меңдінің Жаманды таңдауы.
Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
5.Жаманның сертке беріктігі.
Сертке берік бол,
Досыңа серік бол.
6. Қырық уәзірдің ханды Жаманмен аразда¬стыруы
Арсыз адам жала жауып аздырады
Ақылды адам жол тауып оздырады.
7. Жаманның Барсакелмеске сапары
Жігітке жар қымбат,
Намыс пен ар қымбат
8. Ханның өтірігіне жаманның жауабы.
Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке ізіңмен барады.
9. Ханның Жаманды сағынып іздеуі.
Ескі дос естен кетпес.
10. Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы.
Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.
11. Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы.
Жақсы ісіңнің артында сауабы бар.
Зұлымдықтың артында жауабы бар.
12. Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасы¬нан құтқаруы.
Арын сатқан ер оңбас,
Ажарын сатқан сері оңбас.
13. Хан тағына отырған Жаман.
Ақылды жетер мұратқа,
Ақылсыз қалар ұятқа.

Мағынаны тану


Оқушылар жоспар құрып болған соң, оларға ұжымдық тапсырмалар беріледі.
І топ .
1. Уәзірлер не үшін Жаманда адамның жаманы деп шешті?
2. Хан уәзірлерімен келісіп, Жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды?
3. Уәзірлер не үшін құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?
4. Хан Жаманды қайда көшіріп жібереді?
5. Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?
ІІ топ.
1. Барсакелместегі «інжілі қой» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
2. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білді?
3. Барсакелместегі «інжілі үйрек» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
4. Жаман гаухар тастың ішінде құрт бар екенін қалай білді?
5. Барсакелместегі «дәудің інжілі қара арғымағы » ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
6.Жаман ханның наубайдың баласы екенін қалай білді?
ІІІ топ.
1. «Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі?
2. Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда кеоген адам қалай бейнеленген?
3. Ханның әкесінің аты кім еді?
4. Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?
5. Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені? (Мен үшін күнәсіз өлме, ерлігіңді көрдім.
Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал , дегені еді).
6. Уәли байдың қызы Меңді сұлуға кел¬ген бай балалары мен бай балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе?)

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

1-топ

«Астана-арман қала» эссе жазу

2-топ

«Асқақтай бер Астанам»



Өлең жазу

Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Керқұла атты Кендебай»ертегісі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1. «Керқұла атты Кендебай" ертегісін қаншалықты меңгергенін анықтап,
Кендебай бейнесін аша отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер: А. -«Керқұла атты Кендебай" ертегісінен толық мағлұмат алады; 
В.-Кендебай бейнесін ашып, талдау жасайды, жоспар құрады;
С.-Берілген материалдарды өз беттерімен меңгереді, ойлау, сөйлеу мәдениеті дамиды, Жұптаса, топтаса жұмыс жасауға үйренед, бірін-бірі бағалауға , тыңдауға үйренеді.
Сабақ түрі: Қайталау сабақ
Сабақтың формасы: Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық.
Керекті жабдықтар Бейнепроектр, плакаттар, маркер, суреттер, жұмыс дәптері , ертегілер жинағы, оқулық, интерактивті тақта

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Үй тапсырмасын сұрау


а)"Аяз би" ертегісі
б) Ертегі жазып келу
Сұрақтар:
1. Уәзірлер құстың, шөптің, адамның жаманын қалай таңдады?
2. Жаманның таңдауы ханға қалай әсер етті?
3. Меңдісұлу Жаманды басқалардан неге артық санады?
4. Хан Жаманды "Барсакелмеске" не үшін жұмсады? Оған ой салған кімдер?
5. әзірлерінің қылықтары сендерге ұнады ма? Неліктен?
6. Ханның шалмен жұмбағын түсіндіріп айта аласыздар ма?
7. Аяз би өзі хан болғаннан кейін өзіне қандай сөздер айтып отырады?
8. "Жаман" туралы ертегі жазып, кім сурет салып келеді?
9. Ертегіде қандай мақал - мәтелдер бар? Ертегінің бізге тәрбиелік әсері бар ма?
Актуалдау: Балалар, осы "Аяз би" ертегісі ертегінің қай түріне жатады? Ертегілер неше түрге бөлінеді?

Мағынаны тану


"Керқұла атты Кендебай". Жақсы, олай болса біз бүгін тағы да бір ғажайып ертегіге жататын - "Керқұла атты Кендебай" ертегісімен танысамыз.
- Балалар, ертегілер қалай басталатын еді?
- Иә, "Кендебай" ертегісі де осылай басталады екен. (шамалы бастап беру)
- Иә, балалар, ертегінің негізгі кейіпкері кімдер екен?
Жоспар.
1. Кендебайдың дүниеге келуі
2. Кендебайдың Керқұла аты
3. Мергенбай батырдық баласы
4. Керқұла атқа тіл бітуі
5. Хан ауылынан келген Кендебай
6. Теңселіп келе жатқан тау
7. Ақырған арыстанды жеңуі
8. Тұтқыннан босанған Ергенбай батыр
9. Ел қуанышы
10. "Керқұла атты Кендебай батырдың елі"
Дамыту:
1 - қатар: Кендебайға мінездеме
2 - қатар: Керқұлаға мінездеме
3 - қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата - ана туралы мақал - мәтел айту:
2) 1 - қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма?
2 - қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің?
3 - қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар?
3)"Дат" сөзінің мағынасын түсіндіру

Сергіту сәті

Сергіту сәті. Жұмбақтар шешіп антонимді табу.
Асты тас, үсті тас,
От астында піскен ас. (таба нан)
Бүгін киген ақ тоным,
Ертең болар қара тон. (жер)

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

4) ас, ат, қыз, көр, той сөздерінің мағынасын түсіндіріп, қандай сөз болатынын айт.
5) төбелері көкке жету, құралайды көзінен тигізген, көз жасын көл қылу сияқты тіркестердің мағынасын ашу
6) Бұл ертегі неліктен қиял - ғажайып ертегіге жатады?(өз ойыңды дәлелде)
Қорыту: Иә, балалар, қазіргі кезде де әрбір ұрпақ өз елін қорғау үшін, өз елін көркейту үшін тынымсыз тер төгіп, Кендебай сияқты ер тұлғалы, мейірімді ұл - қызы болуы тиіс. Ел осындай перзенттерімен ғана мақтана алады. "Елдің атын ер шығарады" дегендей, біз де өз еліміздің Тоқтар, Талғат, М. Шаханов сияқты тұлғаларымен мақтана аламыз.
Мейірбандық, ораза айы, мұсылмандық шарттарын орындау

Үй тапсырмасы

а)"Керқұла атты Кендебай" ертегісі (мазмұны)
ә) Сурет салу;
б) Кендебайдың жеті басты дәумен, арыстанмен шайқасынан қызықты әңгіме жазу.
еңбекқор жалқау
намысшыл Кендебай Хан балалары өтірікші
адал, мейірбан еріншек

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Кендебай бойындағы адамгершілік қасиет

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) ертегі мазмұнын  түсіндіру, басқа ертегілерден   айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді  үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттердің  нақтылап  ашу; 

ә) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру  дағдыларын, өзіндік  пікір айту, ауызекі  сөйлесу  тілі  мәдениетін дамыту;

б) Кендебай  мінезін ашу арқылы  адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым  болуға, айналасындағы  адамдарға  қол ұшын  бере білуге  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ –жауап, ой қозғау, шығармашылық  қабілеттерін  арттыру  жұмыстары.

Көрнекілігі: үлестірмелі   қималар, мақал – мәтелдер  сәйкестіру плакаты.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Үй тапсырмасын сұрау

Балалар, үйге «Керқұла  атты  Кендебай» ертегісін мұқият оқу  тапсырылған болатын. Ендеше, бүгінгі біздің мақсатымыз – ертегі мазмұнын толық меңгеру, талдау. Кендебай бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алу және шығармашылық қабілеттерімізді  барынша көрсете білу.

       Тақырыбымыздың негізгі  кейіпкері – Кендебайдың  мінез-құлқына  сәйкес  сабағымыздың эпиграфы етіп «Адам да жақсы  қасиет  болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген  нақыл сөзді  алғанды  жөн  көрдім.

-         Кендебай  ең алдымен қандай адам? (Батыр).

-         Ертедегі Кендебай  сынды  батырдың адал серігі – Керқұла  деген ат. Осы батырлардың серігі – ат туралы жалпы жылқы туралы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қандай туындыларды  білесіңдер?

-         Кер және құла  сөздеріне анықтама беріледі.

-         Кер – құла мен торының, құла – сарымен  жиреннің  аралас түсі.

4. Мәтін дегеніміз не?


Мағынаны тану


Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау. ІІІ. Материалды түсіндіру  кезеңі. –Қазір «Керқұла  атты  Кендебай» ертегісінің  мазмұны  бойынша  жұмыс  жүргізейік. Қате  орналасқан  жоспар атауларын  ретімен  орналастыр:

1.     Кендебай  мен жетім бала.

2.     Керқұланың  тағдыры.

3.     Кендебайдың  дүниеге  келуі.

4.     Хан  бұйрығы.

5.     Баланың ата-анасымен  қауышуы.

6.     Кендебайдың  бұйрықты  орындауы.

7.     Кендебайдың аралға баруы.

8.     Кендебайдың  биені  күзетуі.

9.     Кендебай мен ханның бір-біріне  қойған  шарттары.

10.                       Керқұла атты  Кендебай   батырдың елі.

Мақалдарды  мазмұн  жоспарына  сәйкестендір.

1.     Кендебайдың дүниеге келуі.



Батыр  туса – ел ырысы.

2.     Керқұланың  тағдыры.



Қасқырдың ойлағаны – арамдық.

3.     Кендебай мен жетім бала.



Қаралы көңіл  жаралы.

4.     Кендебайдың  аралға  баруы.



Жол  мұраты – жету.

5.     Кендебайдың  биені  күзетуі.



Өзі  аққа  құдай  жақ.

6.     Хан  бұйрығы.



Есірген  хан  елді  ермек етер.

     7. Кендебайдың  бұйрықты  орындауы.



Қаһарлы  қамал  бұзады

8.     Кендебай  мен  ханның  бір-біріне  қойған шарттары.



Құдаңның  тайын  алғың  келсе, құлынды  биесін сұра.

9.     Баланың  ата-анасымен  қауышуы.



Ата  -  асқар  тау, ана – бауырындағы  бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.

10.                      Керқұла атты  Кендебай  батырдың елі.



Іздеген  мұратына  жетеді.

 

Сөздік  жұмыс.

1.     Алты  айдың  ішінде алты кез  болды (67- бет) (Кез – 71 см-ге тең  ұзындық  өлшемі).

2.     Ернім жалақ, басым  таз  болды (68-бет). (Жалақ  ерін жел қақты боп кеберсіген  жара).

3.     Құндыз  жүнді  арғымақ  құлын  туады (70-бет). (Құндыз- салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі   бағалы  аң).

4.     Зынданның  аузы   құлыптауы. (Зындан – тұтқынға түскен  адамдарды  жазалау  үшін  жер астынан  қазылған терең ор, апан).

5.     Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық  бар.

IV. Жаңа  сабақтан түсігендерін  тексеру.

     А) – Балалар, енді  Кендебай  батырдың бойынан  қандай қасиеттер  көргендігімізді  топтастырайық.



Ә) Оқулықпен  жұмыс.

Қайырымдылығы: жылағанды  жұбатыпты, қысылғанға  жәрдем беріпті.

Қамқорлығы: Қарасудың бойындағы  жыртық үйлі  кеделерді аң аулап асырауы.

Жанашырлығы: жетім  баланы  жұбатып, әке-шешесін  тауып  беруге уәде  беруі.

Кішіпейіл: хан  қызының  ақылын тыңдап, «Айрылғырдың  суы  айырыл!» деуі.

Адалдығы: жұлынып  қалған  қолындағы құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі.

Шыдамдылығы: шаршаса да түн бойы көз ілмей  құлынды  күзеткендігі.

Ақылдығы: ханға келген шаруасын, өзінің  қарапайым адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұқсат  сұрағандығында. 

V.  кезең. Балалардың  шығармашылық қабілеттерін арттыру.

- осы  ертегіні  әнге, сазға, жалпы  музыкаға бейімдеп  жазып  келу  немесе  сахналық  қойылым  ретінде  өзгертіп  дайындап  келу  тапсырылған болатын. Қане, кім не  дайындап  келді?

        Үш  оқушы  Кендебай мен жетім  баланың  кездесуін, хан қызының  ақыл  айтуын  сазды көрініс ретінде  дайындап  келіпті.

         Екі  оқушы  Кенбай мен жетім баланың диалогын  «Қабанбай  батыр» әніне лайықтап  өлең  сөзбен  жазып, сахналандырылған  көрініс  қойды.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

  • Тест сұрақтары

  • Кендебайдың әкесінің аты кім

А) Байбөрі

Ә) Ерназар

Б) Қазанғап

В) Саржан



  • «Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар», бұл қай кейіпкердің сөзі ?

А) Шалқұйрық

Ә) Керқұла ат

Б) Ханның баласы

В) Тазша бала

3.   Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?

А) Мергенбай

Ә) Тасқара

Б) Кендебай

В) Шойынқұлақ


  • Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?»-кімнің сөзі

А) Күңке

Ә) Меңді сұлу

Б) Кенжекей

В) Ханның кіші қызы



Үй тапсырмасы

Ертегіні әрмен қарай жалғастыру. «Кендебай» сөзіне сөзжұмбақ

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Қырық өтірік»ертегісі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

аЕртегінің мазмұнын игеру; Жанрлық ерекшелігін тану; Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой-қиялын дамыту; Өзіндік көзқарасын, жазба әдеби тілін қалыптастыру

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Қызығушылықты ояту

Өтірік айтып көрдің бе ?

 (Оқушылардың әңгімелері тыңдалады)

Өтірік туралы қызықтар мұнымен шектелмейді. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», «Өтіріктің өрісі тар» Демек, жақсы әдет емес. Психологтардың зерттеулері бойынша бұндай әдетке адам бала кезінде үйір болады екен. Кейін басы «тасқа» соғылған соң қойып кетуге мәжбүр болады. Ал кейбіреулер оны өміріне жолдас етіп алады. Өтіріктің зияны қыруар. Қолайсыз жағдайға ұшырайсың. Абыройдан айырыласың. Қысқасы, ең жақсысы қолдан келгенше өтірік айтпауға тырысқан жөн.

Әрине, өтіріктің адамға залалсыздары да кездеседі. Оған мысал «Алдар көсенің бастан кешкендері» мен «Қырық өтірік» ертегісі. Олар қажет болған соң амалсыз айтылған өтіріктер. Күлкіге қарық боласың. Риза боласың.

Ал неге риза болатыныңды ертегіні талдай отырып, көз жеткізейік.


Мағынаны тану


ІІІ. Жаңа сабақ.
Ертегі оқиғасы проза түрінде де, өлең түрінде де болады. «Қырық өтірік» ертегісі – соның бір мысалы. Бұл ертегінің басқа ертегілерден өзгешелігі айтушыдан аса таланттылықты талап етеді. Ертегінің шартының өзі – бір түйір шындық қоспау керек. Сюжетінің тартымды, қызық болатыны да сондықтан. Ал өлең сөзбен баяндауда автор оқиғаны баяндап жеткізумен бірге өлең сөз талабын (ұйқас, ырғақ, т. б.) орындауы қажет.

ІV. Бекіту.


«Автор орындығы» әдісі бойынша ертегінің мазмұнын сұрау.
Ділмәр - тілге шешен, сөзге бай
Сүймен - құрал түрі
Кездік – кішкентай пышақ
Абжылан - үлкен жылан, қан ішер
Топтық жұмыс:
1. Тазша бала хат жазу
2. Өтірік өлең құрастыру
3. Өтірік әңгіме құрастыру
● Тазша бала (ерекшелігі)
- Тазша өзі 40 өтірік әңгіме, өлең шығарды
- Хан алдына өзі келді
- қиялшыл
● Аяз би (ерекшелігі)
- Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.
- Ханның алдына уәзірлері әкелді
- сыншы
● Ұқсастығы
- Екеуі де хан бұйрығын орындады
- Екеуі де тапқыр
- Екеуі де ақылды
- шешен
- батыл
Ертегі желісі бойынша сурет салғызу.
1 - сурет. Инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан көрініс
2 - сурет. Шегірткенің мұртына атты арқандау
3 - сурет. Ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суреті, т. б.
Оқиға кейіпкерлеріне мінездеме беру

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Тест
1. «Қырық өтірік» ертегісі ертегінің қай жанрына жатады?
а) шыншыл
ә) қиял - ғажайып
б) аңыз
в) хайуанаттар жайлы
2. Ертегінің басты кейіпкері кім?
а) Хан
ә) Тазша бала
б) Инелік
в) Халық
3. « — Жаным - ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!» - кімнің сөзі?
а) Хан
ә) Тазша бала
б) Инелік
в) Халық
4. «Құрығым аласа болған шығар»,— деп, құрықтың басына... жалғадым, көрінбеді.
а) қынымды
ә) тебенді
б) пышағымды
в) қамшымды

Үй тапсырмасы

Қырық өтірік ертегісіне жоспар жазу. «Өтірік өлеңді» оқу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Өтірік өлең

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Ертегінің мазмұнын игеру; Жанрлық ерекшелігін тану; Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой-қиялын дамыту; Өзіндік көзқарасын, жазба әдеби тілін қалыптастыру; Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

1) Ертегі дегеніміз не?

2) Ертегінің түрлерін ата.

3) Ертегіден антоним, синоним, омоним сөздері бар ма?

4) Ханның қырық өтірік айтатын адамды іздеуінің себебі неде?

5) Тазша неге өтірік айтты?

6) Тазша бала өз өмірін неге өлімге тікті?

7) Тазшаның өтірік әңгімесінен қандай өнерін көреміз?

8) Қырық өтірік ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

9) "Қырық өтірік" ертегісінің "Кер құла атты Кендебай" ертегісіне ұқсастығы бар ма?


Үй тапсырмасын сұрау


ІІ. Мағынаны тану. Кубизм әдісі
І. Мінездеу. ( Тазша балаға мінездеме жасау)
ІІ. Салыстыру (Тазша бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)
ІІІ. Зерделеу (Тұрақты сөз тіркестерін, мақал - мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп
жазу)
ІV. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Тесттік тапсырма (3 минут).

1. Тазшаның қай жылқысы жоғалды?

а) ала биесі ә) жирен құлыны б) қотыр тайы



2. Атып алған қоянның майының көптігі қандай?

а) Бір түйенің, бір өгіздің қарнына сиярлықтай.

ә) 40 литрлік қазанға сиярлықтай.

б) Бір түйенің, бір өгіздің, бір борсықтың қарнына сиярлықтай.



3. Тазша барар жолда судан қалай өтті?

а) Құлынның үстіне мініп өтті.

ә) Пышағын қайық, құрығын ескек қылып жүзіп өтті.

б) Құрығын қайық, пышағын ескек қылып жүзіп өтті.



4) Тазша етігін қайдан тапты?

а) жиыннан ә) ханның үйінен б) құдықтың басынан



5) Тазша жылқысын тапқан соң оны не істеді?

а) Айғырдың құйрығына байлап қойды.

ә) Айғырдың арқанына байлап қойды.

б) Айғырдың аяғына байлап қойды. 



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:20.10.15ж

Кабинет: 23

Мұғалім:Б.У.Н.

Сабақтың атауы

Асан қайғының Жерұйықты іздегені

Сілтеме

Сілтеме Әдебиет Авторлары: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, слайдтар, сабақ жоспары, карта.

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1. Аңыз әңгіме, Асан қайғы туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, негізгі мәселені анықтай білу, сұрақ қою дағдыларын, сыни тұрғыда ойлауын дамыту.
3. Асан Қайғының қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, өз бойларына дарытуға, кейіпкерден үлгі ала білуге тәрбиелеу. Оқушыларды шешендікке, тапқырлыққа , адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Үй тапсырмасын сұрау


А) “Асан Қайғының зары ” өлеңін үнтаспадан тыңдау ( Қ. Мырзалиев)
Ә) Өлеңнің мазмұны сұралады.
Б) Асан Сәбитұлының тарихта болғаны туралы деректер слайд арқылы көрсетіледі 1.Оқушылар”Қырық өтірік “ертегісі бойынша салынған суреттерді сипаттайды
2. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Мағынаны тану


Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2-жартысында, Еділ бойы –т.ө.ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ-Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50-жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз-жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.

1. Топтар мәтінді іштей оқиды ;


2 Түсінгендерін топ ішінде өзара талқылайды;
3.Топтарға тапсырмалар беріледі
1 топ- Асан Қайғаның жерұйықты іздеу мақсаты не?
2-топ- Барған жеріне қонымды баға бергенін қалай түсінесің?
3-топ- Туған жерлеріне баға беру
1. Оқушылар өз топтарында оқиды.
2.Тиісті анықтамаларды мысалмен талдап, өз сөздерімен дәлелдейді, флипчарттарға жазады.
1-топ
Асан Қайғаның жерұйықты іздеу мақсатын топпен айқындап дәлелдер келтіреді

2-топ
Өз пікірлерін қорғайды


3-топ
Өз түсініктерін дәлелдейді.
1.Ойтолғаныс “Асан Қайғының жүрген жолдары”

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

1.Суретті мазмұнды жоба жасайды, Қазақстан картасы арқылы оқушылар пікірі салыстырылады, қорғайды.
2. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысы бағалайды;
9. Берілген бағалау парағына топ басшылары өздерінің бағалауы бойынша бағаларын қояды, айтады

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет