Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет9/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Абай Құнанбайұлы «Қыс»өлеңі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

білімділік - оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жан - жақты мәлімет беру;
дамытушылық - оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру және өлеңді құрылысына қарай талдау дағдысын қалыптастыру;
тәрбиелік - ұлы ақынның шығармаларынан үлгі - өнеге алу, өнерді құрметтеуге, әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топтық жұмыс. Көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың портреті, шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!


Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылармен амандасып, сыныпты 3 топқа бөлемін.
І топ Жүрек
ІІ топ Қайрат
ІІІ топ Ақыл
Сабаққа кіріспестен бұрын оқушылардан бүгінгі ауа райы туралы пікірлерін білу.
- Оқушылар, әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі болатыны белгілі. Яғни, жыл мезгіліне байланысты ауа - райының құбылып, өзгеріп отыратынын сіздер жақсы білесіздер. Олай болса, қазақ жұлдызшыларының қыс мезгіліне қатысты ауа райын қалай болжағандығына назар аударайық.
Айдың туу, тоғысу және аралық шағын байқап, бағамдай білген қазақ халқының көріпкелдері, жұлдызшылары қай кезде ауа райының қандай болатынын дәл тауып, айтып берген.
ҚЫРБАСТЫҢ ҚЫЗЫЛЫ - желтоқсан айының басында болатын алғашқы аязды халқымыз осылайша атайды. Сарыарқа өңірінде қыс ерте түсіп, қатты аяздар, бұрқасын борандар басталады.
КҮННІҢ ТАЛАСУЫ - бұл мезгіл қаңтардың алғашқы күніне тұспа - тұс келеді. Осы кездері күн бойы көтереді, ауа райы өзгеріп, қар жауады. Боран болуы да мүмкін.
ҚЫС ШІЛДЕСІ. Бұл - қаңтардың соңғы күндері. Осы кездері қыс күшіне еніп, сақылдаған сары аяздар орнайды. Қыстың осындай нағыз қақаған уақыты «қыс шілдесі» деп аталады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу және өлең құрылысына талдау жасау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі.
1. Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары? (1841 - 1889)
2. Ыбырай Алтынсарин қайда дүниеге келген? (Қостанай облысы Затобол ауданында)
3. Ыбырай кімнің тәрбиесінде болады? (атасы Балғожа бидің)
4. Ыбырай қандай игі іс атқарды? (1864 жылы мектеп ашады)
5. 1864 жылы ашылған мектебінде Ыбырай қанша бала оқытты? (14 бала)
6. Бала оқытқанына қатты қуанған Ыбырай бір хатында не деп жазған? (Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балалар да менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды)
7. Ыбырайдың табиғат лирикасына арнаған өлеңін ата. (Өзен)

Мағынаны тану


1) «Қызығушылықты ояту» сәті
Оқушыларға «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдатамын.
- Оқушылар, бұл әннің авторы кім?
- Абай Құнанбаев.
2) «Топтастыру» стратегиясы
- Абай Құнанбаев туралы не білесіздер?
Ұлы ақын
Сазгер
Аудармашы
Шешен
Ағартушы
Қоғам қайраткері
Саясаткер
Әділ би табиғат жыршысы
Қазақ әдебиетінің көшбасшысы

Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

3) «Түртіп алу» стратегиясы
( Оқушылардың қолдарына Абай туралы жазылған деректі беріп,
дайындалуына 5 мин. уақыт беремін)
«Ү» «-» «+» «?»
білемін білмеймін жаңалық Күдікті, таң қалу
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шыққан руы – Тобықты. Ата - тегі сол тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскенбай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын боп кеп, бір уақыт Қарқаралы округіне аға сұлтан да болады.
Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Смағұл атты балалары болған. Бұлардан Абай жас кезінде - ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі - аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр - қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан - жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул - Жаппар, кейін Ахмет - Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады.
Оқуының соңында Абай мұсылманшамен бірге Семейдегі «Приходская школадан» үш ай орысша білім алады. Осы үш ай Абайдың өз бетімен орыс тілін, әдебиетін игеріп кетуде, қазақ әдебиетіне жаңа сарын әкелуде көп әсері болады.
1904 жылы 23 маусымда қайтыс болады. Сүйегі өз қыстауы Жидебайға қойылады. 1888 - 1890 жылдардағы табиғаттың төрт мезгіліне арналған «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» өлеңдерін жазады.
Абай - әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен, жай мағынасын ғана аударумен шектелмей, алғаш Абай Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударған. Абайдың поэмасы үшеу: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім». Бұл поэмалар қазақ өмірінен алынған емес, шығыстық сарынында жазылған.
Абайдың 45 қара сөздері бар. Абайдың әндерінің бәрі - қазір нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
4) Термин сөздермен жұмыс.
Лирика - адамның көңіл күйін білдіретін сыршыл өлең түрі. Лириканы: саяси, махаббат, философиялық, табиғат, азаматтық деп бөлеміз.
Кейіптеу - жансызды жанды түрінде суреттеу, яғни жандының іс - әрекетін, қимылын бере суреттеу.
5) Өлеңмен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
І топ Қайрат тобына:
- Табиғат лирикасы туралы айту;
- Өлеңде кездесетін жаңа сөздерді теріп жазу.

ІІ топ Ақыл тобына:


- Өлеңнен кейіптеуді табу;
- Қыстың жеке - жеке көріністерін дербес алып қараңдар.

ІІІ топ Жүрек тобына:


-«Қыстың сипаты» немесе «Қысқы ауыл» деген тақырыптар бойынша суреттер салыңдар.
- Ы. Алтынсарин «Өзен» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін салыстырыңдар

6) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.


Өлеңнің авторы: А. Құнанбаев
Өлеңнің тақырыбы: Қыс
Идеясы: Қысқы табиғаттың көрінісі
Жанр түрі: табиғат лирикасы
Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Қазақ ауылының тұрмыс - тіршілігі
Кейіптеу: жансызға жан бітіріп сипаттау.

Шумақ Тармақ Бунақ Буын Ұйқас Көркем сөздер


5 22 2 11 А А Б А

Ақ киімді, // денелі, // ақ сақалды, - А 11 б


Соқыр, мылқау,// танымас// тірі жанды. – А 11 б
Үсті - басы//- ақ қырау,// түсі суық, - Б 11 б
Басқан жері// сықырлап// келіп қалды. – А 11 б (Қара өлең ұйқасы)

Дем алысы -//үскірік, // аяз бен қар, - А 11б


Кәрі құдаң // қыс келіп,// әлек салды. – Ә 11 б
Ұшпадай// бөркін киген// оқшырайтып, - Б 11 б
Аязбенен // қызарып // ажарланды. – Ә 11 б (Кезекті ұйқас)

Бұлттай // қасы жауып // екі көзін, - А 11 б


Басын сіліксе, // қар жауып, // мазаңды алды. – Ә 13 б
Бурадай // бұрқ - сарқ етіп // долданғанда, - Б 11 б
Алты қанат // ақ орда // үй шайқалды. Ә 11 б (Кезекті ұйқас)


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

«Еркін жазу» стратегиясы бойынша
І топқа «Табиғатым - мекенім» эссе жазу.
ІІ топқа «Абай ата ізімен» қыс мезгіліне өлең шығару.
ІІІ топқа 5 сұрақ әзірлеу. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз. 

Үй тапсырмасы

Қайталау,тест құрастыру

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

-білімділік: ақынның ғылым-білім, табиғат туралы өлеңдерін оқыту, мән-мазмұнын меңгерту; өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мәнерлеп жатқа оқуға және әдеби теориялық талдауға бейімдеу;

  -дамытушылық: оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, адамгершілік-рухани  қасиеттерін қалыптастыру;

  -тәрбиелік: парасаттылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өзінше ой түюге баулу; ақынның өсиет сөздерінен нәр алу;

Сабақтың түрі: семинар сабақ

Сабақтың әдісі: зерттеу, шығармашылық жұмыс, түсіндіру, ізденіс жұмыстары, сергіту сәті, жаңа технологиялар

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар көрмесі, ақын туралы ой-пікірлер, А3 қағазы, түрлі түсті қарындаштар, интерактивті тақта, деректі фильм


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!


Үй тапсырмасын сұрау


Зымыран сұрақтар. 1) «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі бойынша:

1  Тіленші дегеніміз кім?

2  Тіленші Антонға бейтаныс кісі не деді?

3  Бейтаныс кісінің сөзі Антлонға қалай әсер етті?

4  Бұдан Антон қандай қорытынды шығарды?

2) «Болжау» стратегиясы. «Қалай баюға болады?»

3) Абай Құнанбаев және «Қыс» өлеңі бойынша:

 .1  Абай Құнанбаевтың өмірі туралы не білесің?

  2  Академик Зейнолла Қабдолловтың Абай туралы ойы қандай?

  3  «Қыс» өлеңін мәнерлеп жатқа оқу.



Мағынаны тану

1. Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан шағын деректі фильм көрсету.

Абай өлеңдерінің ішінде афоризмдік сөздер көп кездесіп жатады. Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерден мол үлгі алуға шақырады. Адам мінезіне жақсы қасиеттер үйірлетеді. Кез келген нәрсеге құмарта бермей, өмірде өз жолын табуға сілтей отырып, кімнің бойында әділеттік, мейірімділік, қайраттылық болса, мұндай қасиеттер оған жарасып тұрады деген ой айтады. Ол жастарға арнап көптеген өлеңдер жазған. Әр өлеңі нақылға, қанатты сөздерге бай. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның ерекше ескертуі бар. Ол – қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу. Ғылым жолы – әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Олай болса, ақын өлеңін мәнерлеп оқып, жалпы талдау жасайық.

Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқимыз. Мазмұнына талдау жасап, тақырыбын, көздеген идеясын ашамыз.

Сөздікпен жұмыс: «нәфрәтлі» - жиренішті, жиіркенішті

                                    «ғибрәтлі» - үлгілі



Білімді бекіту. Мәтін мазмұнын жан-жақты талдау.

Концептуалдық кесте.

Шығарма атауы

Асыл іс

Дұшпан

Тәрбиелік мәні

«Ғылым таппай мақтанба»

Талап,

Еңбек,


Терең ой,

Қанағат,


Рақым

Өсек

Өтірік,


Мақтаншақ,

Еріншек,


Бекер мал шашпақ

Жамандық көрсең, жирен.

Жақсылық көрсең, үлгі ал.

Ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне ерсең, дүние де өзі, мал да өзі т.б.


 

Семантикалық карта.

 

Мағына

өсек

өтірік

мақ

таншақ


еріншек

мал шашу

та

лап


еңбек

терең ой

қанағат

Ра

қым


Қызығушылығы жоғары, ізденгіш

 

 

 

 

 

 

  +


 

 

 

 

Адамгершілік қасиетке бай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  +


Сөз өрбіту, бірді-бірге шағыстыру

 

  +


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шамадан тыс кеуде, көкірек

 

 

 

  +


 

 

 

 

 

 

 

Пара беру, сатылу, санасыздық

 

 

 

 

 

   +


 

 

 

 

 

Арыдан болжау, сана-сезімі мол

 

 

 

 

 

 

 

 

   +


 

 

Барға шүкіршілік

 

 

 

 

 

 

 

 

  +

 

Ағылған бос сөз

 

 +

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалқау, арамтамақ, жеңіл жол

 

 

 

 

  +


 

 

 

 

 

 

Тыным таппайды, уақытын бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 +


 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс.  1. Екі топ берілген тақырыпты түсінгеніне орай сурет салып, бейнелейді. «Ғылым-білім дегенді қалай түсінесің?»

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмей, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл.

2. «Қиық қағаздар сөйлейді». Берілген қиықтардағы сөздерді бір-бірімен байланыстырсаң, әдемі қанатты ой шығады.

         Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.

        Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

3. Өлең құрастыру. І топ. Жамандықтан жиренемін...

                                   ІІ топ. Адам болып өсемін...



Қосымша

«Бәйге» ойын стратегиясы.  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. (екі топқа алты сұрақтан)

Ø Абай қай облыстың тумасы? (Семей)

Ø Абайдың әжесі (Зере)

Ø «Дем алысы – үскірік, ая бен қар» қай өлеңінен алынған үзінді? («Қыс»)

Ø «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесінің авторы кім? (Ы.А.)

Ø Абай қай жылы туды? (1845)

Ø Абай аударма жасады ма? (иә)

 

Ø «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған жазушы кім? (М.Ә.)



Ø Абайдың әкесі (Құнанбай)

Ø «Көкорай шалғын бәйшешек» қай өлеңнен алынған үзінді? («Жаз»)

Ø «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы.А.)

Ø Абайдың неше қарасөзі бар? (45)

Ø Абай ән жазды ма? (иә)

«Жалғастыр» ойыны.

Білім азбайды,                                              ақыл тозбайды.

Білімдіден шыққан сөз,                               талаптыға болсын кез.

Білгенің бір тоғыз,                                       білмегенің тоқсан тоғыз.

Білекті бірді жығады,                                  білімді мыңды жығады.

Кісінің кісілігі киімінде емес,                   білімінде.

Білмеген қауып айтады,                              білген тауып айтады.

Білімді бағалау:  Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Қорытындылау.  Ойтолғау (монолог түрінде). Абай өлеңдері бізді неге үйретеді? Не үйрендік? Біздің өмірімізге қажеті бар ма?

Жинақтау. Бірнеше сөздердің ішінен Абайға қатыстысын сандықшаға салу.

Түйін. Тақтада ілініп тұрған Абай туралы пікірлерді ұштастырып ой қорыту.

 

       Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.



                                                                                                       М.Әуезов

 

      Мына тұрған Абайдың суреті ме?



      Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,

      Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

      Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

                                                                                                     

Ж.Жабаев

 

      Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.



                                                                                                     

Ғ.Мүсірепов

 

      Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.



                                                                                                    

  Н.Назарбаев

 

   Халқымыздың рухын әрлендірген  - Абай. Сарқылмас күш-қуат беріп, әр адамға инабаттылық қазына сыйлаған, жазба тілдің негізін салған, қазақ поэзиясының алтын діңгегі – Абай.



Ой толғаныс

Метаграммаларды шешіңдер.

Егер т-дан бастасаң-

Биіктердің биігі.

Егер д-дан бастасаң,

Қиындардың қиыны.

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)

Егер б-дан бастасаң-

Түтіндей боп көшемін.

Егер н-дан бастасаң-

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң-

Ішкен жанға кеселмін (бу,ну,у)

Шығармашылық жұмыс.


  1. Адасқан әріптер

а) р, д, о, м, ы, а, б б) й, ж, ы, а, л,ы ж г) й, а, б, а, т, л, а

ә) н, е, д, м, ә, е, т, и в) е, б, к, е, ж, е ғ) з, с, а, ө, у, р



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

С.Торайғыров «Шілде»өлеңі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Ақын  өмірі,  шығармашылығы туралы мәліметтер бере отырып жаңа сабақты меңгерту.

Дамытушылық: Шығармаларына зерттеу жобасын жасау арқылы оқушылардың оқыған шығармаларынан негізгі ойды ажырата білу,саралау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып,  әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

«Қарлы кесек» ойыны

Шарты: Оқушыларға қар түріндегі әртүрлі қағаз қималарында түрлі сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға аз уақыт ішінде оқушылар тез жауап таба білулері керек. Сұраққа жауап болмаса, сол оқушы өз өнерін көрсетуі керек.(мысалы, жатқа өлең, ән айту, билеп беру, ойдан өлең шығарып беру, сергіту сәтін оқушыларға жасатқызу)

Сұрақтар:

1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

2. Абайдың білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдері бар?

3. Абай туралы қандай ақын-жазушылар шығармалар жазды?

4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?

5. Абай қай рудан шықты?

6. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?


Үй тапсырмасын сұрау


Мағынаны тану


1 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

 

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Алғашқысында Сұлтанмахмұт әкесінен арабша хат таныған. Тортай, Мұқан деген ауыл молдарынан оқиды.



1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай алмай, оқуды тастап кетеді.

1911 жылы бір қыс бойы Н.Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған көзі ашық сауатты мұғалім болған.

1913 жылы Троицк қаласына қайта келіп, «Айқап» журналы редакциясында қызмет етеді. 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастың салдарынан 27 жасында қайтыс болады.

Шығармашылығы:

Өлеңдері: «Шәкірттерге», «Жарлау», «Ақ сәуле», «Шілде», т.б.

Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сұлу» т.б.

Мақалалары: «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай?»

 

2 Өлеңмен жұмыс

А) Оқулықтағы «Шілде» өлеңін оқушылармен мәнерлеп оқып шығу.

 

Ә) Не жайлы айтылғаны оқушылармен бірге талқылау



 

Б) Сөздікпен таныстыру

Әуе – аспан, қысқа түн-жазда  ұзақ, түн қысқа болады; көк майса – шөп, көктің жүзі – аспан; әптиек-діни оқу құрал, мелдегінен – белуарынан деген мағынада.

 

В) Сұрақтар қою



1 Бұл өлеңде ақынның айтпақ ойы қандай?

2 Шілде таңының келбетін көз алдарыңа елестетіп көріңдер

 

Г) Ревин әдістемесі бойынша өлеңмен жұмыс



Оқушылар:

1 Өлеңнің кез келген жерін  өзара жаттайды

2 Мағынасын ашып, түсіндіреді

 

Ғ) Әдеби теориялық ұғыммен таныстыру



Кейіптеу – ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандырады, құлпырта суреттеуді айтады, яғни табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейіпінде суреттеу тәсілі.

Мысалы: Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде

Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат,

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып...

... Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,

Ән салды домбырамен құстың шуы.

Бастапқы жолдағы жүзі күлімдеп, көңілі шат деген сөздер әдетте адам туралы айтылады, ал ақын таңмен бірге нұрланған көк әлемін күлімдеген кісі жүзіне ұқсатып суреттейді.

 Талдап оқу – жақсы түсініп, еске ұзақ сақтау үшін қолданылады.

Тәсілдері: 1. Тезис – негізгі ойдың мазмұнын өте қысқа түрде жазылуы.

2. дәлелдемелер – тезистегі айтылған немесе мәтіннің ішіндегі сөздермен жазылады.

3. Тірек сызба – алдымен жоспар құрып, оның әр тармағына дәлелдер тауып нақтылау арқылы жүзеге асады.

Өлеңді талдап оқи отырып, тәсілдерін қолдану, яғни өлеңге қысқаша тезис, дәлелдеме, тірек сызба жазу.




Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

 Шығармашылық жұмыс

«Шілде» тақырыбына байланысты шағын эссе жазу 



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

М.Жұмабаев «Сағындым», «Қысқы жолда»

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

М.Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау.

ә.Өлеңнің сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге идеясын түсініп,бағалай білуге баулу.

б.Оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,жинақтау,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті, электронды оқулық, интерактивті тақта


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

«1» дегенім – жаман баға
Алады оны жаман бала
«2» дегенім – нашар баға
Інішегім нашарлама
«3» дегенім – орта баға
Алады оны орта ғана
«4» дегенім – жақсы баға
Алады оны жақсы бала
«5» дегенім – үздік баға
Оқитын бол үздік қана!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасын сұрау.

(М.Жұмабаев шығармашылығы бойынша іздену жұмысы).

1.Мағжан кім?(ақын)

2.Оның қандай шығармаларын білесіңдер?(«Сағындым»,»Балалық шақ»,»Мен кім?»)

3.Оқыған жері.(Уфадағы Ғалия медресесі)

4.Қанша тілді жақсы меңгерген?(араб,парсы,түрік,орыс тілі).



Күтілетін нәтиже:

- М.Жұмабаев туралы мәлімет алады.

- Өз беттерімен білім алуға талаптанады, интерактивті тақтамен жұмыс жасап , электронды оқулықтың мазмұнымен танысуға, интербелсенді тапсырмаларды озі орындауға мүмкіндік алады.

- Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді.



Мағынаны тану


   Электронды оқулық арқылы “Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалары» модулінен М.Жұмабаевтың өмірімен танысу.

1.Қысқы жолда өлеңін мәнерлеп оқып шығу.

2.Түсінік беру.

3.Мәтінмен жұмыс.

(Өлеңді сатылай комплексті технологиясымен талдау).

1.Қысқа жолда

2.Өлең

3.5 шумақ



4.21 тармақ

5.8бунақ

6.7-8 буын
Қа-раң-ғы түн сар да-ла
Кө-рін-бей-ді ай-на-ла
7.Аралас ұйқас(а-а-б-б-в-б-г-в)

а.Эпитет Құлағын қайшыландырып

ә.Кейіптеу.

«Екі иінінен дем алып».»Сақ-сақ күледі»,»Екі санын шапалақтап».

б.Теңеу.»Аңдай ұлып»

9.Қаракөк-аттың аты.

10.Өлең табиғаттың қаталдығы адамға,малға қауіпті екенін білдіреді.

4.Сонымен «Қысқа жолда» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер?

-Енді Абайдың «Қыс» өлеңіндегі кейіптеумен салыстыру.
Қыс.

Мағынасы: мезгілдік.

Өлең тақырыбы: Қысқа жолда.

Туынды мағынасы:а.Қыс-мезгіл

Б.Қыс-іс-әрекет.

Қарама-қарсы мағынасы:Жаз.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Енді Венн диаграммасы арқылы қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру.





Жаз

1.Жылы


2.Жаңбыр

3.Жел


Қыс

1.Суық


2.Қар

3.Боран


ЖазЖ


Қорытынды:

1.Тез тап психологиялық тренингі.

2.Шыққан сөйлем арқылы сабақты қорытындылау


Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Талдау.С.Сейфуллин « Ақсақ киік»өлеңі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)Сәкен  Сейфуллин өмір жолы мен  шығармашылығына тереңірек түсінік беру. « Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә)өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық:
а)шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; 
ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: тест,сұрақ-жауап, иллюстрациялық баяндау, түсіндіру,  синквейн

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!


Үй тапсырмасын сұрау


  1.Сұлтанмахмұт Торайғыров  кім  ?

А )  әнші             Ә)   ғалым                       Б)    ақын, жазушы

2.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылы дүниеге келген  ?

А)   1865 ж             Ә)   1569ж                        Б )   1893 ж

3. Сұлтанмахмұт қай жерде дүниеге келген ?

А) Көкшетау облысы      Ә) Орал облысы           Б) Ақтөбе қаласы

4.Оның алғашқы ұстазы кім болған ?

А) Абылай      Ә)  Нұрғали                   Б) Әсет

5.Қай журналда хатшы болып жұмыс жасайды ?

А) « Айқап »          Ә)  «Дала»              Б)  «Қазақ»

6.Сұлтанмахмұттың поэмаларын ата

А) « Еспенбет »       Ә)  «Адасқан өмір»        Б ) « Медғат - Қасым»

7.Оның алғашқы туындысы қалай аталады ?

А)  «Қамар сұлу»     Ә)  «Сұлушаш»     Б) «Ботағөз»

8.Ақынның бір өткір өлеңі не деп аталады ?

А ) «Бір адамға »       Ә)  «Жаз»      Б)  «Гүл»

9. Ақынның оқу - ағарту тақырыбына жазған өлеңін көрсет

А) «Жарқынбай»      Ә) «Шәкірт ойы»                 Б) «Жазғы қайғы»

10.Сұлтанмахмұт қай жылы қайтыс болады ?

А)  1478 ж             Ә)  1236ж            Б)  1920 ж

 Жауап кілттері :

1 Б      4 Ә        7 А      10 Б

 2Б        5 А       8 А

3А       6 Ә        9 Ә

Оқушылар бір- бірін тексереді, жауап кілттерін пайдалана отырып.


Мағынаны тану


 Бүгін сабақта қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі ,

ақын ,қоғам, мелекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолымен, оның «Ақсақ киік» атты өлеңімен танысамыз. (слайд № 3)

Үнтаспадан Сәке  сейфуллин туралы мәлімет беру.

Ал ,енді «Ақсақ киік» өлеңімен танысу үшін ең алдымен киік туралы мәліметпен танысамыз.

Сөздік жұмысы слайд №6

Шөл – суға тапшы аймақ.

Бетпақдала – Арқаның шөл даласы

Киік,бөкен-аша тұяқты,жүйрік аң

Бетеге- дала өсімдігі

Қос- далалықта паналайтын баспана

Сегіз көштік-сегіз көшіп, әрең өткен

Таңы – жануардың сұлу мүсіні

Киік – аталық жануар

Бөкен – аналық жануар

( слайд №7 Бетпақдала туралы, № 8 киіктің физикалық туралы мәлімет ,№ 9)

«Ақсақ киік» өлеңін үнтаспадан тыңдату .Оқушылар өздері өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

Сұрақтар :

1.Өлең қандай жануар туралы ?

2.Киік қандай жерде мекендейді ?

3.Киікті  бейнелейтін сөздерді оқып беріңдер ?

4.Мергеннің киікті атқаны туралы оқып беріңдер

5.Ақынның айтатын ойы қандай ?

Слайдтан өлеңді құрылысына қарай талдауды еске түсіру

Өлеңді құрылысына қарай талдау

Қап - қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.


(  1 шұмақ, 4 тармақ,11 бунақ, 11 буын )

«Ойнап, ойлап кезеңі» Бес жолды өлең құрастыру

1. Киік

2

3



4

5

Сабақты қорытындылау



Кесте толтыру

+ мен үшін жаңа ақпарат

келісемін

? мені ойландырды

---Келіспеймін

 

 

 

 




Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

«Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет