Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет5/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

1. Білімділік: Оқушыларға «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы туралы түсінік беру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, табиғаттың берген сыйына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Ашық сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы. «Ақсақ құлан, Жошы хан» ертегісі
Пәнаралық байланыс: Тіл, тарих, география.
Пәнге қажет құрал - жабдықтар: Интер белсенді тақта

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Үй тапсырмасын сұрау

 Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
 Қандай түрлері бар?
 Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
 Қандай аңыздарды білесіз?
 Асан қайғы деген кім?
 “Жерұйық” дегеніміз не?
 Асан қайғы не себепті жерұйық іздеді?
 “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 
 Мағынаны тану.
 Жаңа сабақ тақырыбы: 
 “Ақсақ құлан, Жошы хан” аңыз әңгімесі.

Мағынаны тану


Мағынаны тану.
Жаңа сабақ тақырыбы: 
“Ақсақ құлан, Жошы хан” аңыз әңгімесі.
Топтық тапсырмалар:
І топқа: Әңгіменің жоспарын құру.
ІІ топқа: Әңгіме кейіпкерлерін тауып, сипаттау.
ІІІ топқа: Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді табу.
(Барлық тапсырмалар көпшілік алдында қорғалады.)

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Ой қозғау
Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (Проблемалық сұрақ)
“Әңгімедегі бақытсыз жан” 
тақырыбында 5 минуттық эссе жазу.
Толғаныс сәті:
-Балалар, біз:
-Нені үйрендік?
-Неге үйрендік?
-Қалай үйрендік?

Үй тапсырмасы

Оқып түсінгенін айту және әңгіме желісі бойынша сурет салып келу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Аңыз әңгімені оқыта отырып сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қоя білуге, жауап беруге үйрету,ауызекісөйлеуге,мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып тіл дамытуға пайдалану.Жиренше мен Қарашаш әңгімелері арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ету,адам бойындағы жақсы қасиеттерді,ақылдылық пен тапқырлықты дамыту.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!



Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру,бағалау.

Мағынаны тану



« Дүниеде не өлмейді?»

«Жиренше мен хан»

«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу.»

«Жиреншеге Қарашаштың қазасын естіртуі»

«Жолмен де, жолсызбен де...»

«Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»


ІҮ.Кейіпкер моделі


Кейіпкер



Іс әрекет,үзінділер

Бойындағы қасиет

Халық ойы немесе соңғы түйін

Жиренше

Ханмен кездескен жерде Жиреншенің ақылдылығы

Айқындалып отырады



Ұнамды , сүйікті қаһарман, шешен, тапқыр

Халықтың ішінен шыққан адам үстем тап өкілдерін әрдайым жеңіп отырса, олардың анағүрлым озық жатса деген тілек

Қарашаш












Ү.Проблемалық сұрақтар.

І .Қазір Жиренше сияқты тапқыр адамдар



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Ой толғаныс

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып.

(Дәптер)


***

Кішкене құдықтан,

Найза ұшты шыбығым,

Су ішіп құныққан.

(Сиясауыт)

***


Қабы сояу,

Діні – бояу.

(Қарындаш)

***


Қысқа таяқ діңі бар,

Шиырлаған ізінде

Сайрап тұрар тілі бар.

(Қарындаш)

***

Ойларынды аңсаған,



Асыл сөзді ақ алаңға,

Түсіруден шаршаған,

Мен емеспін әмәнда.

(Қалам)



Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады



Сабақтың тақырыбы:

Жиреншенің хан сынағына түскені

Жалпы мақсаты:

Жиреншенің хан сынағына түскені туралы білу

Оқу нәтижелері

Оқушылар шешендік өнері туралы ақпарат жинайды, білімдерін толықтырады, өз ойларын ортаға салады. Өз білімдерін өздері бағалайды.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

9.00-9.45

9.17-9.37

Кейс-стади бойынша жұмыс

«Жиреншенің хан сынағына түскені» мәтінін талдау.

  1. Жаппай сыныпқа оқыту.

  2. Жиреншенің әрекеттерін сипаттау -1-жұп

  3. Ханның әрекеттерін сипаттау -2-жұп

Тапсырма орындалып болған соң төмендегі берілген сұрақтарға жауап береді, топ ішінде талқылайды:

  1. Қандай тапсырма болды?

  2. Не істелінді?

  3. Қандай нәтиже шықты?

  4. Қарашаш қалай көмек берді?

Топ ішінде 10 минут талқылау. Ортақ талқылауға шығару, флипчартқа негізгі ойларды жазу




9.37-9.42

Рефлексивті парақтарын толтыру

Парақтарын толтырту




9.42- 9.45

Бағалау

Үйге тапсырма беру



өзін -өзі бағалау әдісін қолдану

Ханның іс-әрекетіне мінездеме беру








Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Сұратқан хан ақымақ па,сұраған сен ақымақ па»

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды Жиренше шешен туралы аңыздаздармен таныстыру, түсінік беру

Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адрейсова Ш. А.

Міндеттері:1.Аңыз әңгімені оқыта отырып,сөйлеу тілін дамыту,сұрақ қоя білуге,жауап бере білуге үйрету;

2.Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру,

мәтінді дұрыс түсініп оқуға,практикалық жұмыс арқылы тілін дамыту;

3.Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге

ете отырып,адам бойындағы жақсы қасиеттерді,ақылдылығы мен тапқырлығын

оқушы бойына дарыту;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Өткізу әдісі: Ұжымдық,СТО технологиясы



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!


Қызығушылықты ояту


 Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
 Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіз?
 Өткен тақырыбымыз не?
 Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?

2. Категориялы топтастыру.


1-топ. Жиренше – Ол кім? – Ол не істеді?
2-топ. Хан – Ол кім? – Ол не істеді?
3-топ. Қарашаш – Ол кім? – Ол не істеді?
(Әр топ осы сұрақтар төңірегінде өз білгендерін топтастырады.)

Мағынаны тану


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

«Сәйкестендіру» әдісі
Ердің атын еңбек шығарар. ( Оқу, білім, өнер туралы)
Өнер алды – қызыл тіл. ( Еңбек)
Нар тәуекел - ер ісі ( Отан, туған жер, халық туралы)
Көп түкірсе - көл (Достық, жолдастық туралы)
Жігітті - жолдасынан таны. (Ерлік, батырлық туралы)
Шығармашылық тапсырма
«Мақал – сөздің мәйегі» шағын шығарма.

ІІ. Мағынаны тану:


 Жаңа сабақ тақырыбы:
 “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? аңыз әңгімесі.

 І топ. “Хан мен Жиреншені көз алдыңызға елестете отырып, суретін салу”


 ІІ топ. “Ішке және сыртқа”
(Әңгімедегі ұнамды, ұнамсыз жерлерін бөліп жазу.)
 ІІІ топ. Жиренше мен ханға мінездеме беру.
ІІІ. Толғаныс.
 4. “5 минуттық эссе”
 І топ: - Қаңбақтың адамша сөйлеуі
шындық па, әлде...
ІІ топ: - “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” деген сөзге ханның ренжуі мүмкін бе еді?
ІІІ топ. – Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?

4. Синквэйн


 І топ. “Хан
 ІІ топ. “Қарашаш”
 ІІІ топ. “Жиренше”

Үй тапсырмасы

Жиренше мен Қарашаш туралы тағы да басқа аңыз әңгімелер ізденіп оқу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тайкелтірдің төрелігі.

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

 «Тайкелтірдің төрелігі», «Қазыбек би мен Бұқар жыраудың» шешендік сөздерінің мазмұнын білу, түсіну. Іздене отырып топта аңыз әңгіменің мазмұнын талдау. Алған білімдерін жинақтау Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!


Қызығушылықты ояту


Сұрақтар: Шешендік сөздерді қайталау.
1 Шешендік сөз дегеніміз не? 2. Бірден онға дейінгі санның мағынасын ашқан кім?
3 «Қырықтың бірі –Қыдыр» деген, Мүмкін маған Қыдыр дарыған шығар деген кімнің сөзі?
4 «Басқа пәле –тілден» деген сөзді кім айтты?
5 «Ер –тұрманға таласқан екі жігіттің дауын шешкен кім?
6 Малайсары қарт Сырымға бата бергенде үш сөз айтты, сол сөздерді ата?
7 «Топқа кіріп сөз бастайтын, атқа мініп қол бастайтынбала екенсің» деген сөзді кім айтты?
8 Қалмақ ханы Қоңтажыны шешендік сөзімен жеңген 13 жасар бала кім?
9 ңыз- әңгімеге айналып кеткен кімнің сөзі?
10 Бата –тілек, насихат сөздерді бір сөзбен қалай атаймыз?
Халық ауыз әдебиетінен өткенді қайталау.
1.»Әдебиет –асыл сөз» деген кім?
2 Әдебиет сөзі қай тілден енген?
3 Ауыз әдебиеті деген сөзді ағылшынның қай сөзімен айтуға болады?
4 Төрт түліктің иелерін ата?
5. Наурыз жыры қай күні айтылады?
6.Еңбек туралы бір мақал айтыңыз?
7. Ата-ана туралы бір мақал айтыңыз?
8. Ертегігің түрлерін ата?
9. Қырық өтірікті айтқан бала кім?
10. Аңыз дегеніміз не?

Мағынаны тану


ІІІ кезең Сахналық қойылым
«Өнерімді сахнада шыңдаймын,
Шешендік сөз иелерін сомдаймын»
1- топ «Тайкелтірдің төрелігі» тақырыбында сахналық көрініс қояды.
2- Топ « Жиренше шешеннің сөздерінен» сахналық көрініс қояды.
ІҮ кезең Сурет салу
«Қырлы қалам сыр шертеді» оқушыларға екі плакат пен фламастер беріледі. Шешендік сөздер бойынша өздері білетін шығармаларды, сөздерді қанатты сөздерді жазулары керек.
Ү кезең Мәнерлеп оқу
«Өлең-сөзге керегі,
Дауыстың қоңыр мәнері»

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.



Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

 

Денсаулық – зор байлық

....................

Досы көпті жау алмайды

....................

Ата көрген оқ жонар,.......

.....................

Ерді намыс өлтіреді


Өнер – білім

.....................

Еңбек

....................



Ынтымақ,бірлік

.....................



1.Мақал деген не?

2.Мәтел деген не?

3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?


Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Сабақ

Қазақ әдебиеті 5 «ә» сыныбы

Сабақтың  тақырыбы:

«Тайкелтірдің  төрелігі»

Жалпы  мақсаты:

Негізгі мәтінмен таныстыру

Тайкелтір шешен туралы мәлімет беру

Жаңа сөздер үйрету

Мәтіннен Төле бидің, Тайкелтірдің , таласқан жігіттердің сөзін тауып оқу

Тайкелтірдің төрелігінің  мәні туралы ойланту арқылы ой қорытуға үйрету

Шығармашылық жұмыс орындау (Шешендікті меңгеруге талпыныс жасату)



Оқу нәтижеcі:

Шешендік сөздің  мазмұнымен танысады;

Тайкелтір шешен  туралы ақпарат алады;

Қазақ елі тарихындағы дауды кім шешкенімен және әділ шешу жүйесімен танысады

Ойларын түсіндіреді

Шығармашылық жұмыс орындайды, шешендікті меңгеруге талпыныс жасайды – көзқарастарын дәлелдейді , мәтін құрастырады;

Топпен жұмыс істеу барысында өзгелермен пікір алмасып, білімдерін толықтырады.



 

Сабақ  бойынша  мұғалімнің  жазбалары:

 


Мұғалім  немен айналысады.

Оқушылар немен  айналысады.

 


Сабақты ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды түген-деп,сергіту сәтін өткізеді.

 

2.Топқа бөлу:

 

 

 



 

3.Ереже тағайындау

 

 



4. Сабаққа мақсат қою

 

 



 

5. Үй тапсырмасын сұрау:

 

 

 



 

 

 



 

 

6. Үй тапсырмасын бекіту, қорыту



 

 

 



 

7.Сергіту сәті

 

8. Жаңа сабақ.



 

 

 



 

 

 



9. Сөздік жұмысы

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

10. Танымдерек

 

11. Жаңа сабақты бекіту:



 

 

 



 

 

 



 

12.Қосымша шығармашылық жұмыс

 

 

 



 

 

 



 

13. Сабақты қорытындылау

 

 

14.Үй тапсырмасы



 

 

15.Бағалау



 

 

 



 

 

 



16. Кері байланыс

 


1.Сергіту сәтін орындайды. 1 мин. (Қимыл-әрекет арқылы).

Сабаққа көңілді, жағымды әсермен кіріседі.

 

 



2. Бөлінген топтарында әр топ өз  көшбасшысын тағайындайды,   1 мин. (Оқытуды басқару және көшбасшылық).

Балаларды көшбасшы бағалайды

 

 

Тақтада бұрынғы ережелер бар



 

 

4. Мақсат оқушылардан сұрақ-жауап арқылы қойылады , тиянақталады, 2 минут



 

 

1-тапсырма.  Миға шабуыл – бұл  стратегия арқылы оқушылар бұрынғы білімдерін еске түсіреді, тез әрекет етеді,



2минут

Сұрақтар:

Қандай шешендерді білеміз?

Өткен тақырыптағы аңыз – әңгіме қалай аталады

Басты кейіпкері кім?

Жиренше қандай адам?

Жиренше кімді жақтады?

Экрандағы суретке қарап – «Суреттерді сөйлету» (шығармашылық жұмыс) 5мин

баяндап беру;

кейіпкер болып сөйлеу;

көрсету.

 

«Қаңбақ» (Жел соққанда оң жаққа , сол жаққа қаңбақтың домалауын қолдарын қимылдату арқылы көрсетеді. Жел тоқтағанда тоқтайды) 1мин



 

«Тайкелтірдің төрелігі»

Жаңа сабақтың барысы:

1. Тайкелтір туралы мәлімет (электрондық оқыту жүйесіндегі Е-кітапханадан  аудиожазба арқылы тыңдайды)

      2 мин

2. Тайкелтірдің төрелігі (ЭО аудиожазба арқылы тыңдайды) 2 мин

 

3. Сөздік жұмысы  2 минут



Пана болу –қамқор болу

Түзу бағыт – дұрыс жол көрсету

Атқосшы – ат күтуші көмекші

Төрелік , бітім  – әділ шешім айту;

Қол қусырып амандасу- аса сыйластық көрсетіп, қос қолдап сәлем беру;

Зер -  әшекейдің түрі;

Тобылғы – қызыл түсті бұта (өсімдік);

Байырқалап қарау – бақылап , зерттеп қарау (смотреть изучая);

 

 

 



Өнегелік жол туралы оқулықтан мәлімет оқу     2 минут

 

тапсырма – Әңгімені кезектесіп  оқу 4 минут



2- тапсырма-«Біз таптық!» - Мәтінмен жұмыс:

1-топ  -Төле бидің ойын тауып оқу- 1мин

2- топ -Төле бидің сөздерін тауып оқу - 1мин

3-топ  -Тайкелтірдің сөздерін тауып оқу – 1 мин

Жеке тапсырма - Таласқан жігіттердің сөзін тауып оқу  1 мин   

 

Жаңа тақырып бойынша ойлануға сұрақ (жеке жұмыс)



– таласқан екі адамның сөзге тоқтауы нені білдіреді?    2мин

 

Топпен жұмыс .



«Дәлелдеу». (Шешендікке талпыныс жасау мақсатында) Постер арқылы қорғау 5+3 мин   

1-топ. «Қыс жақсы»

2-топ «Жаз жақсы»

3-топ  «Күз жақсы»

 

«Фишбоун» әдісі арқылы .(Кімнің балығы семіз?)  2 минут 



 

 

 



«Тайкелтірдің төрелігі» шешендік сөзін толық оқып келу.

«Мен осы дәлелді сөзге тоқтай білемін бе?» сұрағына ой толғау.

1 мин  

 

 



Көшбасшы бағалайды 

Топ басшысын мұғалім бағалайды.    3 мин        

(оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау).

 

 



Кесте толтырады  1мин (қосымшада)



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету.
Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.
III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
IY Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!


Үй тапсырмасын сұрау


Қызығушылықты ояту бөлімі.
«Иә», «Жоқ» стратегиясы
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?
2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма?
3. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба?
4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба?
5. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?
6. Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме?
7. Шешендік сөздерді аталы сөз деуге бола ма?

Мағынаны тану


Мағынаны тану бөлімі.
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 - 1765) – қазақ халқының XYII - XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта хандарға ақыл - кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.

Сөздікпен жұмыс.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.

• «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін.
• 3 - 4 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре оқыттырамын.
• Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін қайталап электронды оқулықтан тыңдатамын.

Толғаныс бөлімі.


1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?

- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа ұқсас.)


- Дұрыс - ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер? Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Қосымша жадығат:
Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.

Он бір - қара жұмбақ


Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Сөздікпен жұмыс:
Білеу – қамшы.
Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал.
Торқа – бағалы жібек мата.

Үй тапсырмасы

Шешендік сөзді жаттау. Қазыбек бидің жауабын өз ойларыңша таратып, ойтолғау түрінде жазып келу. Сөздікте берілген ұғымдарды жаттау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет