Бунақденелілер ,жануарлар , сүтқоректілер. Олардың түрлері , мекендеу ортасы
Сабақтың жалпы мақсаты
1.Оқушыларды жануарлардың топтарымен таныстыру, олар жайлы қысқаша мағлұмат беру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды білу;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру;
3.Қоршаған ортаны, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын байыту.
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, ішінара іздену, әңгімелеу, сұрақ - жауап, саралау.
Көрнекіліктер
Суреттср, сызбалар , шағын мәтіндер, кестелер, конц карта
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сұрақ-жауап
─ Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелде.
─ Өсімдіктің мүшелері және оның қызметі жайында айт.
─ Күзде жапырақ неге сарғаяды?
─ Шырынды және құрғақ жемістерге мысал келтір.
─ Өсімдікке не керек?
─ Өсімдіктердің көбею түрлері қандай? (тұқым, түйнек, пиязшық
Топқа бөлу
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау
1. «Өсімдіктердің көбеюі» сұрақ - жауап алысу.
.Балықтардың суретін салған оқушыларды тексеру .
Қызығушылықты ояту
Суретпн жұмыс
Жаңа материалмен жұмыс.
.Мұғалім түсіндірмесі:
«Жануарлар тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»
1.1.Жануарлардың топтары:
• Сүтқоректілер
• Құстар
• Жорғалаушылар
• Қосмекенділер
• Балықтар
• Бунақденелілер
1.2. Жануарлар тіршілік ету үшін қажетті жағдайлар:
• Ауа
• Қорек
• Жылу
• Жарық
• Су
1.3. Сүтқоректілер (1 сүтқоректінің суретін салу)
• Сүтқоректілер ─ жануарлардың аздаған тобы.Олар құрлықта да, суда да өмір сүре береді. Олардың миы басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Құрлық пен теңіздің ең үлкен сүтқоректілері ─ кит пен піл.
Чемпион сүтқоректілер
Рекорд
Иегері
• Ең ірі кеміргіш • Су шошқасы
• Ең ірі аю • Поляр аюы (500кг)
• Ең ұйқышыл сүтқоректі • Ұйқышыл тышқан
• Ағашта тіршілік ететін ең ауыр сүтқоректі
• • Орангутанг (90 кг-ға дейін)
1.4. Құстар(1 құстың суретін салу)
• Құстар ─ омыртқалы жануарлар.Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанатқа айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады.
Ұзақ өмір сүретін құстар:
Сібірлік ақ тырна, какаду және қаз рекорд жасап, 80 жыл өмір сүрген
• Құс жұмыртқалары
• Түйеқұс ең үлкен жұмыртқа салады.Оның жұмыртқасының ұзындығы – 20 см, одан 24 омлет дайындауға болады.
• Ең кішкентай жұмыртқа колибри салады. Оның ұзындығы 1 см.
• Құстың миы ма, әлде ақылы ма?
• Қарғалар мен көгершіндер қарапайым сандарды қоса алады.
• Тотықұстар және қарала торғайлар адамның сөзін ұқсата алады, ал кейбір тотықұстар заттарды атап, санай алады.
1.5. Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер (1 бауырмен жорғалаушы мен қосмекендінің суретін салу)
• Көптеген қосмекенділер ─ су жануарлары болып табылады.
• Ал жорғалаушыларды құрғақ шөлейттерден де, батпақты жерлерден де ормандарда да табуға болады.
Ғажайып фактілер
• Ірі қолтырауынның салмағы 450 кг тартады және 100 жастан астам өмір сүреді.
• Ең ұзын бауырмен жорғалаушылар ─ жыландар.1912 жылы табылған өлі питоны өлшегенде 10 м-ді құраған.
• Ең ауыр жылан ─ анаконда, салмағы 200 кг.
1.6. Балықтар (1 балықтың суретін салу)
Балықтар ─ судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Олардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.
• Ең үлкен балық ─ кит акуласы. Ол 18 метрге жетеді.Алайда салмағы 15 тоннаға дейін жететін кит акуласы тек ұсақ организмдермен ғана қоректенеді.
1.7.Бунақденелілер (1 бунақденелінің суретін салу)
Бунақденелілер кез келген жерде өмір сүреді және қорек талғамайды.Олардың басында көздері, аузы, екі мұртшасы орналасады. Бунақденелілердің көбісінің қанаттары бар.
Бунақденелілер туралы цифрлар
Қоңыздар 400000
Көбелектер 165000
Құмырсқалар 140000
Шыбындар 120000
2.Сергіту сәті
3.Мәтінді оқу (тізбектей)
4.Тапсырма
- Төмендегі жануарлардың қайсысы азықтың қай түрімен қоректенеді?
1.Тиін А.Ағаш, бұта жапырақтары
2.Қанқыз Ә.Бидай, жүгері дәндері
3.Құр Б.Өсімдік бітесі
4.Жұлдызқұрт В.Қарағайдың, шыршаның бүрі
5.Ит Г.Қарағай мен шыршаның қылқан жапырағы
6.Тауық Д.Ет
4.Қызыл кітап туралы қысқаша түсінік беру және онда кездесетін кейбір жануарларды