Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер Суретші ата Қастеев
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қастеев туралы түсінік беру. ә)Сөйлем туралы білімдерін жетілдіре отырып, таным әрекетін дамыту.б) Патриоттық сезімін қалыптастырып дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қастеев суреті,өмірбаяны
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Жаңылтпаш айтып жаттығайық
Біз де ізге түстік,
Сізде ізге түстіңіз.
Біз қыста ізге түстік,
Сіз күзде ізге түстіңіз.
***
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Қара қазан
тұрып-тұрып
бұрқ-бұрқ қайнады.
Қара бала
жүріп-тұрып
жұріп-тұрып ойнады.
***
Ғалым
Мәлім жайды мәлімдеді.
Әлім
Мәлім жайтты елемеді.
***
Қойбағар ойға алар
деген сөзді,
Басқалар да ойға алар
Ойға алар да ойланар...
|
Мағынаны тану
|
.Әлімқұловтың Суретші ата Қастеев.Өлеңді жаттап алыңдар.
Бар қазаққа аты аңыз
Қастеев біздің атамыз
Көріп салған суретін
Мәз мейрам боп жатамыз
215-тапсырманы орындау
|
Сергіту сәті
|
Бізде қанша мысық бар?
Бізде күшік бар?..
Менде де бар – бір мысық,
Сенде де бар – бір мысық.
Менде бар да көк күшік,
Сенде мүлде жоқ күшік.
Бізде: қанша мысық бар?
Бізде: қанша күшік бар?
Шешуін тез таба алсаң,
Сен мендегі күшікті ал!
Ал олардың әрқайсысының алдында үш мысықтан тағы отыр.
Сонда бұл бөлмеде қанша мысық бар?
|
Ой толғаныс
|
Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ.
(Жыл, он екі ай, үш жүз алпыс күн, күн мен түн)
Тауда дарақ, екі бұтақ,
Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.
(Жыл, жаз, қыс)
Базардан бір текемет алдым сатып,
Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран қатып.
(Жаз бен қыс)
|
Үйге тапсырма
|
216-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер Не тәтті?
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың шешендер, шешендік сөздер туралы білімдерін жетілдіріп, ойлау, өздерінше пайымдауға баулу, сөздік қорын байыту,ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды , тапқырлықты шығармашылықты дамыту.
3. Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Аз сөз-алтын, (көп сөз-күміс).
Бас кеспек болса да, (тіл кеспек жоқ).
Көп ішінде сөйлеген –көсемдіктің белгісі,
(көпке сөзі ұнаған – шешендіктің белгісі)
Шешеннің тілі ортақ, (шебердің бізі ортақ).
Осы мақалдардың мәні қандай? Кімдер туралы айтылған?
Ассоциация
|
Мағынаны тану
|
1.Аңызда аты қалған Жиренше шешен ел аралап, ақылы мен парасаты жоғары адамдарды іздеудің бір көрінісі ретінде аңыз болып қалған әңгіме «Не тәтті?» деп аталады.
- Балалар, сендердің ойларыңша
А) Дүниеде не тәтті?
Ә) Не қатты?
Б) Не жұмсақ?
Әр топқа тапсырма беріледі, ақ қағаздар таратылады, олар ойларын жазады.
- Жақсы, бәрің дұрыс айттыңдар. «Не тәтті?» аңызын тыңдап, таныс емес сөздерді түртіп отырыңдар.
2.Жаңа сөздермен жұмыс: Не тәтті?» аңызында кездесетін таныс емес сөздермен танысайық.
3.Диктофон арқылы мәтінді тыңдау.
6-слайд. Жаңа сөздермен танысу
Қарсы кездескен, жұмсақ, мамық, өтіну, риза болу.
Осы сөздермен сөз тіркестерін құрғызу. .
4. Рөлдерге бөліп мәтінді оқыту.
|
Сергіту сәті
|
Қанша сәбіз еді?
Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек
Маған нағыз дос көжек
Қолымнан кеп жем жейді,
Басқалары келмейді.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында,
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.
|
Ой толғаныс
|
Деңгейлік тапсырмалар:
I-деңгей.
Сөздерге синонидер табыңдар.
Тәтті,... балам,... кездесу,... Тыңдау,... рұқсат ету,...
II- деңгей.
-Екі баланың жауабын талдаңдар.
III-деңгей
Ата-ананың қадірі. Ой тоғау.
- Дұрыс, Жиренше осындай адамдарды жанына жинап, халыққа еңбек етуге, халық қамқоры болуға тәрбиеледі.
|
Үйге тапсырма
|
218,219-тапсырмалар
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |