Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер Малта
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
1.«Малта» сөзінің мағынасын түсінеді,интерактивті тақтада жұмыс істей алады.
2.Мәтіннің мазмұнын айта алады.
3.Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал-мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
4.Ұғымталдылыққа,ұйымшылдыққа,зейін қоя білуге,өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
СТО-ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Жаңылтпаш айтып жаттығайық
Заңгер меңгергенді,
Дәрігер меңгере ала ма?
Дәрігер меңгергенді,
Заңгер меңгере ала ма?
***
Түсіне дүрбі кірген,
Қарға мойнына дүрбі ілген.
Дүрбіні бір күн ілген,
Бір күн ілмеген.
***
Дәмегүл дән мен сән іздер,
Дәмегүл дән мен дәм іздер.
***
Сырқат малды демде емдеді,
Демде емдемегенде
ол мал сенделгендей еді.
Сондықтан
малды демде емдеді.
***
Малға қорек керек
***
Өрісінде жүз бір өгіз,
Сұрап алдық біз бір өгіз.
Сұрадыңыз сіз бір өгіз...
Есебін ап біз жүреміз.
|
Мағынаны тану
|
Сурет бойынша түсінгеніңді жаз.
211-тапсырманы орындау
212-өздік жұмыс
•Зерттеуші: Малта қалай жасалады?
•Сөз тапқыш:Мәтін мазмұнына байланысты мақал- мәтел айтып, дәлелде.
•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
•Бейнелеуші: Мәтін мазмұнына байланысты тақтаға сурет салу.
|
Сергіту сәті
|
Қанша қап?
Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе.
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң, ал санап,
Бидай алдық қанша қап?
|
Ой толғаныс
|
Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.
(Жыл, жаз, қыс)
Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып,
Отыздан әр бірінде саусағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.
(Жыл, он екі ай, отыз күн)
Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.
(Он екі ай, жаз бен қыс)
|
Үйге тапсырма
|
213-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |