Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
5 Т
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Топқа бөлу (түрлі түсті кәмпеттер арқылы)
Психологиялық ахуал туғызу(оқушылар бірін-бірін мақтау арқылы алғыс айту)
Тыныштық сәтi.«Нұрға бөлену»
Жайлап жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Глоссари әдісі арқылы еңбек туралы мақал-мәтелді жалғастыру.
Оқушыларды мақалдармен жарыстырып мадақтау,мақтау.
3Дәйексөз. (5 мин)
«Мақтаншақ кісі – менмен кісі,
Менмендік – адамның міні»
Ж.Аймауытов
Неге мақтаншақ кісі – менмен кісі?
Менмендік – адамның міні неге?
. «Мақтану» дегенді қалай түсінесіңдер?
. Сендер қандай істеріңмен мақтана аласыңдар?
. «Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсыңдар?
4.Әңгiмелеу, Мұғалім сыйы (10 мин)
КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ
Қасқырдың мақтануы дұрыс па? Неліктен?
Ал күшіктің мақтануы ше? Неге?
Мақтану-мақтаншақтық емес дегенді қалай түсінесіңдер?
Мұғалімнің сыйы: Ойын: «Мен қандай баламын?»
Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді.Қағаздың ортасына Мен деген сөз жазылады. Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес жолақтар таратылады.Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, шуақты тақтаға кезекепен іліп отырады. Тақтада жақсы қасиеттерге толы үлкен күн құрастырылады
6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)
«Менің ойымша.....» айдарымен берілген бос жолдарға мақтану және мақтаншақтық туралы өз ойларыңды жазыңдар
7. «Мақтау аға шы» арқылы өз аналарына мақтау сөз жазып ағашты безендіру.
8.Үй тапсырмасы.
Алтын мүйіз мәтінін оқып келу
|