Сабақтың мақсаты: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру


«Шаш өру – қазақ қызына тән» сайыс



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#27969
түріСабақ
1   2

«Шаш өру – қазақ қызына тән» сайыс


Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу,  құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу.

Көрнекіліктер: Банер «Бұрымды қыз», қанатты сөздер

 Сайыстың өту барысы:

 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар!

2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!

1-жүргізуші:Иә, көптен күткен көктем де келді, ендеше, көктем мерекесін ала келген «Бұрымды қыз» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Сайысымызды танысудан бастасақ:_____________________________________

1-жүргізуші: _______________________________________________

Ендігі кезек әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

«Бұрымды қыз» сайысының шарттарымен таныстыралық:


  1. Таныстыру.

 (өз қалауымен)

  1. Жарнама.

 (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )

  1. Үй тапсырмасы: 5 фото шаш үлгісі

 ( шарты: фото суретте қатысушы болу керек)

  1. Жағдаят.

 (қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады.)

  1. Шаш күтімі жайлы кеңес.

  2. Ең шашы ұзын қызды анықтау.

  3. «Шолпысы әсем жарасып белге»

(ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.)

 2-Жүргізуші: « Білектей арқасында өрген бұрым,

                   Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

                   Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

                   Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?»    деп Абай атамыз жырлағандай ортаға  бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз!

Сайыс алдында «баталы құл арымас» дегендей сайыскерлерімізді демеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәннінің ұстазы Балкен Қыстаубайқызынан бата сұрасақ!



1-Жүргізуші:-Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі –шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.

2-Жүргізуші:- Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол-әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап-сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сыйпаты. 

1Жүргізуші: - Ендеше, көп күттірмей сайысымыздың 1-ші шартына көшелік. Таныстыру. Ортаға 1-ші сайыскерімізді шақырайық! 

2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:

1-Жүргізуші:  9 «б» сынып оқушысы  Шәріпов Сержанның орындауында  Алтынбек Қоразбаевтың   «Үкілі қыз» әнін қабыл алыңыздар!

  2- Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң  оның арасын бір сүйемдей  етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі.  Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.

 

  1- Жүргізуші:-Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді емес пе?Қазақтың қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Тентектер әйел шашын кессе ол дене мүшесін кескенімен бірдей жазаланады үлкен айып төленеді. Егер әйелдер өзі қылмыс жасаса олардың шашын кесіп жазалаған. Ол әйелдер үшін өлім жазасымен тең қаралған. Шаштың ұшын қиған қыздарға шапалақ беріледі. Демек, әйелдерге тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ерте білген. 



2-Жүргізуші: Сайысымыздың 2-ші шарты бойынша, Жарнама.

 (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )

(Экраннан видеоролик тамашалау.)

2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:

1-Жүргізуші: 2008жылғы «Күмбірлеген домбыра» байқауында «Көрермендер көзайымы»  номинациясына ие болған;

 «Жас музыкаттар талабы-2008» қалалық сайысының ІІ орын иегері;

үстіміздегі жылдың Дельфилік ойынының күміс медаль иегері Сабиров Батырханның орындауында____________________________________________________________

2-Жүргізуші: - Пай-пай, домбыраның күмбірлеген дауысына не жетсін! Сайысымыздың 3-ші шарты бойынша: Үй тапсырмасы: 5 фото шаш үлгісі

 шарты: фото суретте қатысушы болу керек.



1-Жүргізуші: (Өз жұмыстарын ұсынып жатқанда экраннан суреттер шығады, жүргізушілер түсініктеме береді.) Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы –шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады. Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер тақпаған.

2-Жүргізуші:Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі.

 

1-Жүргізуші:Шаштеңге шолпы шашбауға немесе бұрымның ұшына байланады. Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйтекні күміс сыңғыры «айтып»қояды.



 2-Жүргізуші:-Сайысымыздың келесі шарты: Жағдаят қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады. Әр сайыскерлер келіп бір билет алады. Жазылған жағдаятқа байланысты өз пікірін айтады.

1-Жүргізуші: Әділ қазылар бағасы:

2-Жүргізуші:- Рахмет, өренің өссін! Сайысымыздың  келесі шарты шаш күтімі жайлы кеңес. Шаш күтімі, оны тарау, өсіру- үлкен тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет-осының бір дәлелі.

Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағатын зергерлік әсемдік бұйымдар  бар. Шашты тарау  үшін тісі әр түрлі сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылады. Сыртынан әдемі көріну үшін шаштарақпен бастырады. Шашты жалтырату үшін шашмай жағады. Оны кәдімгі сары майға жұмыртқаның ағын қосып істейді.



1-Жүргізуші: Әділқазылар бағасы:

2-Жүргізуші: 2008жылғы қалалық  «Шаттық» байқауының күміс жүлдегері;

2010 жылғы «Сағыныш сазы» Шәмші әндері байқауының гран при жүлдегері Байтақтегі Абзалдың орындауында____________________________________________әнін қабыл алыңыздар!



1жүргізуші:- Рахмет! Өнерің өрге жүзсін, достым! Сайысымыздың  келесі шарты ең шашы ұзын қызды анықтау. Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады.Оның әр талын жібектей деп, өрілген бұрымды білектей деп салыстырған. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын-күміс шолпы тағылған сұлу бұрым- бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі.

Ақындар оларға «қолаң қара шашы бар жібек талды», «сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек» деп таңданған.

Ендігі кезекте ең ұзын шашты қызды таңдайық.

Ең ұзын шаштың иесі:_______________________________________болды. Ұзындығы:_____ Құттықтаймыз! Шашыңыздың әсемдігімен тамсандырып жүре беріңіз дейміз!



2-Жүргізуші:-Сайысымыздың  келесі шарты. «Шолпысы әсем жарасып белге» (Музыка ойнап тұрады сайыскерлер кезегімен ортаға шығады, аттарын атап шақыру) ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.

1-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Ендігі сөздің кезегін әділ қазыларға берсек деймін.

Марапаттау:

2- Жүргізуші:- Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!



«Сынып аруы» сайысының жоспары
Мақсаты: 1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), қыздар мен аналар жайлы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, шармен, гүлмен безендірілген бөлме, қатысушы қыздардың фотосуреттерінен слайд

Бөлімі:
І. Қыздар сайысы ІІ. Аналарға құрмет

1. Ұлттық киім үлгісін бағалау
2. Өзін - өзі таныстыру.
3. Өнер көрсету
4. Сұрақ - жауап.
5. Үй тапсырмасы
6. Ас мәзірін даярлау.
7. Қолөнер.
8. Сән үлгісі.
Жүргізуші: – Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны» әніне билеп шығады)

Жүргізуші: – Сайысымыздың шарты бойынша қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмерін алып, сол ретпен өнерін көрсетеді. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өнер көрсету
3. Сұрақ - жауап.
4. Ас мәзірін даярлау.
5. Сән үлгісі
6. Қолөнер.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.-----------------------------------------------------
Алдарыңызда 20 30 40 50 сандары жазылған ұпайлар жатыр. Сайыстың шарты бойынша әр сайыс аяқталған соң аруларымызға ұпай беріп қорытынды жасап отырасыз.

Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Көктем аруы” сайысын бастайық біз.
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – әйелдер мерекесі тағы да құтты болсын деп сайысымызға қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырамыз. Нөмір таңдап ретін анықтау. 1 - сайыс:
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен төрт ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Өзін - өзі таныстыру
Жайшылық Гүлден:
Ғажайып күн мен үшін,
Осы мейрам әрине.
Бәрі асыл ана үшін,
Қарыздармын мәңгіге.
Алақаны аяулы,
Ұмыттырар қайғыны.

Бұл сиқырлы алақан,
Жақсы іске баулиды.
Сайысқа мен келіп тұрмын,
Жайшылық Гүлден аты – жөнім.
Сәттілікті тілеп тұрып,
Бас иемін сіздер үшін.

Зейнуллаева Жанерке:Армысыздар халайық!
«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді дегендей қымбатты ұстаздар, ата - аналар және қарсыластарым. 8 - наурыз мерекесі құтты болсын. Бәріңізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Зейнуллатегі Жанерке Кемелқызы
Руым, тама - бәйет, кіші жүздің сұлу қызы мен болам.
Менің атымды Жанерке деп қойған себебі жаны таза болсын, ерке болсын деп Жанерке қойған.
Сағынтева Арайлым: 
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!

Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.

Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.

Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.

«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.

Арықова Зинегүл:Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек киген
Қазақтың ерке қызымын.
Ән айтып, мың бұрала билеген,
Мұратқызы Зинегүл мен болам.
Дәстүрін елдің сақтаған,
Иіліп халқыма бас иіп сәлем берем.
Ел жатқанда жатпаған,
Біз деп тыным тапаған - деп
Аналарды мерекелерімен құттықтаймын.
Құрбыларыма сәттілік
Өзіме жеңіс тілеймін.

2 - сайыс:Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
- Өнер сайысы

3 - сайыс: - Қыз сұлу көрінеді білімімен, демекші аруларымызға
Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Сұрақтарға жауап: Слайдтағы ұлттық нақыштағы суретті таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.)
ЖАУАПТАР:
Қазақтың музыкалық он аспабы: домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, дауылпаз, шаңқобыз, асатаяқ, сыбызғы, тастауық, тұяқ
Қазақтың ет тағамдары: қазы қарта, қуырдақ, қазақша ет, жал жая, шұжық, әсіп,

Ерулік. Ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыру. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетулері үшін, жаңа келген қоныстанушыларға қажеттеріне қарай көмек көрсетеді: отын, су, т. б. Бұл адамдардың достығын күшейтеді, қоғамға белсенділігін, бірліктерін, қарым - қатынастарын жақсартады. Бұлда қазақ халқының көп дәстүрлерінің бірі.

Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

Шарғы ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген сөз.

Қазақша жыл қайыру: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз
4 - сайыс:
Ата - бабаларымыздан келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлық. Қандай жағдайда да, «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый - құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, төртінші сайысымыз - ас мәзірін дайындау.
Бұл сайыста қыздарымыз қамырды жазып, картоп аршудан сайысқа түседі.
Қамыр жаюға 5 минут, ал картоп аршуға 2 минуттан беріледі.
(Үнтаспада «Қыздар ай», «Гүл қыздар» екі ән орындалып жатады. ән біткен соң әділ қазылар бағалайды)

ІІ. Аналарға құрметАруларымыз келесі сайысқа дайындалып жатқанда ұлдар аналарына арнап өнерлерін көрсетеді.

- Балалар, ана деген кім?
(Оқушылар төмендегі сөздерді айтып, қолдарындағы жүрекшелер мен сыйлықтарын бір бірлеп апарып ұсынады)
Диас: Ана - үйдің жылуы,
Алмат: Ана - болашағың,
Нұрислам: Ана - бақытың,
Панабек: Ана - қорғаның
Саламат: Ана - әр үйдің күні,
Ақылбек: Ана - байлығың,
Саят. Ана - тірегің,
Марғұлан: Ана – қамқоршың
Мирас: Ана – ақылшың,
Исатай: Ана – жанашырың
Жантілек: Ана – сүйенішің
Талғат: Ана - тыныштығың!

5 - сайыс:
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың, - дей келе, сайысымыздың сән үлгісі кезеңін тамашалайық.
(Арулар әуенмен билей қазіргі заманауи киім сән үлгісін көрсетеді.
Соңында бірлесіп жастар заманауи биін билейді.)

6 - сайыс: -«Өнерліге өріс кең» немесе «Шеше көрген тон пішер» демекші аруларымыздың шеберлігін анықтайтын кезең жетті. Бұл сайысты қыздар түйме қадап, қағаздан ою ояды. Ендеше іске сәт. әр сайысқа 2 минуттан беріледі.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық!.
Әділқазылар «Көктем аруы 2013», «Өнерлі ару», «Көрермен көзайымы», «Білімді ару» атағымен марапаттап, сыйлықтар ұсынылады.
Жүргізуші:
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым!

Қыз бала гигиенасымен таныстыру

    Гигиена грек сөзі – Gugieinos  емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен  әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.

Гигиена – аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігімен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге, биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты – адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда, адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.  Дәрігер – гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының табиғи және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмосфералық ауа, су, жер, космостық факторлар, әлеуметтік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, төсек орын жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, есірткілік заттармен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.



Дене тазалығы – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе, кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны  белгілі.

Қолдағы барлық бактериялардың 90%-ы тырнақ астында жиналады, оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұру қажет. Бет пен мойынды таңертең, ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланса тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі.



Шаш ерекше күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс.  Шашты жылы суға жуып, белгілі бір сусабынды пайдалану керек. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Сусабынмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шаяды. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ды сірке қышқылын қосып, шашты шаяды. Шашты тарағанда тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.

Тырнақ күтімі. Аяқ және қол саусақтардың тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақты күту – гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.

Тіс және ауыз гигиенасы. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:

  • Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отыру керек;

  • Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;

  • Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.

  • Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың  әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;

  • Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған дұрыс.

  • § Тіс пасталары мен ұнтақтарының құрамында гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций-хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтары) бар. Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етеді.  Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шаю керек.

       Киім-кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киім киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жиі киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп жүргендіктен пайда болады.

Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал, жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.

Қыз бала туралы мақал-мәтелдер

Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

 

Қырсыққан қыз бай таппас,



Қырсыз жігіт мал таппас.

 

Байғазыға байдың қызы.



 

Қызға бергенді Қыдыр өтер.

 

Қыздың құны қырық жеті.



 

Қыз ұзатқанның қызылы қалмас.

 

Шыққан қыз шиден әрі.



 

Қайтып келген қыз жаман,

Қайта шапқан жау жаман.

 

Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді,



Алты жастан жинасаң асады.

 

Жасауы көп келіннің күйеуі жуас.



 

Тозбас жасау болмас,

Бас білмес асау болмас.

 

Ауру - астан,



Дау – қарындастан.

 

Бір қыз күйеуге шықса,



Мың қыз түс көреді.

 

Жақсы қыз - жағадағы құндыз,



Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.

 

Жыршы қызға – сыршы күйеу.



 

Қыз назы қырық кісіні мас қылады.

 

Қыздың қабағында құт бар.



 

Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.

 

Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.



 

Қызда қырық көліктік бақыт бар.

Қыз бала кісінің кісісі.

 

Қыз – қонақ.



 

Қыз өссе елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі.

 

Қыз ат байлатар.



 

Қыз ұшқан қу.

 

Қызға берген көрінбес.



 

Қыздың көзі қызылда.

 

Қызды ауыл өсекшіл.



 

Шыққан қыз шиден ары.

 

Қайтып келген қыз жаман,



Қайта шапқан жау жаман.

 

Төркін десе қыз төзбейді.



 

Тойған қыз төркінін танымас.

 

Қыз бала үйге жаққан бояу.



 

Қыз бала өкпешіл болса,

Қалың малы көп болар.

 

Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтерер.



 

Қыздың жолы жіңішке.

 

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.



 

Қызды ауылдың қызығы көп.

 

Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.



 

Қыз бен жылқы жаудікі.

 

Күйеу жаман болса қызыңнан.



 

Ауылдан қыз кетсе, қызық та кетеді.

 

Қыздың ұяты шешеге.



 

Қызды асырап білмеген күң етер,

Жібекті түте алмаған жүн етер.

 

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.



 

Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.

  

Қыз қылығымен.



 

Жынды қыз ашамайға мінді қыз.

 

Шешесіне қарап қызын ал,



Аяғына қарап асын іш.

 

Қызы бардың назы бар.



 

Қызға қырық үйден тыйым.

 

Қыз күнінде бәрі жақсы,



Жаман қатын қайдан шығады.

 

Қыз - өріс, ұл - қоныс.



 

Екі ауылдың арасын жол қосады,

Екі елдің арасын қыз қосады.

 

Қыздың жолы жіңішке.



 

Қыздың қырық жаны бар.

 

Судың түбін шым бекітер,



Даудың түбін қыз бекітер.

 

Отырған қыз орнын табады.



 

Қыз мінезді келсін,

Ұл өнерлі келсін.

 

Қыз баққаннан қысырақ баққан оңай.



 

Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без.

 

Жақсы қыз - жағадағы құндыз.



 

Қыздан туғанның қиыңы жоқ.

 

Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды.



 

Қызыңды құтты орнына қондырғанша күт,

Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

 

Ақылды қыз білімге жүгінер,



Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

 

Қызды кім айттырмайды,



қымызды кім ішпейді.

 

Қыз - жігіттікі,



Қымыз - көптікі.

 

Қыз түгіл қызыл шүберек те таба алмайсың,



3 -сынып .Тақырып: Қыздарға әсемдік жарасады. 

Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды мейірімділік,нәзіктік,еркелік,қамқорлық,сүйкімділік, жұмсақтық,білімділік,шыдамдылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, ақылдылық,әдептілік, қарапайымдылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,үн таспа т.б. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұыйымдастыру 
ІІ.Кіріспе. 
Мұғалім. 
Құрметті көпшілік қауым! 
Бүгін «Қыздарға әсемдік жарасады» ашық тәрбие сағаты өткелі отыр.Отанымыздың да,отбасымыздын да алатын босағасы-әйел адам,әйел-ана,ол да қыз болған.Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы,өнегелі,кішіге үлгі болатындай,әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Өнегелі,тәрбиелі қыз бала қандай болу керек? Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар –болашақ ана,бақыт-байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы.Рухани байлығы –білім мен тәрбие. Киім киісі,жүріп-тұрғаны көңілге қонымды,күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстазы да,ата-ана да мақтаныш тұтады. 

Сөз кезегі сыныптағы қыздарға беріледі. 
Диляра. 
«Киіміне қарай қарсы алып, Ақылына қарай шығарып салады» деген.Әрбір қыз бала өзінін кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын,кішіні сипайтын-жақсы қыз,өнегелі,тәрбиелі қыз. Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, бойына сіңіре білген,қалыптастыра білген адам-тәрбиелі адам. 
1.Адамның басшысы-ақылы. 
2.Жетекшісі-талап. 
3.Жолаушысы-ой. 
4.Жолдасы-кәсіп. 
5.Қорғаны-сабыр. 
6.Қорғаушысы-мінез. 
7.Сынаушысы-халық 

Аружан 
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшыраумауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай он түрлі талап қойған: 
1. Әдепті болу. 
2.Ар-ожданы пәк болу. 
3.Кеңпейіл, кешірімді болу. 
4.Мейір-шапағатты болу 
5.Ақыл-парасатты болу 
6.Сабырлы-салмақты болу 
7.Адал,ақ жарқын болу 
8.Моральді-мұратты болу 
9. Өжет,батыл болу 
10.Ұят намысты болу. 
Жәмилә. 
Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған,қызға 40 үйден тыйым болған. 
Жарыса сөйлеуге. 
Жалғыз қыдыруға 
Жартақтап күліп,сыпсындап сөйлеуге 
Орынсыз ұрынуға 
Басқаларға қол тигізуге 
Өтірік,өсекке 
Суық жүріс,суман қылыққа 
Кісіге қарай керіліп есінуге болмайды. 
Азиза 
Тамақты обырлана асауға 
Ұрлық- қарлыққа 
Ұятты мүшелерін ашып жүруге Бұрандап қылымсуға Қызыл іңірде жатуға 
Түске дейін ұйықтауға 
Еркежан 
Кісі алдында қасынуға,киім ауыстыруға 
Салт-дәстүрден аттауға 
Елді ғайбаттауға 
Үлкендердің жолын кесіп,атын атауға 
Ішімдік пен шегімдікке 
Ұрыс-керіске 
Беттен алып,төске шабуға 
Қараулыққа,ысырыпқа баруға болмайды. 
Дариға 
Рахымсыздық пен қатыгездікке 
Түнде суға жалғыз баруға 
Наргис 
Әдепсіз сөзге 
Тарас-тұрыс етуге 
Адам мен жануарларды тебуге 
Кісіні қорлап жәбірлеуге 
Тәкәппарлық пен сайқымазақ жасауға 
Ақерке 
Айғай сүреңге 
Шектен тыс сыланып жасануға 
Қызғаншақтық пен күншілдікке 
Менмендік пен өзімшілдікке 
Алдап-арбауға 
Көрсеқызарлыққа 
Мұғалім 
Бұл тыйым сөздердің мағнасын түсініп есте сақтау қажет.Айтылған өнегелі тыйым сөздер ұстаздардың,сынып жетекшілерінің үйреткен ақыл-кеңесі,білімі,ата-анаың берген тәрбисі- бәрі-бәрі адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. 
Сонымен қорытындылай келе қыздарымызға айтарым: 
-ата-анаға сөз келтірмейтін,ананың мақтаны,тәртібімен,өнерімен ұлтыңның намысын қорғайтын қыздар болындар.

Қыздарға кеңес


1. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. 

2. Ешкіммен ұрыспа, бағыңды жоясың. 

3. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

4. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ. 

5. Жаман қыз шешенің атына кір келтіреді.



6. Тірі адамның бар бақыты жер бетінде.  Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл.

7. Әлі жеткен әлсізді аяғынан шалмау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет