Әлеуметтік – психологиялық бейімделу. 6 – 7 жастағы бала мектепке барғанда жетілуіндегі ерекше кезеңнен өтеді.
Бұрынғы бөбектің мәртебесі өзгеріп, жаңа әлеуметтік «оқушы» мәртебесіне ие болады. Баланың «мен» деген әлеуметтік мәртебесі пайда болды деп есептеуге болады.
Бұрынғы мәнді маңыздылар екінші дәрежелік болады, ал оқуға деген көз қарас құнды бола бастайды. Баланың 6-7 жас кезеңінде сезім саласында салмақты өзгерістер болады. Сәтсіздіктер (оқуда, қарым-қатынаста) балада өзін басқалардан кем деген сезім қалыптасады. Бұл 6-7 жасар балада өзін-өзі бағалауға жағымсыз әсерін тигізеді. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу туралы айтқанда, бала ұжымына бейімделуге тоқталып кету қажет.
Қиыншылық бала бақшаға бармаған және отбасында жалғыз балаларда туындайды. Құрбыларымен қарым-қатынас болмаған балалар сыныптастары мен мұғалімдерден отбасындағы қатынасты күтеді. Сол себептен, бала мұғалімнің барлық балаларға назарды бірдей аударып, балаға ерекше назар аудармаған жағдай оқушыны күйзеліске әкеледі, ал сыныптастары бұл балаларды көшбасшы ретінде қабылдауға асықпайды, олардың айтқанына көнбейді.
Құрбыларымен түрлі қарым-қатынас тәжірибесі жоқ балалардың мектепке барғылары келмей, оларды барлығы ренжітеді, ешкім тындамайды және мұғалімдер жақсы көрмейді деген шағымдар естіген ата-ана таң қалмаңыз.
Балалардың шағымдарына тәнік пікір білдіруді үйрену қажет. Балаға оны түсінетіңізді көрсетіңіз, жаныңыз ашитыңызды білдіріңіз, бірақ ешкімді кінәләмаңыз. Бала тынышталғаннан кейін, болған жағдайдың жағдайын, себептерін талдап, болашақта өзін қалай ұстау керек екенін талдаңыз. Кейін жағдайды қалай дұрыстау керек екенін талдап, сыныптастардың көңілін тауып, достармен танысу қажет. Туындаған қиындықтарды жеңуге баланы қолдау қажет, мектепке апарып, баланың мүмкіндігіне сену қажет.