Сабақтың ортасы: Журналистика. Журналистика жанрлары


Қазақстандағы журналистика



бет5/5
Дата10.10.2020
өлшемі26,18 Kb.
#64070
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қазақстандағы журналистика

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де басқосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңы кепілдік береді (қ. Қазақ журналистикасы).

Қазақстан журналистикасының дамуы

Халықаралық журналистік ұйымдармен арадағы қарым-қатынаста қазақстандық журналистер атынан Қазақстан Журналистер одағы өкілдік етеді (қ. Қазақстан Журналистер одағы). 19 ғасырдың екінші жартысынан басталған Қазақстан журналистикасы қазір қарқынды дамуда. журналистиканы теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеп, ғылыми пән ретінде оқыту Қазақстанда тұрақты жолға қойылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жыл сайын кәсіби журналистер даярланып келеді (қ. Қазақ журналистикасы).


Журналистика жанрлары – мақаланы немесе журналистің кез келген жұмысының түрлі жанрларға бөліп қарастырылуы.

==Ол мынадай жанрларға бөлінеді:



Ақпараттық жанрлар: хроника, ақпарат, кеңейтілген ақпарат, сұхбат, есеп, репортаж,

арнайы репортаж, баспасөз сауалнамасы және т.б.



Талдамалы жанрлар: корреспонденция, комментарий, мақала, хат, түйіндеме, әңгіме-сұхбат,

шолу, естеліктер және т.б.



Көркем-әдеби жанрлар: көркем-публицистикалық суреттемелер, эссе, очерк, фельетон, памфлет,

жолсерік очерктері және т.б.



Шоу: ойындар, байқаулар, реалити-шоулар және т.б.

Постер қорғату.



Қорытындылау.

Үйге тапсырма: Еркін тақырыпта бір мақала жазу...
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет