Сабақтың тақырыбы: § 5 ХҮііі ғ Ресей. Сабақ түрі: «ас-№2» Сабақ әдісі: ббд қалыптастыру



бет1/9
Дата14.04.2017
өлшемі1,34 Mb.
#13889
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сыныбы: 8 «а»,8 «ә»,8 «б»

Пәні: Дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 5 ХҮІІІ ғ Ресей.

Сабақ түрі: «АС-№2»

Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ресей патшасының саяси-экономикалық жағдайы туралы үйрету. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу. І Петр реформалары туралы айту.

Білім: тарихи анықтама,терминдер.

Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.

Дағды: жылдамдық,есте сақтау.

Сабақ барысы : І.МЖ (1 бетке 1,5 мин тақырып 6 бет- 10 мин)

ІІ.КС (14 сөз)

ІІІ.КС бойынша ҚҚС (ООМ бойынша)

ІV. Тест сұрақ (ООМ бойынша)

V. Т.С.Қ. (5 мин)

Жылдамдық:1 патша

2. мемлекет

3. реформа

4. әскер


5. шаруа

6. отар


7. сауда

І.МЖ((1 бетке 1,5 мин тақырып 3 бет- 7 мин)

(Оқушылар өз бетімен кілттік сөздерді есте сақтап,іріктейді)



ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)

1 мануфактура

2. экономика

3. реформа

4. капитализм

5. І Петр

6. рынок

7. сенат


8. салық

9. коллегия

10. шіркеу

11. баспахана

12. Полтава шайқасы

13. держава

14. ХІІ Карл.

Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға

1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.

ІІІ.КС бойынша ҚҚС қою .(ООМ бойынша сұрау)

1. ХҮІІІ ғ І-ші шир.Ресейге тән не? ( қолөнер мен мануфактураның дамуы)

2.1715ж қандай жарлық шықты? ( губернияларда зығыр мен сора егістігі нығайтылды)

3. Қандай жарлық бойынша жер мен шаруаларда дворяндарға берілді? ( 1714ж патша Жарлығы)

4. Басыбайлылық шаруашылық қандай екі жағдайда жүргізілді? ( 1 жері қолайсыз шаруалардан ақшалай алым-салық,2. жері жақсылардан барщина алды)

5. Дворяндардың қандай құқықтары болды? ( солдат болуға келіспеуге)

6. Мануфуктуралар қандай салалардан тұрдыц? ( металлургия,металл өндеу,кеме жасау,қару-жарақ шығару,тоқыма өнеркәсіптері)

7. Бұл уақытта Ресей қандай мемлекетпен соғысып жатты? ( Швеция)

8. 1701ж кім шветтерді,қай жерде жеңді? ( І Петр, Дерпто түбінде)

9. Қандай бекіністі алуда І Петр халықты біріктіре алды? ( Нотебург)

10. Қандай саяси жағдай Ресейдің ұлы держава екенің дәлелдеді? ( 1709ж 8 маусымдағы Полтава шайқасы)

11. Қай жылы ,қай жерде Ресей мен Шведция арасында келісімге қол қойылды? ( 1721ж Ништадта)

12. Қай жылы І Петр ұлы император атағын алды? ( 1721ж 20 қазанда)

13. І Петр қандай салаларға реформа жасады? ( әскери,салық,басқару ісі,шіркеу,мәдениет саласы)

14. Әскерге қандай реформа жасады? ( дворяндық жасақтар мен атқыштар орнына тұрақты армия құрылды?)

15. Салыққа қандай өзгеріс енгізді? ( жанама төлем енгізілді,кәсіпшілік алым,күміс ақша орнына чеканкадан жасалған ақша енгізді)

16. І Петр қандай өкімет құрғысы келді? ( Батыс Еуропа мемлекеттеріне ұқсас)

17. Қандай өзгеріс жасады? ( 200 жылдан бергі Боярлар Думасын таратып,орнына Сенат шақырды)

18. Билік кімнің қолына шоғырланды? ( патша мен сенаторлардың)

19. Қандай институт енгізді? ( тыңшылық )

20. 1717-1718ж.ж приказдар жүйесі немен ауыстырылды? ( коллегиямен)

21. Ресей қандай мемлекет болып қалыптасты? ( абсолютті монархияны)

22. 1721ж 25 қаңтарда діни мәселеге байланысты не құрылды? ( Діни коллегия)

23. Мәдениетте қандай реформа жасады? ( мектептер,баспаханалар ашты)

24. Қандай газет шығарылды? ( «Ведмоства»)

25. Петербургте нені ұйымдастырды,қазірге дейін сақталған? ( Кунсткамера алғашқы мұражай)



ІV. Тест сұрақ (ООМ бойынша)

(Оқушылар ООМ бойынша бір-біріне сұрақ қояды)



V. Т.С.Қ. (5 мин)


Сыныбы: 8 «а»,8 «ә»,

Пәні: Дүние тарихы.

Сабақтың тақырыбы: § 23. Қытайдағы ХІХ ғ.соңғы ширегіндегі жағдайлар.

Сабақ түрі: «АС-№2»

Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ХІХ ғ.І жартсындағы Қытай мемлектінің саяси дамуы туралы түсіндіру. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу .

Білім: тарихи анықтама,терминдер.

Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.

Дағды: жылдамдық,есте сақтау.

Сабақ барысы : І..МЖ (5 бет-10 мин)КС

ІІ.КС. (14 сөз.ООМ бойынша)

ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)

ІV.КС (анық) (ООМ бойынша)

V. Т.С.Қ.(5 мин)

І.МЖ(1 бетке 1,5 мин тақырып 5 бет- 10 мин)

(Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасайды)



ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)

1. шэньши

2. реформа

3 «жұз күн»

4. император

5. реакциялық топ

6. ревалюция

7. СуньЯтсен

8. «Біріккен одақ»

9. дағдарыс

10. ихэтуандар

11. «Қортынды хаттама»

12. үш принцип

13. демократия

14. Синьхай ревалюциясы.

Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға

1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.

ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)

1.ХІХ ғ Қытайда кімдер реформа жасап елді дағдарыстан шығаруды ойлады? ( шэньши)

2. 1898ж реформаторлар кімдер? ( импер.Гуансюй,Кан Ювэй,Лян Цичао)

3. Реформаторлар қандай жарлықтар шығарды? ( «жүз күн» Қытайға өзгеріс жасау)

4. Реформа жасауға кім қарсы шықты? ( Цин империясы)

5. 1898ж 21 қыркүйекте не болды? ( көтерліс ,жеңілді реформаторлар)

6. Қытайды ауыр жағдайдан шығаруды ойлаған тағы қандай қозғалыс болды?

( рев.демократиялық қозғалыс)

7. рев.демократиялық қозғалыстың көсемі кім? ( Сунь Ятсен)

8. 1894ж Сунь Ятсен қандай ұйым құрды? ( «Қытайды қайта өркендету қоғамы»)

9. Бұл ұйымның мақсаты не? ( маньчжурлар билігін құлату, республика жариялау)

10. 1905ж қандай партия құрылды? ( «Біріккен одақ»)

11. 1898ж қандай жасырын қозғалыстар болды? ( «Ихэцюань» немесе «Бейбітшілік және әділеттілік атынан көтерілген жұдырық»)

12. Қоғам мүшелері қай жерде ұйым құрды,мақсаты не? ( Шаньдунде.жатжерліктерге қарсы күрес)

13. 1899ж қандай көтерліс болды? ( ихэтуандар қозғалысы)

14. Ихэтуандар қозғалысының мақсаты не болды? ( шетелдіктерді елден қуу,тәуелсіздік алу)

15. Қандай ұрандары болды? ( Жатжерліктерге өлім.Мин империясын құрамыз)

16. Ихэтуандар қозғалысын басып тастау үшін қандай 8 ел ,1900ж әскер әкелді? (Англия,Франция,Германия,АҚШ,Ресей,Жапония,Италия,Австрия-Венгрия)

17. 1901ж Цин империясы 8 елмен қандай хаттамаға қол қойды? ( «Қортынды хаттама»)

18. Сунь Ятсен қандай өзінің үш принципін ұсынды? ( ұлтшылдық,демократия,халық игілігі)

19. Бұл принциптер қандай газетке жарияланды? ( «Минь баода» халық газеті)

20. Ұлшылдық принципі не? ( маньчжурлар билігін құлату,тәуелсіздік алу)

21. Демократизм принципі не? ( демократиялық республика құру)

22. Халық игілігі принципі не? ( аграрлық мәселе)

23. Синьхай ревалюциясы қашан басталды? ( 1911ж)

24. Синьхай ревалюциясы қай провинциядан басталды? ( Хубэй провинциясы)

25. Қытай республикасы қашан жарияланды? ( 1912ж 1 қаңтар)

26. Тұңғыш президенті кім? ( Сунь Ятсен)

27. Орталғы қандай қала болды? ( Нанкин)

28. Цин империясы билікті кімнің қолына берді?( генерал Юань Шикайға)

29. 1912ж 12 ақпанда соңғы Цин императоры кім тақтан түсті,манчжурлар елді қанша жыл биледі? ( Пу И,267 жыл)

30. Қытай билігі кімнің қолына берілді? ( Юань Шикайдың)



ІV. Т.С.Қ

Сыныбы: 8 «а»,8 «ә», 08.05. 2013ж.

Пәні: Дүние тарихы.

Сабақтың тақырыбы: § 29. Халықаралық қатынастар.

Сабақ түрі: «АС-№2»

Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ХІХ ғ соңындағы халықаралық қатынастар туралы түсіндіру. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу .

Білім: тарихи анықтама,терминдер.

Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.

Дағды: жылдамдық,есте сақтау.

Сабақ барысы : І..МЖ (5 бет-10 мин)КС

ІІ.КС. (14 сөз.ООМ бойынша)

ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)

ІV.КС (анық) (ООМ бойынша)

V. Т.С.Қ.(5 мин)

І.МЖ(1 бетке 1,5 мин тақырып 5 бет- 10 мин)

(Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасайды)



ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)

1. отар


2. Суэц каналы

3 Мысыр


4. Африка

5. «Бос жер»

6. Батыс елдер

7. Франкфурт бітімі

8. Берлин

9. Бисмарк

10. Үштік одақ

11. Антанта одағы

12. І д.ж.соғыс

13. ультиматум

14. имперализм

Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға

1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.

ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)

1.ХІХ ғ соңында импералистік мемлекеттердің экономикалық дамуы қалай болды? ( әркелкі)

2. Шығыс мәселесінде Англия қандай жерлерге иелік етті? ( Гибралтар,Жерорта теңізі,Суэц каналы,Үндістан)

3. Қай жылы Англия Суэц каналын Мысыр монархынан сатып алды? ( 1875ж)

4. Англия Мысырды жаулап алуды қай жылы бастады? ( 1882ж)

5. Франция қай жерді жаулап алды? ( Тунист)

6. Африканы бөлісуде қандай мемлекеттер бақталасты? ( Англия мен Франция)

7. ХІХ ғ. 80-90ж.ж басты мәселе не? ( Африканы бөлісу мен отарлау)

8. Африкаға тағы қандай мемлекеттер қызықты? ( Бельгия,Германия,Италия)

9. Бельгия 1884ж қай жерді басып алды? ( Конго)

10. 1886ж Франция Африканың қандай жерлерін бағындырды? ( Алжир,Сахара шөлі мен Мадагаскар)

11. 1877ж Англия қандай жерді отарлауды аяқтады? ( Малайзины)

12. Франция Азияның Оңтүстік Шығысында қандай жерді өзіне қаратты? ( Үндіқытай елдері)

13. Англия мен Франция Сиам ( Таиланд) жерін қалай бөліп алды? ( Батысын-Англия,шығысын-Франция)

14. 1884-1885 ж.ж Германия қандай жерлерді басып алды? ( Камерун,Того,Шығыс Африка)

15. 1896ж Суданды жаулап алуға Англиядан кім аттанды? ( генерал Китгенер)

16. Англия мен Франция арасында Африканы бөлісу туралы келісім қай жылы жасалды? (1899)

17. 1882-1885ж.ж Италия қандай жерлерді бағындырды?(Ассаб қаласы мен Массауа айлағы)

18. 1894ж шілдеде Жапония қандай мемлекетке соғыс ашты? ( Қытай)

19. 1895ж 17 сәуірде Жапония мен Қытай арасында келісім қай қалада болды? ( Симоносеки қаласы)

20. Келісім бойынша Қытай не төлеуге мәжбүр болды? ( бірнеше порттын, 200 млн.лян төледі)

21. 1882ж 20 мамырда қандай әскери одақ құрылды? ( Үштік одақ)

22. Үштік Одаққа қандай мемлекеттер кірді? ( Германия,Австрия-Венгрия және Италия)

23. Мақсаттары не болды? ( Дүниежүзін қайта бөлісу)

24. Үштік одақ шарты неше жылға арнап жасалды? ( 5)

25. ІІ Вильгельмнің сыртқы саясатта ұстаған бағыты қалай аталды? ( «жалпы бағыт»)

26. 1904ж қандай келісімге қол қойылды? ( «шын жүректі келісім»)

27. Қандай мемлекеттер арасында болды? ( Англия мен Франция)

28. 1907ж бұл келісімге қандай мемлекет қосылды, қалай аталды? ( Ресей, Антанта одағы)

29. І д.ж. соғыстың сылтауы не болды? ( Сараева қаласында Австрия-Венгрия герцогінің өлтірілуі)

30. 1914ж 1 тамызда Германия қандай елге соғыс жариялады? ( Ресейге)


ІV. Т.С.Қ

Сыныбы: 8 «а»,8 «ә».

Пәні: Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 16 ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы Жапония.

Сабақ түрі: «АС-№1»

Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы Жапонияның саяси-экономикалық жағдайын,Токугава сегунаттың сыртқы саясаты туралы,діндер мен олардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу

Білім: тарихи анықтама,терминдер.

Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.

Дағды: жылдамдық,есте сақтау.

Сабақ барысы : І.ҚҚС ( үй тапсырмасы).МЖ (4 бет-10 мин)

ІІ.КС. (14 сөз.ООМ бойынша)

ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)

ІV.СТС (ООМ бойынша)

V. Т.С.Қ.(5 мин)

І.ҚҚС ( үй тапсырмасы)

1. ХҮІІ ғ.Монғолия қандай мемлекет еді? ( феодалдық,бытыраңқы ел)

2. Қандай үш бөліктен тұрды? ( Чахар хандығы,Халха хандығы,Жоңғар)

3. Чахар хандығын кім,қашан басып алды? ( 1643ж,маньчжурлар)

4. Халха жері қашан Қытайдың құрамына кірді? (1691ж)

5. Жоңғар хандығы қай жерде өмір сүрді? ( Батыс Монғолияда)

6. Жоңғар мемлекеті қашан құрылды,алғашқы қонтайшысы кім? ( 1635ж Батыр қонтайшы)

7. Қандай тайпадан құрылды,қандай дінді ұстады? ( ойрат тайпасынан,буддизмнің бір саласы лама діні)

8. Негізгі шаруашылығы не,қандай қосалқы шаруашылықпен айналысты? (мал шаруашылығы,сонымен бірге егіншілік және қолөнер)

9. Қарапайым шаруаны кім деп атады? (араттар)

10. Жоңғария әкімшілік жағынан қалай бөлінді? ( ұлыс,оток,аймақ)

11. Ойрат тайпалары қандай төрт рудан құрылды? (чорос,дербет,хошоуыт,хойт)

12. Жоңғар билеушісі қалай аталды? ( қонтайшы)

13. Жоңғар мемлекеті қалай күшейді? (әскері жағынан,ХҮІІ ғ Монғолия мемлекетінің құлдырауы)

14. Қай кезеннен бастап қазақ жерлеріне шабул бастады?(ХҮІІғ.40 жылдары)

15. Жоңғар хандығының аса қауіпті жауы кім болды? (маньчжурлар)

16. Батыр қотайшы қонтайшыдан кейін таққа кім отырды? ( Қалдан Бошоқту)

17. Қалдан Бошоқту сыртқы саясатта не істеді? ( көрші елдермен сауда жасады,циндік Қытаймен сауда орнатты)

18.1678ж ол қай жерді басып алды? (Қашқарды)

19. 1688ж неше мың әскерімен қай жерге шабулға аттанды? (30 мыңдық әскермен,Халха хандығына )

20. Не себептен Қытай Қалдан қонтайшыға қарсы шығады? ( күшейіп кетуінен қорықты)

21. Қай жылы Қалдан қонтайшы Қытайдан жеңілді? (1690ж)

22. Халха ақсүйектері кімге бағынды? ( 1691ж Долонор деген жерде Цин империясына бағынды)

23. 1729ж Цин империясы қандай әрекеттер жасай бастады? ( Іле өзені бойына әскерін шоғырландыра бастады)

24. Қай кезеннен бастап Ресеймен байланыс орната бастады? (ХҮІІІ ғ алғ.ширегінде)

25. Қазақ-жоңғар соғысындағы ең қасіретті оқиға қашан болды,қалай аталды? (1723ж, «Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама»)

26. Қай жылы Жоңғар мемлекеті арасында таққа таласу басталды? ( 1745ж,Қалдан-Серен қайтыс болғаннан)

27. Әмірсана кім? (тақ мұрагері,Қытайға қашып барады,көмек алады,бірақ Цин өзі елді билемек болғанын біліп оған қарсы шығыды,1756ж Абылайға қашып келеді)

28. 1757ж не болды? (Цин империясы Үрімші жаныңда жоңғарларды жеңіп қазақтардан Әмірсананы беруді талап етеді)

29. Әмірсана қайда қашады? (Ресейге сол жақта өледі)

30. Қай ғасырда Жоңғар мемлекеті жойылды? (ХҮІІІ ғ жойылды)

МЖ(1 бетке 1,5 мин тақырып 4 бет- 10 мин)

(Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасайды)



ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)

1. император

2. сегун

3. сегундық билік

4. ұлыс

5. Токугава әулеті



6. «си-но-ко-се»

7. самурайлар

8. сословие

9. синтоизм

10. дайме

11. «батыстық техника»

12. буддизм

13. конфуцийлік доктрина

14. храм

Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға

1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.

ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)

1. ХҮІ ғ соңында Жапония қандай мемлекет болды? ( император билігіндегі,император мемлекет ісіне араласпады)

2. Барлық билік кімнің қолында болды? ( әскери адамдар сегундардың қолында)

3. Сегун сөзінің мағнасы қандай? ( әскери қолбасшы)

4. Ең алғаш сегундық жүйе қашан,кім енгізді? ( 1192ж,Миномота Еримота)

5. Алғашқы сегунатты кімдер басқарды? ( Миномота мен Ходже ақсүйектері)

6. Екінші сегунатты кім басқарды? ( Асикага сегун)

7. Үшінші сегунатты кім басқарды? ( Токугава)

8. Сегундық билік қалай беріліп отырды? ( мұрагерлікпен)

9. ХҮІІ ғ Жапония қанша әкімшілік ұлыстарға бөлінді? ( 260 астам)

10. Жапониядағы халық қанша болды,ең бай әулет кімдер болды? ( 18 млн,Токугава әулеті)

11. Императордың негізігі міндеті не? ( атаққа ие билеуші)

12. Астанасы қандай қала болды? ( Эдо)

13. Қандай сословие жүйесі болды? ( «си-но-ко-се»)

14. СИ деген не? ( самурайлар)

15. НО деген не? ( шаруалар)

16. КО деген не? (қолөнершілер)

17. СЕ деген не? ( саудагерлер)

18. Жапонияда қандай қос билік орнады? ( сегундық және императорлық)

19. Император қалай билік етті? ( «тірі құдай»ретінде билік етті,салт-дәстүрдің орындалуын қадағалады)

20. Императордың жанындағы ақсүйектерді қалай атады? ( кугэ)

21. Токугава кезіңде қалай дамыды? ( қала,қолөнер,сауда дамыды)

22. Қандай ірі қалалар болды? ( Эдо,Осака,Киота,Нагоя)

23. Токугава сегунға шет еледердің нелері ұнады? ( техникалық білімі,қару-жарақ)

24. Шетелдіктер қандай іспен айналысты? ( миссионерлік)

25. 1637ж Кюсю аралындағы Симабар қаласында не болды? ( халқы христиан дінін қабылдап,сегунға қарсы шықты)

26. Қай жылы,кімдерді Жапониядан қуып жіберді? ( 1638ж португалдықтар мен испандықтарды)

27. Не себептен елде жабық есік саясаты болды,қай ғасырға дейін созылды? ( ел тәуелсіздігіне қауіп төнді,ХІХ ғ.созылды)

28. Жапонияда қандай ғылымдар жоғары бағаланды? ( техника,медицина,ботаника)

29. Жапонияда қандай принцеп қалыптасты? ( «шығыстық король» «батыстық техника »)

30. Қандай дінді ұстады,қандай діндер болды? ( синтоизм,будда,християн,конфуцилік)

ІV. СТС (ООМ бойынша)

1. ХҮІ ғ соңында Жапония королдік мемлекет болды? ( император билігіндегі,император мемлекет ісіне араласпады)

2. Барлық билік императордың қолында болды? ( әскери адамдар сегундардың қолында)

3. Сегун сөзінің мағнасы император? ( әскери қолбасшы)

4. Ең алғаш сегундық жүйе 1193ж,Петр енгізді? ( 1192ж,Миномота Еримота)

5. Алғашқы сегунатты Асикага басқарды? ( Миномота мен Ходже ақсүйектері)

6. Екінші сегунатты Миномота басқарды? ( Асикага сегун)

7. Үшінші сегунатты Петр басқарды? ( Токугава)

8. Сегундық билік сайлау арқылы беріліп отырды? ( мұрагерлікпен)

9. ХҮІІ ғ Жапония 160 әкімшілік ұлыстарға бөлінді? ( 260 астам)

10. Жапониядағы халық 28 млн.болды,ең бай әулет кімдер болды? ( 18 млн,Токугава әулеті)

11. Императордың негізігі міндеті билік ету? ( атаққа ие билеуші)

12. Астанасы Осака қаласы болды? ( Эдо)

13.3 сатылы сословие жүйесі болды? ( «си-но-ко-се»)

14. СИ деген саудагер? ( самурайлар)

15. НО деген қолөнерші? ( шаруалар)

16. КО деген самурай? (қолөнершілер)

17. СЕ деген шаруа? ( саудагерлер)

18. Жапонияда бір ғана билік орнады? ( сегундық және императорлық)

19. Император тікелей билік етті? ( «тірі құдай»ретінде билік етті,салт-дәстүрдің орындалуын қадағалады)

20. Императордың жанындағы ақсүйектерді даймо атады? ( кугэ)

21. Токугава кезіңде шаруашылық дамымады? ( қала,қолөнер,сауда дамыды)

22. Ірі қалалалар болған жоқ? ( Эдо,Осака,Киота,Нагоя)

23. Токугава сегунға шет еледердің діні ұнады? ( техникалық білімі,қару-жарақ)

24. Шетелдіктер сауда ісімен айналысты? ( миссионерлік)

25. 1637ж Кюсю аралындағы Симабар қаласында той болды? ( халқы христиан дінін қабылдап,сегунға қарсы шықты)

26. 1639 жылы,немістерді Жапониядан қуып жіберді? ( 1638ж португалдықтар мен испандықтарды)

27. елде жабық есік саясаты болған жоқ,қай ғасырға дейін созылды? ( ел тәуелсіздігіне қауіп төнді,ХІХ ғ.созылды)

28. Жапонияда матиматика ғылымдар жоғары бағаланды? ( техника,медицина,ботаника)

29. Жапонияда принцеп қалыптасқан жоқ? ( «шығыстық король» «батыстық техника »)

30. Ислам дінді ұстады,қандай діндер болды? ( синтоизм,будда,християн,конфуцилік)
Сыныбы: 8 «а»,8 «ә».

Пәні: Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §13 Азия және Африка елдерін отарлау.

Сабақ түрі: «АС-№2»

Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Азия және Африка елдерін отарлау туралы үйрету. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу ХVІІІ ғасырдағы метрополия мемлекеттерінің отарлық саястының мәнін асу.

Білім: тарихи анықтама,терминдер.

Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.

Дағды: жылдамдық,есте сақтау.

Сабақ барысы : І..МЖ (5 бет-10 мин)КС

ІІ.КС. (14 сөз.ООМ бойынша)

ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)

ІV.КС (анық) (ООМ бойынша)

V. Т.С.Қ.(5 мин)

Жылдамдық: 1.билік

2.мемлекет

3.өркениет

4.империя

5.отар

6. қанау


7.соғыс

І.МЖ(1 бетке 1,5 мин тақырып 5 бет- 10 мин)

(Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасайды)



ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)

1.империя

2. метрополия

3 отар


4. өркениет

5. дәуір


6. «Еуропаға табыну»

7. капитализм

8. экспедиция

9. мәдениет

10. тауар

11. компания

12. саудагер

13. шығыс елдер

14. «жабық есік саясаты»

Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға

1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.

ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)

1.ХҮІІ-ХҮІІІғ.ғ қандай өркениет тарала бастады? ( еуропалық)

2. Жаңа жерлерді отарлау Еуропалықтар үшін қай кезеннен басталды? (ХҮ ғ соңы- ХҮІ ғ)

3. Ұлы географиялық ашуларды қандай еуропа елдері бастады? ( партугалия мен испания)

4. Қай жерлерді отарлай бастады? ( Азия,Африка мен Америка)

5. Қытай мен Жапония өз елдерін Еуропалықтардан қалай қорғады? ( Жабық есік саясатын ұстады)

6. Не себептен Еуропалықтар өздерін басқалардан жоғары ұстады? ( әскери,өнертапқышпыз)

7. Жер бетінде қандай ұғым қалыптасты? ( еуропаға табыну)

8. Не себептен Еуропалықтар Шығыс елдерімен бәсекелесті? ( шығыс өркениеті дамыған еді)

9. Еуропалықтар Шығыстан не алды? ( дәмдеуіштер,шай,кофе,шығыс маталары,қытай фарфоры)

10. Факториялар деген не? ( сауданың тірек пункттері)

11. Отаршыл саясатты кімдер жүзеге асырып отырды? ( қарулы әскери отрядқа айналған сауда компаниялары)

12. Сауда компанияларының құқықтары қандай? ( бітім,соғыс жариялау,қамал салуға)

13.ХҮІІ ғ.Батыс Еуропа елдері ішінде сауда және отаршыл саясат жүргізуде қандай мемлекет болды? ( Голландия)

14. Голландияның отар елдерін ата? ( Америка құрлығы,Индонезия,Цейлонда)

15. Голландықтардың басты бәсекелесі қандай мемлекет болды? ( Англия)

16. Англияның ХҮІІ ғ. сауда компаниясын ата? ( Ост-Үнді)

17. Ост-Үнді компаниясы қандай құрылым болды? ( «мемлекет ішіндегі мемлекет»)

18. Қай ғасырда Англия мен Франция арасында қандай жерлер үшін күрестер басталды? ( ХҮІІІғ. Америка мен Үндістанды отарлау )

19. Францияны қандай оқиғалар негізінде Америка жерінен ығыстырып шығарды? ( испан мұрагері үшін,1702-1713ж: Австрия мұрагері үшін болған күрес,1741-1748ж:Жетіжылдық соғыстар барысында)

20.Қашан Англия Үндістанды толық отарлады? ( ХІХғ ортасы)

21. Отар елдер дегеніміз не?

22. Жартылай отар елдер дегеніміз қандай елдер?

23. Метрополиялы елдер дегеніміз қандай елдер?

24. Қытай неге «жабық есік саясатын» ұстады ? (елін еуропалықтардан қорғау)

25. Ост-Үнді компаниясы Қытайға не таратты? (апиын)

26. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ Ресей қандай жерді отарлай бастады? ( Сібір)

27. Қай жылы Ресей Альясканы отарлады? ( 1784ж)

28. Амурда Ресей қандай елмен қақтығысқа түсті? ( Қытаймен)

29. Қай ғасырда Орыс –Қытай арасында шекара орнатылды? ( ХҮІІ ғ соңында)

30. Сібір жерін отарлау Ресейге не берді? ( аумағы 2 есе ұлғайды)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет