Сабақтың тақырыбы: § 5 ХҮііі ғ Ресей. Сабақ түрі: «ас-№2» Сабақ әдісі: ббд қалыптастыру



бет3/9
Дата14.04.2017
өлшемі1,34 Mb.
#13889
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Сынып-команда ретінде сабаққа ынталандырылады. Карта бойынша жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сынып белсенділігін арттыру мақсатында сөз сынып көшбасшысына беріледі.



І. Кезең. Білім кешені мен оқу іс-әрекетін өзектендіру. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Үй жұмысын тексеру. Бірінші белгі.

ҚҚС.

1.ХҮІІ ғ 30-40 жылдары Қытай мемлекетінің жағдайы қандай болды? (дағдарыста)

2. Халық көтерлістерінің себептері қандай? (жағ.нашар,жерлерінін айырылу,салық өсуі)

3. Қай жылдары шаруалар көтерлісі болды? ( 1628-1644ж.ж)

4. Шаруалар көтерлісін кім басқарды?( Ли Цзычэн)

5. Алғаш көтерліс қандай жерде басталды? ( Хубэй-Шэньси провинциясында)

6. Алғаш көтерлісшілер қандай жерді басып алды,император кім деп жарияланды? ( Сианьді басып алды,Ли Цзычен император деп жарияланды)

7. 1644ж қай жерді басып алуға аттанды,неге қарсылық болмады? ( Пекинді,Мин императорының күш-қуаты нашар болды)

8. Мемлекет билігі кімнің қолына көшті,Мин император өмірі немен аяқталды? (Ли Цзычен императорға, Мин асылып өлді)

9. Әскери қолбасшы кім,кімдерден көмек сұрады? ( У Саньгуй, маньчжурлардан көмек сұрады)

10. Манчужурлар мемлекетінің негізін кім салды,қайда орналасқан? ( Қытайдың солтүстігінде,Нурхаци негізін салды)

11. Кімнің тұсында Цин деп аталды, «цин» сөзінің мағынасы қандай? ( Мұрагері Абахайдың тұсында, «таза» деген мағына)

12. Маньчжурлар қандай елдерге басқыншылық соғыстарын жүргізді? ( Қытай,Монғолия,Корея)

13.Қандай әскер жасақтаған? ( 8қытай,8 монғол әскерін )

14. 1644ж кімдер Пекинді басып алды,таққа кім отырды? ( маньчужурлар,Абахайдың кәмілетке толмаған баласы Шунчжи)

15. Қай жылға дейін Қытайды биледі? (1661ж)

16. Қытайды маньчужурлар қай жылға дейін басқарды,қалай аталды? ( 1912ж,Цин империясы)

17. Император кіммен теңестірілді? ( Көк Тәңірімен)

18. Қытай жері әкімшілік жағынан неше провинцияға бөлінді, оны кім басқарды? (18,әкімдер)

19. Мемлекеттік қызметке кімдер алынды,қалай атады? ( ғылыми дәрежесі бар оқымыстылар,шэньшилер деп аталды)

20. Барлық жағынан кімдер жоғары тұрды,олардан кейінгі сатыда қытайлар қалай орналасты? ( маньчужурлар жоғары,одан кейін,оқымыстылар(шиньшилер),егіншілер,қолөнершілер мен саудагерлер)

21.Ең төменгі сатыда кім тұрды? (кембағалдар,яғни әртістер,қызметшілер,малайлар)

22. Қытайда қандай ірі тоқыма орталықтары болды? ( Нанкин,Сучжоу,Шанхай)

23. ХҮІІ-ХҮІІІғ.Қытайдың аграрлық құрлысы қандай болды? ( табиғи шаруашылыққа негізделген,үйдегі қолөнер өндірісі мен егіншілікті ұштастыруға)

24. Цин империясы алғашқы басқыншылық соғыстарын қай жерден бастады? (Монғолиядан)

25. Қай жылы Жоңғар хандығының жерін иеленді? (1755-1757ж)

26. Қай жылы Шығыс Түркістанды басып алды,қалай атады,мағынасы қандай? (1759ж,Синьцзян деп атады, «жаңа жер», «жаңа шекара»)

27. Қай жылы Цин империясына Абылай хан елші жіберді? ( 1757ж қарашада)

28. Қай жылы Абылай хан жіберген сауда керуені Шыңжанға келді? (1759ж)

29. Цин империясы кімнің тұсында гүлденіп дамыды? (Цяньлун императордың тұсында)

30. ХІХ ғ.40 жылдарында кімдер жаулап ала бастады? (ағылшындар)

Ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетімен білімді қолдану. Мұғалім дәріс оқиды. Дәрістің уақыты: 5 минуттан кем емес және 10 минуттан артық емес болуы шарт.

Бақылау және өзіндік бақылау. Егер оқушы, мұғалімнің жоспарлаған ұғымдарынан қажетті бағанға 60%-дан кем емес сөз жазса, осы сәйкестіктің санына қарай плюс қойылады. Оқушыларды сұрау және бағалау ООМ арқылы «Арнайы» бағанынан басталады. Екінші белгі.

Түзету. Бұл кезеңде «Арнайы» бағанын толтыру бойынша оқушылардың жұмысын талдау жүргізіледі. Мысалдар келтіріліп, оқушылардың қателіктері анықталады. Қойылан міндетті шешуге дұрыс қатынас көрсетіледі. Мұғалім кезеңнен кейін және белгі қойылған соң, өзінің жоспарлы ұғымдарын оқиды.

Рефлексия. Мұғалім таға да «Жаңа» бағанды толтыру тәртібін түсіндіреді. Мұнда «Арнайы» бағанындағы ескертулер ескеріледі. Бірінші кезеңнен табысты өткен оқушылар ауызша мадақталады.

ІІ. Кезең. «Жаңа» бағанын толтыру. І кезең қайталанады.

Егер уақыт болса, мұғалім оқушылардан үш бағанды да оқуын сұрайды, бірақ белгі тек жоспарлы кезеңге қойылады. Үшінші белгі.

ІІІ. Кезең. «Белгілі» бағанын толтыру. І кезең қайталанады.

Егер уақыт болса, мұғалім оқушылардан үш бағанды да оқуын сұрайды, бірақ белгі тек жоспарлы кезеңге қойылады. Төртінші белгі.

Сөздік қор. Өткен тақырып бойынша оқушылар тақырыптық сөздік қор жазады. Бесінші белгі.

Бағалар. Журналға бағалар келесі норматив бойынша қойылады.


4 - 5 белгі – 5 ұпай.

3 белгі – 4 ұпай

2 белгі – 3 ұпай Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы

1 белгі – 2 ұпай 5 ұпай алулары тиіс.



Дәріс.

Жоңгар хандығының құрылуы мен сыртқы саясаты

Ойраттардың жоңғар хандығы деп аталатын саяси бірлестігі 1635-1758 жылдары өмір сүрді. XVI ғасырдың ақырында ойраттар торғауыт, дөрбіт, хошоут, шорс деп ата-латын төрт ірі тайпалык бірлестіктен құралды. Торғауыттар Тарбағатай тауынан шығысқа қарай созылған жерлерді, дөрбіттер Ертіс өзенінің батыс жағын, хошауыттар қазіргі Үрімші маңын, ал шорстар Іле өзенінің бойын (бас жағын) қоныстанды3. Олар, әсіресе, орыстармен қатынасын жақ-сартқаннан кейін, Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып алып отыр-ды.

XVII ғасырдың басында ғана ойраттар ішінде қайратты, жаугер басшылар шыға бастады. Олардың ішіндегі біріншісі чорстың Қарақұла (Хара-Хула) тайшасы еді. Қарақұла бар-лық ойраттарды казақтарды шабуға біріктірді, ақыр аяғы Жоң-ғар хандығы пайда болды. 1634 ж. Қарақұла өлгенде, билік оның Ұлы Батыр хонтайшыға көшті, ғылымда осы 1635 ж. Жоңғар хандығы құрылған жыл деп есептеледі.

Қазак жерін жаулау баяу және бірте-бірте жүргізілді. Әскери қақтығыстар мен бітімге келу қалмақтардың алдыңғы топтарының қазақ хандары мен сұлтандарының қол астына өтуімен кезектесіп отырды. 1598 ж. Тәуекел орыс патшасына өзін қазақ және қалмақ ханы деп жазады. 1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар коғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді.

Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі

Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы

1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.

1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болған кезде, қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.

Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.

1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.

1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болған еді. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны осылайша 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.

Бейғам отырған қазақтар аяусыз қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай" деген ән туды.

Халық және батырлар ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билеріміз және халықтан шыққан батырларымыз да болды.

1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды. Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы етіп Әбілхайырды сайлайды.

Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.

1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға қазақтың жас Абылай ханы зор күш жұмсады.

Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды. Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауылының адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, атасының атымен «Абылайлап» жауға шауып, көзсіз ерлігімен, батылдығымен көзге түседі. 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.

Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған шығысынан Қытайлардың Манчжурлік (Шүршіттер) Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол алдымен Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер алдымен шығып, Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді. Екінші қолды Шақшақ Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті.

Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта әйгілі батырлардан Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.

Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.

Бұл Сыр бойындағы, оңтүситік Қазақстандағы соғыстар екі айға созылды. Нәтижесәінде Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Ал Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды жаудан босатты. Батыр Баян жауды өкшелеп Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері Қызылқұмдағы Қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы саласына шегіндірді. Жан-жағынан қусырылып, амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары сол кездегі қазақ ханы Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті. Жоңғарлар қазақ жерінен біртіндеп шегіне бастады. Алайда Абылай хан жауды бұл даладан мүлде қуып шықпай тыным таппады.

Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жауды Тарбағатай, Жоңғар Алатауы жерімен өкшелеп, Жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді. Жау Жоңғар Алатауынан әрі асып қашып кетті. Бұл ірі шайқастардың ішіндегі ақырғысы болатын.

1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасқандықтан, Жоңғар елі әлсірей бастаған еді. Содан жалғасып бұл көшпенді мемлекетті 1758 жылы Қытай империясы түбегейлі жеңді. 1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен еді. Осыдан кейінгі 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады.

1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Сөйтіп енді Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.


XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар шонжарлары арасындағы өршіген алауыздықты пайдаланған Абылай жоңғарлардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартысты ушықтырды, сөйтіп, оларды әлсіретті. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар бастап алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 1745-1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара соғысып, әбден әлсіреді. Осыдан кейін 1757-1758 жылдары жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтады.

Жоңғар Хандығы – Батыс Моңғолияда 17 ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет. Ғылыми әдебиеттерде Жоңғар Хандығының негізін салған төрт тайпа – шорос, хошоут, дурвэд, хойттар аталады (торғауттар 1627 жылы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған). Шыңғыс хан ұрпақтары құрған Юань империясы ыдыраған соң (1368 жылы) олар Батыс Моңғолияда қоныстанып қалған еді. Олармен туысқан тайпалардың бір бөлігі халхалар Шығыс Моңғолияда тұратын. Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену құқығы үшін Шығыс Моңғолия мен Батыс Моңғолияда тұратын ойраттар арасында бірнеше дүркін қанды соғыстар болған. 15 ғасырдың 1-жартысында ойраттардың басшылары Тогон (1418 – 40) және Эсен (1440 – 50) шығыс пен батыстағы ойрат тайпаларын бір мемлекетке қосқан. Бірақ ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты біріккен мемлекет ұзақ өмір сүрген жоқ. Олар Қытайға апаратын сауда жолынан айырылып қалды. Батыр қонтайшы кезінде (1635 – 53) хандықта қалалар сипатындағы отырықшы елді мекендер салына бастады, жер игеру біршама ілгеріледі. Осыған қарамай Жоңғар Хандығы көшпелі мемлекет ретінде тарихта қалды. 1640 жылы Тарбағатай тауларының етегінде біріккен моңғол, қалмақ және ойрат тайпалары басшылары моңғол – ойрат заңдарын қабылдайды. Жинақ “Цааджин бичиг” деп аталды. Онда моңғол-ойрат тайпаларының ішкі тіршілігі, мемлекет құрылымы, әскери қызмет атқару тәртібі, діни ұстанымдары белгіленген. Батыр қонтайшыдан кейін билік басында болған қонтайшылар Сенге (1653 – 1671), Қалдан Бошақты (1671 – 1697), Севан Рабдан (1697 – 1727), Қалдан Серен (1727 – 1745) Батырдың саясатын одан әрі жалғастырды. Олар хандықтың ішінде егін шаруашылығы мен ұсақ кәсіпшіліктер, сауда қатынастарының дамуына едәуір ықпал жасады. Қол өнері мен кәсіпшілік дамыды. Оларда соғыста қолға түскен тұтқындар да жұмыс істеді. Саудаға Шығыс түркістандықтар белсене қатысты. 18 ғасырларға қарай Жоңғар Хандығындағы адам саны 1 млн-ға жетті, басқа ұлттарды қосқанда мемлекеттегі халық саны 1,5 млн-ға жуық еді. Жоңғар Хандығында билеушілердің сатылы бағыныштылық тәртібі орнатылды, билеушілер тобына ұлы тайшылар, кіші тайшылар, зайсандар және жоғары ламалар кірген. Кіші тайшылар ұлы тайшылардың вассалдары болып есептелді. Ұлы тайшылар және кіші тайшылар көшпелі тайпалардың мал жайылымдарын, жоғары ламалар ғибадатханаларға тиесілі жерлерді иеленді. Зайсандар кіші тайшыларға бағынды. Ал төменгі әлеуметтік топтар араттар (қарапайым шаруалар) деп аталып, екіге бөлінді: албату –билеушілерге және шабинарлар – діндарларға тәуелділер. Олар өз иелеріне басыбайлы бекітіліп берілді. Албату Жоңғар Хандығы әскерінің негізін құрады, ал шабинарлар әскери қызметтен босатылды. Хандықта құлдар да болды, бірақ олардың қоғамда рөлі болмады. Хандықтағы жоғары билікті хандар жүргізді, хан тағына тек шорос тайпасынан шыққандар отырды. Хан лауазымы қонтайшы деп аталды. Жоңғар Хандығын құрған негізгі тайпалардан – ұлы тайшылар шықты, кейін қосылған тайпалардың билеушілері – кіші тайшылар болды. Кіші тайшылар билік жүргізген топтар – анги деп аталды. Ең шағын әлеуметтік бірлестік – хотон деп аталып, оның құрамында 4, 10, 50 жанұя болды. Бірнеше хотон аймақты немесе отоқты (шіркеу иелігінде иасы деп аталған) құрады. Әкімшілік басқару жүйесінде мемлекет аппарат маңызды рөл атқарды. Шенеуніктер 12 дәрежеге бөлініп, әрқайсысының атқаратын қызметі анықталды. Ұсақ қызметтерді атқарушылар да көп болды: 30 адамға бір басқарушыдан келді. Олардың жалпы саны 35 мыңға жеткен. Сот билігін атқарушылар зорго (сот өкілдері) деп аталып, ең беделді 8 зорго министрлер қызметін атқарды. Әскерді басқаруда бұрынғы Шыңғыс хан империясында қалыптасқан жүйе сақталып, өте қатаң тәртіп енгізілді. Сыртқы саясатта Шығыс Моңғолия тайпаларымен және Цин империясымен әр кез соғыстар жүргізіп отырды. Бұл саясат хандық жойылғанға дейін тоқталған жоқ. Ресей мен Жоңғар Хандығының арасында өзара елшілік қарым-қатынас орнады. Жоңғарлардың Кузнецк уезінен қару-жарақтар сатып алып тұрғаны туралы деректер бар. Жоңғар Хандығының Ресей империясына бодан болу туралы ұсыныс жасаған кезі де болған. Ресейден Жоңғар Хандығына тұтқынға түскендер онда маңызды рөл атқарған. Тұтқынға түскен швед офицері Ренат 18 ғасырдың 1-ширегінде Жоңғар Хандығының қарулы күштерін жарақтандыруға елеулі үлес қосқан. Жоңғар Хандығы Шығыс Түркістан халықтарына басқыншылық жорықтар жасап, оларға билік жүргізді. Басқа да тәуелді халықтарға қатаң тәртіп орнатты. Жоңғар Хандығы мен Қазақ хандығының арақатынасы өте шиеленісті болды. 16 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Жоңғар Хандығы Қазақ мемлекетіне қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Қазақ халқы ойрат-жоңғар шапқыншылығына қарсы екі жүз жылға жуық уақыт бойы ерлікпен күрес жүргізді (қ. Жоңғар шапқыншылығы). Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар Хандығында тақ үшін талас-тартыс басталды. Осы жағдайды пайдаланған Цин империясы 1755, 1756, 1757 жылдары бірнеше дүркін шабуылдар жасап, Жоңғар Хандығын талқандады. Цин империясы басқыншыларына қарсы Әмірсана бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Цин әскерлері көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншыды. Жоңғарлар қатты қырғынға ұшырап, нәтижесінде Жоңғар Хандығы жойылып кетті. [


Пән: Дүние жүзі тарихы. 8 «а»,8 «ә» сынып.

Тақырып: §8. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. ғ. Қытай.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша оқытудың нормативтік көрсеткішіне жету.

Білімділік: Оқушыларға ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қытай мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы,көтерлістер,олардың себептері,Қытайды жат жұртты маньчжурлардың билеуі туралы түсінік бере отырып тақырыпшалар бойынша дәріс оқылады.

Дамытушылық: Тақырыпқа ену барысында оқушылардың ақпаратты бөлу іскерліктері ақпараттық құзырлықтары дамиды. Оқушылар ойлаудың – дедукция мен индукция, зейін, қабылдау және жалпы есте сақтау сияқты негізгі түрлеріне жаттығады және қалыптасады. Жазбаша сөйлеудің жылдамдығы мен техникасы дамиды.

Тәрбиелік: Оқушылар өз бетімен материалды түсініп, негізгісін алуға тәрбиеленеді.

Үстеме міндет: Картаның регламентін орындау. Мүмкіндігінше кілттік сөздер негізінде ақпаратты ұяшықтарға толтыра отырып, қысқарту.

Күтілетін нәтиже: Қойылған мақсатқа жету. Оқу үрдісіне деген жоғары қызығушылықты ояту.

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар.

Сабақ түрі: «Белгілі. Арнайы. Жаңа» технологиялық картасы. 3 типтегі оқу сабағы. Білім мен іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы: Сергіту сәті>білім мен оқу іс-әрекеті кешенін өзектендіру>ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетімен білімді қолдана білу>өзіндік бақылау және бақылау>түзету>рефлексия.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Оқулық, деректі фильм, мультимедиялық презентация, қосымша материал.

Кестені толтыру әдістемесі: Кесте үш бөлікке бөлінеді: белгілі, арнайы, жаңа. 1. Әрбір баған түскен дәрістік материалдың негізінде толтырылады. Жеке іріктеліп, сөздер мен ұғымдар арнайыға жазылады – бұл ең алдымен пәннің тілі мен негізгі ұғымдары. Мысалы, тарих: кезеңдер, даталар, тарихи тұлғалар, тарихи ұғымдар. Белгілі бағанына оқушыға таныс тірек сөздер енгізіледі, жаңа бағанына – таныс емес сөздер жазылады. Оқушыларға тірек конспект жазуға рұқсат берілмейді. Кестені толтыру ұғымдар негізінде болуы шарт, оны мұғалім сабақтың алдында әрбір баған бойынша таңдайды.

Кесте: «Белгілі. Арнайы. Жаңа»

Белгілі

Арнайы

Жаңа

Наполеон – таныс сөз, бәлкім торттың атымен байланысты.

1812 жыл – бұл дата.

Ресейге басып кірді – бұл оқиға.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Сынып-команда ретінде сабаққа ынталандырылады. Карта бойынша жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сынып белсенділігін арттыру мақсатында сөз сынып көшбасшысына беріледі.



І. Кезең. Білім кешені мен оқу іс-әрекетін өзектендіру. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Үй жұмысын тексеру. Бірінші белгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет