Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай Сабақтың мақсаты



бет11/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,9 Mb.
#47976
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.



Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1.Ж.Аймауытов жайлы не білесіңдер?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп семей қаласында қандай журнал шығарды?


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов өмірбаянын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ж.Аймауытовтың шығармашылық мұрасы

Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.

Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.

"Нұр күйі" поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды.

Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.

Семантикалық картаны толтырады.

романдары

әңгімелері

повесі

пьесалары











Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1. «Ж үсіпбек Аймауытов –аудармашы» деген тақырыпта не ойларың бар?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Егемен ел әдебиеті үшін Жүсіпбектің қалдырған мұрасының құндылығы қандай?



Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов шығармаларын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: «Қалың мал» романы

Сабақтың мақсаты: оқушының роман туралы түсінігін кеңейту,ой жинақтау,тәрбиелік мәнін ашу,оқушыны өз ойын айтуға,еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: таблицалар,суреттер,кубик.

І.Ұйымдастыру.(Сабақ компьютермен өткізіледі.)

ІІ. Кіріспе сөзі: 1.Мұғалімнің сөзі. 2. Шығарманың құрылымын талдау:

А) Шығарманың басталуы Ә) Оқиғаның дамуы Б) Оқиғаның шиеленісуі

В) Оқиғаның шарықтау шегі Г) Оқиғаның шешімі.

Оқушылар баяндайды,талдайды.



ІІІ. Оқушыларға арнайы дәптерлер үлестіріледі.Әр оқушы тапсырмалармен жұмыс жүргізіп баяндайды.

Тапсырма.Қызығушылықты ояту.

«Топтастыру стратегиясы»


Тапсырма

Тапсырма жауабын толтыр

Әдіс-тәсіл

1) «Қалың мал» романына ұқсас қандай жыр, романдарды білесің?








Өткен материалдарды еске түсіріп,қорытындысын айту.



Семантикалық картаны толтыр.


Оқиға шешімі

Сүйген жар төркіндетіп келе жатып батырдан мерт болады.

Сүйген жарды қара күш иесі қанжар салып өлтірді

Екі жас ат құйрығына байланып өлтірілді.

Боранды күні қыз өліп, қалтасынан хат табылды.

Сүйгенімен бақытты ғұмыр кешті.

Шығармалар

Еңлік-Кебек
















Қозы Көрпеш-Баян сұлу
















Қалың мал
















Қалқаман- Мамыр
















Бақытсыз Жамал


















Мағынаны ажырату. «Кубизм стратегиясы»


Тапсырма

Әдіс-тәсіл

Тапсырма жауабын толтыр

А) Суреттеп беріңіз

Образ жүйесін талда,басты кейіпкерлерді суреттеп беріңіз.

Ғайша

Қожаш


Итбай

Тұрлығұл





Ә) Салыстырыңыз. Венн диаграммасын толтыр.





Б)Зерттеңіз

Тест жұмысын белгілеңіз

І. «Қалың мал» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

1. Драма. 2. Проза 3.Поэзия.

ІІ. «Е,Құдай! Менің де тілегімді беріп,байға қолымды жеткізетін күнің бар екен!». Шығармадағы кімнің сөзі? 1. Тұрлығұл. 2. Итбай 3. Байғазы.

ІІІ. «Қалың мал» романы қай жылы басылды? 1.1910ж. 2.1909ж. 3. 1973ж.

IV. Тұрлығұлға Ғайшаны ұсынған кім? 1. Итбай-Айсұлу 2. Байғазы-Құреке 3. Әбіш-Қожаш

V.Ғайшаның анасы кім? 1. Жібек 2. Шолпан 3.Ақсұлу





В) Қолданыңыз.Мәтіннен алған үзіндіні рөлде ойнап бер.


Г) Табыңыз

Романда қолданылған мақал-мәтелді тап

Мақал-мәтелді жазыңыз










Ғ) Талқылаңыз

Пікір айтыңыз

Пікір жазыңыз




  1. Ғайшаны Тұрлығұлға берген Итбай қылығына не дер едің?

  2. Сен Итбай орнында болсаң,қандай шешім қабылдар едің?

  3. Ғайша тағдырына кім кінәлі?






Ойтолғаныс сатысы.

  1. Шығармадан алған әсерім (эссе жазу)

  2. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

  3. Өлең шығару.


IV. Сабақты қорыту. Мұғалім сөзі.Шығарманы бүгінгі күнмен байланыстыра отырып сөзжұмбақ шешкізу.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Оқушыларды бағалау.

Күні: 14.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Cабақтың тақырыбы: Қазақтың бас ақыны

Сабақтың мақсаты: 1) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын,Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігі,пікірлерінің құндылығы,ондағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы білімдерін қалыптастыру; 2) шығармашылықпен жұмыс істеуге,оқып-білуге ынталандыру,ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру; 3) ұлтжанды болуға,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке,табиғатты сүюге, адамгершілікке,өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: білімді тиянақтау.

Әдіс-тәсілдері: іздену,баяндау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Абайдың суреті,әдеби кітаптар,қосымша материалдар,электронды оқулық,Абай туралы зерттеу еңбектер,Абайдың бабалары мен балаларына арналған кесте,әдістемелік оқулықтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, музыка, тарих.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген тапсырма Ы.Алтынсарин шығармашылығына шолу. «Қауырсын» әдісі бойынша сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақтың бас ақыны

Абай Құнанбаев 1845-ші жылы Семей облыы, Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты, Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді үш ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір ру болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай деген төрт ұл туады. Ырғызбайдан: Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелі Зереден: Құнанбай туады. Құнанбай төрт әйелі болған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден: Құдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң,өзі алған екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберген (Тәкежан), Ибрахим (Абай),Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады.

Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу едім» дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кеңпейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі – Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп өсті. Абай әуелі Ғабитхан деген молдадан сауатын ашады. Он жасқа толған соң үш жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.Ол медреседе араб, парсы тілдеріне негізінен дін сабағы жүргізілетін еді.Ол енді дін оқуын місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.Сөйтіп, көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб,иран, шағатай тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады.Шығыстың Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Сафи сияқты ұлы ғұлама ақындарына бауыр басады.

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн – біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр». Мұхтар Әуезов.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Ахмет Байтұрсынұлы.

Сәбит Мұқанов Абайды «Ақыл-ақын» деп биікке көтерді.

Ал, А.Байтұрсынов болса, Абайды қазақтың бас ақыны етті.

Орыстың сыншысы Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады, орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады», - деген. Ал біздің поэзиямыздың қан тамыры Абайдан бастау алады.



«Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас» - деп, өзге өнерден сөз өнерін жоғары қояды.Ұлттың тілі – сол ұлттың айнасы, құралы. Абай ұлттық тілдің сол ұлтқа жат, түсініксіз сөздерден таза болуын талап етіп былай дейді:

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз,бейшарасы.

Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор. 1935-ші жылы Латиф Хамиди екеуі реттеп шығарады.1938-ші жылы Уәли Бекенов «Тор жорға», «Май түні» күйлерін нотаға түсіреді.1957-жылы «Желдірмені» Хамза Демесіновтың орындауымен қағазға түсіреді.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдары орыс демократтары Н.И.Долгополовпен, А.А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигені сөзсіз. Бірақ А.Құнанбаев орыс мәдениетімен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы танылды деу ағат айтқандық болар еді.Бұл тұста,М.Әуезов: «Орыстың тілін біліп, орыстың ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған Абай озық ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды», - деп тұжырымдайды.

Абай осылайша Еуропаның Гете,Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды.Сөйтіп, М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «1884-жылдары өзінің қырыққа таянғанында ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет