Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет6/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§ 6 Ауа температурасы мен қысымның тарлуы

Күні:
Сыныбы: 7

Сағат реті № 6

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §6, 29-33 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушыларға жер бедерінде таралатын температура мен ауа массасының таралу заңдылықтарын ашып көрсете отырып оқушыларды блімгі алуға машықтандыру.
Атмосфераның ерекшеліктері туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.



География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Атмосфера қабатын оның ішінде ауа температурсы мен қысымның таралуының маңызды екенін ерекшелеп көрсету және оқушылардың ауа-райының сырын оқып үйрене алуына ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.



Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы және климаттық карталарға тоқталып мағлұмат беру. Жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралу заңдылықтарын ашып көрсету. Қысымның таралу туралы бейнекөрініс көрсету.
Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.

Ойсергек . Сәттілік тілеу.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі жылдам жауап береі (бұл орйда, атмосфера және климат оны қалыптастырушы факторлар және т.б).



«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».



Үлестірмелі карточкалар
А4 форматтағы карталар
Географиялық диктант

5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс жасаттыру, дүние жүзінің климаттық картасын пайдалана отырып климаттын қалыптасуына әсер етуші факторларды атап көрсету. Климаттық карталардағы шартты белгілерімен таныстыра отырып, және ауа массаларының таралуы мен желдер бағытының қозғалысын, жауын-шашынның таралуына кіріспе жасап өту.

Картамен жұмыс жасайды. Ауа массаларының таралуына әсер ететін факторлар аталады, климаттық карталардың шартты белгілері талданады, Жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралу анықталады.

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы
«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.

Дүние жүзінің климаттық картасы, кескін карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы қысымның таралу аймағы бойынша сурет

7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.
І топ. Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызын анықтау.
ІІ топ. Климаттық карталарға талдау жасау.
ІІІ топ. Ауа температурасының таралуын анықтау.
IV топ. Материкке ең алғаш аяқ басқан саяхатшыны анықтау.
Vтоп. Дүние жүзінің климаттық картасына талдау жасау.

Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Дүние жүзінің климаттық картасы, оқулық, А4 , қаламсап.

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру. А4 форматтығы дүние жүзінің кескін картасына ауа температурасының және қысым аймақтарын белгілеп шығу



Тапсырмаларды орындайды. Топ болып кескін картаны толтырады.

Диалогтік
АКТ

А4, қаламсап, Дүние жүзінің климаттық картасы, кескін карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Ауа температурасы және қысымның таралуын оқып және температурағы әсер етуші ауа массалары мен желдер қозғалысын қарастырып келу.

3 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет