Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет7/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§ 7 Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы. Жауын-шашының таралуы.

Күні:
Сыныбы: 7

Сағат реті№ 7

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §7 , 33-36 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушыларға тұрғылыты жеріндегі қалыптасатын климатты еске сала отырып, оны қалыптастырушы ауа массалары мен желдер қозғалысына түсінік берет отырып білімдерін дамыту. Жауын-шашынның таралу ерекшеліктері туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.



География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Ауа массалары мен жел ұғымын таралуын көрсету және оқушылардың ауа массалары мен жел қозғалысын анықтай алуына ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.



Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ауа массаларының түрлерін анықтай отырып жел қозғалысымен тығыз байланысты екенін ашып көрсету және жауын шашының тарлуын саралап талдап, оның басты себебтерін ашып көрсету.
Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.

Ойсергек . Сәттілік тілеу.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі жылдам жауап береі (бұл орайда ауа массалары мен желдердің түрлері).



«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».



Үлестірмелі карточкалар
А4 форматтағы карталар
Географиялық диктант

5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс,
Дүние жүзілік климаттық картасын талдай отырып, ауа массаларының пайда болуын көрсету және мұхит бетіндегі ағыстардан пайда ьолатын желдердің түрлерін анықтау және олардың жауын-шашынның таралуына тигізетін әсерін талдау. Климатты қалыптастырушы факторлар және жер шарындағы климаттық белдеулерге кіріспе жасап өту.

Картамен жұмыс жасайды. Ауа массалары мен желдер қозғалысына әсер ететін факторлар аталып, жауын-шашының таралу заңдылықтары атап көрсетіледі.

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы
«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.

Дүние жүзінің климаттық картасы, кескін карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы желдердің бағыты

7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.
І топ. Ауа массаларының түрлерін анықтап таралуына талдау жасау
ІІ топ. Желдердің түрлерін талдап, әсер ететін аймақтарын картадан көрсету.
ІІІ топ. Ауа массалары мен желдер арасындағы байланысты анықтау.
IV топ. Жауын-шашының таралу аймағын картадан көрсету.
Vтоп. Ауа массалары мен жауын-шашының арасындағы байланысты көрсету.

Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Оқулық, А4 ақ қағаз , қаламсап.

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру. Кластер әдісін пайдаланып тапсырманы орындау:
-ауа массалары;
-басым желдер
-жауын-шашын таралуы

Тапсырмаларды орындайды. Сызба бойынша сұрақтарға жауап береді.

Диалогтік
АКТ

А4, қаламсап,
Климаттық карта.
оқулық мәтіні.

10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Ауа массалары мен басым желдер қозғалысын, жауын-шашын тарлу аймақтарын кескін картаға түсіріп, климатты қалыптастырушы факторларға шолу жасап келу.

3 мин




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет