Миға шабуыл
1 Нәруыздарды олардың құрылымы,құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
2.Нәруыздардың құрамын,атқаратын қызметтері?
1-Тапсырма
1.Егер нәруыздардың құрамына тек аминқышқылдары кіретін болса, мұндай нәруыздар ...... деп аталады
2. Күрделі нәруызға тасымалдаушы нәруыз – ..... жатады.
3. Нәруыз молекуласын ыратып, .............. және ............ аминқышқылдарын алған, А. Браконно.
4. Бидай нәруызын – ұн құрамындағы желімтікті ашқан ....
Дискриптор: Тапсырмаларды орындайды.
2-Тапсырма
Суреттегі ақуыздың құрылымдық белгілерін жаз
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады
Сабақтың соңы
Қорытынды
Назарларыңызға Рақмет!
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
§5 Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы.Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)»
БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ:
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:
10.4.1.5 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу
Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсерін зерттейді
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау. 2.Топ ережесін еске түсіру. 3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! 3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады
Жаңа тақырыпты меңгеру
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау. және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |