Сабақтың тақырыбы: Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл және оның қасиеттері



бет3/6
Дата09.12.2021
өлшемі450,66 Kb.
#78598
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл және оның қасиеттері
арксинус, арккосинус, онлайн вебинар тақырыбы, қатарлар, комплекс
2. Алғашқы функция ұғымы.

Ғылым мен техниканың түрлі-түрлі салаларындағы көптеген мәселелерді шешу туындысы берілген функцияны табуға әкеліп соқтырады. Сондықтан математикада жаңа бір операция, интегралдау операциясы қарастырылады. Ізделіп отырған F(x)функциясының берілген туындысы f(x) бойынша сол F(x) функциясын табу мәселесі тек интегралдау операциясының  жәрдемімен шешіледі. Міне осы  F(x)-ті берілген функция f(x)-тің алғашқы функциясы деп атайды.

Анықтама. Егер бір аралықтың әрбір нүктесінде функция F(x) үшін

dF(x)=f(x)dx

теңдігі орындалсаF(x) функциясы f(x)-тің сол аралықтағы алғашқы функциясы деп аталады.

Мысалы:  F(x)=x7   бүкіл сандар осі бойында  f(x)=7x6  функциясының алғашқы функциясы болады, өйткені х-тің кез келген мәнінде   (x7)’=7x6.

Ал функция   F(x)=lnx  функция    f(x)=1/x  үшін алғашқы функция болады

өйткені


(lnx)’=1/x

1-теорема.  Егер F(x) функциясы белгілі бір аралықта f(x)-тің алғашқы функциясы болса,  

F(x)+c

Функциясыда (C- кез келген тұрақты) ол функция үшін сол аралықта алғашқы функция болады.



Дәлеледеу: F(x) функциясы  f(x) –тің алғашқы функциясы. Олай болса,

F’(x)=f(x).

Сонымен бірге



[F(x)+C]’=f(x)

Демек F(x)+C функциясы да f(x) үшін алғашқы функция болады.


2 теорема. Берілген функцияның алғашқы функцияларының бір-бірінен айырмасы тұрақты шама болады.

Дәлелдеу. Егер берілген f(x) функциясының қандай да бір алғашқы функциясының  F(x), ал, кез келген алғашқы функциясын    десек, онда мына шарттар орындалар еді:  

яғни алынған аралықта F(x) пен   функцияларының туындылары бірдей болады. Олай болса,   айырымы тұрақты болуы тиіс, яғни: 

Бұдан  

Дәлелденген екі теоремадан мынадай қорытынды шығады: егер  F(x) функциясы белгілі аралықта f(x)–тің алғашқы функцияларының бірі болса, оның барлық алғашқы функцияларының жиыны f(x)+С қосындысымен өрнектеледі. Қосындының геометриялық мағнасы:f(x)-тің алғашқы функциясы F(x)-тің графигін жоғары не төмен жылжыту арқылы кез келген алғашқы функцияның графигін сала аламыз (1 сызба).  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет