Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасу ауылы №7 Александр Пушкин атындағы орта мектебі
Сыныбы: 11 «а» Пәні: алгебра және анализ бастамалары
Сабақтың тақырыбы:
« Алғашқы функция және интеграл » тарау бойынша қорытындылау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды алғашқы функция туралы, интегралды есептеу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану бойынша білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, білімдерін нақтылау . Оқушылардың алғашқы функция және интегралды табу ережелерін қолдануын, проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу.
Ойын арқылы тақырыптарды тереңірек меңгеруге бағыт беру, әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, тапқырлық, іздемпаздық, мәдени өрісін кенейту.
Оқушылардың математикалық іс-әрекеттерін, ойын арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізуге,ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар алғашқы функция және интегралды табу ережелерін қолданады,тақырыптық проблемаларды байқайды және оның шешілу жолдарын табуды үйренеді.
Ойын арқылы тақырыптарды тереңірек меңгереді, әрбір жеке тұлғаның ақыл ойы дамиды,тапқырлық, іздемпаздық, мәдени өрісі кенейеді.Оқушылардың математикалық іс-әрекеттері, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығы артады, өз ойын еркін жеткізеді,ой-пікірімен бөліседі.
Сабақтың түрі:
практикалық, ашық сабақ
Сабақтың типі:
қорытындылау сабағы.
Ресурстар:
компьютер, интербелсенді тақта, карточкалар, тест тапсырмалары, буклет «Алғашқы функция және интеграл»; электрондық оқулық; тірек конспект; бағалау парағы.
Сабақтың әдістері:
іздену, талдау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, проблемалық ой туғызу, шешу, ауызша, көрнекілік, электронды кітаппен және оқулықпен жұмыс.
Қолданылатын
Әдіс-тәсілдер:
Оқытуда АКТ-ны қолдану;
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер;
БЛУМ токсономиясы.
Уақыт
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Керекті жабдықтар
2 мин
І. Ұйымдастыру кезені:
«Табыс ағашын» отырғызайық, ол үшін әр бұтақтарының тапсырмасын орындау керек.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топбасшылар сайланады.
Әр оқушыда бағалау парағы бар, олар өз білімдерін әр кезенде бағалап отырады
Оқулық, дәптер
3 мин
ІІ. «Тексеру»
Үй тапсырмасын тексеру
«А» деңгей
№ 49. Берілген қисықтармен шектелген фигураның ауданын есептеңдер:
1) у = х2 – 4х + 4; у = 0; х = 0
х2 – 4х + 4 = 0; х = 2
S =
Жауабы: 8/3 кв.бірлік
2) у = х2 + 6х + 9; у = 0; х = 0
х2 + 6х + 9 = 0; х = − 3
S =
Жауабы: 9 кв.бірлік
«В» деңгей
№ 55. Берілген функциялардың графиктерімен шектелген фигураның ауданын табыңдар:
1) у = х2 − 4х – 4; у = − х