АҚУЫЗДЫҢ ҮШІНШІ РЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Ақуыздың үшінші реттік құрылымы - полипептидтік тізбектің орам тәрізді, қатпарлы және тұрақсыз байланысқан бөліктерінің кеңістікте өзара ерекше орналасуы. Әртүрлі ақуыздарда үшінші реттік құрылымы әртүрлі. Үшінші реттік құрылымның түзілуіне дисульфидтік және басқа да әлсіз байланыс типтері қатысады.
Үшінші реттік құрылымның екі жалпы типі бар:
1) Фибриллярлы ақуыз (мысалы, коллаген, эластин) молекулалары созылыңқы пішінді және ұлпалардың талшықты құрылымын түзуге қатысады (бұлшықет ақуыздары). ақуыздың үшінші реттік құрылымы үш қабатты альфа- орамынан (мысалы, коллаген) немесе бета-қатпарлы құрылымынан тұрады.
2) Глобулярлы ақуыздар шар немесе эллипс тәрізді пішіні бар (латынның globula - шар деген сөзінен шыққан). Мұндай ақуыздарда құрылымның барлық типтері кездеседі: тұрақсыз бөліктері, бета-қатпарлы құрылым және альфа- орам.
Достарыңызбен бөлісу: |