4. полипептидтік тізбек түзуі. Амин қышқылдары – бұлар органикалық амфотерлі қосылыстар бірақ, амин қышқылдарының бейорганикалық амфотерлі қосылыстардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Олардың молекулалары бір-бірімен реакцияласады. Оны шамамен былай көрсетуге болады:
Түзілген молекула тап осылайша аминқышқылының үшінші молекуласымен, т.б реакцияласуы мүмкін.
Осындай реакцияның нәтижесінде саны үлкен амин қышқылының саны бар молекулалар – пептидтер түзілуі мүмкін. Амин қышқылдарының молекулалары өзара әрекеттескенде атомдар тобын - HN - СO - пептидтік немесе амидтік топ дейді, ал ондағы көміртегі мен азот атомдарының арасындағы байланысты пептидтік (амидтік) байланыс дейді.
Қолданылуы. Ағзадағы ақуыздарды түзу үшін қажет амин қышқылдарын адам және жануарлар тағам құрамындағы ақуыздан алады. Алайда, бұл мақсат үшін, амин қышқылдары тікелей қолданылуы мүмкін. Оларды ауру адамға ауыр операциядан соң, әлсіреген кезде береді. Аминқышқылдары кейбір ауруларда (мысалы, жүйке ауруында – глутамин қышқылы, асқазан жарасында – гистидин) емдік зат ретінде қолданылады.
Кейбір аминқышқылдарын ауыл шаруашылығында малды үстеп қоректендіру үшін қолданады, олар малдың өсуіне жақсы әсер етеді.
Функционалдық топтары молекула шеттерінде орналасқан, құрылысы тармақталған амин қышқылдарының техникалық маңызы зор: мысалы, аминкапрон қышқылы капрон деген атпен белгілі синтетикалық талшық түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |